Қазақ тілін жасанды интеллект арқылы дамыту жобасына қаржы бөліне ме

АСТАНА. KAZINFORM – Назарбаев университеті жанындағы ақылды жүйелер және жасанды интеллект институты (ISSAI) қазақ тілінің ауқымды моделін (KAZ LLM) дайындап жатыр. 

жасанды интеллект
Фото: freepik.com

«Бұл жобаға бюджеттен қаржы бөлінбейді, демеушілік қаражат есебінен жүзеге асырылып жатыр. «KAZ-LLM» жобасы жыл соңына дейін қажетті материалдық ресурстармен және есептеу қуаттарымен қамтылған», - деді Жасанды интеллект комитетінің төрағасы Ғиззат Байтұрсынов Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, аталған жобаға екі демеуші инвестиция құйған. 

Айта кетсек, елімізде «KAZ-LLM» атты қазақ тілін жасанды интеллект арқылы дамытудың моделі әзірленіп жатыр. 

Жүйе қолданушымен қазақша сөйлесіп, кез келген сұраққа жауап береді.

Бірер күн бұрын Үкімет 5 жылдық жасанды интеллектті дамыту тұжырымдамасын қабылдағаны туралы хабарлаған едік.

Соңғы жаңалықтар