ҚазАқпарат-Анонс: 17 қараша мен 21 қараша аралығындағы оқиғалардың күнтізбесі

ЕЛБАСЫ
17 қараша күні Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Атырау облысына сапар жасайды деп күтілуде.
18 қараша күні Бакуде Каспий маңы мемлекеттерінің үшінші Саммиті өтіп, оған Қазақстан, Әзірбайжан, Иран, Ресей, Түрікменстан елдерінің Президенттері қатысады.
ҮКІМЕТ
17 қараша күні «2011 жылғы 7-ші қысқы Азиада ойындарын Ұйымдастыру комитетінің атқарушы дирекциясы» АҚ мен «Nokia» компаниясының қатысуымен баспасөз мәслихаты өтеді. Жиын тақырыбы «Nokia» компаниясы - 2011 жылғы 7-інші қысқы Азия ойындарының ресми ұялы телефоны» болады.
17 қарашада Министрліктер үйінде Қазақстандағы қант, күріш, қарақұмық, өсімдік майы мен тұз өндірушілердің қатысуымен кеңес өтеді.
15-17 қараша аралығында Вашингтонда энергетикалық әріптестік жөніндегі қазақстандық-американдық бірлескен комиссияның 7-ші отырысы өтуде.
18 қараша күні Астанада Қазақстан Республикасының Шанхай ынтымақтастық ұйымына (ШЫҰ) төрағалығы шеңберінде ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің Денсаулық сақтау министрлерінің бірінші кеңесінің отырысы өтеді
ПАРЛАМЕНТ
17 қараша күні Мәжілістің жалпы отырысы болады.
17-19 қараша күндері ҚР Парламент Мәжілісінің Экология және табиғатты пайдалану мәселелері жөніндегі комитетінің Шығыс Қазақстан облысында көшпелі отырысы болады.
ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ ӘЛЕМ
12-27 қараша аралығында Гуанчжоу қаласында XVI жазғы Азиада ойындарын өтуде. Онда 393 спортшыдан тұратын Қазақстан құрамасы спорттың 32 түрі бойынша сайысқа түседі.
16-17 қараша күндері ТМД Атқарушы комитетінде сарапшы жұмыс тобының отырысы өтуде.
ЭКОНОМИКА
1 қарашадан бастап бастап Қазақстан Халықаралық валюта қорының және Дүниежүзілік банк тобының Швейцариялық кіші тобына ауысады.
ҚОҒАМ
16-18 қараша күндері Қасиетті Құрбан айт мерекесі болады.
АСТАНА
17 қараша күні ҚР Тәуелсіздігінің 19 жылдығына арналған «Тәуелсіз Қазақстанның ұлттық мәдени мұрасы» дөңгелек үстел отырысы өтеді.
17 қарашада Жастар сарайында «Студенттер аруы-2011» үшінші елордалық аурулар байқауы өтеді.
17 қараша күні «Мәдениетті тану - дамуға бастар жол» семинары. Оған оқушылар мен жұмыс істейтін жастар қатысады.
АЛМАТЫ
15 қазан мен 15 желтоқсан аралығында Алматыда «Үздік инвестор» конкурсы өтуде. Бұл шараны «CAIFC», «Centras Securities», «Halyk Finance», «Seven Rivers Capital», «Premier Capital брокерлік компаниялары ұйымдастырып отыр.
17 қараша күні Қазақстан баспасөз клубында халық үшін қаржылық өнімдердің көрмесін өткізуге арналған баспасөз мәмлихаты өтеді
17 қарашада «Кинотаврик» фестивалі лауреаттарының қатысуымен баспасөз мәслихаты өтеді.
17 қараша күні Халықаралық шаңғы трамплиндер кешенінде Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов Алматы облысының әкімі Серік Үмбетовке Алматы табиғат аймағының даму жоспарын ресми түрде табыс етеді.
17 қарашада «Эйр Астана» әуекомпаниясының бағыттарын көбейтуге арналған «Эйр Астана» әуекомпаниясының баспасөз мәслихаты өтеді.
ЕЛЕУЛІОҚИҒАЛАР. АТАУЛЫКҮНДЕР. ЕСІМДЕР
ҚАРАШАНЫҢ 17-І, СӘРСЕНБІ
Студенттердіңхалықаралықкүні
1946 жылы Прага қаласында өткен Студенттердің дүниежүзілік конгресінде бекітілген. 1939 жылғы қарашаның 17-інде фашистердің қолынан қаза тапқан отан сүйгіш чех студенттерін еске алу мақсатында атап өтіледі.
ОҚИҒАЛАР
5 жыл бұрын(2005) Қазақстанның орталық спорт клубының альпинизм және шыңға өрмелеушілер командасы Антрактидада Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы мен демеушілердің туын көтеріп, салтанатты түрде негіздік лагерь ашты. «Қазақстан - Антарктида-2005» спорттық-альпинизм және шыңға өрмелеушілер командасы Оңтүстік полюстегі осы уақытқа дейін ешкім шығып көрмеген бес құзар биіктіктің төбесіне табан тіреді. Сөйтті де, бұл биіктіктерге «Қазақстан шыңы», «Астана шыңы», «Қазақстан халықтары Ассамблеясы шыңы», «Әл-Фараби шыңы», «Оңтүстік Олимп биіктігі» деген ат беріп, сөйтіп Антрактида картасында жаңадан шыңдар пайда болды.
