"Қазақфильм" киностудиясы "Мың бір түн" ертегісінің желісі бойынша түсірілетін "Араб түндері" деп аталатын ауқымды жаңа ірі жобаның тең продюсері болмақ

Бұл жайлы "Қазақфильмнің" президенті Ермек Аманшаев бүгін Алматыда өткен баспасөз мәслихатында мәлім етті.
"Біз бүгін голливудтың "Инферна" кинокомпаниясымен бұл жобаны бірлесіп жүзеге асыру туралы меморандумға қол қойдық. Кешеден бері жоба режиссері американдық Чак Расселдің қатысуымен алдын ала кассингтер басталды. Ол аяқталған соң рөлге актерларды бекітіліп, олар Нью-Йорк академиясының арнайы актерлік шеберлік курсынан өтпек. Бұған дейін Әсел Сағатова, Қарлығаш Мұхамеджанова, Берік Айтжанов сияқты қазақстандық әртістердің алғашқы тобы бұл дайындық курсынан өткен болатын", - дейді Е, Аманшаев. Оның айтуынша, қазір Қазақфильмнің бұл жобаға қатысу дәрежесі анықталып жатыр. Чак Рассел бірқатар қазақстандық актерларға онда басты және 2- пландағы рөлдерді сомдауды ұсынбақ. Қазір Энтони Хопкинс, Лиам Хемсворт сияқты американдық әйгілі киножұлдыздармен келіссөздер жүргізіліп жатыр.