ҚазАқпарат-Анонс: 2011 жылғы 12 қаңтар мен 16 қаңтар аралығындағы оқиғалардың күнтізбесі

None
None
None

ЕЛБАСЫ

12 қаңтар күні Астанадағы Журналистер үйінде ҚР Президенті Н.Назарбаевтың өкілеттілігі мерзімін ұзарту жөніндегі бастамашыл топ баспасөз мәслихатын өткізеді.

ҮКІМЕТ

12 қаңтарда Министрліктер үйінде ҚР Үкімет басшысы Кәрім Мәсімовтің қатысуымен ҚР Бәсекелестікті қорғау агенттігінің алқа отырысы өтеді.

12 қаңтар күні Министрліктер үйінде ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің 2010 жылдағы жұмысын қорытындылау мен 2010 жылға арналған стратегиялық міндеттері жөніндегі алқа отырысы болады.

12 қаңтарда Орталық сайлау комиссиясында брифинг өтеді.

12 қаңтар күні «KEGOC» компаниясы өкілдерінің қатысуымен ҚР Бірыңғай энергетикалық жүйесінің 2010 жылдағы қызметін қорытындылау жөніндегі баспасөз мәслихаты өтеді.

ПАРЛАМЕНТ

12 қаңтар күні ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысы болады.

14 қаңтарда ҚР Парламент Палаталарының бірлескен отырысы өтеді.

ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ ӘЛЕМ

Польшадағы «Еуро-2012» футболдан Еуропа чемпионатына дайындықты жүзеге асырып жатқан жергілікті ұйымдастыру комитеті жанкүйерлер арасында «Біздің құрама үшін жанкүйер бол - біз тарихты бірге жасаймыз» байқауын жариялады. Оның жеңімпаздары «Еуро-2012 достары» атанады. 2011 жылдың 31 желтоқсанына дейін созылатын байқауға 16 жасқа толған адамдар қатыса алады.

2011 жылдың 1 қаңтарында Кеден одағында транзит декларациясы мен тауарлар декларациясының жаңа формасы енгізілді.

13 қаңтар күні Вена қаласында ЕҚЫҰ-ның Іс басындағы төрағасы Литваның осы Халықаралық ұйымға төрағалығы кезінде ұстанатын басым бағыттары жарияланатын Ұйымның Тұрақты кеңесінің отырысы өтеді.

СПОРТ

5 қаңтар мен 26 қаңтар аралығында Түркияда Өскемен қаласының «Шығыс» командасы қатысатын шетелдік оқу-жаттығулары өтуде.

12 қаңтар мен 30 қаңтар аралығында еліміздің барлық өңірінде Азия ойындарының алау эстафетасы өтеді.

30 қаңтар күні Астанадағы «Астана-Арена» стадионында Азиада ойныдарының ашылу салтанаты кезінде шарықтау алау эстафетасы өз мәресіне жетеді.

14-27 қаңтар күндері Испанияның Кальп қаласында «Астана» велокомандасының қатысуымен жаттығу жиындары өтеді.

АСТАНА

12 қаңтар күні ҚР Ұлттық Академиялық кітпаханасында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті -Елбасы Н.Назарбаевтың өкілеттілігі мерзімін 2020 жылға дейін ұзарту жөніндегі кітапхана ұжымының жиналысы болады.

12 қаңтарда Астанадағы Тұран университетінде «Конфессияаралық және этникааралық келісім: Қазақстан тәжірибесі» атты дөңгелек үстел өтеді.

12 қаңтар күні «Нұр Отан» ХДП-да жемқорлықпен күрес тақырыбын БАҚ беттерінде жан-жақты жарық көрсету жөнінде жарияланған байқау жеңімпаздарын марапаттау рәсімі болады.

12 қаңтарда Қазіргі заман өнер мұражайында «Куба - махаббатым менің» атты көрме болады.

АЛМАТЫ

12 қаңтар күні «Интерфакс» баспасөз орталығында «Нұрбанк» АҚ-ның баспасөз мәслихаты өтеді.

12 қаңтар күні Алматыға Азия ойындарының алауы жеткізіледі.

12 қаңтарда Алматы әуежайында қала әкімі Ахметжан Есімовтің қатысуымен 7-қысқы Азия ойныдарының алауын салтанатты түрде қарсы алу рәсімі болады.

12 қаңтар күні Алматыдағы «Астана» алаңында 7-қысқы Азия ойындары алауының елімізге жеткізілуіне орай концерттік бағдарлама болады.

12 қаңтар мен 12 ақпан аралағында Алматыда «Қаламызға таза ауа» атты экологиялық іс-шара өтеді.

АЙМАҚТАР

14-15 қаңтар күндері Павлодар облысында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық мектеп оқушылары олимпиадасының екінші сатысы басталады,

ҚҰРМЕТТІ ЖАЗЫЛУШЫЛАР!

«ҚАЗАҚПАРАТ» ҰЛТТЫҚ КОМПАНИЯСЫ» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ

СІЗДЕРДІ ЖАҢА ЖЫЛДАРЫҢЫЗБЕН ҚҰТТЫҚТАЙДЫ !

ЖАҢА 2011 ЖЫЛ ЖАҢА БАҚЫТ ӘКЕЛСІН !

2010-2020 жылдары Жол қозғалысы қауіпсіздігінің онжылдығы

Халықаралық жастар жылы: сұхбат және өзара түсіністік (2010 жылдың тамыз айының 12-нен 2011 жылдың тамыз айының 12-не дейін)

Халықаралық орман жылы

Халықаралық химия жылы

БҰҰ Бас Ассамблеясы мүше-мемлекеттерге 2011 жылы Қазақстандағы Семей ядролық сынақ полигоны жабылуының жиырма жылдығын ядролық сынақ зардабы адам денсаулығы үшін және қоршаған орта үшін зиян екені туралы халықаралық қоғамдастыққа жеткізу үшін шаралар мен кездесулер арқылы атап өтуді ұсынды.

Сонымен бірге 2010 жылдың тамыз айының 12-нен 2011 жылдың тамыз айының 12-не дейін Біріккен Ұлттар Ұйымы жариялаған Халықаралық жастар жылы өтеді. Халықаралық жастар жылының негізгі тақырыбы «Сұхбат және өзара түсіністік» деп аталады. Халықаралық жастар жылының басты мақсаты - әлем мұраттарының серпінді ілгері басуы, бостандық, ынтымақтастық сияқты идеялар мен жастар құқықтарының іске асуына кепілдік беру және интеллектуалды әлеуетіне жәрдемдесу болып табылады.

Бағдарлама 15 бағыттан тұрады (білім, жұмыспен, қамту, аштық пен қайыршылық, денсаулық, қоршаған орта, есірткі қолданудың алдын алу, балалар қылмыстық ісі, бос уақыт пен демалыс, жаһандану, СПИД және т.б.).

2011 жыл Тәуелсiз мемлекеттер достастығы елдерi арасында Мәдени мұра жылы болып жарияланған, осыған байланысты ақпарат агенттіктері жетекшілерінің кеңесі өзінің іс-шаралық бағдарламасын жасап шығару керек. Атап айтқанда «Достастыққа - 20 жыл» атты бірлескен фотокөрме ұйымдастыру көзделіп отыр. Бұл хабарландыру Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы мемлекеттік ақпарат агенттіктері жетекшілері кеңесінің ХІІ отырысында айтылды.

Сонымен бірге 2011 жылы ЮНЕСКО-ның шешімі бойынша Буэнос-Айрес (Аргентина) қаласы Бүкіләлемдік кітаптар астанасы болады.

Буэнос-Айрес қаласы Бүкіләлемдік кітаптар астанасының он бірінші қаласы болып жарияланды. Оған дейін бұл атақ Мадрид (2001), Александрия (2002), Нью-Дели (2003), Антверпен (2004), Монреаль (2005), Турин (2006), Боготе (2007), Амстердам (2008), Бейрут (2009) және Люблян (2010) қалаларына берілген. Буэнос-Айрес қаласы ұсынған бағдарламалар тізімі алуантүрлі болғандықтан және ол сапа белгісі ретінде де іріктеліп алынды. Құрметті атаққа жеті үміткердің арасынан африкадағы Сахараның оңтүстігінде орналасқан Лагос және Порто Ново қалалары үміт артқан болатын. Бүкіләлемдік кітаптар және авторлық құқық күні (23 сәуір) шешім өз күшіне енеді, және бір жыл ішінде жеңімпаздың атағы сақталады.

2011 ЖЫЛЫ ҚАЗАҚСТАНДА:

2011 жыл Қазақстанда тәуелсіздіктің 20-жылдығы шеңберінде өтеді. Бұл туралы Қазақстан халқы ассамблеясының XVI сессиясында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мәлімдеді.

«Алдағы мерейтой Қазақстан тарихында айтулы оқиға болып, мемлекеттілікті нығайтуы, халықты құндылықтар төңірегінде шоғырландыруы тиіс. Біздің жақын жылдардағы басты міндетіміз Қазақстанды серпінді индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыруға болады. Экономиканы инновациялық жаңғырту, оның бәсекеге қабілеттілігін арттыру міндеті - бұл болашақта елдің мызғымастығы мәселесі. Бұл - Тәуелсіздіктің синономі. Бұл - көптеген ондаған жылдар бұрынға арналған ұлттық күн тәртібінің мәселесі. Міне, нақ осындай ойлармен және істермен біз Тәуелсіздіктің 20 жылдығын қарсы алып, жаңа ғасырдағы жолымызды жалғастыруға тиіспіз» - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Алматыдағы Республика сарайында 1991 жылдың желтоқсан айының 10-ында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына Ант берді. Анттан кейін Қазақстан Жоғарғы Кеңесінің қаулысымен Президент өз қызметіне кірісті деп есептелінді. Дәл осы күні Жоғарғы Кенестің Жетінші сессиясы Қазақ КСР атауын Қазақстан Республикасына өзгерту туралы шешім қабылдады. Қазақстанда желтоқсан айының 16-ында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі туралы Конституциялық заң қабылданды.

Қазақстан Республикасы өзiн демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтiк мемлекет ретiнде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмiрi, құқықтары мен бостандықтары. Республиканың егемендiгi оның бүкiл аумағын қамтиды. Мемлекет өз аумағының тұтастығын, қол сұғылмауын және бөлiнбеуiн қамтамасыз етедi.

Қазақстан әлемдік қауымдастықтың және Еуроодақ, Еуропалық Қайта құру және даму банкі, Халықаралық валюта қоры, МАГАТЭ, Қызыл крест және Қызыл жарты ай, ЮНИСЕФ және ЮНЕСКО сынды көптеген халықаралық ұйымдардың толыққанды мүшесіне айналды. Қазақстан 1992 жылы БҰҰ-ға мүше болып, 120-дан астам мемлекетпен мойындалды және олармен дипломатиялық қатынастар орнатты. Қазақстан 40-тан астам көп жақты және 700 екі жақты келісімдер мен келісім-шарттарына қосылды

Бүгінгі таңда Қазақстан халықаралық аренада және дүниежүзілік экономикалық жүйе арасында сенімді орын алды.

Сонымен бірге 2011 жылы Қазақстанда Оңтүстік Кореяның жылы өтеді.

Оңтүстік Кореяның Президенті Ли Мен Бактың айтуынша, Қазақстанда Оңтүстік Кореяның жылы аясында, екі ел халықтарының өзара түсіністік пен ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған әр түрлі шаралар өткізіледі.

«2012 жылы Қазақстан мен Корея Республикасы арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың орнағанына 20 жыл толады, осы орайда екі ел арасындағы байланыс жоғары дәрежеде дамитынына сенемін», - деді Ли Мен Бак.

2011 жылы Қазақстанда өтетін атаулы оқиғалардың бірі VІІ қысқы Азия ойындары.

