Қазақ күресінен Темірбек Жүргеновті еске алуға арналған республикалық турнир басталды (ФОТО)

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда қаласындағы №1 олимпиадалық резерв мектебінде ҚР көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері Темірбек Жүргеновті еске алуға арналған қазақ күресінен жасөспірімдер арасында республикалық тунир басталды, деп хабарлады облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметінен.
None
None

Жарысты облыс әкімінің орынбасары Ғалым Әміреев ашып, қатысушыларға сәттілік тіледі. Одан кейін сөз алған Т.Жүргенов атындағы қоғамдық қордың төрағасы Сәпен Аңсатов спортшыларды құттықтап, жылы лебізін білдірді.

Биыл бесінші мәрте ұйымдастырылған турнирге Ақтөбе, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды және Қызылорда облыстарынан 13 команда қатысуда.

Турнир жеңімпаздары мен жүлдегерлердің есімдері 28 қараша күні анықталады.

Айта кетейік, былтырғы жылы облыс спортшылары осы турнирде 35 жүлде иеленген болатын.

Соңғы жаңалықтар