19:31, 28 Мамыр 2013 | GMT +5
Қазақмыс «MKM-ды» 42 млн. еуроға сатты
АЛМАТЫ. 28 мамыр. ҚазАқпарат - Қазақмыс тобы Mansfelder Kupfer und Messing GmbH («MKM») еуропалық компаниясын 42 млн. еуроға сатқанын хабарлады.

MKM - мыстан жартылай өнім шығарумен айналысатын топ бөлімшесі. Ол Қазақмыстың құрамына 2004 жылы кірген.
Сату туралы келісім нәтижесінде Қазақмыс 42 млн. еуро алады, оның 12 млн. еуросы кейін төленеді. МКМ қарызымен бірге 137 млн. еуроға сатылды. 2013 жылы Қазақмыс тобына, сондай-ақ, МКМ-дан 10 млн. еуро шамасында дивиденд төленді.
Mansfelder Kupfer und Messing GmbH - Германияның Хетштедт қаласында орналасқан мыс және мыс қоспасынан жартылай өнім шығарумен айналысатын ірі еуропалық өндірушілердің бірі. Кәсіпорында 1000 адамға дейін жұмыс істейді.