Қысқы Азия ойындары 1986 жылы басталған. Қысқы олимпиадалық ойындарды күні бүгінге дейін тек Жапония, Қытай, Оңтүстік Корея сияқты елдер ғана ұйымдастырып келген. Ең алғашқы І Қысқы Азия ойындары жапондық Саппоро қаласында 1986 жылы басталған. Оған әлемнің жеті елінен командалар сайысқа түскен. ІІ Қысқы Азия ойындары екінші рет 1990 жылы Саппорода өткен. Үшінші қысқы Азия ойындары 1996 жылы қытайлық Харбин қаласында өтті. ІІІ Қысқы Азия ойындарына Қазақстан мен Өзбекстан командалары алғаш рет қатысты. Осы жолы қазақстандықтар қытайдан кейінгі екінші орынға ие болды. ІV Қысқы Азия ойындары 1999 жылы Оңтүстік Кореяның Кангвон провинциясында өтті. Бұл жолы қытайлықтар басымдық танытып, қазақстандық команда үшінші орынға ие болды.V Қысқы Азия ойындары 2003 жылы Жапонияның Аомори қаласында өтіп, бұл жылы да Қазақстан құрама командасы үшінші орынды иеленді.

VІ Қысқы Азия ойындары 2007 жылы қытайлық Чангун қаласында өтіп 26 елдің 1100 спортшылары қатысқан. Бұл қысқы ойындарда Қазақстан құрама командасы төртінші орынды иеленді.

2006 жылы 5 қаңтарда Алматы қаласы ойындар өткізу орны ретінде қабылданды, ал 2007 жылғы 29 қазанда жарыстардың бір бөлігі Алматыдан Астанаға ауыстырылды.

2006 жылдың 4 наурызында Азиялық Олимпиада Кеңесі, Қазақстан Республикасының

Ұлттық Олимпиада комитеті және Алматы қаласы әкімдігі арасында Қазақстан Республикасында, Алматы қаласында VІІ қысқы Азия ойындарын өткізу туралы келісімге қол қойылды.

2007 жылы экономикалық және саяси себептерге байланысты Қазақстан Республикасы үкіметі Азиялық Олимпиада Кеңесіне VІІ қысқы Азия ойындарын Қазақстанның екі негізгі қалаларында Қазақстанның елордасы Астана мен Алматы қаласында өткізуді ұсынды.

2010 жылдың қаңтар айында Астана қаласы әкімдігінің №35-25т қаулысымен 2011 жылғы VІІ қысқы Азия ойындарына дайындық және оны өткізу жөніндегі ұйымдастыру комитеті құрылды. Оның құрамына барлық қалалық құрылым басшылары кіреді. Қаланың Азия ойындарын өткізу жөніндегі дайындығы бойынша елордалық құрылымның жоспары жасалынып, бекітілді. Ойын дайындығы жөніндегі жалпы үйлестіру жұмыстары қысқы Азия ойындарының астаналық Дирекциясына жүктелді.

VІІ қысқы Азия ойындарының ресми бөлігі 2011 жылы 30 қаңтар мен ақпанның 6-сы аралығында Астана мен Алматы қалаларында өтеді.

2011 жылғы 11 қаңтарда Эл-Кувейтте Азиада алауы тұтанып. 12 қаңтар күні Алматы қаласына әкелінеді. Алау Эстафетасын салтанатты қарсы алудан соң Оңтүстік астананың көшелерін бойлай жүріп, онан соң аймақтарға жіберіледі. Алау 20 күн бойы Қазақстанды аралап, соңында Астанаға - Азия ойындарының ашылу салтанатына жеткізіледі.

Алау құтысының дизайны біздің жыл санауымызға дейінгі ІІІ-І ғасырға жататын сақтардың жарықтандырғыш құралы негізінде жасалған. Оны айнала Азиада символы болып табылатын - қанатты барстардың мүсіндері бедерленген.

VІІ қысқы Азия ойындары барысында 69 медаль сарапқа салынатыны белгілі. Медальдар Қазақстанның монета сарайында жасап шығарылды. Оларда ойындардың логотипі бейнеленген, ал жібек асқышында ұлттық нақыштар суреттелген.

Астаналық Дирекция Астанада «Мәдени Азиада» деп аталатын үлкен жоба бойынша қосымша мәдени шаралар өткізгелі отыр.

Мәдени Азиада - бұл жарыс емес. Бұл Ойын идеясын одан әрі жандандыра түсетін локомотив және де барлығына мәдениеттің түсінікті тілінде спорттық басты оқиғаларды жүргізеді.

Мәдени Азиада қазақтың мәдени мұралары мен Қазақстанның жаңа мәдениетінің алға басуындағы жоба болып қалмақ. Мұның барлығы Республикамызды және оның астанасын барлық елге таныту үшін жасалынуда.

Азия ойындарының жалпы жарыстар бағдарламасы спорттың 11 түрімен беріледі: конькимен жүгіру спорты, мәнерлеп сырғанау, шайбалы хоккей, «бенди» добымен хоккей, шаңғы жарыстары, биатлон, шаңғымен трамплиннен секіру, тау шаңғысы, фристайл, шорт-трек, шаңғыда қысқы бейімделген спорт түрі.

Азия ойындарына шамамен 30 Азия елі қатысады деп жоспарланып отыр.

Бұдан басқа Ойындар өткізу шегінде Азиялық Олимпиада Кеңесінің кезекті Бас Ассамблеясы өтеді, оған 45 азия елдерінің спорт қозғалысы басшылары қатысады.

2011 жылы болатын VІІ Қысқы Азия ойындары барысында 11 спорт түрі сайысқа түсіп, 69 комплект медаль жасалмақ. Аталған ойынға әлемнің 31 елінен 1000-нан астам спортшылар, 700 тарта жаттықтырушылар, 1000 Бұқаралық ақпарат өкілдері, 700-ге тарта волонтерлер, 1500 қызмет көрсетуші тұлғалар, 60 мыңға жуық туристер қатысады деп жоспарлануда.

Қазақстан 2011 жылы Ислам Конференциясы Ұйымына төрағалық етеді.

Қазақстан Республикасы 1995 жылы Ислам Конференциясы Ұйымына кіріп, оның көпқырлы қызметі мен шараларына қатысуда, Ислам Конференциясы Ұйымының рөлі мен маңызын нығайту ісіне зор үлес қосып келеді. Біз Исламды бейбітшілік пен ілгерілеушілік діні ретінде таныту

барысында Ислам Конференциясы Ұйымының мұсылман әлемінің тиімді әрі беделді форумы болып қайта өрлеуін қолдаймыз.

1926 жылы «Дүние жүзі ислам конференциясы» құрылып, оның алғашқы отырысы Мекке қаласында өткізілгені белгілі. Одан кейінгі сессиялар Иерусалим, Карачи және Могадишо қалаларында болды. Мұндай форумдардың өткізілу жиілігі тұрақты болмағанымен, олардың барысында болашақ ұйымның сипаты мен беделді ұстанымы анықтала бастады. 1953 жылы бұл ұйымның орнына «Ислам конференциясы форумы» құрылды. Содан кейін, 1955 жылы «Жалпы ортақ ислам конференциясы» құрылып, Конференция шеңберінде бірқатар өзге ұйымдар мен құрылымдар пайда болды. Дегенмен, құрылған ұйымдардың бір де біреуі бірқатар объективті себептерден халықаралық саяси үдерістерге тиісті ықпал ете алмады. Бұл кезең ұйым қызметінің рәсімдерін келісу және өзара әрекеттесу тетіктерін іздестіру мен қалыптастыру кезі болды.

1962 жыл Ұйым тарихында маңызды оқиғаларға бай болды. Белгісіз біреулер Иерусалимдегі барша мұсылман үшін қасиетті Әл-Ақса мешітін өртеді. Бұл жағдай бүкіл ислам әлеміне әсер етіп, сол жылдың қыркүйек айында Сауд Арабиясының Королі Фейсалдың бастамасымен Рабатта (Марокко) 26 мұсылман елінің басшылары жиналды. Олар қасиетті мешітке жасалған қастандықты әшкерелеп, бүкіл әлемде Исламды қолдау, Палестина халқының, сондай-ақ жалпы мұсылман Уммасының құқықтарын мен мүдделерін бірігіп қорғау мақсатымен жаңа құрылымды құру туралы шешімге келді. Қиын келіссөздер қорытындылары бойынша, 1970 жылғы отырыс барысында жаңа халықаралық құрылым ресми түрде бекітіліп, Ислам Конференциясы Ұйымы деп аталды.

Ислам Конференциясы Ұйымының негізгі мақсаттары қандай? Олар ислам ынтымақтастығын нығайту бойынша біріккен әрекеттер мен ұйымға мүше мемлекеттердің саяси, экономикалық және әлеуметтік салалардағы кең ауқымды ынтымақтасуы, ислам құндылықтарын сақтауға бағытталған және оның негізгі ережелерінен шыққан бейбіт сүйгіш саясатын жүргізуі, сондай-ақ бостандық пен тәуелсіздікті сақтаудағы мұсылман халықтарын қолдауы болып табылады. Палестина халқына өзінің тәуелсіз мемлекетін құрып, қасиетті жерлерін сақтау ісінде қолдау көрсету де осы мақсаттардың қатарына кіреді. Баршаға белгілі болғандай, бұл мәселелер әлі күнге дейін өздерінің өзектілігін жоғалтпай, қазіргі жаһандану жағдайында халықаралық күн тәртібінің төрінен орын табуда. Ислам Конференциясы Ұйымының негізгі ұстанымдары Біріккен Ұлттар Ұйымы қызметінің негізгі қағидаларымен үйлеседі, олар: толық тепе-теңдік, әр халықтың өзін-өзі билеуге құқығын сыйлау, ішкі істерге араласпау, мемлекет егемендігін, тәуелсіздігін және территориялық тұтастығын қадірлеу, Ислам Конференциясы Ұйымына мүше мемлекеттер арасындағы даулы мәселелерді келіссөздер, делдалдық немесе арбитраж арқылы бейбіт жолмен шешу, күш немесе күш қолдану қатерін қолданбау. Бүгінгі күнде Ислам Конференциясы Ұйымы халықаралық ұйымдардың ішінде ең ірі әрі ықпалды үкіметаралық мұсылман ұйымы болып табылады. Қазіргі кезде ол халқы 1,4 млрд.-тан астам адам санын құрайтын 57 елді біріктіреді. Ислам Конференциясы Ұйымы Біріккен Ұлттар Ұйымынан кейін мүше мемлекеттер саны бойынша әлемде екінші орын алады. Ислам Конференциясы Ұйымының қызметі Біріккен Ұлттар Ұйымытарапынан мойындалып, ол Бас Ассамблеяның жұмысы мен отырыстарына бақылаушы ретінде шақырылған болатын. Екі ұйым ынтымақтастығының бас аспектілерінің бірі біріккен бітімгершілік шараларына қатысу болып табылады.

Ислам Конференциясы Ұйымы Сыртқы істер министрлерінің кеңесі саяси шешімдер қабылдап, саммиттер үшін құжаттар мен қарарлар дайындайтын Ұйымның негізгі әрекет етуші органы болып табылады. Сол себепті, Ислам Конференциясы Ұйымы Сыртқы істер министрлерінің кеңесінде төрағалық ету маңызды, әрі құрметті іс. Ол үлкен жұмысты талап етеді, әрі бұл жұмыс Джидда (Сауд Арабиясы) қаласында орналасқан Бас хатшылық арқылы үйлестірілуі тиіс.

Ислам Конференциясы Ұйымына Ұйым қарарларында көрінісін тапқан халықаралық күн тәртібінің барлық өзекті мәселелері бойынша мұсылман елдердің көпшілігінің топтастырылған ұстанымы болып табылатын саяси пікірді әзірлейді.

Угандада болып өткен министрлердің соңғы кеңесі барысында мұсылман елдерінің бірауызды қолдауымен 38-ші Сыртқы істер министрлерінің кеңесі Астанада өтіп, республикамыз 2011 жылы Ислам Конференциясы Ұйымына Сыртқы істер министрлерінің кеңесінде төрағалық ететін болды.

