Қазақ-өзбек шекарасында аяқ киім майлайтын кремнің ішіне 775 келі героин салып алған көлік ұсталды

АСТАНА. KAZINFORM — Iрi партиядағы есiрткi контрабандасы арнасының жолы кесілді. Бұл жайында Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметінен хабарланды. 

контрабанда
Фото: ҰҚК баспасөз қызметі
КНБ РК
Фото: ҰҚК баспасөз қызметі

ҰҚК шекара қызметі есірткінің рекордтық партиясын шекара арқылы алып өтіп бара жатқанда ұстады.

Түркістан облысындағы Б.Қонысбаев атындағы бақылау-өткізу пунктінде шекарашылар иісшіл итті пайдалана отырып, ауыр жүк көлігінде аяқ киім креміне арналған ыдыстарға жасырылған күдікті заттарды тауып, тәркіледі.

КНБ РК
Фото: ҰҚК баспасөз қызметі

Сараптама заттардың құрамында героин барын көрсетті, оның жалпы салмағы — 775 кг.

КНБ РК
Фото: ҰҚК баспасөз қызметі

Табылған есірткінің «қара» нарықтағы құны — 15 млн АҚШ долларынан асады.

КНБ РК
Фото: ҰҚК баспасөз қызметі

Осы қылмысты жасады деген күдікпен екі шетел азаматы ұсталды және сот санкциясымен қамауға алынды.

Сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.  

к
Фото: ҰҚК баспасөз қызметі

 

Соңғы жаңалықтар