«Қазақмыс» корпорациясы Қазақстанды жаңа индустрияландырудың бірінші кезеңіне белсене атсалысуда

ҚАРАҒАНДЫ.  Қыркүйектің 2-сі.  ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ -  Қарағанды  облысының әкімі  Нұрлан  Нығматуллин сәрсенбі күні  «Қазақмыс»  корпорациясының    басшылығымен  кеңес өткізді.
None
None

Онда   Елбасының  жаңа индустрияландыру  және  экономиканы әртараптандыру     туралы   тапсырмасын   жүзеге асыру  жөніндегі  міндеттер қаралды.

«Баршаңызға  мәлім, 2010 жылдың  қаңтар  айынан бастап елімізде  әлемдік  экономиканың    қазіргі даму  қалпына  сай  келуі керек  жедел индустриялық-инновациялық  дамудың  бесжылдығы басталады», - деп  еске салған    әкім, облыста  оған    қызу  дайындық   жүріп жатқанын     атап  көрсетті.

«Жақындағы жұмыс  сапарының барысында  Елбасы Нұрсұлтан  Назарбаев, жаңа индустрияландыру және  экономиканы әртараптандыру   бағдарламасын   жүзеге асыруда  Қарағанды  облысы ерекше  рөл атқаратынын, себебі  біздің аймақ -   еліміздің ірі   өнеркәсіп  орталығы екенін,     Қазақстанның     өнеркәсіптік алпауаттары  біздің   облыста  шоғырланғанын   айтып  өткен болатын.  Бұл жай бізге  сөзсіз   үлкен  жауапкершілік  жүктейді»,  - деп атап  көрсетті Н.Нығматуллин өз сөзінде.

Аймаққа сапары  барысында  Елбасы,   аймақтарды индустрияландыру  үдерісінің   ірі кәсіпорындардың төңірегіндегі шағын және   орта   бизнестерді  дамытудан басталуы керектігін    айтқан   еді. «Қазақмыс» сияқты  жүйеқұрушы  кәсіпорын  ондаған және жүздеген  кәсіпкерлік    субъектілеріне  тіршілік бере алады.  Ал олар,  өз  кезегінде   корпорацияға,  басқа  да тұтынушыларға  қажетті  өнімдер  шығаратын болады.  Біздің  бүгінгі міндетіміз  -   осыған  барлық  жағдай  жасау»,  - деп    мәлім етті    облыс  әкімі.

«Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС президенті -  директорлар  кеңесінің  тең төрағасы    Владимир  Ким  өз кезегінде,   компанияның  ағымдағы   жылғы өндірістік  қызметі    және     жаңа индустрияландыру бағдарламасын жүзеге асыруға компанияның  қатысу  жоспарлары  туралы   әңгімелеп   берді.

В.Ким    мәлім еткендей,    корпорация   шағын және орта  бизнесті  қолдаудың арнайы бағдарламасын  әзірлеуде.  «Қарағанды облысына жұмыс сапары  барысында  Елбасының  бізге берген тапсырмасына  сәйкес,  «Қазақмыс» корпорациясы    елді  индустрияландыру  бағдарламасының бірінші кезеңін   жүзеге асыруға белсене атсалыса  бастады»,    деп   түйіндеді  өз сөзін  корпорациясы басшысы.

Соңғы жаңалықтар