00:36, 24 Тамыз 2014 | GMT +5
«Қазақфильм» «16 қыз» фильміне түсу үшін бақ сынап көруге шақырады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы «KANAIDAR Production» компаниясымен бірлесе отырып жаңа «16 қыз» фильмінің түсіріліміне кастинг жариялайды.

«Фильмді түсіру үшін біз түрлі сипаттағы рөлдерді сомдайтын талантты жандарды іздестірудеміз. Актерлік тәжірибесінің болуы құпталады», делінген киностудия хабарламасында. Іріктеу сынына қатысамын деушілердің жасына шектеу жоқ, тек қазақ тілін білуі міндетті. Тілек білдірушілер Алматы қаласындағы «Қазақфильм» киностудиясына 20 тамыз бен 10 қыркүйек аралығында келіп бағын сынап көре алады.