2011 жылғы 7-9 маусым күндері Астана қаласында VII Бүкіләлемдік Ислам Экономикалық форумы өтеді.

Астаналық форумның тақырыбы - «Жаһандандыру: мұсұлман және мұсұлман емес елдерді қарым-қатынастың ашық арналары мен жан жақты стратегиялық ынтымақтастығы арқылы үлкен экономикалық тәуелсіздікке жұмылдыру үшін өзара байланыс, бәсекелестік, ынтымақтастық».

ЕЛЕУЛІ ОҚИҒАЛАР. АТАУЛЫ КҮНДЕР. ЕСІМДЕР

2011 ЖЫЛЫ:

ОҚИҒАЛАР

500 жыл бұрын (1511) Қазақ хандығы билігіне Қасым хан келді. Оның тұсында қазақтар Батыс Еуропаға дербес этникалық қауым ретінде танылып, Қазақ хандығының орыс мемлекетімен елшілік байланысы басталды. Сондай-ақ қазақтардың «Қасым ханның қасқа жолы» деген заңдары Қасым ханның есімімен байланысты айтылады.

285 жыл бұрын (1726) Ордабасы жиынында бүкіл қазақ қолы біріктіріліп, бас қолбасшылыққа Кіші жүз ханы Әбілхайыр баһадүр сайланды. Ұлы жүз сарбаздарын - Ошақты Саңырақ, орта жүзді - Қанжығалы Бөгенбай, Кіші жүзді - Тайлақ батыр басқарды.

100 жыл бұрын (1911-1915) Троицк қаласынан «Айқап» қоғамдық-саяси және әдеби журналы жарыққа шықты. Алғашқы редакторы - Мұхаммеджан Сералин. «Айқап» қазақтың қоғамдық ой-пікірінің оянуы мен ұлттық мәдениетінің дамуына үлкен үлес қосты. Журналда қазақ ауылындағы оқу-ағарту мәселесі, әйел теңдігі, отырықшылық тұрмысқа көшу, т.б. тақырыптар мен Мемлекеттік Думаға қатысу сияқты саяси мәселелер көтерілді. Журналды шығаруға Сұлтанмахмұт Торайғыров, Ахмет Байтұрсынов, Шәкәрім Құдайбердиев, Беймбет Майлин, Сәбит Дөнентаев, Спандияр Көбеев сынды қаламгерлер қатысты. Журналда Шоқан, Абай, Ыбырай шығармаларымен бірге ауыз әдебиетінің үлгілері, шығыс, орыс және Еуропа халықтарының туындылары да басылып тұрған.

90 жыл бұрын (1921) Әулиеатада (қазіргі Тараз қаласы) Қосшы одағы құрылып, оның құрамына ауыл, қыстақ кедей шаруалары кірді. Одақтың Ташкент қаласында өткен 1-ші өлкелік съезінде оның міндеттері белгіленіп, Орталық комитеті сайланды. Қосшы ауылда әлеуметтік өзгерістер мен жер-су реформаларын жүзеге асыру үшін кедейлерді таптық тұрғыдан тәрбиелеу, кооперацияға біріктіру, оларды құрал-сайманмен жабдықтап, малмен қамтамасыз ету, азық-түлік салығын жинау, т.б. мәселелермен шұғылданды. Мәдени-ағарту жұмыстарын жүргізіп, кеңес мекемелерінің жұмыстарына араласты, ірі байлардың мал-мүлкін тәркілеуге қатысты. 1930 жылғы қаңтардың 17-індегі Қазақстан Орталық Атқару Комитетінің Төралқасы бекіткен «Кедей одағын ұйымдастыру жөніндегі ережеге» сәйкес сол жылғы қаңтардың 29-ында Қосшы одағы өз қызметін тоқтатты.

90 жыл бұрын (1921) Қазақ АССР Халық комиссарлары Кеңесі Республикалық радиохабарларын таратуды құру жөнінде шешім қабылдады. Қазақстанның сол кездегі астанасы Орынбор қаласынан 1921 жылдың қазан айынан бүкіл Республикаға трансляция беріле бастады. 1927 жылдың 23 наурызында эфирде бірінші рет қазақ тілінің дауысы естілді.

Бүгінде хабарларын тәулік бойы тарататын Қазақ радиосы - еліміздің ең ірі жүйесі болып табылады. Ұлттық арна республика радиотыңдаушыларының көп бөлігін қамтып қана қоймай, одан тысқары жерлерге де, Ресей мен Қытайдың, Өзбекстан мен Қырғыстанның шекаралық аймақтарына жетеді. Қазақ радиосының хабарларын Он-лайн режимінде де тыңдауға болады.

Егемен Қазақстандағы демократиялық қайта жаңғыруларды, экономикадағы, әлеуметтік және мәдени салалардағы ілгерілеушіліктерді шынайы тұрғыда көрсету Ұлттық арна ретінде Қазақ радиосының басым бағыты болып саналады. Тәуелсіз мемлекеттің жаңа бейнесін жасау Қазақ радиосының негізгі міндетіне жатады. Бұл арнаның алдында мемлекеттік саясатты елді мекендердің барлығына, алыс түпкірлерге шапшаң жеткізу міндеті тұр. Сол сияқты көпшіліктің ой-пікірлері мен ұсыныстарын билік басындағы құрылымдарға батыл жеткізу де жұмысымыздың негізгі арқауына айналған.

Қазақ радиосы жас мемлекеттің құрылысы мәселесіне жете көңіл бөліп келеді. Мұнда ең әуелі жаңа жұмыс орындары, отандық өндірістің дамуы, ауыл шаруашылығы, шағын және орта бизнес мәселелері, бір сөзбен айтқанда, Қазақстан экономикасының ілгері басуы және отандастарымыздың тұрмыс-жағдайының жақсарып келе жатқандығы жан-жақты әңгімеленеді.

Қазақ радиосынан қазақ, орыс, неміс, корей, ұйғыр, әзербайжан, түрік және татар тілдеріндегі бағдарламалары әуе толқынына шығады.

Бұл радио әр сағаттың басында берілетін жаңалықтар топтамасына айрықша көңіл бөледі. Тыңдаушылар арасында күн сайын қазақша және орысша берілетін таңдамалы бағдарламалар, Қазақстанда шығатын газеттер мен журналдарға жасалатын шолулар кеңінен танымал.

Бүгінгі таңда Қазақ радиосы өзінің форматы жағынан тақырыптық бағдарламаларды жүргізетін республикадағы бірден-бір радиостанция болып отырғаны радиотыңдаушы қауымға белгілі. Тек қазақ радиосында ғана саясат, экономика, халықаралық келісім, мәдениет және білім тақырыбына байланысты бағдарламаларды екі тілде тыңдай алады.

Қазақ радиосы - журналистер кадрының ұстаханасы: бұл жерде көптеген қазақстан журналистер саңлақтары тәрбиеленген.

Қазақ радиосының музыкалық форматы - ұлттық және Қазақстандық музыкадан тұрады. Бұл формат қазақстандық вокал мен операның шеберлерін ғана емес, әлемдік классика мен бүгінгі таңдағы музыканың барлық бағыттарын рок, кантри, джаз, хит сөз ететін музыкалық бағдарлама жасауға еш кедергі келтірмейді.

80 жыл бұрын (1931) Алматы қаласында Алматы мәсі-аяқ киім фабрикасы құрылды. Алғашында шәркейлер, балалар және әйелдер аяқ киімі, спорттық аяқ киімдер, былғары қолғаптар және тағы басқа тауарлар шығарды. 1940 жылы фабрика өнімі 3 есе өсіп, Ұлы Отан соғысы жылдары жауынгерлерге арналған аяқ киімдер шығарды. 1975 жылы «Жетісу» аяқ киім өндірістік бірлестігі болып атауы өзгерді. 1990 жылы бірлестік құрамында өзгерістер басталып, 4 филиалдың орнына 3 фабрика бөлініп шықты. Өндіріс цехтары тиімді құрал-жабдықтармен қамтамасыз етіліп, жаңа технологиялар енгізілді. Кәсіпорын өнімдері Франция, АҚШ, Англия, Жапония елдерінде көрмелерге қойылды. Нарықтық қатынастарға байланысты үш акционерлік қоғамға бөлініп, соның ішінде «NAR» акционерлік қоғамы алты жыл тоқтап тұрған өндірісті іске қайта қосып, жаңа үлгідегі аяқ киім шығару үшін жаңа материалдар мен қалыптар сатып алды.

80 жыл бұрын (1931) Іле Алатауының орталық бөлігіндегі табиғат байлығын қорғау және ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу мақсатында Алматы қорығы құрылды. Ауданы 73,34 мың гектар. Оның құрамына теңіз деңгейінен 1400-5017 метр биіктікте орналасқан Талғар тау жоталары кіреді. Қорықта өсімдіктердің 1300-ден аса түрі кездеседі, оның 112 түрі ағаштар мен бұталар. Қорық жануарлар дүниесіне де бай. Онда сүтқоректілердің 40, құстардың 200-дей түрі бар.

75 жыл бұрын (1936) Алматы қаласында «Ковровщица» артелі негізінде кілем және тоқыма бұйымдарын шығаратын кәсіпорын құрылды. 1960 жылы Алматы кілем-тоқыма фабрикасы, 1972 жылы Алматы кілем фабрикасы болып өзгертілді. Фабриканың 7 негізгі және қосалқы цехтары бар. 1962 жылы қол тоқыма станоктары механикалық тоқыма станоктарымен алмастырылды. Негізгі өнім түрлері машинамен тоқылатын ірі өрнекті кілемдер, қолмен тоқылатын түкті кілемдер, төсеніш кілемшелер. Сондай-ақ арнайы тапсырмалар бойынша Абай, Жамбыл, Мұхтар Әуезов, Сәкен Сейфуллин, Сәбит Мұқанов, т.б. әдебиет және өнер қайраткерлері бейнеленген портретті кілемдерді де шығарып келеді. Кәсіпорын 1992 жылы «Алматы кілем» акционерлік қоғамы

болып қайта құрылды. Өнімдері шет елдерге де шығарылады.

ЕСІМДЕР

435 жыл бұрын (1576-1656) мемлекет қайраткері, батыр, қолбасшы, би, Әйтеке бидің үлкен атасы ЖАЛАҢТӨС БАҺАДҮР Сейітқұлұлы дүниеге келді.

Әкесі Сейітқұл өзіне қарасты алшындармен Нұрата өңіріндегі өзбек, қарақалпақтардың басын біріктіріп хан сайланғаннан кейін, алғыр да зерек Жалаңтөс баһадүрді Нұратадағы мешітке оқуға береді. Мешітте батырлар жырын, атақты хандар туралы жылнамаларды көп оқып, өзін батырлыққа, ел басқару ісіне шыңдап, түрлі әскери өнерді де игере бастайды. Баласының зеректігін байқаған әкесі оны Бұқар ханы Абдулланың жоғары дәрежелі әскери мектебіне жібереді. Осы жерде үш жыл оқып, түменбасылық лауазым алады. 1626 жылы Имамқұл хан Бұқар хандығынан тәуелсіз Самарқан аймағын құрып, оған бас қолбасшысы Жалаңтөс баһадүрді әмір етіп тағайындайды. Ол дарынды қолбасшы ғана емес, ұлы сәулет өнерінің де қамқоршысы болған. Самарқандағы Ұлықбек медресесінің қарсысынан «Ширдор» (Арыстан қақпа) медресесін салдырып, 1646 жылы осы екі медресенің ортасынан «Тіллә Қари» (Алтынмен апталған) медресесінің құрылысын бастайды, бірақ бұл медресенің құрылысы 1660 жылы ол қайтыс болғаннан кейін ғана аяқталған.

