18:22, 16 Қаңтар 2015 | GMT +5
«Қазақфильм»: Киностудияны жекешелендіру - орынсыз
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазақфильм» киностудиясы жекешелендіру туралы шешімді орынсыз деп есептейді. Бұл туралы «ҚазАқпарат» ХАА жіберген ресми сауалдың жауабында ҚР Мәдениет және спорт министрлігі хабарлады.
«Қазақфильм» киностудиясы, бірқатар маңызды және әділ факторларды ескере отырып, жекешелендіру туралы шешімді орынсыз деп есептейді», - делінген министрліктің жауабында.
Еске сала кетейік, 2014 жылғы 31 наурыздағы Үкіметтің №280 Қаулысы бойынша «Жекешелендірудің 2014-2016 жылдарға арналған кешенді жоспарында» Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясының акцияларын тікелей адрестік сатылымға шығару көзделіп отыр.
Бұның алдында хабарланғандай, жеке қолға компанияның 49 пайыз акциясын сату жоспарлануда.