«Қазақинстрах» АҚ басқармасының жаңа төрағасы тағайындалды

деп хабарлады аталған компанияның баспасөз қызметінен.
А.Баймұханов өзінің тағайындалуына байланысты компания стратегиясында ешқандай өзгерістер болмайтындығын атап өткен.
Оның қаржы саласында елеулі еңбек тәжірибесі бар. Жаңа қызметке тағайындалғанға дейін ол 2009 жылғы мамырдан бастап «Қазақинстрах» АҚ басқарма төрағасының орынбасары лауазымын атқарған.
Әр кезеңдерде «Қазақстан Халық банкі» АҚ-ның Атырау облысындағы филиалының директоры, «ТұранӘлем Банкі» АҚ-ның Атырау облысындағы филиалының директоры, Атырау қаласы әкімінің орынбасары қызметтерінде болған.
«Халық-Қазақинстрах» Қазақстан Халық банкінің еншілес сақтандыру компаниясы» АҚ 1995 жылы құрылған. Компанияның негізгі акционері - «Қазақстан Халық банкі» АҚ. Оның 17 филиалы және 191 агенттік пункті бар.