«Қазақфильм» жыл сайын 80 картинаны прокатқа шығаруды көздеп отыр - компания вице-президенті

Бұл туралы бүгін Алматыда өтіп жатқан «Көне және жаңа» Сергей Эйзенштейн және қазіргі кинематограф: мұрағаты, көркем дәстүрлері, бағыттары және өркендеу келешегі» деп аталатын І Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияда айтылды.
«Қазақфильм» киностудиясы жыл сайын 80 кинокартинаны прокатқа шығаруға талпынуда. 2012 кассалық жиындар рекорды мен жаңа ашылымдар, қазақстандық және халықаралық аудиториядағы мойындаулармен біз үшін - өзгерісті, айтулы жыл болды. «Жаужүрек мың бала» мен «Шал» кинокартиналары арқылы жаңа биікке көтерілдік. Сондай-ақ тәуелсіздік жылдары кезеңінде тұңғыш рет 50-ден жоғары жастағы көрермендердің кинотеатрға ағыны байқалды», - дейді Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ вице-президенті Ілияс Ахмет.
Оның айтуынша, қазір кинотеатрлардағы көрермендердің басым бөлігін жастар құрауда. Қазақ киносы голливудтық фильмдермен бәсекеге қабілетті бола бастады. Сондай-ақ қазақ киносы жаңа деңгейге көтеріліп, «Қыз Жібек», «Қозы Көрпеш - Баян сұлу» сынды ұлттық брендтердің қатары «Жаужүрек мың бала», «Шал», «Аңшы бала», «Ер Төстік» жаңа туындылармен толығу үстінде. Қазақстанда кино саясатпен және экономикамен бір қатарда ең көп талқыланатын тақырып болып табылады. Қазіргі таңда қазақстандықтарға дәмхана, түнгі клуб, бильярд және басқа да орындарға қарағанда кинотеатрға бару ең қолжетімді орын болып отыр. Таратылған мәліметке сүйенсек, қазақстандықтардың дені аптасына кем дегенде 1 рет киноға барады. 12-24 жастағылар кинотеатр көрермендерінің 70 пайызын құрауда.