Қазақ-өзбек шекарасында кептеліс болмауы керек - Қ.Айтаханов

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақ-өзбек шекарасында кептеліс болмауы керек. Бүгін Парламент Сенатының жалпы отырысында сенатор Қуаныш Айтаханов осы мәселені көтерді.
None
None

Еске салайық, жиында «2000 жылғы 7 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Өзбекстан Республикасының Үкiметi арасындағы Азаматтардың өзара сапарларының шарттары туралы келiсiмге өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» заң жобасы талқыланып, қабылданған болатын.

«Қазақстанның шекарасынан Өзбекстанға қарай азаматтар еш кедергісіз өтеді. Өйткені, өткізу пунктінде 5-6 «терезе» жұмыс істейді, мөр басылып, паспорт тексеріледі де азаматтар өте береді. Алайда, Өзбекстан жағына келгенде біздің азаматтар ең азы 3-4 сағат, тіпті жарты күн бойы тұрып қалады. Оларда бір ғана «терезе» жұмыс істейді. Әлбетте, бұл Өзбекстанның өз шаруасы шығар. Алайда Сыртқы істер министрлігі арқылы көршілес мемлекеттің құзыретті органымен бұл мәселені шешуге күш салынса игі», - дейді сенатор.

Оның айтуынша, шекарадан өтуге кедергілер келтірмеу, оны азайту екі елдің азаматтары үшін де үлкен сұранысты тудырып отыр.

Ал қабылданған заңның қосымшаларында азаматтардың екі ел аумағында кіруі, шығуы және болуы үшін құжаттар тізбесі бекітілген. Қосымша құжаттар тізбесіне дипломатиялық паспорт, Өзбекстан азаматының биометриялық паспорты, Өзбекстан Республикасының 16 жасқа толмаған азаматтарының куәлігі, қайтып оралуға арналған сертификат қосылды.

Соңғы жаңалықтар