Қазақмыс Тоқырау-Саяқ су таратқышын қайта жаңғыртуға қаражат бөліп отыр

Жөндеу жұмыстары 2011 жылғы ақпан айының соңына қарай аяқталатын болады. Қарағанды облысының әкімдігімен бірлесіп жүзеге асырылатын бұл жөндеудің жалпы құны 220 миллионнан астам теңгені құрайтын болады, деп хабарлайды баспасөз қызметі.
Қазіргі уақытта қолданылып жүрген су таратқышы 1966 жылы салынған әрі ол апаттық жағдайда тұр. Балқаш қаласынан 220 шақырым жердегі және маңында жұмыс істеп тұрған Саяқ кеніші орналасқан Саяқ кентінің тұрғындары бірнеше жыл бойы ауыз суымен қамсыздандырудың проблемаларын сезініп келеді.
«Су таратқышын қайта жаңғыртып қалпына келтіру - инфрақұрылым мен тұрғын-коммуналдық саланы дамытуға бағытталған облыстық әкімдіктермен бірлескен біздің компаниямыздың жобаларында қатысудың көрнекі мысалдарының бірі болып отыр. Біз, кәсіпорындарымыз орналасқан аймақтар үшін жауапкершілігімізді ұғынамыз әрі сондағы тұрғындардың тірлігі жағдайларын жақсартуға елеулі мән беріп келеміз», - дейді «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС Басқармасының төрағасы Эдуард Огай.