Қазақ тілінің біртомдық үлкен түсіндірме сөздігі жарыққа шықты

АСТАНА. 18 желтоқсан. ҚазАқпарат - Бүгін Астанада ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Мұхтар Құл-Мұхаммед Қазақ тілінің біртомдық үлкен түсіндірме «Қазақ сөздігінің» тұсаукесер рәсімін өткізді.
None
None

Аталмыш сөздік Тілдерді қолдану дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында жарыққа шығып отыр.

«2011 жылы қазақ тілінің 15 томдық түсіндірме сөздігі шықты. Біз Қазақстанда тұңғыш рет 150 мыңнан астам сөз бен сөз тіркесінің үлкен реестрін құрастырдық. Мәселен, қырғыз ағайындардың шығарған 2 томдық түсіндірме сөздігінде 50 мыңнан астам ғана сөз бен сөз тіркесі бар екен. Өзбектердің 5 томдық түсіндірме сөздігіне 80 мыңға жуық сөз бен сөз тіркесі енген. Ыстамбұлда әбден толықтырылған 11-ші редакциямен шыққан түрік тілінің түсіндірме сөздігіне 92 мың атау сөз кірген, сөз тіркестерін қоса есептегенде 130 мыңның маңайында шығады. Осы 15 томдықтың сығымдалған 1 томдық үлгісі бүгін жарық көріп отыр. Бұл сөздікте 106 мың атау сөз бен 48 300 сөз тіркесі қамтылып отыр. Бұл қазақ тілі дүниежүзінің 30-дан астам халықтарының тілдері ішінде ең бай тіл екендігін дәлелдейтін басылым», - деді министр.

Елбасы Н.Назарбаев осы сөздікке берген алғысөзінде: «Тіл - ұлтпен бірге жасап, толассыз толығып отыратын құбылыс. Қолдарыңызға ұстап «Қазақ сөздігі» - біздің мемлекеттік тіліміздің түркі тілдер тобындағы ең бай тіл екендігін айғақтайтын бірегей басылым» деп баға берді.

«Қазақ сөздігін» түзу отандық және әлемдік дәстүрлерге және теориялық зерттеулерге сүйеніп жасалған.

Соңғы жаңалықтар