ҚазАқпарат-Анонс: 2011 жылғы 17 қаңтар мен 23 қаңтар аралығындағы оқиғалардың күнтізбесі

ҮКІМЕТ
17 қаңтарда Министрлер үйінде Үкімет басшысы Кәрім Мәсімовтің қатысуымен Әділет министрлігінің кеңейтілген отырысы өтеді.
19 қаңтарда сағат 10.00-де Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.Қ.Мәсімовтің қатысуымен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісі өтеді. ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ ӘЛЕМ
Польшадағы «Еуро-2012» футболдан Еуропа чемпионатына дайындықты жүзеге асырып жатқан жергілікті ұйымдастыру комитеті жанкүйерлер арасында «Біздің құрама үшін жанкүйер бол - біз тарихты бірге жасаймыз» байқауын жариялады. Оның жеңімпаздары «Еуро-2012 достары» атанады. 2011 жылдың 31 желтоқсанына дейін созылатын байқауға 16 жасқа толған адамдар қатыса алады.
2011 жылдың 1 қаңтарынан бастапКеден одағында транзит декларациясы мен тауарлар декларациясының жаңа формасы енгізілді.
СПОРТ
5 қаңтар мен 26 қаңтар аралығында Түркияда Өскемен қаласының «Шығыс» командасы қатысатын шетелдік оқу-жаттығулары өтеді.
12 қаңтар мен 30 қаңтар аралығында еліміздің барлық өңірінде Азия ойындарының алау эстафетасы өтуде.
15-23 қаңтарда Санкт-Петерборда футболдан Достастық кубогы өтеді. Онда еліміздің намысын «Тобыл» клубы қорғайтын болады.
17 қаңтарда Мельбурк-Парк кортында басталатын «Australian Open» турниріне қазақстандық үш теннисші - Андрей Голубев, Михаил Кукушкин және Евгений Королев - қатысады.
30 қаңтар күні Астанадағы «Астана-Арена» стадионында Азиада ойныдарының ашылу салтанаты кезінде шарықтау алау эстафетасы өз мәресіне жетеді.
14-27 қаңтар күндері Испанияның Кальп қаласында «Астана» велокомандасының қатысуымен жаттығу жиындары өтуде.
ҚОҒАМ
17 қаңтардан бастап Ұлттық банк, Қазақстанда өтетін VII қысқы Азиялық ойындарға арнап, 2 000 теңге номиналды ескерткіш банкноттарды айналымға шығарғалы отыр.
АСТАНА
17 қаңтарда Министрлер үйінде Үкімет басшысы Кәрім Мәсімовтің қатысуымен Әділет министрлігінің кеңейтілген отырысы өтеді.
17 қаңтарда «Rixos President» отелінде «Жетінші каналды» дамытудың жаңа стратегиясының таныстырылымы болады.
АЛМАТЫ
17 қаңтардан бастап, Алматы қаласы Әуезов ауданының әкімі Бекқали Торғаевтың 7 есептік кездесуі өтеді.
Алматыда 14-20 қаңтар аралығында ҚР Ғылым және білім министрлігінің және Алматы қаласы әкімінің қолдауымен Математика, физика және информатика пәндерінен VІІ халықаралық Жәутіков олимпиадасы өтеді.
АЙМАҚТАР
АТЫРАУ
17 қаңтарда 7-қысқы Азия ойындарының Алауы Атырауға жетеді.
АҚТӨБЕ
10-20 қаңтар аралығында Ақтөбенің селолық округтерінің әкімдері есеп беру кездесулерін өткізеді.
ОРАЛ
18 қаңтарда еліміздің батыс қақпасы - Орал қаласында қысқы Азия ойындарының алауын салтанатпен алып жүру рәсімі өткізілмек.
ЕЛЕУЛІ ОҚИҒАЛАР. АТАУЛЫ КҮНДЕР. ЕСІМДЕР.
