Қазақ тілінде жаңа пікірталас алаңы іске қосылады

АСТАНА. ҚазАқпарат -  Еліміздің басты ұлттық мерекесі - Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні қарсаңында «Нұр Отан» партиясы мемлекеттік тілде ғана жүргізілетін #NurOtanPikir жаңа пікірталас алаңын іске қосады. Бұл туралы ҚазАқпарат партияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
None
None

#NurOtanPikir алаңының бірінші отырысының тақырыбы - «Тәуелсіздігіміздің рухани негіздері». Ол Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақаласы және «Рухани жаңғыру» бағдарламасында баяндалған стратегиялық міндеттерді жүзеге асыруға арналады.

Ашық кездесуге спикерлер ретінде ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Нұртай Сәбильянов, саясаттанушы Айдос Сарым, «Сакралды Қазақстан» ғылыми-зерттеу орталығының басшысы Берік Әбдіғалиұлы, сонымен қатар мемлекет қайраткері Шыңғыс Мұқан шақырылған. Шара жүргізушісі - Түркі академиясы халықаралық ұйымының президенті, «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ Басқарма төрағасы Дархан Қыдырәлі.

#NurOtanPikir пікірталас алаңы қазақстандық қоғамның ең өзекті тақырыптары бойынша заманауи форматта пікір алмасу үшін құрылған. Онда қазақстандықтардың рухани және ұлттық сана-сезімі, мемлекеттік тіл мен ұлттық мәдениетті дамыту мәселелеріне ерекше назар аударылатын болады.

Айта кетейік, «Нұр Отан» партиясы тұрақты негізде Facebook әлеуметтік желісіндегі партияның ресми парақшаларында тікелей эфирде таратылатын #NurOtanTrends және #NurOtanTalks сынды басқа да диалогтық платформаларды жүзеге асыруда.

Соңғы жаңалықтар