Қазақ-өзбек шекарасында кеден терминалы ашылады

ТАШКЕНТ. KAZINFORM – Қарақалпақстан астанасы Нүкіс қаласынан 450 шақырым жерде орналасқан «Дәуіт-ата» шекара бекетінің аумағында салынып жатқан кеден терминалының құрылысы аяқталуға жақын, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің Ташкенттегі меншікті тілшісі Әлихан Асқар.

Қазақ-өзбек шекарасында кеден терминалы ашылады
Фото: Өзбекстанның Кеден комитеті

Өзбекстанның Кеден комитетінен мәлім еткендей, 6 гектарды аумақты қамтып жатқан терминал заманауи тексеру, рәсімдеу құрылғыларымен жабдықталған.

Қазақ-өзбек шекарасында кеден терминалы ашылады
Фото: Өзбекстанның Кеден комитеті

Атап айтқанда, кеден бекетінің жанында 350 жүк көлігі сиятын тұрақ, қонақ үйлер мен техникалық қызмет көрсету пункттері орналасқан.

Қазақ-өзбек шекарасында кеден терминалы ашылады
Фото: Өзбекстанның Кеден комитеті

Шекара бекетінің ашылуы Қоңырат-Бейнеу тасжолы құрылысының аяқталуымен тұспа-тұс келеді. Тиісінше бұл «Дәуіт-ата» арқылы өтетін тауар тасымалының артуына ықпал етпек.

Қазақ-өзбек шекарасында кеден терминалы ашылады
Фото: Өзбекстанның Кеден комитеті

Еске сала кетсек, өзбек тарапы қазақстандық «Жібек-Жолы» бекетімен ұштасып жатқан «Гишткуприк» өткізу пунктісіне жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстарын биыл аяқтамақ.

Қазақ-өзбек шекарасында кеден терминалы ашылады
Фото: Өзбекстанның Кеден комитеті
Соңғы жаңалықтар