«Қазақконцертте» «Astana sazy» ансамблінің жеке концерті өтті

АСТАНА. KAZINFORM — Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымында Қазақ мемлекеттік фольклорлық «Astana sazy» ансамблінің «Аспаптар шеруі» атты жеке концерті өтті.

«Қазақконцертте» «Astana sazy» ансамблінің жеке концерті өтті
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

Ұжым көрерменге қазақ музыкасының бай мұрасын ұсынды. Байырғы дәстүрлі әуендер заманауи музыкамен үндесіп, фольк, этно-джаз, этно-панк және өзге де заманауи бағыттарда орындалды.

Кеште күйлер шертіліп, халық әндері шырқалып, мың бұралған бишілер мазмұнды заманауи қойылымдар қойды.

«Astana sazy» ансамблі тыңдарманды домбыра, қобыз, шертер, шаңқобыз, сазсырнай, сыбызғы, асатаяқ, дауылпаз, тұяқтас, қоңырау және өзге де дәстүрлі аспаптардың үнімен таныстырып, қазақ өнерін көпшілікке насихаттап келеді.

Айта кетелік жыл сайынғы киножобалар конкурсында биыл қандай тақырыптарға басымдық берілгені туралы жазған едік.

Соңғы жаңалықтар
Референдум