Қазақ жазушысы Бексұлтан Нұржекеұлының кітабы түрік тілінде жарық көрді (ФОТО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның Түркиядағы Елшілігінде заманауи қазақ жазушысы Бексұлтан Нұржекеұлының түрік тіліне аударылған кітабының тұсаукесері өткізілді, деп хабарлайды елшіліктің баспасөз қызметінен.
None
None

Іс-шараға қатысқандардың ішінде ТҮРКСОЙ, Түркия Жазушылар одағы, Еуразия Жазушылар одағы, Түркі дүниесі өнерпаздары мен жазушылар қоры, Түркия ғылым және әдебиет туындыларының авторлар қауымдастығы, Әлем жазушылары мен зиялылары қауымдастығы, Түркі дүниесінің сәулетшілері және құрылысшылары одағы сынды шығармашылық орталықтар болды.

Түрік тілінде «Bir pişmanlık, bir ümit» (Бір өкініш, бір үміт) атымен жарық көрген роман Қазақстанның Түркиядағы Елшілігінің қолдауымен басылып шықты.

Еуразия Жазушылар одағының төрағасы Якуб Омароғлы екі елдің мәдени-гуманитарлық байланыстарын дамытуда Б.Нұржекеұлы шығармасының түрік тілінде жариялануының үлкен үлес болып қосылатындығын атап өтті.

«Қазақстанның Түркиядағы Елшілігінің бастамасымен мәдениет және әдебиет саласы бойынша бірқатар жобалар жүзеге асуда. Осылайша, қазақ ақындары мен жазушылары шығармаларының түрік тіліне аударылып жарық көруі екі елдің рухани ынтымақтастығын тереңдетуде айтарлықтай үлес қосуда», - деп, Якуб Омароғлы атап өтті.

Салтанатты рәсімге атсалысқан ТЮРКСОЙ Бас хатшысының орынбасары Фырат Пурташ, қазақ әдебиетінің түрік тіліне аударылуының екі ел халықтарының мәдени-гуманитарлық көзқарастан одан әрі жақындасуына ықпал ететінін айтты.

«Қазақ жазушысы романының басылып шығарылуы түркітілдес халықтары кеңістігіндегі байланыстарды нығайта отырып, мәдени ықпалдастығының дамуына әсер етпек», - деп, Ф.Пурташ атап өтті.

Қазақстанның Түркиядағы Елшісі Жансейіт Түймебаев Қазақстан мен Түркия арасындағы екіжақты мәдени байланыстарының дамуы мен нығаюына септігін тигізуге қызығушылық білдірді.

Іс-шараның аяғында сөз сөйлеген Б.Нұржекеұлы Елшілік пен Еуразия жазушыларының одағына кітаптың басылып шығарылуында көрсеткен көмегі үшін ризашылығын білдіре отырып, романның Түркияда өз оқырмандарын табатынына үміттенді.

Қазақ жазушысы романының түрік тілінде басылып шығарылуы түрік оқырмандарын қазақтың әдеби мұрасымен таныстырады және Түркияның қоғамдық-саяси және ғылыми академиялық топтары арасында елдің халықаралық имиджіне оң әсерін тигізеді.
null null null

Соңғы жаңалықтар