205 жыл бұрын (1906-1867) халық ақыны, Исатай, Махамбет бастаған шаруалар көтерілісіне қатысушы ЖАРЫЛҒАСҰЛЫ Шернияз дүниеге келді.

Оның жырларында көтеріліс тақырыбы басты орын алған. Ақын көтеріліс жеңіліске ұшырап, оның басшысы Исатай мерт болса да, азаттық, бостандық тақырыбын асқақ үнмен жырлап, сол арқылы Исатайдың батырлық бейнесін жасаған «Па, шіркін Исатайдай сабаз тумас», «Ақ алмас алтын сапты, қылышым-ай», «Исатай ел еркесі, ел серкесі», т.б өлеңдері бар. Оның «Ай, Қазы би, Қазы би», «Тостағанды қолға алып», «Ай, жігіттер», «Сөз сөйлеймін бөлмелеп», т.б. өлеңдерінде өзі өмір сүрген қоғамның әділетсіздігі, өмірдің өзгермелілігі мен оның мән-мағынасы үлкен ой елегінен өткізіле жырланады. Жалпы, Шернияз поэзиясы мазмұндық сипаты, стильдік айқындығы көркемдік бейнелеу нақыштарының шеберлігімен ерекшеленеді. Оның өлеңдері үш нұсқада (Алыш ақын, Мәшһүр Жүсіп, Омарбек нұсқалары) кездеседі.

125 жыл бұрын (1886-1948) классикалық күрестің шебері, қазақтың атақты палуаны МҰҢАЙТПАСОВ Мұқан (Қажымұқан) дүниеге келді.

1904 жылы цирк труппасының құрамында өнер көрсетіп жүрген орыстың танымал палуандарының бірі А.Н.Злобинмен танысып, соның тікелей көмегімен Петербургтегі циркке палуан даярлайтын И.В.Лебедевтің мектебінде оқиды. Оны бітіргеннен кейін дүние жүзіне есімі белгілі палуан Георг Лурих ұйымдастырған цирк труппасына қосылып, көптеген қалаларда күш өнерін көрсетті. «Ямагата - Муханура», «Қара Мұстафа», «Махмут», т.б. бүркеншік есімімен французша және еркін күрестен халықаралық жарыстарға қатысты. 1908-1916 жылдары Саратов, Қазан, Омбы, Троицк, Уфа, т.б. қалаларда өткен турнирлерде, Мәскеу, Киев, Рига, Минск, Париж, Варшава, Харбин қалаларында болған халықаралық чемпионаттарда жеңімпаз, жүлдегер атанды. Америкада, таяу және Орта Шығыс елдерінде болып, ондағы палуандармен күш сынасқан. 1909 жылы Швецияның Гетеборг қаласында французша күрестен өткен дүниежүзілік біріншіліктің алтын медалін жеңіп алған.

Қазан революциясынан кейінгі жылдары Қазақстанның мәдени өміріне белсенді араласып, көшпелі цирктер ұйымдастырған. 1927 жылы Қазақ АКСР Орталық Атқару Комитеті

Төралқасының арнайы шешімімен оған «Қазақ даласының батыры» атағы берілген. Отан соғысы жылдары жасының егде тартып қалғанына қарамастан ел аралап, өнер көрсетті. Одан жиналған қаржыны Қорғаныс қорына аударып, ұшақ жасатты. Қажымұқан жайында 1978 жылы «Қазақфильм» киностудиясында «Қажымұқан» атты екі бөлімді деректі фильм, ал 1985 жылы «Күш атасын танымас» атты көркем фильм түсірілді.

Алматы, Астана, Семей қалаларының орталық көшелеріне және стадиондарына есімі берілген. Оңтүстік Қазақстан облысының Темірлан елді-мекенінде мемориалдық мұражай-үйі бар. «Құрмет белгісі» орденімен марапатталған.

125 жыл бұрын (1886-1982) шежіреші ҚҰЛБАЙҰЛЫ Ыбырайым аһун дүниеге келді.

Ақтөбе облысының Байғанин ауданында туған. Ол Батыс Қазақстан өңірі мен Шымкент, Жамбыл, Түрікменстан, Өзбекстан, Қырғызстан және қарақалпақ еліне кеңінен танымал тұлға болған. Ол араб, парсы, түрік тілдерін жетік меңгерген. Оның «Адам-ата - Әнес сахаба», «Қазақ шежіресі», «Кіші жүз қазақтарының шежіресі», «Қазақ тегі», «Маңғыстау тарихы» секілді ірі тарихи дастандары бар. Өз шығармаларында халық өмірін, тарихы мен әлеуметтік хал-ахуалын, мәдениетін, өнерін, демографиялық өсіп өркендеуін, этнографиясы мен салт-дәстүрін зерттеген. 37-ші жылдары Ыбырайым аһун қудалауға ұшырайды. Кудалау кезінде Ауғанстан, Иран арқылы жер ауып, Өзбекстан жеріне келіп тұрақтаған. Өзбекстан Республикасы Жызақ облысының Гагарин қаласындағы бір көше аһун атымен аталады. 1994 жылы «Арыс» баспасынан «Алтынды орда конған жер» атты жинағы жарық көрді. Туған ауылы - Жарлы ауылында бір көшеге аты берілген.

120 жыл бұрын (1891-1970) қоғам қайраткері, «Алаш» партиясы мен Алашорда қозғалысы жетекшілерінің бірі, математика саласы бойынша қазақ зиялылары арасынан шыққан тұңғыш профессор ЕРМЕКОВ Әлімхан Әбуұлы дүниеге келді.

Қарағанды облысының Қарқаралы ауданында туған. Томск технология институтын бітірген. Ол қазақ жерлерін Қазақ АКСР-і шеңберінде тұтас дерлік топтастыруда ерекше рөл атқарған. 1921-1924 жылдары - Семей губерниялық атқару комитеті, губерниялық жоспарлау басқармасы, Қазақ АКСР-і Мемлекеттік жоспарлау комитеті төрағасының орынбасары, өнеркәсіп секциясының меңгерушісі, 1927-1935 жылдары Ташкенттегі Қазақ педагогика институтының оқытушысы, доценті, Алматы зоотехникалық-малдәрігерлік институтының профессоры және математика кафедрасының меңгерушісі қызметтерін атқарған. 1935 жылы қазақ тілінде «Ұлы математика курсы» атты кітабын жариялап, 1936 жылы өзінің ұстаздық тәжірибесі негізінде «Қазақ тілінің математика терминдері» атты түсіндірме сөздігін шығарды. 1935-1937 жылдары Алматы кен-металлургия институты математика және теориялық механика кафедрасының меңгерушісі болды. 1930-1947 жылдары аралығында ол «ұлтшыл», «контрреволюцияшыл», «халық жауы» аталып, үш рет сотталған. 20 жылдан астам өмірін абақты мен саяси қуғын-сүргінде өткізіп, азап шегіп, аса ауыр моральдік соққыға ұшырады. Кеңес өкіметінің жазалау органдарының қудалауында ұзақ жылдар болғанына қарамастан ол адамгершілік қасиеттерін, ұлтжандық ұстанымын, ғалымдық, ұстаздық іс-әрекетін кір шалдырмай сақтай білді. Ол 1955 жылы наурыздың 7-інде КСРО Бас прокурорының қаулысымен түрмеден мерзімінен бұрын босатылып, 1957 жылы қарашаның 26-ында толық ақталды. Ғалым өмірінің соңына дейін Қарағанды тау-кен институтында ұстаздық етті. Ғылыми-зерттеу еңбектерінің негізгі бағыттары - ықтималдық теориясы, математикалық статистика, теориялық механика, математикалық терминология мәселелері.

115жыл бұрын (1896-1943) Қазақстандағы азамат соғысына, социалистік құрылыс ісіне белсене қатысқан партия, кеңес қайраткері АЛМАНОВ Баймен Алманұлы дүниеге келді.

Ырғыз қаласындағы екі класстық орыс-қазақ училищесін, Ақтөбе мұғалімдер семинариясын бітірген. Ырғыз өлкесіндегі 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысына белсене қатысқаны және 1917 жылғы уақытша үкіметке қарсы үгіт жүргізгені үшін жер аударылған. 1918-1920 жылдары қызыл партизандар отряды командирлерінің бірі, Қарабұтақ депутаттары кеңесінің және РК /б/П Ырғыз уездік комитетінің төрағасы, Ырғыз уезі төтенше комиссиясының және ревкомының төрағасы, Қазақ АКСР кеңестерінің I-ІІ-ші съездерінде Орталық Атқару Комитеті хатшысы болып сайланды. 1922-1923 жылдары Адай ревкомының төрағасы ретінде Қазақстан шекарасын межелеуге белсене қатысты. 1925-1926 жылдары Қазақ акционерлік сауда қоғамы басқармасының төрағасы, 1927-1931 жылдары БК /б/П Алматы облыстық комитеті ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі, Қазақ өлкелік партия комитетінің нұсқаушысы, 1931-1938 жылдары Қазақ педагогика институтының және Ұлт мәдениеті ғылыми-зертттеу институтының директоры, Қазақ КСР Ғылым комитетінің және Мемлекеттік жоспарлау комитетінің төрағасы қызметтерін атқарды. 1937-1938 жылдары Кеңестік зобалаңның құрбандары қатарында сотталып, 1943 жылы түрмеде қайтыс болды. Ырғыз ауылындағы бір көшеге оның есімі беріліп, Қызылжар ауылында мүсіні орнатылды.

100 жыл бұрын (1911-1955) - қазақтың халық ақыны, көркем аударма өнерінің үздік шебері АМАНЖОЛОВ Қасым Рахымжанұлы дүниеге келді.

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданында туған. Семейдегі бастауыш мектеп-интернатында оқып, Семей мал-дәрігерлік техникумын бітірген.

1930 жылы Алматыдағы «Леніншіл жас» газетінде, Оралдағы «Екпенді құрылыс» газетінде жұмыс істеген. Алғашқы өлеңдерін Семейде жазған. 1930 жылы жазған өлеңдері өзі қызмет істеп жүрген «Лениншіл жас», «Қызыл әскер» және «Пионер» газеттерінде жарияланған. 1936-1941 жылдары Қ.Аманжолов Алматыға барып, «Социалистік Қазақстан», «Лениншіл жас» газеттерінде, Жазушылар Одағында қызметтер атқарған. Бұл кездері ол өлеңмен қатар әр түрлі тақырыпқа мақала, очерк, фельетон жазады. 1939-1941 жылдары шығармашылық елеулі өрлеу дәуірі басталады. Осы кездерде жазған «Нар тәуекел», «Дауыл», «Көкшетау», «Орамал», «Заула, заула Түрксіб», «Сұлтанмахмұт туралы баллада» сияқты өлеңдерінде өрісті ойлар, терең сезім қуаты, өткір тіл байлығы байқалады. Қасым қалың жұртшылыққа өзінің ақындығы, аудармасымен ғана емес, сонымен қоса әнімен, домбра, сырнай, скрипка, пианино тартатын әдемі өнерімен де танылған. Ол өз өлеңіне ән шығаруды өте қызық көрген. «Дариға», «Туған ел» атты өлеңдері бүгінгі жақсы әндер тізіміне қосылады. Қасым Аманжоловтың бірінші өлеңдер жинағы 1938 жылы «Өмір сыры» деген атпен шыққан. 1940 жылы Қасым Маяковскийдің он шақты өлеңін аударып 1941 жылы «Бар дауыспен» деген атпен жеке жинақ етіп жариялаған. 1941-1945 жылдары Ұлы Отан соғысына қатынасып, жауға қарсы қолындағы қаруымен де, қаламымен де белсене күресті. Соғысқа аттанар алдында ақын «Мазасыз музыка», «Қоштасу», «Бейсекештің бес ұлы» сияқты патриоттық өлеңдерін жазады. Соғыс майданында жүріп Қасым көптеген лирикалы өлең жазған. «Үстімде сұр шинелім», «Мартбек», «Жеңіс дауысы», «Орал», «Ертіс», «Сибирь», «Сарыарқа» сияқты өлеңдері туған жердің сыр-сипатын, сұлулық бейнесін, соғыс өмірін суреттейді. Ал «Елге хат», «Достар қайда жүрсіңдер?», «Ағайға» деген өлеңдері туған елді, дос жорандарын, ағайын-туыстарын сағынған солдаттың сезім дүниесін жырлайды. Ұлы Отан соғысы аяқталған соң Қасым майдан өлеңдерін газет-журналдарға көптеп бастырумен қатар жаңа өлеңдер жазды. Осы кездері оның «Ақын өлімі туралы аңыз», «Біздің дастан» поэмасы жазылып, таңдамалары өлеңдер жинағы «Дауыл» деген атпен жарық көрді. А.Пушкиннен, М.Лермонтовтан, Т.Шевченкодан, Дж.Байроннан, В.Маяковскийлердің шығармаларына аудармалар жасаған. Ол туралы үлкен ақын әрі поэзия білгірі Әбділдә Тәжібаев «Социалистік Қазақстан» газетінде «Дауылды жырлар» деген мақала жазып, аса жоғары бағалайды. Осы жылдары Пушкин мен Лермонтовтың бірсыпыра өлеңдеріне қоса, Пушкиннің «Полтава» поэмасын аударады. 1949-1952 жылдары Қ.Аманжоловтың «Балбөбек», «Нұрлы дүние» жинақтары «Таңдамалы шығармалар» жинағы басылып шықты. 1954 жылы бүгінде жұрттың көбі жатқа білетін әйгілі «Өзім туралы» толғауын аяқтаған. Оның шығармалары орыс және басқа да халықтардың тілдеріне аударылған. Қарағандыда Қасым Аманжолов құрметіне көше аталған. Қарқаралы ауданындағы бұрынғы Фрунзе совхозына Қасым Аманжолов есімі берілген.