5 жыл бұрын (2005) «Эпоха созидания» атты кітап жарық көрді. Авторы заң ғылымдарының докторы профессор Владимир Ким. Ол өткен ғасырдағы жетпісінші жылдардан бері Нұрсұлтан Назарбаевтің идеяларын зерттеумен айналысып келеді. Бұл кітап Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтің әлеуметтік-саяси және конституциялық-құқық көзқарастарын талдауға арналған. Автордың 2000 жылы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің саяси және конституциялық-құқық көз қарастарын талдау туралы «Годы созидания» атты еңбегі жарық көрген.
3 жыл бұрын (2007) Алматыда сазгер Бақытжан Байқадамов шығармаларының мерейтойлық аудио -CD альбомының тұсаукесері болды. Ол «Асыл мұра» жобасы аясында жарық көрген 14-ші CD диск.
Бақытжан Байқадамұлы (1917-1977) - қазақ ұлттық әндерін жинақтаушы хор композиторы ғана емес, хор сюитасының негізін салған ұлттық музыка ғылымының жаңашыл өкілі ретінде де тарихта қалды. 1957 жылы Бүкіләлемдік жастар фестивалінде алтын медалмен марапатталған Б. Байқадамов әйгілі «Айгүл» ән-би ансамблі мен ғылыми-эксперименталды музыкалық шеберхананы ұйымдастырды. Ұлттық музыка саласындағы сіңірген еңбегі үшін 1957 жылы «Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген қайраткері» атанып, «Еңбек Қызыл ту» орденімен және бірнеше медальдармен марапатталды. 1997 жылы оған Халық композиторы атағы берілді.
1 жыл бұрынт (2009) Белгілі ақын, Қазақстан Жазушылар одағы Батыс Қазақстан облыстық бөлімшесінің төрайымы Ақұштап Бақтыгерееваның Оралдағы «Ағартушы» баспасынан «Гүлдесте» атты жаңа жинағы жарық көрді.
Бұл - «Ақ Жайық қаламгерлерінің кітапханасы» сериясымен шығарылып отырған кезекті кітап. «Ақ Жайықтың ақ шағаласы» атанған ақынның «Гүлдестесіне» оның шығармашылығы туралы қаламдастарының әр жылдары жазған мақала, ой-пікірлері, арнау өлеңдері енгізілген. Сондай-ақ кітаптан ақынның өзінің де сұхбаттары мен мақалаларын, кейінгі кезде жазған жырларын да оқуға болады.
ЕСІМДЕР
85 жыл бұрын (1920-1991) ғалым, дерматолог-венеролог, медицина ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген дәрігері МАҚАШЕВА Раиса Кәрімқызы дүниеге келді.
Жамбыл облысы Мойынқұм ауданында туған. Қазақ медицина институтын (С.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университеті) бітірген.
1946-1952 жылдары - Қазақстан Республикасы Ғылым академиясының Өлкелік патология институтының кіші ғылыми қызметкері. 1952-1978 жылдары - Алматы мемлекеттік медицина институты тері және венерология аурулары кафедрасының ассистенті, доценті, профессоры, меңгерушісі. 1978-1981 жылдары - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Тері-венерология ғылыми-зерттеу институтының директоры қызметтерін атқарған.
Негізгі ғылыми еңбектері дерматология және венерология мәселелеріне арналған. Ол ауру тудыратын саңырауқұлақ қоздырғыштарының ауру барысында да немесе сыртқы ортада да өте тұрақты болатынын анықтаған. Осының нәтижесінде ауру тудыратын әр түрлі саңырауқұлақтарға қарсы зарарсыздандыру әдісін, сондай-ақ, темекіден болатын тері ауруларынан жазылу үшін жергілікті курорттық емдердің пайдасы мен зиянын дәлелдеп берді.
II дәрежелі Отан соғысы, Еңбек Қызыл Ту ордендерімен және медальдармен марапатталған.
70 жыл бұрын (1940) ғалым, тарихшы-археолог, тарих ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі, Берлиндегі Неміс археологиялық институтының корреспондент мүшесі, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген ғылым және техника қайраткері, Әлкей Марғұлан атындағы археология институтының директоры БАЙПАҚОВ Карл Молдахметұлы дүниеге келді.
Алматы облысы Талғар қаласында туған. Ленинград мемлекеттік университетін бітірген. 1963-1989 жылдары - Қазақ КСР Ғылым академиясы Шоқан Уәлиханов атындағы Тарих, археология және этнография институтының аспиранты, ғылыми қызметкері, аға ғылыми қызметкері, бөлім меңгерушісі, директордың орынбасары болды. 1989-1991 жылдары - Қазақ КСР Ғылым академиясы Шоқан Уәлиханов атындағы Тарих, археология және этнография институты Археологиялық орталығының жетекшісі қызметтерін атқарады. 1991 жылдың қыркүйек айынан - Әлкей Марғұлан атындағы Археология институтының директоры қызметін атқарады.
