Қазақ қызы бокстан моңғол елінің чемпионы атанды - шетелдегі қазақ баспасөзі

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» ХАА шетелдегі қазақ тілінде тарайтын ақпарат көздеріне апталық шолуын ұсынады.

Зейнеп Әзімбайқызы бокстан ел чемпионы атанды – «Kaznews»

Ұланбатыр қаласында бокстан жастар арасындағы ел біріншілігінің финалдық ойындары өтті. Қыздар арасындағы бәсекеде 75 келі салмақта өнер көрсеткен Зейнеп Әзімбайқызы ел чемпионы атанды.

Бұл туралы «Kaznews» ақпараттық порталы Баян-Өлгий аймағының Бокс федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.

Аталған басылымның дерегінше, Зейнеп Әзімбайқызы бұған дейін 2022 жылы ересектер және жастар арасындағы ел біріншілігінде де чемпион атанған еді.


Сондай-ақ, осы аптада «Kaznews» порталында «Ұланбатырда Айгүл Қалидолдақызының ән кеші өтеді» деген тақырыптағы ақпарат жарияланды.

Ұланбатырда Айгүл Қалидолдақызының «My way» атты ән кеші өтеді. Бұл туралы әнші өзінің әлеуметтік парақшасында хабарлаған.

«Ал ағайын көптен күткен ән кешінің куәсі болуға асығыңыздар! Рамазан айы берекесімен болып, Алла тағала баршаңызға рыздық несібесін еселеп бере берсін! Моңғолиядағы ат төбеліндей азғантай қазақ ұлтының, өнер мәдениеті және ән әлемінде қоғамға өз үлесімді қосып 30 жылды да артқа тастаппын. Осы уақыттағы жасаған әрбір еңбек, жеткен жетістік әрине жаратушының берген күш-қуаты мен жақсы адамдардың қолдауының арқасы. «Менің әлемім» атты ән кешімді сүйікті халқым, тыңдармандарым сіздерге тарту етпекпін», деп жазады өнер иесі.

Айта кетейік, аталған ән кеші 2023 жылы мамыр айының 5 күні «Соrporate convention» орталығында өтеді.

Тоқаев Қазақстанның беделін көтеретінін айтты – «TRT»

Тоқаев мемлекеттің барлық жоғары лауазым иелерімен елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы мәселелері бойынша кеңес өткізді.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ішкі қауіпсіздікке, қорғаныс қабілетін нығайтуға, Қазақстанның және бүкіл Орталық Азияның халықаралық аренадағы беделін көтеруге ерекше көңіл бөлу керектігін айтты.

Бұл туралы осы аптада Түркия Радио Телевизия порталы хабарлады.


Түркиялық басылымның дерегінше, Қасым-Жомарт Тоқаев әлемде сауда кедергілері кең қанат жайып, мемлекеттер арасындағы өзара сенімсіздік күшейіп келе жатқанын түсіндірді. Мемлекет басшысы азық-түлік өнімдерінде әлі де шетелге тәуелді екенін айтып, үкіметтің ең маңызды басымдығы отандық өндіріс үлесін арттыру екенін айтты.

«Әлемде елеулі өзгерістер болып жатқанына тоқталған Президент Тоқаев «Осы себепті ішкі қауіпсіздікке, қорғаныс қабілетін нығайтуға, Қазақстанның және бүкіл Орталық Азияның халықаралық аренадағы беделін арттыруға ерекше назар аудару керек» деген сөздер қолданды», деп жазды түркиялық БАҚ.

Әлемдегі ең биік көпірдің құрылысы жүріп жатыр- People.cn

Қытайдың Гуйчжоу өлкесіндегі Хуацзян үлкен шатқалын «жер шарындағы жарықшақ» деп аталады. Шатқалдың екі жағындағы құлама жартастар мен тулардың биіктігі мыңдаған метрге жетеді. Қазіргі уақытта Аньшун қаласының Гуаньлин Буйи, Мяо автономиялық ауданында орналасқан Хуацзян шатқалы арқылы өтетін көпірдің құрылысы жүргізілуде, деп хабарлайды «Халық» газет


і.

Қытайлық БАҚ-тың мәліметінше, Хуацзян шатқалында салынған көпір Бейпань атты өзеннен өтеді.