ҚАҢТАРДЫҢ 12-І, СӘРСЕНБІ

Түрікменстан Республикасының Еске алу күні. 1881 жылы Геок-Тепин шайқасы басталып, ол есепсіз қан төгіске алып келді. Соғыста шейіт кеткендердің құрметіне арнап, осы күн әруақтарға бас иіу күні болып саналады.

Ресей Федерациясы прокуратура қызметкерлері күнi. Ресей Федерациясы Президентiнің 1995 жылдың 29 желтоқсанындағы «Ресей Федерация прокуратурасының қызметкерлер күнiн белгілеу туралы» Жарлығына сәйкес 1996 жылдан бастап атап өтедi.

ОҚИҒАЛАР

5 жыл бұрын (2006) Жазушы-публицист Мырзахан Ахметтің ұрпақ тәрбиесі мен оның сабақтастығына арналған «Бәйтеректің бұтақтары» деп аталатын жаңа кітабы жарық көрді. Алматыдағы «Тоғанай Т.» баспасынан шыққан бұл туындының бірінші бөлімінде Жамбыл облысының Жуалы ауданындағы «Шыңбұлақ» аулында өмір сүріп, 10 бала тәрбиелеп өсірген соғыс ардагері, ақын-азамат Мелдебек Қойбақұлының ұрпақ тәрбиелеудегі өнегелі істері мен азаматтық асыл қасиеттері, оның зиялы ұл-қыздарының ізгілікті істері кеңінен сөз етіледі. Аталмыш кітаптың екінші бөлімі Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік саласындағы «Арыстан» қызметінің бастығы, генерал-майор Сейітжан Мелдебекұлының қиындығы мен қызығы мол күрделі жұмысының сан тарау иірімдерінен сыр шертеді. Кітаптың оқырмандар үшін танымдық, тағлымдық жағы аса мол.

5 жыл бұрын (2006) Қостанайда «Қазақ Тұлпары» атты республикалық мемлекеттік кәсіпорынның құрамынан еліміздегі алқашқы жылқылардың генетикасын зерттейтін зертхана ашылды. Зертхана асыл тұқымды жылқылардың жұмысын жақсартуға мүмкіндік береді. Кәсіпорын жылқылардың жаңа тұқымын жасап шығарумен шұғылданады. Жаңа тұқымның арғы тегін зерттеу селекцияны жылдамдатуға көмектеседі. Осы бағаттағы жұмыс елдің экономикасына және Бүкіләлемдік сауда ұйымының талаптарына сәйкес белгілердің бірі болды.

5 жыл бұрын (2006) Ақордада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Ресей Президенті Владимир Путин кездесіп, екі жақты келіссөздер жүргізді.

Осы келіссөздердің барысында Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының арасындағы қазақстандық-ресейлік мемлекеттік шекара жөніндегі Шартты бекіту туралы грамоталармен алмасу хаттамасына қол қойды.

5 жыл бұрын (2006) Семейде «Спартак» орталық стадионында КСРО-ның спорт шебері, белгілі футболшы Серғазы Рымбаевқа арналған мемориальдық тақта орнатылды.

Серғазы Рымбаев (1959-2005) - барлық өмірін футболға арнады, 12 жыл жергілікті «Спартак» командасының құрамында өнер көрсетті. 312 матч өткізіп, 18 доп соққан. Семейлік «Елімай» командасының бапкері, содан кейін команданың бастығы болды. 1996 жылы Қазақстан чемпионатында «Елімай» командасының бас бапкері ретінде қола жүлдеге ие болды.

ЕСІМДЕР

75 жыл бұрын (1936-2004) ғалым-топырақтанушы, ауылшаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ғылым академиясының корреспондент мүшесі, Халықаралық топырақтанушылар қоғамының мүшесі, Қазақ топырақтанушылар қоғамының президенті, Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты АХАНОВ Жақан Уәлишерұлы дүниеге келді. Қызылорда облысында туған. М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін (әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті) бітірген. 1960-1984 жылдары - Қазақстан Республикасы Ғылым академиясы Топырақтану институты директорының орынбасары, зертхана меңгерушісі, ғалым-хатшысы, Шу тірек пунктінің меңгерушісі, кіші ғылыми қызметкері. 1984-2001 жылдары - Қазақстан Республикасы Ғылым академиясы Топырақтану институтының директоры. 1994-1996 жылдары - Қазақстан Республикасы Ғылым академиясы Биология ғылымдары бөлімшесінің академик-хатшысы. 2001-2004 жылдары - Қазақстан Республикасы Ғылым академиясы Топырақтану институтының бөлім меңгерушісі қызметтерін атқарған. «Почвы долины реки Чу, их природа и пути использования для сельского хозяства», «Почвы междуречья Волга-Урал как объект орошения» (бірлесіп шығарған), «Почвообразование в дельтовых равнинах Южного Казахстана», «Природно-мелиоративное районирование равнинного Казахстана» атты еңбектері жарық көрген.

Көптеген медальдармен және Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің құрмет грамотасымен марапатталған.

50 жыл бұрын (1961) Ақмола облысы Ақкөл ауданының әкімі ҮЙСІМБАЕВ Асқарбек Съезбекұлы дүниеге келді.

Ақмола облысында туған. Целиноград инженерлік-құрылыс институтын (Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті), Мәскеу құқық институтын бітірген.

1979-1981 жылдары міндетті әскер қатарына шақырылып, Кеңес Армиясының Германиядағы Батыс әскери тобында Отан алдындағы борышын атқарған. 1986-1998 жылдары - «Веселовский» кеңшарының инженері, «Каменский» с кеңшарының бас инженері, «Культура» кеңшарының бас инженері, директоры, «Мәдениет» ЖШС-нің директоры. 1998-2002 жылдары - Сандықтау аудандық ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы, Ақмола облысы Бұланды ауданының әкімі. 2002-2004 жылдары - Ақмола облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы қызметтерін атқарған. 2004 жылдың мамыр айынан бастап - қазіргі қызметінде.

«Құрмет» орденімен, «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл», Тыңға 50 жыл» «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» мерейтойлық медальдарымен, «Кеңес әскерінің Ауғаныстан жерінен шығарылғанына 15 жыл» естелік медалімен, Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен марапатталған.

50 жыл бұрын (1961) Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісінің депутаты - Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі. Заң ғылымдарының докторы, профессоры ӘБДІРОВ Нұрлан Мәжитұлы дүниеге келді.

Қарағанды облысы Шет ауданында туған. КСРО ІІМ Қарағанды жоғары мектебін, заңгер; КСРО ІІМ Бүкілодақтық ғылыми - зерттеу институтының адъюнктурасын (Мәскеу) бітірген.

1982-1984 жылдары - КСРО ІІМ Қарағанды жоғары мектебінің оқытушысы. 1987-1997 жылдары - КСРО ІІМ Қарағанды жоғары мектебінің Қылмыстық құқық және криминология кафедрасының оқытушысы, кафедра бастығының орынбасары. 1997-2000 жылдары - Қазақстан Республикасының Есірткі қадағалау жөніндегі мемлекеттік комиссияның хатшысы. 2000-2001 жылдары - Қазақстан Республикасы Есірткімен және есірткі бизнесімен күрес жөніндегі агенттігі төрағасының орынбасары. 2001-2002 жылдары - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Есірткімен және есірткі бизнесімен күрес жөніндегі комитеті төрағасының орынбасары. 2002-2005 жылдары - Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Әкімшілігінің сектор меңгерушісі, мемлекеттік инспекторы, бөлім меңгерушісі. 2005-2009 жылдары - Қауіпсіздік Кеңесі хатшысының орынбасары - Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі хатшылығының меңгерушісі қызметтерін атқарған. 2009 жылдан - қазіргі қызметінде.

70-тен астам ғылыми еңбектері, монографиялары, оқулықтары жарық көрген. Оның жетекшілігімен 2 докторлық және 13 кандидаттық диссертация қорғалған.

«Құрмет» орденімен және медальдармен марапатталған.

ҚАҢТАРДЫҢ 13-І, БЕЙСЕНБІ

Ресей баспасының күні. 1703 жылы қаңтардың 13-де Ресейде І Петрдің жарлығымен «Ведомость» газетінің алғашқы саны жарық көрді. 1917 жылы бұл мереке «Правда» кеңес газетінің шыққан күніне, яғни мамырдың 5-не ауыстырылып, «Кеңес баспасы күні» деп өзгертілді. Тек 1992 жылы Ресей Федерациясы Президентінің жарлығымен «Ресей баспасының күнін» тойлау күні қайтадан өзінің тарихи күніне - қаңтардың 13-не қайтарылды.

ОҚИҒАЛАР

5 жыл бұрын (2006) Шығыс Қазақстанның этнографиялық мұражайы атын облыстық археолог-этнографиялық, табиғи-көрініс мұражай-қорығы деп өзгерті. Өскемен мұражай қорығының қарамағына хайуанаттар бағы, тәлімбақ, екі қалалық бақ, ашық аспан астындағы мұражай және балалар қалашығы. Көп жылдар бойы мұражай қызметкерлері осы жерлердегі барлық қажетті жұмыстарды ерікті түрде орындаған, оларды этнографиялық мұражайдың қаражатынан қаржыландырылған.

Этнографиялық мұражайдың ұжымы қалалық бақтарда фонтандардың каскадтары бар экзотикалық табиғатың, сирек кездесетін өсімдіктер мен гүлдердің топтамасын өзіндік «жұмақ бұрыштарын» жасады, олар облыс орталығының және қала тұрғындарының мақтанышы.

1 жыл бұрын (2010) Венада Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан жолы» кітабы неміс тілінде жарық көрді.

