Қазақ жерінде көне зираттардың 100 мыңнан аса ескерткіштері бар - ескерткіштанушы Серік Ескендірұлы

АЛМАТЫ. 27 желтоқсан. ҚазАқпарат - Қазақстанда қазір көне зираттардың санаулы ескерткіштері ғана зерттелген. Бұл туралы бүгін Алматыда Ш.Уәлиханов атындағы тарих және этнология институты 2013 жылы жарыққа шығарған бірнеше кітаптың тұсаукесерінде айтылды.
None
None

«Қазақтың ескерткіштануы тарихтың 3 бағытының арасында дамыған. Ескерткіштану - этноархеология, этноархитектура және дәстүрлі этнография арасында қалыптасқан жаңа сала. Мәселен, елімізде көне зираттардың 100 мыңнан аса ескерткіштері бар. Алайда оның санаулысы ғана жөнделіп, зерттеу нысанына айналып, қалғаны назардан тыс қалған», - дейді тарих ғалымының докторы, Шығыс елдерінің халықаралық архитектура академиясының корреспондент-мүшесі, этноархеолог Серік Әжіғали. Оның айтуынша, археология қазір технологиялық ғылымға айналып бара жатыр. Көптеген жұмыстар алтын іздеуге ғана байланысты болып отыр. Сондықтан қазаққа қатысты ескерткіштерді зерттеуге жастарды тарту қажет.

2011, 2012 жылдары Ақтөбе мен Атырауда Қазақ ескерткіштерінің мәселелеріне арналған 2 симпозиум өткен болатын. Оның материалдары жинақ болып басылып шығып отыр. Жинақ Қазақстан мәдениеті мен қоғамдық-гуманитарлық ғылым аясныдағы жаңа өзекті ғылыми-тәжірибеліек бағытқа арналған. Оған кірген мақалаларда ескерткіштанудың жалпы проблемалары мен жәдігерлердің мемориалды-салттық архитектуралық, араб-графикалы эпиграфиялық және тағы басқа топтарын зерттеу, қорғау қайта қалпына келтіру, пайдалану сияқты мәселелері қаралады.

Соңғы жаңалықтар