Қазақ Ұлттық университеті Ұлы Отан соғысының ардагерімен кездесу өткізді

деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Тіл және тәрбие жұмысы жөніндегі проректор Жаманбалаева Шолпан Ерболқызы кездесуге келген ардагерлер мен студенттерді Ұлы Жеңістің 65-жылдығымен құттықтап, ізгі лебізін білдірді.
«Құрметті ардагерлер, Жеңіс куәгерлері, мерекелеріңіз құтты болсын. ҚазҰУ ұжымы қашанда Ұлы Жеңістің беделін асқақ ұстап, құрметтеуге дайын», деп атап өтті ол.
Құттықтау сөзден кейін ҚазҰУ-дан соғысқа аттанған 287 жауынгерді еске алу үшін минуттық үнсіздік жарияланды.
Сонымен қатар ардагерлер майдан даласындағы қазақстандық жауынгерлердің ерліктері жайында әңгіме қозғап, жастарға патриоттық тәрбие беретін өсиеттерін жеткізгеннен кейін университет мұражайындағы Ұлы Отан соғысының экспозициясына гүл шоқтарын қойып, мұражай залын аралады. Ал марқұм соғыс ардагері, ҚазҰУ да бірнеше жыл ұстаздық еткен Ханғали Сүйінішәлиевтің жұбайы Ақсұлу Талапқалиқызы университет мұражайына ардагердің ордендері мен медальдарын тапсырды.