Қазақ-қырғыз үкіметтері арасындағы инвестицияларды көтермелеу туралы келісім ратификацияланды
АСТАНА. KAZINFORM – Ақорда қазақ-қырғыз үкіметтері арасындағы инвестицияларды көтермелеу туралы келісімнің ратификацияланғанын хабарлады.

- Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Министрлер Кабинеті арасындағы инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, - деп жазылған ақпаратта.
Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.
Айта кетейік, мамыр айында Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы арасындағы одақтастық қатынастарды тереңдету және кеңейту туралы шартты ратификациялау туралы» заңы қабылданды.
Ал былтыр былтыр Қырғызстанда Қазақстанмен одақтастық туралы шарт ратификацияланғанын жазған едік.