Қазақмыс кәсіптік- техникалық білім беру саласына қолдау көрсетуде
деп хабарлайды ҚазАқпарат компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Еліміздің экономикалық және әлеуметтік жағынан гүлдене беруі үшін адамдардың білім алуына зор мүмкіндіктер ұсыну қажет. Білім беру- Қазақмыстың әлеуметтік саясатындағы басымдықтарының бірі болып таңдалып отыр. Сол үшін біз кадрларды даярлаудың интегралданған жүйесін әзірлеп, қолданысқа енгіздік. Астана қаласында жасөспірім-жетім балаларға арналып салынған, қазіргі заманғы, тамаша жабдықталған лицейдің ашылуы біз үшін айтулы оқуға болып отыр. Біз, осы жобамыз жалпы қоғамға пайдасын тигізеді. Әсіресе - әлеуметтік жағынан аса қорғалмаған жастар тобына толыққанды білім алып, жұмысқа орналасуына және де өмірде лайықты орнын табуына көмегін тигізеді деген сенімдеміз», - дейді «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС-нің Басқарма төрағасы Эдуард Огай. Бұған дейін 2008 жылдың мамыр айында Топтың қаражатына Сәтбаев қаласында оқу-әдістемелік орталық салынған болатын. Қазіргі таңда бұл компанияның қолдау көрсетуімен 300 студент Қазақстан мен басқа да алыс-жақын шет елдердің жоғары оқу орындарында тәлім алып жүр.
Астана мен Сәтбаев қалаларындағы бұл оқу орындары тау-кен рудалық және металлургиялық кәсіпорындар мен құрылыс, көлік, металл өңдеу өнеркәсібінің және қоғамдық тамақтандыру саласына мамандар даярлайтын болады. Олар әлемдік деңгейдегі заманауи құрал-жабдықтармен, кәсіптік шеберханалармен, интерактивті оқыту кабинеттерімен жарақталынған. Мәселен,
Астана қаласындағы кәсіптік лицей-интернат автокөлік жүргізуге оқыту орталығы, оқу залы, жүзу бассейні және спорт кешенімен жабдықталып отыр. Лицей ғимараты 29 мың шаршы метр ауданды алып жатыр. Ол үш қабатты оқыту корпусы мен 300 студентке және 48 ұстазға арналған төрт қабатты жатақханадан тұрады. Лицейдің құрылысына және де оны жабдықтауға Топ 30 миллион АҚШ доллары шамасында қаражат бөлді.