Қазақстанның орта ғасырлық тарихын, қала мен дала арасындағы байланысты зерттеп, ғылымда жаңа бағытты дамытты. 40-тан аса монография, археологияға байланысты 4 оқу құралы, 4 мектеп оқулығы, 12 альбом және 500-ден аса ғылыми мақалалардың авторы. Бірнеше халықаралық конференцияларға қатысып, ЮНЕСКО ұйымдастырған «Жібек жолы» халықаралық экспедициясына Қазақстан тарапынан жетекшілік етті. ЮНЕСКО-ның Орта Азия тарихымен айналысатын халықаралық ғылыми комитеті мен «Ұлы Жібек жолы» Қазақстан ұлттық комитетінің мүшесі, Ш.Уәлиханов атындағы сыйлықтың лауреаты. «Парасат» орденімен және медалдармен марапатталған.
ҚАРАШАНЫҢ 18-І, БЕЙСЕНБІ
Бүкіләлемдік философия күні
2005 жылғы қарашада өткен ЮНЕСКО-ның 33- сессиясында қарашаның 3-ші бейсенбісі Бүкіләлемдік философия күні деп жарияланды.
Бүкіләлемдік өкпенің созылмалы обструктивтік ауруына қарсы күні.
Дүниежүзіндегі осы аурумен ауыратын адамдарға мәлімет беру керек және де жасалатын көмектің көлемін кеңейту мақсатымен өкпенің созылмалы обструктивтік ауруына қарсы күрес Жаһандық бастамамен ұйымдастырылған Бүкіләлемдік өкпенің созылмалы обструктивтік ауруына қарсы күні жыл сайын атап өтілетін оқиға болып табылады.
ДДҰ өкпенің созылмалы обструктивтік ауруына дүниежүзілік қоғамның назарын аударатын осы бастаманы қолдайды. Өкпенің созылмалы обструктивтік ауруы бүкіл әлемде адам өліміне әкелетін маңызы бойынша төртінші себеп болып табылады.
ОҚИҒАЛАР
5 жыл бұрын (2005) Алматыда Қазақ мемлекеттік Қыздар педагагогика институтында жазушы, ғалым Немат Келімбетовтың «Ежелгі дәуір әдебиеті» және «Үміт үзгім келмейді» деген кітаптарының таныстырылымы болды.
Атамұра» баспасынан шыққан кітап қазақ әдебиетінің ежелгі дәуір кезеңі бойынша жоғары оқу орындарының филология факультетінің студенттері үшін оқулыққа жариялаған байқауында І-орынды жеңіп алған Н. Келімбетовтың қолжазбасын «Ежелгі дәуір әдебиеті» деген атпен бастырып шығарғандарын айтып өтті. Кітаптың таралымы 2 мың дана. Кітаптың құндылығы сақтар мен ғұндар дәуірінде өмірге келген қаһармандық дастандардан бастап қазақ хандығы құрылған кезеңге дейінгі ежелгі түркі әдеби жәдігерліктеріне талдау жасалған. Н. Келімбетовтың «Үміт үзгім келмейді» повесінде ауыр науқасқа шалдығып, жылдар бойы төсек тартып жатқан мүгедек жанның өмірге деген құштарлығы, қайсарлығы сөз болады. Бұл кітап «Раритет» баспасынан 2 мың данамен шықты.
1 жыл бұрын (2009) Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы мен АҚШ Әділет министрлігінің Федералдық Тергеу Бюросы арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды. Құжат тараптардың қылмыстық құқық саласындағы құқықтық қатынастардың өзекті мәселелерін шешудегі екі жақты ынтымақтастық мүддесін тереңдетуге ықпал етеді, ұйымдасқан қылмыспен және қылмыстық іс-әрекеттерден түскен кірістерді заңдастырумен күрес төңірегінде өзара құқықтық көмек көрсетуді көздейді. Меморандумда прокурорларды дайындау мен олардың кәсіби біліктілігін арттыру саласында жұмыс тәжірибесімен, сондай-ақ ұлттық заңнама, заң шығарушылық қызмет, сот төрелігі, тергеудің озық әдістері бойынша ақпарат алмасу қарастырылған.
ЕСІМДЕР
65 жыл бұрын (1945) әнші, Қазақстанның халық әртісі, профессор, Қазақ ұлттық өнері университетінің оқытушысы ҚАЛИЛАМБЕКОВА Хорлан Ықсанқызы дүниеге келді. Қарағанды облысы Балқаш қаласында туған. Қарағанды музыка училищесін, Алматы мемлекеттік консерваториясының вокалдық факультетін бітірген.
Еңбек жолын Қазақтың опера және балет театрында әнші болып бастаған. 1972-1999 жылдары - Абай атындағы Қазақтың опера және балет театрының әншісі болған. 1977-1978 жылдары Болгария астанасы Софияның мемлекеттік халықтық опера театрында тағлымдамадан өтіп, әншілік өнерін шыңдаған. 1999 жылдан Күләш Бәйсейітова атындағы Ұлттық опера және балет театрының әншісі. Ол негізінен қазақ композиторлары мен шет ел классиктерінің операларында басты арияларды орындады. Е.Рахмадиевтің «Қамар сұлу», «Алпамыс» операларындағы Қамар мен Қаракөздің, Ғ.Жұбанованың «Еңлік - Кебек» операсында Еңліктің, С.Мұхамеджановтың «Ақан сері - Ақтоқты» операсында Ақтоқтының, т.б. бейнелерін сомдады. Ол сондай-ақ шет ел және орыс композиторларының қазақ сахнасында қойылған операларының арияларын орындады. 1975-1980 жылдары Чехославакия, Польша, Румыния, Португалия, Финляндия, Үндістанда өнер көрсетті. Қазіргі уақытта Қазақ ұлттық өнері университетінде сабақ береді.
