Қазақ тілі 2025 жылға қарай өмірдің барлық саласында үстемдік етіп, кез-келген ортада күнделікті қатынас тіліне айналады - Н.Назарбаев

Астана. 14 желтоқсан. ҚазАқпарат - Қазақ тілі 2025 жылға қарай өмірдің барлық саласында үстемдік етіп, кез-келген ортада күнделікті қатынас тіліне айналады  Бүгін Астанада Тәуелсіздік күні мерекесіне арналған салтанатты жиын барысында Қазақстан халқына Жолдауын арнаған Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев осылай мәлім етті.
None
None

«Мемлекеттік тілмен қатар, Қазақстанда тұратын барлық ұлттар мен ұлыстардың тілін, мәдениетін және салт-дәстүрін дамытуға барынша жағдай жасауды алдағы уақытта да жалғастыра беретін боламыз. Тағы айтарым, біздің елімізде ешкім де қандай да бір этносына, тіліне қатысты өзінің конституциялық құқығы тапталмауы керек. Дәл осы принциппен біздің елімізде бірде біреу кемшілік көрсе, әсіресе жұмысқа қабылданып, ЖОО-ға түсу барысында кемсітілсе, онда барша Қазақстанның құқы тапталды деп санау керек», - деді Мемлекет басшысы.

Сонымен қатар, Н.Назарбаев «Қазақстанның болашағы қазақ тілінде» деген ақиқатты да айтты. «Қазақ тілі 2025 жылға қарай өмірдің барлық саласында үстемдік етіп, кез-келген ортада күнделікті қатынас тіліне айналады. Осылайша, тәуелсіздігіміз бүкіл ұлтты ұйыстыратын ең басты құндылығымыз - туған тіліміздің мерейін үстем ете түседі», -деді Мемлекет басшысы.    

Соңғы жаңалықтар