Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті Наурыз мерекесін атап өтпек
![None None](/static/img/plug.webp)
Бұл туралы оқу орнының баспасөз қызметінен хабарлайды. Мерейлі мерекеге Қыздар университетінің ректоры Динар Жүсіпәліқызы Нөкетаева бастаған оқытушы-профессорлар құрамы мен студенттер қатысады. Ұлттық салт-дәстүрлер көрсетіледі. Сондай-ақ, арнайы концерттік бағдарлама қойылады. Оған елімізге белгілі әншілер Тамара Асар, Меруерт Түсіпбаева, Біржан Хасанғалиев, Гүлнұр Өмірбаева, «Денар» тобы, сонымен қатар, «Томирис» би ансамблі, «Ұлар» этно-фольклорлық ансамблі мен «Көктем» қобызшылар ансамблі және тағы да басқа өнерпаздар қатысады.
Наурыз - мереке атаулының ұлылығы, жылдың басы, тіршіліктің бастауы, күн мен түннің теңелген, тіршілік атаулының жанданып-жасанған, жер дүниенің түлеп-түрленген, мал-жанның өсіп-өнген күні. Бұл мерекені халқымыз биік ерліктің, іргесі сөгілмес бірліктің, ырыс пен ынтымақтың мерекесіне балаған. Наурыз мейрамына тура бір апта қалғанда дәл осы күні еліміздің батысында сақталып қалған «Көрісу» басталады. Яғни, мейрам алдында ағайын алдымен мал-жанның амандығын сұрастырып, елдің бүтіндігін ойлайды. Дәстүр бойынша таң ата салысымен жасы кішілер үлкендердің шаңырағына амандық сұрап кірген.