«Құрмет» орденімен, «Астанаға 10 жыл», Ыбырай Алтынсарин атындағы медальдармен марапатталған.
60 жыл бұрын (1950) «Электр энергиясы мен қуаты рыногының қазақстандық операторы» акционерлік қоғамы ақпараттық-технологиялық қосу және сатып алу бөлімінің бастығы БАЙТЕНОВ Серік Нұрашұлы дүниеге келді. Ақмола (Астана) қаласында туған. Целиноград ауылшаруашылығы институтын (С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті), Алматы экономика және статистика академиясын бітірген. 1971-1978 жылдары - Есіл аудандық электр желілері мекемесінің электромонтері, учаске мастері, Торғай облыстық электр желілері мекемесінің мастері, техника қәуіпсіздігі және жабдықтау бойынша аға инженер-инспекторы. 1978-1988жылдары - «Целинэнерго» электр желілері мекемесінің аға инженері, экономикалық-жоспарлау бөлімі бастығының орынбасары. 1988-1990 жылдары - «Гурьевэнерго» электр желілері мекемесінің директоры. 1990-1996 годы - «Гурьевэнерго» электр желілері бірлестігі бас директорының экономикалық, коммерциалық сұрақтары жөніндегі орынбасары. 1996-1997 жылдары - «KEGOC» акционерлік қоғамы Сарыбай магистралдық электр желілері филиалының директоры. 1997-2001 жылдары - «Қостанайэнерго» акционерлік қоғамының экономика жөніндегі вице-президенті, президенті. 2001-2005 жылдары - «KEGOC» акционерлік қоғамы Ақмола магистралдық электр желілері мекемесі директорының экономикалық және жалпы сұрақтары жөніндегі орынбасары. 2005-2006 жылдары - «KEGOC» акционерлік қоғамының бас маманы. 2006- 2009 жылдары - «Электр энергиясы мен қуаты рыногының қазақстандық операторы» акционерлік қоғамының экономика және қаржы жөніндегі бас менеджері қызметтерін атқарған. 2009 жылдың қазан айынан - қазіргі қызметінде.
ҚАРАШАНЫҢ 19-Ы, ЖҰМА
Дүниежүзілік туалет күні
2001 жылы Сингапурда өткен, әжетхана мәселелеріне арналған Халықаралық конференциясында қарашаның 19-ын «Дүниежүзілік туалет күні» деп жариялады. Азияның, Еуропаның және Солтүстік Американың 200-ден астам делегаттары, 17 ұлттық туалет одағының өкілдері әжетхана істерінің дамуы туралы жаңа концепциясын қарап талқылады. Дүниежүзілік әжетхана ұйымының кездесуі осы ерекше мейрамды құрудың бастамасы болды.
ОҚИҒАЛАР
3 жыл бұрын (2007) Атырау-Ақтау автожолында Қарабатан-Доссор тарауындағы қозғалыс ашылды.
Бұл автокөлік жолы халықаралық транзиттік дәліз болып табылады.
ЕСІМДЕР
50 жыл бұрын (1960) «Бәйтерек бірлескен кәсіпорны» акционерлік қоғамы бас директорының бірінші орынбасары - атқарушы директоры КУМАМБЕТОВ Владимир Романович дүниеге келді.
Алматы қаласында туған. Қазақ политехникалық институтын (Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті) бітірген.
1982-2004 жылдары - «Гранит» арнайы конструкторлық-технологиялық бюросының инженер-реттеушісі, аға инженер-реттеушісі, І-дәрежелі инженер-электр реттеуші, бас инженері, Арнайы конструкторлық бюро бастығының бірінші орынбасары, Арнайы конструкторлық бюроның бастығы, директордың ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары, департамент бастығы, Президенттің кеңесшісі, Бас директордың дамыту жөніндегі орынбасары. 2004-2008 жылдары - «Кадар» сауда орталығы ЖШС-нің бас директоры қызметтерін атқарған.
2008 жылдың қаңтарынан бастап -қазіргі қызметінде.
ҚАРАШАНЫҢ 20-Ы, СЕНБІ
Африканың индустрияландыру күні
1990 жылғы қарашаның 20-ында жыл сайын атап өтіледі. Африканың индустрияландыру ісіне халықаралық бірлестіктердің демеу болуына уәдесін алу мақсатында БҰҰ Бас Ассамблеясымен жарияланған (№А/RES/44/237 қарары).
Бүкіләлемдік балалар күні
1954 жылғы (836 қарарда (IX) Бас Ассамблея барлық мемлекеттерге Бүкіләлемдік балалар күнін бар әлемдегі балалардың амандығын қамтамасыз етуге бағытталған балалар туыстығы мен өзара түсіністігінің әлемдік күні ретінде атап өтуді өздерінің тәжірибесіне енгізу туралы ұсыныс жасады.