ЕСІМДЕР

100 жыл бұрын (1911-1995) әйгілі палуан, классикалық күрестен КСРО спорт шебері, Қазақстанның жеті дүркін чемпионы, бапкер ЯРКОВ Василий Григоревич дүниеге келді. Алматы облысында туған. 1932 жылы қазақтың әйгілі палуаны Қажымұқан Мұңайтпасовпен, орыс палуаны Иван Поддубныймен кездесіп күрескен. 1949-1950 - жылдары Бүкілодақтық Орталық Кеңесі Кәсіподақтарының ең ауыр салмақтағы

чемпионы атанған. Өзінің 60 жасқа келген шағында Республикалық Кеңесі «Спартак» Ерікті спорт қоғамының Құрама командасының сапында өнер көрсетіп, ауыр салмақта бойы 199см, салмағы 135 кг-да күресіп, Қазақ КСР-інің, Орталық Азияның чемпионы атаған жеңіп алған.

ҚАҢТАРДЫҢ 14-І, ЖҰМА

Өзбекстанда отан қорғаушылар күні. Тәуелсіз Өзбекстан өзінің қарулы күштерінің құрылған күніне арнап атап өтеді. Бұл мереке 1993 жылдың 29 желтоқсанындағы Республиканың Жоғарғы Кеңесi шешiмiмен қаңтардың 14-не бекітілген.

ОҚИҒАЛАР

19 жыл бұрын (1992) Қызылорда педагогика институтына ежелгі түркі халқының ұлы ақыны, әрі композиторы Қорқыт Ата есімі берілді.

5 жыл бұрын (2006) Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасының «Төтенше жағдай туралы» заңдарына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы заңдарға қол қойды. Құжат төтенше жағдайдың құқықтық режимін жетілдіруге бағытталған.

3 жыл бұрын (2008) Өскеменде танымал қазақ жазушысы Медеу Сәрсекенің қатысуымен оның «Ебіней Бөкетов» атты кітабының таныстырылымы өтті. Дәулет Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінің қабырғасында өтіп жатқан шараға осы облыстың әдеби элитасы жиналды. Онда кітаптың басты кейіпкері - Ебіней Арыстанұлы Бөкетов жайында қызықты әңгіме өрбіді.

3 жыл бұрын (2008) Алматыдағы қазақ тілінде оқытылатын №173 гимназияға қазақтың белгілі қоғам қайраткері Мұстафа Шоқайдың есімі берілді.

Мұстафа Шоқай 1889 жылғы желтоқсанның 25-інде Қызылорда облысы Шиелі ауданының Сұлутөбе ауылында дүниеге келген. Мұстафа Шоқай - Алаш қозғалысы қайраткері, Түркістан өлкесі халықтарының азаттық күресі жетекшілерінің бірі, публицист.

3 жыл бұрын (2008) Мемлекет Басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Финляндия Республикасының Үкіметі арасындағы инвестицияларды ынталандыру және өзара қорғау туралы келісімді ратификациялау туралы» және «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Азия Даму Банкінің арасындағы техникалық көмек туралы негіздемелік келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына қол қойды.

1 жыл бұрын (2010) «Тобыл» футбол клубы www.fc-tobol адресі бойынша өзінің ресми сайтын ашты.

Клуб жанкүйерлері сайт форумында пікір алысып қана қоймай, клуб ойыншыларын туған күндерімен құттықтай алады. Сайт модераторлары әрбір құттықтаудың тиісті жеріне жеткізілетініне кепілдік беріп отыр.

Сайтта сондай-ақ онлайн-конференция жұмыс істейді. Ал команданың кезекті ойынын өткізіп алған немесе ойыннан алған әсерін қайта еске түсіргісі келген жанкүйерлер үшін бейне және фотогалерея орналастырылған.

1 жыл бұрын (2010) Алматыда үіметтік емес ұйымдардың 2010 жылға арналған «Он екі: ойлар, жобалар, ҮЕҰ-лар, сүйкімді тұлғалар» деп аталатын алғашқы күнтізбесінің таныстырылымы болды.

Қабырғаға ілінетін күнтізбеге еліміздің үкіметтік емес ұйымдарының 12 танымал тұлғасы мен көшбасшылары енгізілген. Олардың қатарында «Астана - ҮЕҰ қолдау орталығы», Қазақстан дағдарыстық орталықтарының одақтары, «Таңсәрі» балалар театры және тағы да басқа ұйымдар мен орталықтар бар. Сонымен қатар басылымға ірі қоғамдық ұйымдардың мекен-жайлары мен сайттары енген.

Күнтізбе Қазақстан Жастар медиа одағының бастамашылығымен және «Колесо» идеялар үйінің қолдауымен жарық көрді.

1 жыл бұрын (2010) Алматы қаласындағы Мұқан Төлебаев атындағы №5-ші музыкалық мектебінің «Іскер» ұлдар хоры Испанияның Ллоред де Мар қаласында өткен би және музыка халықаралық фестивалінде Гран-при жүлдесінің иегерлері атанды. Арнайы сыйлықтармен ең үздік вокалдық жұмысы үшін Нури Ким және көрермендер көзайымы сыйлығымен Костя Данилов марапатталды.

«Іскер» хоры 1984 жылы құрылған. Оған 8 жастан 24 жасқа дейінгі балалар қатысады. Репертуарларында қазақ, орыс, батысеуропалық композиторлардың классикалық шығармалары, джаздық, сонымен қатар фольклорлық және бүгінгі заман музыкалары бар. Хор, әсіресе қазақтың халық музыкасын насихаттап келеді. 1997 жылдан бері «Іскер» Ресейдің «Юность планеты» деп аталатын халықаралық ұйымның мүшесі. Ал, 1999 жылдан Германияның «Интеркультур» және «Музыка Мюнди» халықаралық ұйымының мүшесі болып табылады.

1 жыл бұрын (2010) Алматыда 2012 жылы Қазақстанда алғаш рет өтетін Арнайы Олимпияда ойындарына дайындалу басталды. 2012 жылы Қазақстанда алғаш рет Қазақстан Республикасы Үкіметінің қолдауымен ашық қысқы Арнайы Еуразия олимпиадасы өтеді.

Астанада ақпанның 22-28 күндері жарыстар келесі спорттың түрлері бойынша өтеді: коньки, шаңғы, мәнерлеп сырғану, көрнекті - флорпол (доппен хоккей ойнау). Кестеде, бұдан басқа спорт жанындағы бағдарламалар ескерілген - «Күшті атлеттер», «Отбасылық бағдарлама», «Олимпиядалық қалашық». Кең көлемді мәдени бағдарлама жоспарланған. Шара аясында «Зияткерлік мүмкіндіктері шектеулі адамдарға қоғамның қарым-қатынасын өзгерту туралы» халықаралық форум өтеді.

Шараның мақсаты - жаңа спорт түрлерін дамыту, спорт арқылы зерделі қабілеттіліктері шектелген балалар мен ересектерді әлеуметтендіру, және қоғамның оларға деген қарым-қатынасын өзгерту, халықаралық бiрлестiктерде Қазақстанның мәртебесiн нығайту.

1 жыл бұрын (2010) Австрия астанасында ЕҚЫҰ Тұрақты кеңесінің инаугурациялық мәжілісінде Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың мәжіліске қатысушыларға үндеуі жария етілді.

Қазақстандық төрағалықтың ұраны төрт «Т» - «траст» (сенім), «традишин» (дәстүр), «транспаренси» (транспаренттік) және «толеранс» (төзімділік) болады.

Біріншісі бір-бірімізге деген бізге аса қажетті сенімді білдіреді.

Екіншісі ЕҚЫҰ-ның негізгі қағидаттары мен құндылықтарынан тұрады.

Үшіншісі - халықаралық қарым-қатынастарда «қосарланған стандарт» пен «жіктеу шектерінен» азат, барынша ашықтық пен транспаренттік. Қауіпсіздікке төнетін қауіп пен қатерлерді еңсеруде сындарлы ынтымақтастыққа ұмтылу.

Ал, төртіншісі - бүгінгі әлемде барған сайын маңызы артып отырған мәдениеттер және өркениеттер арасындағы диалогты нығайту жөніндегі жаһандық трендтің көрініс табуы.

ЕСІМДЕР

85 жыл бұрын (1926-2001) домбырашы, сазгер, термеші, халық композиторы Қазанғаптың күйшілік дәстүрін жалғастырушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері БАСЫҒАРАЕВ Бақыт Шаңбатырұлы дүниеге келді.

Қызылорда облысының Арал ауданында туған. Гурьев политехникалық техникумын бітіріп, ұзақ жылдар бойы Бұхара-Орал газ құбырында еңбек еткен. 13 жасынан домбыра тартып, Қазанғаптың шәкірті Қадіралы Ержановтан күйлер үйреніп, күйлердің ойнау тәсілін ойдағыдай меңгерген. Ол Құрманғазының, Дәулеткерейдің, Қазанғаптың, Динаның, Тәттімбеттің, Сүгірдің және басқа да күйшілердің 100-ден астам күйлерін, Әлиманың әнін, Батақтың Сарысының әндерін, Нұртуғанның термелерін, Сыр бойының мақамдарын орындаған. 80-ші жылдары Құрманғазы атындағы консерваторияда домбырадан дәріс оқып, кейінірек, Ахмет Жұбанов атындағы Ақтөбе музыка колледжінде домбыра сабағын жүргізді. Оның «Толқында», «Аманғосым, аман бол!» атты күйлері бар. Басығараевтың орындауындағы Қазанғаптың 16-ы күйі жазылған күйтабақ 1987 жылы Ташкентте жарық көрді.

«Еңбектегі ерлігі үшін» медалімен марапатталып, «Түркістан және ұлы дала музыкасы» атты халықаралық фестивальдың бас жүлдесін алған.

50 жыл бұрын (1956-1996) жазушы СЫЗДЫҚ Мұрат дүниеге келді.

Алматы қаласында туған. Қазақ мемлекеттік университетін, Алматы Жоғары партия мектебін бітірген. Ол түрлі газет-журналдарда жауапты қызметтер атқарған. 1994-1995 жылдары Қазақстан Республикасы Ақпарат министрлігі Баспа ісі жөніндегі басқармасының бастығы болған.

«Күміс сақал арыстан», «Әйбат бала», «Күн шығып келеді», «Жылдың соңғы айы» атты кітаптары бар.

40 жыл бұрын (1971) Павлодар облысы ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы ҚАСЕНОВ Бауыржан Қазыбекұлы дүниеге келді.

Павлодар облысы Краснокутск ауданында туған.

Ақмола ауылшаруашылығы институтын (Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті) Томск мемлекеттік университетін бітірген.

1994-1995 жылдары - Павлодар облысы Краснокутск ауданы Карл Маркс атындағы кеңшарының агрономы. 1995-1996 жылдары - Павлодар облысы Ақтоғай ауданы мемлекеттік асыл тұқымды шаруашылығының бас агрономы. 1999-2008 жылдары - Павлодар облысы Ақтоғай ауданы «Астық» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры. 2008-2009 жылдары - Павлодар облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы бастығының міндетін атқарушысы қызметтерін атқарған.

2009 жылдан - қазіргі қызметінде.

ҚАҢТАРДЫҢ 15-І, СЕНБІ

Хорватияны халықаралық мойындау күні. 1992 жылдың қаңтардың 15-інде Хорватия Республикасын Еуропалық одақтың 12 елі халықаралық түрде мойындады. Дәл осы күні оған Австрия, Болгария, Канада, Венгрия, Мальта, Польша және Швейцария қосылды. 1992 жылы қаңтардың аяғына дейін тағы да жеті мемлекет: Финляндия, Румыния, Албания, Босния мен Герцеговина, Бразилия, Парагвай және Боливия мақұлдады. Хорватияны азиялық елдер ішінде бірінші болып Иран мақұлдады, ал африкалық елдерде Мысыр. 1992 жылы мамырдың 22-інде Хорватия БҰҰ-на қабылданды, және сол кезде Ресеймен, Жапониямен, АҚШ, Израильмен және Қытаймен мойындалған. Хорватияда 48 елшілік, әртүрлi халықаралық ұйымдарда алты тұрақты миссиялары, 23 елшіліктері бар және әлемнің 120 елімен дипломатиялық қарым-қатынас орнатылған.

