19:30, 23 Ақпан 2009 | GMT +5
Қазақ тілінің тілінің үздік мұғалімдері облыс әкімінің гранттарымен марапатталды
АҚТӨБЕ. Ақпанның 23-і. ҚазАқпарат /Самал Ендібаева/ – Қазақ және орыс мектептеріндегі қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері арасында облыстық конкурстың қорытындысы шығарылды. Бірінші орынды иеленген екі мұғалім облыс әкімінің 100 мың теңге грантына ие болды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Облыс ұлттық және орыс мектептеріндегі үздік қазақ тілінің мұғалімдерін анықтауға арналған бұл конкурс тұңғыш рет өткізіліп отыр. Оған облыстың Ырғыз және Байғанин аудандарынан басқа өңірлерінен ұстаздар қатысты.Конкурсқа қатысушыларға қойылатын негізгі талап ? педагогтардың өз ғылыми жобаларының, әзірлемелерінің бар болуы, олардың шәкірттерінің олимпиадаларда, конкурстарда жүлделі орындарды иеленуі, Бірыңғай ұлттық тестілеу бойынша көрсеткіштерінің болуы тиіс. Бірінші орындарды Хромтау ауданының екі ұстазы ? № 5 қазақ мектебінің мұғалімі Торғын Жанұзақова мен № 1 орыс мектебінің мұғалімі Салтанат Оразбаева иеленіп, облыс әкімінің 100 мың теңге грантын алды. Ұйымдастырушылар конкурсты дәстүрлі өткізуді жоспарлап отыр және ол педагогтар арасындағы бәсекелестікті және білім беру сапасын арттыруға көмектеседі деп үміттенеді.