Қазақмыс Балқаш қаласындағы мыс балқыту зауытын жаңартуға 700 мың АҚШ доллдарынан астам қаржы құюда

ҚАРАҒАНДЫ. 3 мамыр. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - Қазақмыс Балқаш қаласындағы мыс балқыту зауытын жаңартуға 700 мың АҚШ доллдарынан астам қаржы құюда.
None
None

Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі хабарлап отыр.

«Қазақмыс Тобының Балқаш мыс балқыту зауыты Ванюковтың №1 қазандығы агрегатында алғаш рет мазут-ысытқыш құрылғыларды қолданды. Бұл құрылғыны қолдану қазандыққа жылу берудің жаңа тәсілі болып табылады. Технологиялық үдерісті жетілдіру мыс балқытудың сапасы мен тиімділігін жоғарылата түсуге бағытталған инновациялық сипатта болып отыр», делінген компанияның баспасөз қызметі.

Оның хабарлауынша, жаңа технологияны ендіру кәсіпорынға жылына 1,5 млн АҚШ доллары шамасындағы экономикалық эффектіні қамтамасыз етуге қабілетті.

Осы жыл ішінде кәсіпорында Ванюковтың екінші қазандығында сондай құрылғыларды орнатып, пайдалануға беру жоспарланып отыр. Сол жобаға салынатын инвестицияның жалпы сомасы 700 мыңнан астам АҚШ доларын құрайды.

Кәсіпорынның қызметкерлері «Стальпроект Институты» ЖШҚ мамандарымен бірлесіп 2010 жылдан бастап Ванюковтың №1 қазандығы агрегатында мазут-ысытқыш құрылғыларына өнеркәсіптік-тәжірибелік сынақтар жүргізіп келді. Сынақтардың нәтижелері мыналарды көрсетті: ысытқыш құрылғыларды пайдаланудың есебінен балқыту үдерісінде температураның жоғарылағандығы күкірті аз концентраттардың қайта өңделуін әрі шөгінді шлактағы мыстың құрамдылығын төмендетуге мүмкіндік туғызды. Мазут-ысытқыш құрылғылар пайдалану кезінде қауіпсіз әрі қызмет көрсеткенде қолайлы болып отыр.

Қазақмыс Тобының операциялық Бас директоры Сергей Дяченко өз сөзінде: «Мазут-ысытқыш құрылғыларды Балқаш мыс балқыту зауытында қолданудың есебінен балқыту үдерісінде күкірт құрамдылығының кемуі кәсіпорынның тиімділігін арттыруы жағына қарай жасалған қосымша қадам болып табылады» -деді.

Соңғы жаңалықтар