Қазақ күресі федерациясы Кубогында Қарағанды өңірінің намысын 12 палуан қорғамақ (ФОТО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР қазақ күресі федерациясының Вконтакте желісіндегі ресми парақшасында желтоқсан айының 4-5 күндері Тараз қаласында өтетін ҚР қазақ күресі федерациясының Кубогында Қарағанды облысының намысын қорғайтын палуандар тізімі жарияланды.
None
None

«Желтоқсан айының 4-5 күндері Тараз қаласында өтетін ҚР қазақ күресі федерациясының Кубогында сынға түсетін командаларды таныстыруды бастаймыз. Биылғы додада еліміздің әр аймағынан 14 команда бақ сынамақ», делінген хабарламада.

Сонымен, Қарағанды облысының намысын қорғайтын спортшылар:

55 келі: Тұтқышев Нариман Ахметжанұлы - СШҮ, 2014 жылғы «Жас Барыс» республикалық турнирінің жеңімпазы. 55 келі: Ысқақ Дінасыл Берденұлы - СШҮ, (Қосалқы құрам). 60 келі: Бозов Медет Таңірбердиеұлы - СШ, ҚР чемпионатының жеңімпазы, 2015 ж. 60 келі: Хуанбай Еламан - СШҮ, ҚР Кубогының күміс жүлдегері, 2015 ж. (Қосалқы құрам). 66 келі: Адыханов Медет Қзаратұлы - ХДСШ, Азия Чемпионатының жеңімпазы 2012 ж. 66 келі: Сыздықов Едіге Асхатұлы - СШ, ҚР Чемпионатының қола жүлдегері, 2015 ж. (Қосалқы құрам). 74 келі: Ағыбаев Қайрат Ибрахимұлы - СШ, ҚР Кубогының жеңімпазы, 2014 ж. 82 келі: Ғалымов Айдос Қайратұлы - СШҮ, Азия чемпионатының қола жүлдегері 2015 ж. 82 келі: Молдағұлов Ерқанат Бекзатұлы - СШ, Қосалқы құрам, ҚР жастар арасындағы жеңімпазы 2015 ж. (Қосалқы құрам). 90 келі: Ахметбеков Бекзат Сағынтайұлы - ХДСШ, Азия чемпионатының жеңімпазы 2012, 2013 ж. 100 келі: Барменов Асыл Ауезханұлы - ХДСШ, Азия чемпионы, 2011, 2015 ж., «Қазақстан Барысы» турнирінің күміс белбеу иегері, 2013 ж. + 100 келі: Шынкеев Ержан Темірқұлұлы - СШ, ҚР чемпионатының жеңімпазы 2008 ж, «Қазақстан Барысы» турнирінің күміс белбеу иегері, 2013 ж.

Палуандардың бапкері: Мақсат Ахметбеков. Еске салайық, 4-5 желтоқсан күндері Тараз қаласында Қазақ хандығының 550 жылдығына орай тұңғыш рет ҚР Қазақ күресі федерациясының кубогы өтеді.

Соңғы жаңалықтар