Қазақ көлік және коммуникациялар академиясы бас лицензиясынан айырылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сот шешімімен М.Тынышбаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясын бас лицензиясынан айырылды. Бұл туралы ҚазАқпарат Білім министрлігінің телеграм каналына сілтеме жасап хабарлайды.

Сотта әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 464-бабы 2-бөлігіне сәйкес ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің Қазақ көлік және коммуникациялар академиясының білім беру қызметін жүргізуге рұқсат беретін бас лицензиясынан және оның қосымшаларынан айыру туралы қаулысына қатысты академияның шағымы бойынша әкімшілік іс қаралды.

Сот Білім және ғылым министрлігінің Тынышбаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясын бас лицензиясынан айыру туралы шешімін өз күшінде қалдырып, қаулыны министрліктің пайдасына қабылдады. Академияның білім беру қызметіне қатысты комитет тарапынан жүргізілген тексеріс барысында анықталған бұзушылық фактілерін де сот растады», – деді ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті.


Соңғы жаңалықтар