1959 жылғы қарашаның 20-ында Ассамблея Балалар құқығы декларациясын қабылдады, ал 1989 жылы- Балалар құқығы Конвенциясын қабылдады.
ОҚИҒАЛАР
1 жыл бұрын (2009) Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Астана-Бурабай» автомагистраль құрылысының аяқталуына байланысты салтанатты рәсімге қатысты.
Ұзақтығы 224 шақырым болатын еліміздегі алғашқы үлкен жылдамдықты Астана-Бурабай автомагистралінің құрылысы 2006 жылы басталған болатын. Алты жолақты жаңа жол техникалық санаты 1-А параметрлеріне сәйкес келеді. Жолдың есепті жылдамдығы сағатына 150 шақырымды құрайды. Таратылған мәліметтерге қарағанда жобаның құны 115 млрд. теңгеге жуық қаржы көлемінде. Жобаны жүзеге асыруға 5 жол-құрылыс компаниялары қатысты. Нысандағы жұмыстарға 1,4 мың дана техника және 3,5 мың адам жұмылдырылды. Олардың 500-і шетел адамдары. Қазіргі уақытта Астана-Бурабай жолында жобаны жүзеге асыру бойынша барлық жұмыстар толық аяқталған. Жол жүру қауіпсіздігін қамтамасыз ету, пайдаланушы қызмет тарапынан жағдайды шапшаң бақылау және жүргізушілерге үнемі хабарлап тұру мақсатында аталған жолда ауа райы мен жол қозғалысы жағдайын бақылайтын жүйемен қамтылған соңғы буынды зияткерлік-электронды жабдықтар орнатылатын болады.
1 жыл бұрын (2009) Астанада Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі және «Атамекен» одағы» ұлттық экономикалық палатасы Қазақстан Республикасы Кәсіптік білім беруді қолдау қорын құру туралы меморандумға қол қойды.
Техникалық және кәсіптік білім беруді қолдау қорын құру - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы. Әріптестердің жоспары бойынша, қордың қаражаты техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін дамытуға арналған жекелеген бағдарламаларға, салалардың бірі үшін кадрларды дайындау бойынша нақты тапсырмаларды шешуге және жаңа оқу бағдарламаларын жасауға жұмсалады.
Сонымен қатар осы форум барысында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі мен Сауд Арабиясы Корольдігінің кәсіптік-техникалық білім беру жөніндегі корпорациясының, GEMCO INTERNATIONAL BV голландық компанияның және FONTYS Қолданбалы ғылымдар унверситетінің ( Голландия) арасында келісімдерге, ниет хаттамаларына және меморандумға қол қойылды.
1 жыл бұрын (2009) Қазақстан мен Ресей әртүрлі салалардағы бірқатар екіжақты құжаттарға қол қойды.
Темір жол, энергетика, мұнай және атом өнеркәсіәбі, автомобиль индустриясы салаларындағы екі елдің әріптестігін тереңдетуге қатысты құжаттарға қол қою Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов пен Ресей Федерациясы Үкіметінің басшысы Владимир Путиннің қатысуымен өтті.
Қол қойылған құжаттар арасында: Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасы үкіметтері арасында Ресей аумағындағы қазақстандық жүктерді және Қазақстан аумағындағы ресей жүктерін тасымалдауға қолайлы жағдайлар туғызу туралы келісім; «Соллерс» ЖАҚ пен «АзияАВТО» ЖШҚ арасында Қазақстан аумағында бірлескен автомобиль өндірісін құру ниеті туралы меморандум; Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасы үкіметтері арасындағы Ресей мен Қазақстан бірыңғай энергия жүйесінің жарыспалы жұмысын қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы келісім; Екібастұздық ГРЭС-2 үшінші энергия блогының құрылысын қаржыландырудың индикативтік шарттары туралы келісім; және басқа да маңызды құжаттар бар.
ЕСІМДЕР
90 жыл бұрын (1920-2010) ақын, аудармашы, КСРО және Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Қарқаралы қаласының Құрметті азаматы ӨМІРБЕКОВ Жаппар дүниеге келді. Қарағанды облысы Қарқаралы ауданында туған. Жамбыл мұғалімдер институтын, Қазақ мемлекеттік университетін және аспирантурасын бітіріп, М.Горький атындағы Әдебиет институтында және КСРО Жазушылар одағының жоғары әдеби курсында білім алған.
