Қазақ-қырғыз шекарасынан заңсыз өтпек болған Пәкістанның төрт азаматы ұсталды
ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Жамбыл облысында шекарадан заңсыз өтпек болған Пәкістанның төрт азаматы ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ұлттық қауіпсіздік комитетіне сілтеме жасап.
Оқиға 22 қазанда «Жасөркен» шекара бөлімшесінде болған.
Бірлескен жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде шекарашылар мен ҰҚК Жамбыл облысы бойынша департаментінің қызметкерлері Қырғыз Республикасынан Қазақстанға мемлекеттік шекара арқылы заңсыз өтпек болған төрт шетелдікті ұстады.
Комитеттің мәліметінше, төртеуі де - Пәкістан азаматтары.
Осы факт бойынша құзыретті органдар жедел-тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.