07:57, 29 Маусым 2012 | GMT +5
Қазақ тілін қысқа мерзімде оқыту әдістері - Ақсу және Екібастұз оқытушылары үшін семинар
ПАВЛОДАР. 29 маусым. ҚазАқпарат - «Тілдарын» қысқа мерзімде оқыту орталығы Екібастұз және Ақсу қалаларының оқытушылары үшін қазақ тілін оқытудың заманауи әдістеріне арналған оқыту семинарын өткізді, деп хабарлады тілдерді дамыту облыстық басқармасынан.

«Тілдарын» бағдарламасында - адамдардың тілдерді меңгерудің жаңа әдістерін шығарған әлемдегі танымал тіл маманы Дмитрий Петровтың технологияларын қолдану арқылы мемлекеттік және ағылшын тілдерін зерттеу.
«Облысымызда тек мемлекеттік қана емес, бүкіл ұлыстардың тілдерін дамыту үшін барлық жағдайлар жасалды», - деп атап өтті облыстағы тілдерді дамыту басқармасының бастығы Талғат Әбілқасымов, семинар қатысушыларын мемлекеттік тілді дамыту және насихаттау саласындағы бірлескен жұмысқа шақыра отырып.
Семинарда Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауындағы республика азаматтарының мемлекеттік тілді меңгеруін іске асыру жолдары талқыланды.