1944-1951 жылдары - «Социалистік Қазақстан» (қазіргі Егемен Қазақстан) газетінің Қарағанды облысындағы тілшісі. «Әдебиет және өнер» журналы редакциясы бөлімінің меңгерушісі. 1951-1952 жылдары ? жауапты хатшысы. 1952-1957 жылдары - «Жазушы» баспасының аға редакторы, поэзия редакциясының меңгерушісі. 1959-1965 жылдары - Алматы телевизия студиясының, Қазақ КСР Телевизия мен радиохабар жөніндегі мемлекеттік комитетінің бас редакторы. 1965-1977 жылдары - «Жұлдыз» журналы ғылым және өнер бөлімінің меңгерушісі. Қазақстан Жазушылар одағы балалар мен жасөспірімдер әдебиеті кеңесінің жауапты хатшысы. 1977-1981 жылдары - «Жазушы» баспасы КСРО халықтары әдебиеті редакциясының меңгерушісі қызметтерін атқарған. Өлеңдері мен поэмалары орыс тілінде бірнеше рет жеке кітап болып басылып шыққан «Алғашқы сөз», «Жиырма төрт сағат», «Мың терезе», «Ерлік пен махаббат» (дастан), «Жер ұшқындары», «Атыңнан айналайын», «Шуақты күндер», «Батырдың қалыңдығы» жыр, дастан, поэмаларының, «Елеусіз», «Замандас сырласым», «Көңілімнің құстары», «Қызыл су», «Перзенттерім», «Тас түйін» атты әңгімелері мен повестерінің авторы. «Невеста героя», «Про тётю Аню», «Голубинный свет» атты еңбектері орыс тілінде жарық көрген. . Сонымен қатар Байрон, Пушкин, Лермонтов, Некрасов, Маяковскийдің шығармаларын қазақ тіліне аударуға қатысқан. «Тың және тыңайған жерлерді игергені үшін», «Ерлік еңбегі үшін» медальдарымен және 2 рет Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталған.
65 жыл бұрын (1945) жазушы, публицист, тарих ғылымының кандидаты, «Алаш» тарихи-зерттеу орталығында ғылыми қызметкері ҚОЙШЫБАЕВ Бейбіт дүниеге келді. Жамбыл облысы Сарысу ауданында туған. Қазақ мемлекеттік ауыл шаруашылығы институтын бітірген. Сол жылы Байқадам селолық кәсіптік-техникалық училищесінде сабақ берді. 1969-1971 жылдар Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің республикалық «Қазауылшаруашылықтехника» бірлестігінде жаңа техника енгізу басқармасының рационализаторлық пен өнертапқыштық бойынша инженері, жаңа техника енгізу жөніндегі аға инженері қызметтерін атқарған. 1971-1975 жылдары Алматы облыстық комсомол комитеті кәсіптік-техникалық білім беру секторының меңгерушісі, Қазақстан ЛКЖО Орталық Комитеті насихат бөлімінің лекторы болған. 1975-1980 жылдары «Қазақстан пионері» (Ұлан) газетінің жауапты хатшысы, редакторы, 1980-1983 жылдары «Білім және еңбек» (Зерде) журналының бас редакторы, 1983-1985 жылдары «Социалистік Қазақстан» (Егемен Қазақстан) газетінің бөлім меңгерушісі, 1985-1987 жылдары Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Төралқасының аппаратында аға редактор, 1987-1988 жылдары шығармашылық жұмыста, 1988-1989 жылдары «Қазақ әдебиеті» газетінде аға тілші, бөлім меңгерушісі, 1990-1991 жылдары «Денсаулық» журналының бас редакторы, 1991-1996 жылдары Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының хатшысы, Қазақстан әдеби қоры басқармасының төрағасы, «Тіршілік» журналының бас редакторы. 1996-1998 жылдары - «Әдеби қор жаршысы» газетінің бас редакторы, «Zaman-Қазақстан» газеті бас редакторының орынбасары, Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлігі Автор құқықтарын қорғау агенттігінің бас басқармасының бастығы. 1998-2001 жылдары - «Діл» газетінің тілшісі. 2002-2003 жылдары - Қазақ энциклопедиясы Ғылыми бақылау редакциясының жетекші маманы, әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар орталығының басшысы, «Тарих және саясат» газеті бас редакторының орынбасары. 2003-2005жылдары - «Заңгер» журналының жауапты редакторы, 2006-2008 жылдары - «Жаңа ғасыр» журналы бас редакторының орынбасары, «Қазақ әдебиеті» газеті бас редакторының орынбасары, бас редактордың міндетін атқарушы, «Жұлдыз» журналының жауапты хатшысы, «Ана тілі» газетінің бөлім меңгерушісі қызметтерін атқарған. 2009 жылдан «Алаш» тарихи-зерттеу орталығында ғылыми қызметкері қызметін атқарады.
Қоғамдық жұмыстарға қатысып, ұлттық қозғалыстар («Азат», «Ұлт тағдыры») қызметіне атсалысуда. Қазақстан «Әділет» тарихи-ағарту қоғамының басқарма мүшесі, президенті, қоғам төрағасының бірінші орынбасары. Жамбыл облысы Сарысу ауданының Құрметті азаматы
«Ленин өсиеттеріне берікпіз», «Жастардың Коммунистік интернационалы және оның революциялық дәстүрлері», «Интернационализм - біздің туымыз», «Талтүске дейін», «Ар - Қуат», публицистикаларының, «Кемпірқосақ көк аспан», «Бақытты болғым келеді», «Ай нұры», «Алтын діңгек», «Комсомол ордендері», «Киелі мұра», «Қара алтын қайдан шығады?», «Шаг к любви», «Жақсы көрем», «Жас қалам», «Дүние-кілт», «Біз табысар қиырлар», «Саттар Ерубаев», «Әлихан Бөкейханов» «Сен ғана», «1905 жыл», «Ұлт театры шаңырағын көтеруші» романдары, повестері мен әңгімелері мен «Жазықсыз жапа шеккендер», «Рух» зерттеулерінің, «Бақытжан Қаратаев», тарихи миниатюраларының, «Рух-Сарай», танымды туындылар топтамасы-3 кітабының, «Сұлтанбек Қожанов» ғұмырнамалық деректі хикаяттың авторы.
