01:18, 29 Қазан 2025 | GMT +5
                                        Қазақ күресінен келесі әлем чемпионаты қайда өтеді
ТҮРКІСТАН. KAZINFORM — Бүгін Түркістан қаласында төл спортымыз — қазақ күресінен өтіп жатқан Азия біріншілігі бәсекесі аясында келесі әлем біріншілігі қай елде және қашан өтетіні белгілі болды.
 
                                              Аталған дода барысында Qazaq Kuresi Ассоциациясының жиналысы өткен. Аталған шара аясында қазақ күресінен келесі әлем біріншілігі 2026 жылдың тамыз айында Әзербайжан астанасы Бакуде өтетін болып белгіленді.


Сондай-ақ алғашқы жарыс күні ел қоржынына 6 алтын медаль түскен еді.
Айта кетсек, биыл қазақ күресінен әлем біріншілігі Үндістанның Дели қаласында өткен болатын.
Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін Түркістан өрінде қазақ күресінен Азия біріншілігі басталғанын хабарлаған болатынбыз.
Бүгін Түркістанда Азиялық Qazaq Kuresi Ассоциациясы құрылды.