Қазақ мәдениетінің аса құнды жәдігерлерінің басым бөлігі Ресей мұражайларында жатыр

АЛМАТЫ. Ақпанның 20-сы. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Қазақ мәдениетінің аса құнды жәдігерлерінің басым бөлігі Ресей мұражайларында жатыр. Бұл туралы Алматыда өткен «Қазақтың мәдени ұлттық брендін қалыптастыру: тәжірибе және болашағы» деп аталатын дөңгелек үстел жиынында айтылды,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат.Орталық мемлекеттік мұражай директоры Нұрсан Әлімбайдың айтуынша, Ресейдегі құнды бұйымдарды қайтаруға қазір мүмкіндік жоқ. Ресей Президентінің 1993 жылғы қаулысы бойынша мұражай мен мұрағаттардағы барлық жәдігерлер сол елдің меншігі саналады. «Ресей мұражайларында жатқан қазақ мәдениетіне қатысты жәдігерлерді бір ауыз сөзбен айтып жеткізу қиын. Көне темір дәуірі немесе ертедегі көшпелілер мәдениетіне қатысты археологиялық жәдігерлер де түгелдей дерлік Ресей мұражайларында сақтаулы. Одан бергі кезеңдегі қазақ хандығы дәуіріне байланысты жазба деректер, мәдениеттің кейбір ескерткіштері Санк-Петербордағы Эрмитажда, Ресей этнографиялық мұражайында және Мәскеудегі тарихи мұражайда жатыр. Мәселен, Левинаның Алтынасар, Жетіасар мен Сыр өңіріндегі қазба жұмыстарында табылған бұйымдары түгелдей Мәскеуге әкетілген. Біз былтыр атақты Кунсткамера мен Ресей этнография мұражайына барып, сол жердегі мамандармен келісіп, ондағы қазақ мәдениетіне қатысты жәдігерлерді анықтадық. Кунсткамерадағы қазақ этнографиясына жататын жәдігерлердің саны 2,5 мың екен. Ол үлкен байлық. Және қандай дейсіз ғой. Ең сақталымы жақсы жәдігерлер. Оның ең құндысы алтынмен апталып, күміспен күптелген киіз үй. Сондай-ақ Ресей этнографиялық мұражайының арнайы қор деген деген бөлімінде еш жерде кездеспейтін қазақ сәукелесі жатыр. Бізге тек Эрмитаждағы қазақ мәдениетінің жәдігерлерін анықтауға рұқсат бермеді», - дейді Нұрсан Әлімбай. Оның сөзіне қарағанда, қазіргі таңда Санкт-Петербордағы Ресей этнография мұражайында да халқымыздың ұлтық мәдениетіне қатысты 2,5 мың құнды заттар бар екені анықталып отыр.
Соңғы жаңалықтар