Ольга Гумирова, Татьяна Аладьиналардың, тағы басқалардың туындыларын қазақ тіліне аударған.
«Құрмет» орденімен, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталған.
ҚАРАШАНЫҢ 21-І, ЖЕКСЕНБІ
Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің күні
Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2003-інші жылғы қарашаның 20-дағы Жарлығына сәйкес жыл сайын қарашаның үшінші жексенбісінде атап өтіледі.
Жол-көлік оқиғалары құрбандарын еске алудың бүкіләлемдік күні
БҰҰ Бас ассамблеясының 2005 жылғы қазанның 26-дағы ұсынысы бойынша жыл сайын қарашаның үшінші жексенбісінде атап өтіледі.
Бұл күнің мақсаты жол-көлік оқиғалары құрбандарын еске алып және оның отбасына көңіл айту, тағы да жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы мемлекеттің есіне түсіру болып табылады.
Телеарналардың бүкіләлемдік күні
БҰҰ Бас Ассамблея (А/RES/51/205 қарарының) ұсынысымен жыл сайын қарашаның 21-інде атап өтіледі.
1997 жылғы ақпанның 28-інде Бас Ассамблея өзінің қарарында Бүкіләлемдік телеарна күнін телебағдарламалардың алмасуына қолдау көрсету, ең алдымен бейбітшілік, қауіпсіздік және мәдениет алмасуының дамуы мен кеңейтілу мәселелеріне арналған мақсатта атап өтуді ұсынды.
Қарашаның 21-і күні 1996 жылғы БҰҰ-да алғаш рет өткен бүкілдүниежүзілік телефорумның құрметіне сәйкес таңдалған.
Дүниежүзілік құттықтау күні
1973 жылдан бастап атап өтіледі. Мерекені жер бетінде халықаралық шиеленістің күшейіп кетуіне тосқауыл шарасы ретінде Американың Небраска штатының тұрғындары ағайынды Майкл мен Брайан Маккормактар ойлап тапқан.
Дүниежүзілік иммигранттар күні
Жыл сайын қарашаның үшінші жексенбісінде тойланады.
ОҚИҒАЛАР
5 жыл бұрын (2005) Таразда жерлесіміз ислам ойшылы, дін зерттеушісі, ақын, ағартушы Саид Махмұд ат-Таразиді есте қалдыру шаралары болып өтті.
Ғалым тұрған үйге ескерткіш тақта орнату және облыс орталығында бір көшенің атын беру туралы шешім 1995 жылы қарашада Саид Махмұд ат-Таразидің туғанына 100 жыл толуына арналып Тараз қаласында Қазақстан және Өзбекстан ғалымдарының қатысуымен өткен ғылыми-практикалық конференцияда қабылданған болатын. Атақты ғалым 1923-1930 жылдары тұрып еңбек еткен Тараздағы медресе мен Әбдіқадыр көне мешітінде салтанатты жағдайда ескерткіш тақта орнатылды. Қаладағы бұрынғы Пролетар көшесі енді Саид Махмұд ат-Таразидің есімімен аталады. Ғалымды есте қалдыру шараларын өткізуге қаладағы өзбек ұлттық орталығы атсалысты.
3 жыл бұрын (2007) Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Словакия Республикасының І-дәрежелі «Қос ақ крест» орденімен марапатталды. Бұл орденді Братиславада Н. Назарбаевтың аталған елге мемлекеттік сапары аясында Словакия Президенті Иван Гашпарович табыс етті.
Бұл орден басқа мемлекеттердің азаматтарына Словакиямен әртүрлі салаларда ынтымақтастықты орнатып, дамытуға қосқан айрықша еңбектері үшін беріледі. Орденнің азаматтық және әскери екі түрі бар. Олардың әрқайсысы әртүрлі дәрежеден тұрады. Ең жоғарғысы І-дәрежелі болып табылады. Өз кезегінде Словакия Президенті И. Гашпарович те Қазақстанның І-ші дәрежелі «Достық» орденімен марапатталды.
3 жыл бұрын (2007) Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Кәрім Мәсімов Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданында Халыққа қызмет көрсету орталығын ашты.
3 жыл бұрын (2007) Елбасы Нұсұлтан Назарбаевтың Словакияға сапары аясында екі елдің Үкіметтері арасында бірқатар екі жақты құжаттарға қол қойылды.
Атап айтқанда, Қазақстан Үкіметі мен Словакия Үкіметі арасында инвестицияны ынталандыру және өзара қорғау туралы келісімге, Қазақстан Үкіметі мен Словакия Үкіметі арасында ұйымдасқан қылмыспен, лаңкестікпен, есірткі заттарының заңсыз айналымымен, психотропты заттармен және олардың прекурсорларымен және басқа да қылмыс түрлерімен күрестегі ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды. Сондай-ақ ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Словакияның Мәдениет министрлігі арасында мәдени ынтымақтастық бойынша өзара түсіністік туралы меморандумға, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мен Словакияның Денсаулық сақтау министрлігі арасында медицина саласындағы ынтымақтастық туралы бірлескен мәлімдемеге қол қойылды.