ОҚИҒАЛАР

73 жыл бұрын (1938) Павлодар облысы құрылды.

Павлодар облысы 1938 жылғы қаңтардың 15-інде КСРО Жоғарғы Кеңесінің 1-ші сессиясы Қазақстанның үш облысын бөлу туралы КСРО Заңын және Бүкілодақтық Коммунистік (большевиктер) Орталық Комитетінің Қаулы жобасын бекітілді. Шығыс Қазақстан облысынан Павлодар облысы бөліп алынды, оның құрамына он аудан кірді.

Облыстың аумағында Баянауыл орналасқан - ол Павлодарлық Ертіс жағалауының маржаны, Қазақстан Республикасының ең әдемі жерлерінің бірі.

3 жыл бұрын (2008) Павлодарлық «Ромат» полимерлік дәрігерлік бұйымдарды өндіретін фармацевтикалық фирмасы заманауи жабдықтармен жарақталған бір рет қолданатын үш компоненті шприцті шығаратын желі іске қосылды. Жаңа техника кәсіпорынға халықаралық стандарттарға сай жасалған жаңа нұсқаны өндіруге және ескірген екі компоненті шприцтердің шығуын тоқтатуға мүмкіндік береді. Желіні Ресейдің және Ұлыбританияның мамандары жасап шығарған, оның қуаты - жылына 100 млн. шприц.

3 жыл бұрын (2008) М.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстандық филиалы мен софтерлік SMART-EX компаниясы Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Меморандум бірқатар бағыттар бойынша перспективалы өзара ынтымақтастық үшін құқықтық негіз болып отыр. Атап айтқанда, мұндай ынтымақтастық болашақ программистерді кәсіби білімді тереңірек игеруге ынталандырады.

3 жыл бұрын (2008) Қазақстан Үкіметінің отырысында жарғылық капиталына мемлекеттің жүз пайыздық қатысуымен академик Өмірзақ Сұлтанғазин атындағы «Ғарыштық зерттеулер және технологиялардың ұлттық орталығы» акционерлік қоғамын құру туралы шешім қабылданды.

«Бұл қазақстандық космонавтика тарихындағы айтулы оқиға, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігінің қалыптасуындағы жаңа қадам», деп түсіндірме берді бұл фактіге «Қазғарыш» басшысы Талғат Мұсабаев. Еліміздің ғарыш агенттігі басшысының айтуынша, «Астрофизикалық зерттеулер орталығы» РМК мен оның еншілес мемлекеттік кәсіпорындарын (ионосфера институты, ғарыштық зерттеулер институты, астрофизикалық институты) біріктіру және оны академик Өмірзақ Сұлтанғазин атындағы «Ғарыштық зерттеулер және технологиялар ұлттық орталығы» акционерлік қоғамы етіп қайта құру мәселесін ғарыш агенттігі салада қамтылған ғалымдардың күштерін біріктіру мақсатында көтеріп отыр. Енді Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігінің құрамына төрт акционерлік қоғам: «Бәйтерек» Бірлескен қазақстан-ресей кәсіпорны» АҚ, «Қазақстан ғарыш сапары» ҰК» АҚ, «Ғарыш байланыстары және электрондық құралдар республикалық орталығы» АҚ, «Ғарыштық зерттеулер және технологиялар ұлттық орталығы» АҚ кіреді. Ғарыштық зерттеулер және технологиялар ұлттық орталығының негізгі қызметі ғарыштық зерттеулер мен технологиялар саласындағы ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-конструкторлық және өндірістік-шаруашылық жұмыстары болып табылады.

3 жыл бұрын (2008) Мемлекет басшысы Н.Назарбаев «Бурабай» арнайы экономикалық аймағын құру туралы Жарлыққа қол қойды. Оның мақсаты Щучье-Бурабай курорттық аймағын дамыту.

1 жыл бұрын (2010) Қарағанды «Болашақ» университетінде Құқықтық және салыстырмалы зерттеулер институты ашылды.

Институт 2009 жылдың қыркүйегінде құрылды.

Құқықтық және салыстырмалы зерттеулер институты мынадай мәселелерді шешеді. Заң жобаларына, оның ішінде ведомстволық нормативтік актілер мен басқарушылық шешімдерге сараптама жасау. Заманауи кезеңдегі қылмыспен күрес стратегиясы мен тәсілдерін ғылыми негіздеу, қылмыс жасауға тікелей және жанама түрде жағдай туғызатын алғышарттарды анықтау. Қолданыстағы заңнама нормаларын жетілдіру бойынша ғылыми-зерттеулер жүргізу және осы негізде қолданыстағы заңнамаға балама заң жобасын немесе өзгертулерді дайындау. Құқық қорғау органдарының қылмыспен күресудегі практикалық қызметін зерттеп білу және олардың жұмысындағы оң тәжірибелерді тарату. Олардың қылмыспен күрес бағытында басқа мемлекеттік органдармен, қоғамдық ұйымдармен бірлесе әрекет ету формалары мен тәсілдерінің негізгі бағыттарын ғылыми негіздеу. Қылмыспен күрес саласында әлеуметтік зертеулер жүргізу.

1 жыл бұрын (2010) Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада ақын, журналист Сайлау Байбосынның «Ерейментау» атты кітабының таныстырылымы болды.

Ереймен өңірі қилы-қилы тарихымен, қарыс сүйем жері үшін қаһармандықпен күрескен қанжығалы Бөгенбай, Жантай, Бозан батырлардың, Бөгенбайдан тарайтын Бапан, Саққұлақ билер, сондай-ақ Үмбетей жырау сияқты халқына қорған болған ұлы тұлғалар дүниеге келген мекен. Кең-байтақ қазақ даласының қасиетті бір пұшпағы саналатын осынау өңірдің арғы-бергі тарихы хатталып, ел ауызында айтылатын аңыз-әңгімелер сараланған, айтулы оқиғалар мен шежірелік жылнамалар жүйеленген, тарихи танымал тұлғалар жайында сыр шертетін кітаптың оқырманға берері аз емес.

«Фолиант» баспасының «Менің Отаным - Қазақстан» сериясымен жарық көрген кітаптың тұсаукесер рәсіміне ақын- жазушылар, мәдениет және өнер қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері қатысты.

1 жыл бұрын (2010) Қазақстанда «Хабар» телеарнасында қазақ және орыс тіліндегі «Семья» - «Отбасы» атты жаңа телевизиялық жоба іске қосылды. Жоба балалардың құқығын қорғауға, отбасы мәселелеріне, отбасыдағы қарым-қатынасқа, отбасы институтарын және отбасылық дәстүрлерді сақтап қалуға арналған. Әрбір хабарда мынандай өзекті сұрақтар көтеріледі - балалар нашақорлығы және қылмысы, мүмкіндігі шектеулі балалар мен жетімдердің құқықтарын қорғау, көп балалы, тұрмысы төмен және толық емес отбасылардың мәселелері қаралады.

ЕСІМДЕР

100 жыл бұрын (1911-1990) қоғам және мемлекет қайраткері АРТЫҒАЛИЕВ Шолақ дүниеге келді.

Батыс Қазақстан облысында туған. Орал халықтық білім беру институтын, Бүкілодақтық Коммунистер партиясы Орталық Комитеті жанындағы Жоғары партия мектебін бітірген. 1931-1938 жылдары - кеңшар комсомол комитетінің хатшысы, Батыс Қазақстан облыстық партия комитетінің бөлім меңгерушісі, Ақтөбе облыстық партия комитетінің бөлім меңгерушісі, Орал қалалық партия комитеті хатшысының орынбасары, Орда аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы, Батыс Қазақстан облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы. 1938-1940 жылдары - Батыс Қазақстан облыстық партия комитетінің бөлім меңгерушісінің орынбасары, нұсқаушысы. 1940-1942 жылдары - Жәнібек аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы. 1942-1943 жылдары - Батыс Қазақстан облыстық партия комитетінің кадрлар жөніндегі хатшысы. 1943-1945 жылдары - Бүкілодақтық Коммунистер партиясы Орталық Комитеті жанындағы Жоғары партия мектебінің тыңдааушысы. 1945-1950 жылдары - Талдықорған облыстық партия комитетінің екінші хатшысы. 1950-1952 жылдары - Жамбыл облыстық партия комитетінің бірінші. 1952-1958 жылдары - Қазақ КСР Кәсіподақтары Кеңесінің хатшысы. 1958-1962 жылдары - Қазақ КСР Кәсіподақтары кеңесі Алматы облысы бойынша ұйымдастыру бюросының төрағасы. 1962-1964 жылдары - Алматы облыстық өнеркәсібі кәсіподақтары кеңесінің төрағасы. 1964-1971 годы - Алматы облыстық кәсіподақтары кеңесінің төрағасы қызметтерін атқарған. 1971 жылы зейнеткерлікке шыққан. 1971-1975 жылдары - Алматы тұтыну одағы төрағасының кадрлар жөніндегі орынбасары болды. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің 2-4 шақырылымының депутаты.

Еңбектегі Қызыл Ту орденімен үш мәрте, «Қызыл Жұлдыз», «Құрмет белгісі» ордендерімен және көптеген медальдармен марапатталған.

70 жыл бұрын (1941) Қазақ ұлттық медицина академиясы кафедрасының меңгерушісі, медицина ғылымының докторы, профессор, ҰҒА-ның академигі, ҚР Медицина ғылымы академиясының академигі, ҚР Халықаралық жоғары ғылым мектебі академиясының академигі, Нью-Йорк Ғылым академиясының академигі, Халықаралық оториноларингология академиясының академигі, КСРО, Қазақ КСР-і денсаулық сақтау ісінің үздігі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, академик Н.П.Симановский атындағы сыйлықтың лауреаты ТӨЛЕБАЕВ Райс Қажкенұлы дүниеге келді.

Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданында туған. Семей медицина институтын, Алматы мемлекеттік медицина институтының аспирантурасын бітірген. 1970-1975 жылдары - Қазақ аймақтық потология ғылыми-зерттеу институтының кіші, аға ғылыми қызметкері. 1975-1977 жылдары - Қазақ КСР Денсаулық сақтау министрлігі ғылым бөлімінің меңгерушісі. 1977-1982 жылдары - Қазақ аймақтық потология ғылыми-зерттеу институтының бөлім бастығы. 1982-1987 жылдары Қазақ КСР Денсаулық сақтау министрлігінің бас маманы. 1987-1991 жылдары - Қазақ гигиена және кәсіби аурулар ғылыми зерттеу институтының Өскемен филиалының басшысы. 1991-1992 жылдары - «КРАМДС-Денсаулық» ЖШС-інің директоры, «Крамдс» корпорациясының менеджері. 1992-1993 жылдары - ҚР Министрлер Кабинеті жанындағы Жоғары аттестациялық комиссия бөлімінің меңгерушісі. 1993-1997 жылдары - Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының ректоры. 1997-2001 жылдары - Қазақ мемлекеттік медицина академиясының ректоры қызметтерін атқарған. Қазіргі қызметінде 1997 жылдан істейді. Докторлық және кандидаттық диссертация қорғау жөніндегі кеңесінің мүшесі. «Оториноларингология - Бас, Мойын хирургиясы» журналының бас редакторы, сонымен қатар «Оториноларингология жаршысы» журналдарының, «Ресейлік ринология», «Ресейлік оториноларингология» баспаханаларының редакциялык кеңестерінің мүшесі, республикалық «Қазақстанның медициналық журналы», «Университет жаршысы», Экология және денсаулық», «Морфология жэне дэлелдемелі медицина» журналдарының редакциялық алқаларының мүшесі. Республикалық оториноларингологтар ассоциациясының Президенті.