ҚАҢТАРДЫҢ 17-І, ДҮЙСЕНБІ
ОҚИҒАЛАР
5 жыл бұрын (2006) Қазақстан Республикасы Парламентінің 10-жылдық мерейтойына арналған пошта маркаларын «Қазпошта» АҚ айналымға шығарды. Пошта маркасында Парламенттің 10-жылдық мерейтойының ресми символикасы Қазақстанның туын бейнелейтін көгілдір түсте бейнеленген. Маркалардың номиналы - 50 теңге, тиражы - 50 мың дана. Суретшісі - Данияр Мұхамеджанов. Пошта маркасы Бейжің пошта төлемдер белгілері фабрикасында (ҚХР) шығарылды.
3 жыл бұрын (2008) «Отан сақшысы-Часовой родины» газетінің және «Шекара» журналының редакторы Нұрлан Сағымбаев Ресей федералдық қауіпсіздік қызметінің «Шекараның алтын қауырсыны» сыйлығының лауреаты атанды.
Ресейдің федералдық қауіпсіздік қызметінің (ФҚҚ) бұл сыйлығы шекарашы-офицерлер мен шығармашылық интеллигенция өкілдеріне әскери-патриоттық тәрбие мен Ресей федералдық шекара қызметінің жұмысын насихаттауға қосқан үлесі үшін беріледі.
Ресей ФҚҚ дипломы, кеуде белгісі мен «Шекараның алтын қауырсыны» лауреаты атағымен марапатталған ҚР ҰҚК Шекара қызметінің «Отан сақшысы-Часовой родины» газеті мен «Шекара» журналының бас редакторы, подполковник Нұрлан Сағымбаев.
1 жыл бұрын (2010) Астанада Мәскеу және бүкіл Русь Патриархы Кирилл жаңадан салынған Успен кафедралдық соборын дәріптеу рәсімін өткізді.
Успен кафедралдық соборы Астанада Қасиетті Успения құдай-ананың құрметіне салынды. Бұл соңғы онжылдықтардағы Орталық Азияда салынған алғашқы кафедралдық храм. Успен соборының құрылысы 2005 жылдан бастап жүргізілді, оның көлемі 900 шаршыметр, күмбезінің ұшар басына дейінгі биіктігі 68 метр. Успен кафедралық соборы ғимаратының күмбезі 2009 жылғы тамыздың 25-інде орнатылды. Храмға бір мезгілде төрт мыңға дейін адам сияды.
1 жыл бұрын (2010) Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Орыс Православ шіркеуінің ең жоғары ордендерінің бірімен марапатталды. Орденді Мәскеу және бүкіл Русь Патриархы Кирилл тапсырды.
ЕСІМДЕР
70 жыл бұрын (1941-2004) ауыл шаруашылығы ғылымының докторы, профессор МЫРЗАБЕКОВ Сұлтан Шайымұлы дүниеге келді.
Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан қаласында туған. Алматы малдәрігерлік-зоотехникалық институтын(Қазақ ұлттық аграрлық университеті) бітірген. 160-тан астам ғылыми еңбектің авторы. 1967-1992 жылдары аталмыш институтта қызмет істеген. 1992-1996 жылдары Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінде, Білім министрлігінде, 1996 жылдан өмірінің соңына дейін Қазақтың ұлттық аграрлық университетінде ғылыми-педагогикалық қызметтер атқарған.
Негізгі ғылыми бағыты - генетика және мал өсіру, биотехнологияға арналған. Ол қазақтың етті-жүнді қойының және қазақтың оңтүстік мериносының мерке тұқымішілік түрін шығаруға қатысқан.
55 жыл бұрын (1956) Қазақстан Республикасы Ұлттық Кеңесінің мүшесі, Қарағанды қалалық мәслихатының хатшысы БЕКСҰЛТАНОВ Құдайберген Бексұлтанұлы дүниеге келді. Қарағанды облысы Нұра ауданында туған. Қарағанды облыстық Стол теннисі федерациясының президенті.