3 жыл бұрын (2007) Братиславада Қазақстан мен Славакия арасында Қарағанды облысындағы биоэтанол өндіретін зауыт құрылысы туралы келісімге қол қойылды.
Бұл құжатқа «Сарыарқа» Әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы» ҰК» акционерлік қоғамы мен «Корлея инвест» словакиялық компаниясы «Қазақстан - Словакия: инвестициялық ынтымақтастықтың жаңа перспективалары» атты бизнес-форумда қол қойды.
3 жыл бұрын (2007) Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаев Словакия Республикасының «Алтын Биатек-2007» құрметті мерейтойлық наградасымен марапатталды.
Елбасыға бұл награданы бүгін Братиславада өткен қазақ-словак іскер топтарының бизнес форумынның барысында салтанатты жағдайда табыс етілді.
1 жыл бұрын (2009) Минскідегі орта мектепке Мұхтар Әуезовтың есімі берілді.
М.Әуезов атындағы №143 орта мектеп Минскінің Заводской ауданындағы қазақ жазушысының атындағы көшеде орналасқан. 2005 жылы мектеп аумағына Беларус елінде қаза тапқан қазақстандық жауынгерлерге арналған ескерткіш орнатылған болатын.
2009 жылдың маусым айында Қазақстан Премьер-Министрі Кәрім Мәсімовтың Беларус Республикасына жасаған ресми сапарының барысында осы мектепте М.Әуезовке арналған барельефтің салтанатты ашылу рәсімі өтті.
Әуезов Мұхтар Омарханұлы (1897-1961) - қазақ әдебиетінің классигі, жазушы, қоғам қайраткері, филология ғылымының докторы, профессор, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген ғылым қайраткері. Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданында туған.
Жазушы өзінің шығармашылық жолында талай жанрға, тақырыпқа із салып, қыруар, очерк, әңгіме, пьесалар жазған, тамаша аудармалар жасаған, әдеби сынға, әдебиет тарихын зерттеу жұмысына белсене ат салысып, көптеген мағыналы мақалалар жариялаған, баяндамалар жасаған, оқулықтар құраған, жоғары оқу орындарында дәріс беріп, теориялық білімін жетілдіріп отырған.
ЕСІМДЕР
100 жыл бұрын (1910-1996) тілтанушы-ғалым, филология ғылымының докторы, профессор, Қазақстан Ұлттық ғылым акдемиясының корреспондент мүшесі, Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері ЫСҚАҚОВ Ахмеди Ысқақұлы дүниеге келді. Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданында туған. Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтын, КСРО Ғылым академиясы КСРО халықтарының тілі және жазба институтының аспирантурасын бітірген. Еңбек жолын бастауыш мектепте мұғалімдіктен бастап, «Ленин туы» газетінің әдеби қызметкері, педагогикалық училищенің оқытушысы болды. 1942-1947 жылдары - Қазақ педагогикалық және мұғалімдер институттарының оқытушысы. 1947-1951 жылдары Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтының оқытушысы. 1951-1953 жылдары -Қазақ КСР Ғылым академиясы Тіл, әдебиет институтының директоры. 1953-1955 жылдары - Қазақ мемлекеттік қыздар институтының кафедра меңгерушісі. 1955-1961 жылдары - Қазақ ССР Ағарту Министрлігі Педагогика ғылымдарының Қазақ КСР Ағарту министрлігі Педагогика ғылымдарының Ыбырай Алтынсарин атындағы ғылыми-зерттеу институтының директоры. 1961-1996 жылдары - Қазақ КСР Ғылым академиясы Тіл білімі институтының бөлім меңгерушісі қызметтерін атқарған. Ғылыми-зерттеу еңбектері негізінен қазақ тілінің морфологиялық құрылымын зерттеу мәселелеріне арналған. «Абай тілі сөздігі» мен 10 томдық «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінің» жалпы редакциясын басқарған. Орысша-қазақша, Қазақша-орысша сөздіктерінің авторы және бірлесіп шығарған редакторы.
Халықтар достығы, Қызыл Ту, «Құрмет белгісі» ордендерімен және медальдармен марапатталған.
40 жыл бұрын (1970) Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлерінің форумы кеңесінің төрағасы, «Raimbek Group» холдингі компанияларының Директорлар кеңесінің төрағасы БАТАЛОВ Райымбек Әнуарұлы дүниеге келді. Алматы қаласында туған. Қазақ мемлекеттік сәулет-құрылыс академиясын бітірген.
1992-1998 жылдары - «Райымбек» компаниясы директорының орынбасары, бас директоры. 1998-2004 жылдары -- «Райымбек» компаниясының президенті, «Райымбек» компаниялар тобы Директорлар кеңесінің төрағасы, «Raimbek Group» ЖШС президенті қызметтерін атқарған. 2001-2003 жылдары Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Кәсіпкерлер кеңесінің мүшесі болған. 2004 жылдан - қазіргі қызметінде.