450 астам ғылыми еңбектің, 16 монографиянын, мемлекеттік тілдегі екі оқу кұралының, 26 әдістемелік ұсыныстар мен оқу-әдістемелік құралдардың авторы, ол оннан астам өнертабыстың авторлык куәлігі мен патентіне ие болған. Оның жетекшілігімен 14 докторлық және 37 кандидаттық диссертация қорғалған. Ол бес халықаралық академиялардың академигі, Қ.А.Иассауи атындағы Халықаралық Қазақ-Тұрік университетінің, Семей және Қарағанды мемлекетгік университеттерінің кұрметті профессоры. Райс Қажкенұлының есімі Кембридж университетінің Халықаралық өмірбаяндар орталығының «XXI ғасырдың атақты ғалымдары» кітабына енгізілген. «Жоғарғы тыныс алу жолдары мен есту мүшелерінің патологиясы» , «Фосфорлық уыттану кезіндегі тыныс алу жолдары мен есту мүшелерінің патологиясы», «Қорғасынмен созылмалы уыттану» (1996), медициналык колледждер мен жоғарғы оқу орындарына арналған мемлекеттік тілдегі «Құлақ, мұрын, тамақ аурулары оқу құралы, Оториноларингология мен пульмонологиядағы дэрілік өсімдіктер», Тыныс алу трактының қабыну-дистрофиялык езгерістерін диагностикалау», «Дені сау жастар - күшті әскер кепілі», «Тыныс алу патологиясының курорттық терапиясы», «Жедел және созылмалы синуситтер», «Амбулаториялық жағдайдағы синуситтерді диагностикалау, алдын алу және емдеу», «Мұрын қуысы және оның қосалқы қуыстарының аурулары», Тыныс жолдары мен есту мүшелерінің ауруларын жіктеу жөніндегі анықтамалық, «Оториноларингология терминдерінің түсіндірме сөздігі», жоғарғы медициналық оқу орындарына арналған қазақ тіліндегі «Оториноларингология дәрістері» оқулығы, тағы басқа еңбектері жарық көрген

Көптеген медальдармен марапатталған.

60 жыл бұрын (1951) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық қызметке ақы төлеу комитетінің төрағасы ЕРМЕКБАЕВ Қанат Қартайұлы дүниеге келді.

Жезқазған облысында (қазіргі Қарағанды облысы) туған. Қарағанды мемлекеттік медицина университетін, Евней Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген. Медицина ғылымдарының кандидаты.

1974-1976 жылдары - Қарағанды облыстық клиникалық ауруханасының интерн-дәрігері, Қарағанды қалалық № 2 емханасының және №4 қалалық ауруханасының хирург-дәрігері, 1978-1981 жылдары - Қарағанды қалалық №2 емханасының хирург-дәрігері және № 3 қалалық ауруханасының травматолог- дәрігері болған. 1976-1978 жылдары КСРО қарулы күштерінде қызмет еткен. 1981-1999 жылдары - Қарағанды мемлекеттік медицина институтының травматология кафедрасының зертханашы дәрігері, Қарағанды қаласы Каруголь ауылындағы Медициналық санитариялық бөлімінің травматология бөлімшесінің меңгерушісі, басдәрігерінің орынбасары және облыстық клиникалық ауруханасының басдәрігері. 1999-2006 жылдары - Қарағанды облысы Денсаулық сақтау департаментінің директоры. 2008-2010 жылдары - Үкімет және Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің жанындағы Ұлттық талдау орталығы жобасының менеджері, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Стратегиялық даму департаментінің директоры, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық қызмет көрсету саласындағы бақылау комитеті төрайымының орынбасары қызметтерін атқарған. 2010 жылдың сәуірінен Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық қызметке ақы төлеу комитетінің төрағасы қызметін атқарады.

50 жыл бұрын (1961) «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы бухгалтерлік есеп департаментінің директоры БИМАХИМОВА Раушан Сембекқызы дүниеге келді.

Талдықорған облысы Талдықорған ауданында (қазіргі Алматы облысы Ескелді ауданы) туған. Евней Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген.

1983-1985 жылдары - Талдықорған авиаотрядының аға қаржыгері. 1985-1986 жылдары - «Сельхозхимия» өндірістік бірлестігінің аға экономисі-қаржыгері. 1986-1991 жылдары - Талдықорған агроөндірістік комитетінің есепке алу жөніндегі жетекші маманы. 1991-1994 жылдары - «Агротехсервис» ЖШС-нің бас есепшісі. 1994-1999 жылдары -«ПромсервисХолдингі» Корпорациясының бас есепшісі. 1999-2003 жылдары - «Балдырған» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас есепшісі. 2003-2004 жылдары - «Каспиан Сервисез Групп Лимитед Алматы» филиалының салық жөніндегі есепшісі. 2004-2005 жылдары - «ҚазТрансИнвест» акционерлік қоғамының бас есепшісі. 2005-2006 жылдары - «Сәт Жол компаниясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас есепшісі.

2006-2008 жылдары - «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы бухгалтерлік есеп басқармасының бастығы қызметтерін атқарған.

2008 жылдан бастап - қазіргі қызметінде.

35 жыл бұрын (1976) «Кто есть кто в Казахстане» ақпараттық-баспалық жобасының жетекшісі, Қазақстан өмірбаяндық энциклопедиясының бас редакторы, Қазақстан Республикасы Журналистер Одағы сыйлығының лауреаты ӘШІМБАЕВ Данияр Рахманұлы дүниеге келді.

Алматы қаласында туған. «Тұран» университетін бітірген.

1990-1993 жылдары - Қазақстан Республикасы Ғылым Академиясы Орталық ғылыми кітапханасының кітапханашысы. 1993-2000 жылдары - «Тұран-Азия» Холдинг-орталығының менеджері, бөлім басшысының орынбасары, қаражаттық директоры, вице-президенті. 2000-2004 жылдары - «Репутация» коммуникативтік технологиялар орталығының бас редакторы қызметтерін атқарған. 1994 жылдың маусымынан - қазіргі қызметінде.

«Кто есть кто в Казахстане», «Казахстан 90-х. Правительство Кажегельдина: приватизация, коррупция и борьба за власть», «Выборы-2004 в Казахстане: шаг за шагом», «Социально-политические портреты государств Центральной Азии» кітаптарының авторы.

ҚАҢТАРДЫҢ 16-Ы, ЖЕКСЕНБІ

Діндердің Бүкіләлемдік күні. БҰҰ-ның бастамасымен 1950 жылдан бастап, қаңтардың үшінші жексенбісінде атап өтіледі.

АҚШ-та дiни сенімнің бостандық күнi. Қаңтардың 16-сын Құрама Штаттарда дiни сенімнің бостандық күнi деп жариялай отырып, бұрынғы Президент Буш діни сенімге және сол сенімді өз сөздерімен істерінде білдіру құқығы ол «әрбір адамға берілген құқық» деп атап өтті.

Тайландта мұғалім күні. 1956 жылы премьер-министр Филд Маршал Пибулсонкрам бiлiм саласы қызметкерлерiнiң кәсiби мерекесiн - мұғалiм күнін бекітті.

ОҚИҒАЛАР

5 жыл бұрын (2006) Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің ғалымдары адам жасушасымен және ұлпалардағы әр түрлі заттарды зерттейтін ерекше аппараты-программалық кешенді жасап шығарды. Аталмыш автоматты кешен медициналық диагностиканың сапасын жоғарлатады және жылдамдығын бірнеше дүркін үлкейтеді.

Диагностикалық кешеннің ерекшелігінің бірі қазақстандық ғалымдар құрастырып шығарған арнайы аппаратты құрал және математикалық әдіс болып табылады. Олар бұрын биік және аса жоғары энергиялары бар тәжірибелерден, сонымен бірге жасуша мен ұлпалардың әр түрлі заттарын анықтауға мүмкіндік беретін ғарыштық технологиялар қолданылады. Алынған ақпаратты нақты бір ауру үшін цитофотометрия және морфометриялық талдауды қолдану.

3 жыл бұрын (2008) Алматыдағы Қазақстан Республикасының Ғылым академиясы ғимаратының алдында ғұлама ғалым, академик Әлкей Марғұланға ескерткіштің ашылу салтанаты болды.

Әлкей Марғұлан - біртуар, қайталанбас тұлға. Әсіресе, ол еліміздің тарихына, көне дәуірді зерттеу мен этнографияны дамытуға қосқан үлесі ұшан-теңіз. Бүгінгі таңда, ғалымның ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып жатқан өсиеті мен өшпес ғылыми еңбектері Елбасымыз Н.Назарбаевтың өзі тікелей қолдаған «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы аясында кеңінен зерттелу үстінде». Сондай-ақ ескерткіштің ашылу салтанатында ғалымның қызы Дәмелі Әлкейқызы бүгінгі ескерткіштің ашылуына мұрындық болған Алматы қаласының әкіміне алғысын білдірді. Шараға ғұлама ғалымның әріптестері Салық Зиманов, Карл Байпақов сынды танымал зиялы қауым өкілдері қатысып, естеліктер айтты.

1 жыл бұрын (2010) Белгілі айтыскер ақын, марқұм Оразалы Досбосынов туралы «Айтыстың көркемдік әлемі (О.Досбосынов шығармалары негізінде)» атты зерттеу кітап жарық көрді.

Аталған зерттеу еңбек қазіргі кезеңде кемеліне келген әдеби тіліміздің ілгері басып, дамуына ақындық үлесін қосқан О.Досбосыновтың шығармашылығына арналған. Кітапта Оразалының айтыстарындағы троптың түрлері мен көркемдік тәсілдердің ерекшеліктері арнайы қарастырылып, бұрынғы ақындар Біржан мен Сара, ұлы Абай өлеңдері, түркі жазба ескерткіштерінің көркемдік сипаттарымен салыстырылып қарастырылған.

Кітап «Кие» лингвоелтану инновациялық орталығының баспасында 1000 дана таралыммен жарыққа шыққан. Кітаптың авторы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың филология факультетінің қазақ әдебиеті кафедрасының ізденушісі Әйгерім Әлімжанова.

ЕСІМДЕР

45 жыл бұрын (1966) «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ басқарма төрағасының кеңесшісі ҚАНЕШЕВ Біржан Бисекенұлы дүниеге келді.

Саратов облысында туған. Саратов политехникалық институтын, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы ұлттық жоғары мемлекеттік басқару мектебін, АҚШ-тағы Массачусетс технологиялық университеті А.Слоун атындағы менеджмент мектебін бітірген.

1990-1994 жылдары - Саратов облыстық автокөлік пайдалану кәсіпорнының есепшісі, кәсіпорын директорының орынбасары. 1994-1997 жылдары - Орал қалалық әкімшілігінің бөлім меңгерушісі, Батыс Қазақстан облыстық әкімшілігі өнеркәсіп және қаржы бөлімі меңгерушісінің орынбасары, «Бөбек» балалар қорының Батыс Қазақстан өкілдігінің атқарушы директоры. 1997-1999 жылдары - Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау агенттігінің бас маманы, бөлім бастығы, стратегиялық жоспарлау жөніндегі департамент басқармасының бастығы, Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігі стратегиялық жоспарлау және бақылау департаменті директорының орынбасары. 1999-2001 жылдары - Қазақстан Республикасы көлік және коммуникация вице-министрі,Қазақстан Республикасы көлік және коммуникация министрлігі байланыс және ақпарат жөніндегі комитеттің төрағасы. 2001-2003 жылдары - Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесі хатшылығының меңгерушісі, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі. 2003-2004 жылдары Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттік төрағасы. 2007-2008 жылдары - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі халықаралық ақпараттандыру комитетіннің төрағасы. «Самұрық» мемлекеттік активтерін басқару жөніндегі Қазақстан холдингі» АҚ атқарушы директоры.2008-2009 жылдары - Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарған. 2009 жылдан - қазіргі қызметінде.

«Құрмет» орденімен, «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл» мерейтойлық медалімен, «100 летия железнодорожного транспорта» медалімен марапатталған.

Соңғы жаңалықтар