№139 кәсіптік техникалық мектебін бітірген. 1976-1988 жылдары - №139, №30 кәсіптік техникалық училищелердің мастері, Қарағанды дистанциясының оператордың көмекшісі. 1988-1999 жылдары - №26 кәсіптік техникалық училищесінің оқу-тәрбие жұмыстары жөніндегі директордың орынбасары, директоры.
1999-2003 жылдары - Қарағанды қалалық мәслихатының ІІ шақырылымының хатшысы. 2003-2007 жылдары - Қарағанды қалалық мәслихатының ІІІ шақырылымының хатшысы қызметтерін атқарған. 2002 жылдың 29 сәуірінде Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасы Ұлттық Кеңесінің Құрамына енгізілді. 2007 жылдан - Қарағанды қалалық мәслихатының IV шақырылымының хатшысы.
55 жыл бұрын (1956) Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының төрағасы СӘРСЕНБАЕВ Амангелді Өмірбайұлы дүниеге келді.
Солтүстік Қазақстан облысы Соколов ауданында (Қызылжар ауданы) туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бітірген. 1984-1988 жылдары - Қазақстан ЛКЖО Орталық Комитетінің, Совет аудандық партия комитетінің нұсқаушысы. 1988-1992 жылдары - Совет аудандық сотының судьясы. 1992-1996 жылдары - Алматы қалалық Әділет басқармасы бастығының орынбасары, бірінші орынбасары, бастығы. 1996-1997 жылдары - Көкшетау облыстық сотының төрағасы, Солтүстік Қазақстан облыстық сотының судьясы. 1997-2001 жылдары - ТМД Экономикалық сотының судьясы, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Сот қаулыларын орындау жөніндегі комитетінің төрағасы. 2001-2002 жылдары - Қазақстан Республикасы Жоғарғы соты жанындағы Сот әкімшілігі жөніндегі комитеті Атқару өндірісін ұйымдастыру департаментінің директоры. 2002-2006 жылдары - Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының судьясы қызметтерін атқарған. 2006 жылдан бастап - қазіргі қызметінде.
«Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне - 10 жыл», «Қазақстан Республикасына - 10 жыл» мерейтойлық медальдарымен марапатталған.
ҚАҢТАРДЫҢ 18-І, СЕЙСЕНБІ
Перуда Лиманың негiзделген аптасы. 1821 жылы Лима қаласы тәуелсіз Перудің астанасы болып жарияланды. Лимада осы күнге дейін сақталып қалған айбынды шiркеулер және испандық бекзадаларының салтанатты жекежайлары, вице-корольдің сарайы бар. 1991 жылы ЮНЕСКО Лиманы адам баласының мәдени мұрасы деп жариялады.
Тунисте төңкеріс күні. Тунистегі жыл сайын 18 қаңтарда атап өтетін төңкеріс күні Еске алу күні ретінде де танымал. 1881 жылдан Францияның отарында болып келген Тунисте 1956 жылы ұлттық қозғалыс болып, Франциядан тәуелсiздiк алған.
ОҚИҒАЛАР
5 жыл бұрын (2006) Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық театрында «Қазақтар» атты тарихи драманың премьерасы болды. Соңғы жылдары республикамызда қазақ тарихын оқуға назар салынып жүр, жаңа деректер, және көрнекті ғалым және әдебиетшілердің қызықты жарияланымдары табылып жатыр. Солардың қатарына Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, белгілі қаламгер Қалихан Ысқақтың «Қазақтар» атты роман-диалогы жатады. Жаңа спектакль осы шығарма бойынша қойылған. Спектакльде ұлт тарихының, сонымен қатар қазақ мемлекеті құрылуының өзекті мәселелері көтерілген.