Көпірдің жалпы ұзындығы 2890 метр, ал көпір палубасы мен су беті арасындағы тік қашықтық 625 метр. Құрылыс 2025 жылдың 30 маусымында аяқталады деп күтілуде. Хуацзян шатқалы арқылы өтетін көпір Бейпаньцзян Ханчжоу Руйли жылдам көпірінен асып түсіп, әлемдегі жаңа әрі ең биік көпір болмақ. Көпір құрылысына бірқатар жаңа технологиялар, жаңаша процестер мен заманауи жабдықтар қолданылуда.

Қазақстан Премьер-министрі Теһранға келеді – «Parstoday»

Қазақстан Премьер-министрі Әлихан Смайылов Иран Вице-президенті Мұхаммед Мохбердің шақыруымен 26 сәуірде Теһранға келеді. Қазақстан Премьер-министрі Әлихан Смайыловтың Теһранға сапары екі елдің сауда-экономикалық қарым-қатынасын дамыту мақсатында жүзеге асырылады, деп хабарлайды «Parstoday» ақпарат агенттігі.


Аталған ақпарат агенттігінің мәліметінше, Қазақстан Премьер-министрі осы сапар барысында ИИР басшыларымен кездесіп, кеңеседі.

Айта кету керек, Иран мен Қазақстан арасында сауда айналымының көлемі 2022 жылдың алғашқы 10 айында 450 млн доллар болды. Иранның Қазақстанға экспорты 5,26 пайызға өсіп, 167 млн доллар құраса, Қазақстаннан импорты 15 пайызға өсіп, 283 млн долларға жетті.

Астанада Өзбекстанға туристер ағынын арттыру мәселелері талқыланды

- «ӨзА»

Астана қаласындағы Өзбекстан елшілігінде Өзбекстанның туризм елшісі Ләззат Аханова мен Қазақстанның жетекші туристік компаниялары басшыларының қатысуымен оффлайн және онлайн кездесу өтті.

Бұл туралы осы аптада «ӨзА» ақпараттық агенттігі хабарлады.


Өзбекстандық БАҚ-тың хабарлауынша, Өзбекстан Елшісі Саидикром Ниёзхожаев кездесуде 2023 жылдың 29 наурызында Өзбекстан Президентінің төрағалығымен елдің туристік әлеуетін қарқынды дамыту және бірқатар мәселелер бойынша бейне селекторлық кеңес өткенін, онда Өзбекстандағы туризм саласын дамыту және шетелден келетін туристер ағынын арттыру міндеттер жүктелгенін атап өтті.

Кездесу барысында Өзбекстанға баратын қазақстандық туристер санын арттыру және олардың қызығушылықтарын ескере отырып, жаңа бағыттар бойынша турпакеттерді әзірлеу туралы ой алмасқан.

Талқылаудың соңында Қазақстаннан Өзбекстанға келетін туристер ағынын арттыру мақсатында арнайы туристік пакеттер жасау жұмысын жеделдету туралы келісілді, деп хабарлайды «ӨзА».

Барлық тауы қойнауындағы бақытты отбасы - «Халық» газеті

Шыңжаңның Тарбағатай аймағы Шағантоғай ауданының оңтүстігінде шығыстан батысқа қарай созылған Барлық деген тау бар. Таудың оңтүстік етегі жергілікті малшылардың ұрпақтан ұрпаққа жалғасқан көшпелі өмір кешкен өңірі. 53 жастағы шопан Бақыт Тілекшіқызының отбасы да осында тұрақтаған, деп хабарлайды «Халық» газеті.

Қытайлық басылымның келтірген дерегіне сүйенсек, атадан қалған мұраны жалғастырған Бақыт пен күйеуі Қабдіраш Нүсіппбекұлы ерінбей еңбектеніп, бүгінде қорасына 200-ден астам қой, 20-дан астам сиыр, 10-нан астам жылқы жинаған. Олардың иелігіндегі мал саны жылдан жылға көбейіп келеді. Қазір олар тек малшылықпен ғана шұғылданбайды. Баю жолына түскен Бақыт жайлаудан дүкен ашқан. Күйеуі мен баласы Сезім малға қараса, өзі дүкенде сауда жасайды. Ал, қыздары Күншуақ Шыңжаң медициналық университетіне ақысыз бағдарлама бойынша грантпен оқуға түскен. Сол Күншуақта ауылдастары мен отбасының мақтанышы, деп жазады қытайлық басылым.


Соңғы жаңалықтар
telegram