08:07, 02 Қыркүйек 2025 | GMT +5
Қазақ-қытай іскерлік кеңесінің 8-ші отырысы басталды
АСТАНА. KAZINFORM – Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың және ҚХР Мемлекеттік кеңесінің бірінші вице-премьері, ҚКП ОК Саяси бюросы Тұрақты комитетінің мүшесі Дин Сюэсяннің қатысуымен Қазақ-қытай іскерлік кеңесінің 8-ші отырысы басталды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Іс-шараға Қазақстан мен Қытайдың мемлекеттік органдары мен бизнес құрылымдарының 500-ден аса өкілі, соның ішінде 70-тен аса Қытайдың ірі корпорацияларының жетекшілері қатысып отыр.

Бейжіңде Қазақстан-Қытай Іскерлік кеңесінің 8-ші отырысы өтетінін жазған болатынбыз.

«Самұрық-Қазына» АҚ мәліметіне сәйкес, алдағы іс-шараның күн тәртібіне энергетикалық ынтымақтастықты дамыту және тұрақты «жасыл» өсімді ілгерілету, логистикалық және өндірістік тізбектерді кеңейту кіреді.