Спектакльдің қоюшы-режиссері - Қазақстан Республикасының Халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Тұңғышбай әл-Тарази, ол Жәнібек хан рөлін сомдайды, композиторы - Әділ Бестібаев. Спектакльге қатысқандар Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген әртісі Айдос Бектемір (сұлтан Керей), Қазақстан Жастар одағы сыйлықтарының лауреаттары Ерлан Біләл (Мұхаммед Шайбани) және Асылбек Боранбай (Қасым төре), әртіс Бауыржан Қаптағай (Қойгелді батыр).
5 жыл бұрын (2006) батысқазақстандық қаламгер Аманкелді Шахиннің «Жайсаңдары-ай, Жайықтың!» атты жаңа кітабы жарық көрді.
Аманкелді Шахиннің әр жылдары «Мәңгі көктем» атты өлеңдер жинағы мен «Сол бір сүргін» деген публицистикалық кітабы оқырмандар назарына ұсынылған болатын. Оның жаңа жинағына өлеңдері мен балладалары, шағын әңгімелері, әнге жазылған мәтіндері топтастырылған. Туындыларының тілі шұрайлы, мазмұны қанық, тартымды оқылады. Шығармаларының кейіпкерлері де автордың өзімен етене жақын болғандықтан, оқиғалары да шынайы.
3 жыл бұрын (2008) Оралда Ғабдолла Тоқайдың Орал орталығының төрағасы, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Разақ Әбузаровтың редакциялауымен «Еуразиялық ойлауды қалыптастыру мәселелері» атты кітабы жарық көрді.
Бұл жинаққа 35 автор - ғалымдар, тарихшылар, өлкетанушылардың еңбектері топтастырылған. Бұл Ғ.Тоқайдың Орал орталығының Орал, Қазан жұртшылығымен, Еуразиялық кеңістік ғалымдарымен 12 жылдық жұмысының нәтижесі іспеттес. Еуразиялық идеяны жүзеге асыру Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтан бастау алғаны белгілі. Кітапта осы идея негізгі арқау болып тартылған. Қазақстан, Татарстан, Ресей Федерациясы, Қырғызстан ғалымдарының еңбектерінде еуразиялық ойлауды қалыптастыру, жаһандану жағдайында тілдің, ұлттық құндылықтардың жойылып кетпеуі, дінаралық келісім және басқа өзекті мәселелер кеңінен сөз болады.
3 жыл бұрын (2008) Алматы қалалық денсаулық сақтау департаментінің ресми сайтының тұсауы кесілді.
Алматы қаласы бойынша 2005-2010 жылдарға арналған денсаулық сақтау саласын дамыту және реформалау мемлекеттік бағдарламасы аясында жасалған сайт www.almatyzdrav.kz атауын иеленген. Сайт тұрғындардың медициналық қызмет туралы толыққанды ақпараттар алуына негізделген. Одан қаладағы медициналық мекемелер туралы ақпараттар алуға, негізгі нормативтік құжаттар, заңдар, тарихи ақпараттар, арнайы бюллетендер, фото, видео, аудио материалдар табуға болады. Сондай-ақ өтініш шағымдардың электронды формалары қарастырылған, интернет мәжілістер, сараптамалық талқылаулар өткізу жүйесі қарастырылған.
1 жыл бұрын (2010) Ресейде Қазақстан үшін пайдаланылған ядролық отынды сақтауға арналған бірінші қорап кешені дайындалды
Пайдаланылған ядролық отынды сақтауға арналған қорап кешендері атом-электр стансыларына арналған. УКХ-109 сериялы осындай алғашқы жабдық өткен жылдың қазан айында Ленинград атом-электр стансысына жөнелтілген болатын.
1 жыл бұрын (2010) Қарағанды облысындағы Жезқазған қалалық мәслихатының шешімімен қаланың екі - Маяковский және Горький көшелерінің атаулары өзгертілді.
