Қазақ-қырғыз шекарасынан заңсыз өткен 17 шетелдік ұсталды

ұсталды
Фото: ҚР ҰҚК

АСТАНА. KAZINFORM — Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекарадан заңсыз өтпек болғандарды ұстады. 

28 наурыз бен 10 сәуір аралығында Жамбыл облысы бойынша ҰҚК шекара қызметі департаментінің әскери қызметшілері мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өту әрекеті барысында белгіленген өткізу пунктілерін айналып өту кезінде 17 шетел азаматын ұстады.

Ол адамдардың шекарадан өту құқығына шектеу қойылған болатын. 

Қазір сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. 

Заң бойынша Қазақстанның мемлекеттік шекарасын және оның режимін бұзу қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғады. 

ұсталды
Фото: ҚР ҰҚК

 

Соңғы жаңалықтар