Олар бұдан былай белгілі жерлестерінің - Ошақбай Асылбековтің және Камал Смаиловтың аттарымен аталады. Бұрынғы партия қайраткері Ошақбай Асылбеков кеңес дәуірінде Жезқазғанның қалыптасуына және дамуына үлес қосты. Ол «Жезқазғанның құрметті азаматы» атағын алған. Камал Смаилов Ұлытау ауданының тумасы - жазушы-публицист, кинотанушы, Қазақстан Республикасының еңбек сііңірген қызметкері, профессор.
ЕСІМДЕР
110 жыл бұрын (1896-1970) орыс ғалымы, филология ғылымының докторы ЗЕЛИНСКИЙ Корнелий Люцианович дүниеге келді.
Ресейдің Мәскеу қаласында туған. Мәскеу университетін бітірген. Ол Кеңес Одағы құрамындағы халықтардың әдебиеті және шетел әдебиеті туралы көптеген зерттеу еңбектерін жазған. Қазақ халқының ұлы ақыны Жамбыл Жабаев туралы монография жазып, оның шығармаларын әлем халықтарына танытуға елеулі үлес қосты.
Еңбек Қызыл Ту орденімен және медальдармен марапатталған.
55 жыл бұрын (1956) «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының басқарушы директоры - бас инженері ӘБДИЕВ Төлбай Қнатұлы дүниеге келді. Жамбыл облысы Мерке ауылында туған. Ташкент темір жол көлігі инженерлері институтын бітірген. 1977-1988 жылдары - Целиноград белгі беру және байланыс дистансасының өндірістік телім бастығы, бас инженері, аға электромеханигі, электромеханигі, Целиноград бөлімшесінің техникалық бөлім бастығы, бастығының орынбасары. 1988-1998 жылдары - Целина темір жолдары басқармасы техникалық бөлімінің бастығы, «Қазақстан темір жолы» РМК Ақмола тасымалдау бөлімшесінің бастығы, Ақмола темір жолдары бастығының бірінші орынбасары - бас инженері. 1998-2002 жылдары - «Қазақстан темір жолы» РМК бас директорының Энергетика, байланыс және информатика жөніндегі орынбасары, Қазақстан темір жолы» РМК бас инженерінің орынбасары, басқарма бастығы, Қазақстан темір жолы» ЖАҚ бас инженерінің орынбасары. 2002-2009 жылдары - «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ-ның атқарушы директоры, «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының филиалының бас менеджері, «Қамқор» жөндеу корпорациясы» ЖШС корпоративтік даму активтерін басқару департаменті директорының орынбасары, директоры, «Central Asia Protrans» ЖШС-нің директоры, «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ - «Магистральдық жүйелер дирекциясы» Өндіріс жөніндегі директордың орынбасары, «Қазақстан темір жолы» ҰК» акционерлік қоғамы бас инженерінің міндетін атқарушы, «Қазақстан темір жолы» ҰК» акционерлік қоғамының бас инженері, «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының басқарушы директоры - бас инженерінің міндетін атқарушысы қызметтерін атқарған.
2009 жылдан бастап - қазіргі қызметінде.
«Астана» медалімен, «Біртұтас Қазақ темір жолына 50 жыл», «Почетный железнодорожник» төс белгілерімен марапатталған.
ҚАҢТАРДЫҢ 19-Ы, СӘРСЕНБІ
ОҚИҒАЛАР
5 жыл бұрын (2006) Атырауда жаңа ұшып-қону жолағы қолданылуға берлді, оған «Боинг-757» ұшағы алғашқы рет ресми түрде қонды. Ұшып-қону жолақтың ұзындығы 3000метр, ал ені 45 метр және екі жағында шеткі асфальтанған қауіпсіздік жолақтарынан тұрады. Төсемнің қалыңдығы - 115 сантиметр. «Қазаэропроект» РМК қортындысы бойынша Атыраудағы жолақ Қазақстандағы ең мықты болып саналады, және әуе кемелерінің барлық түрлеріне қызмет көрсете алады.
1 жыл бұрын (2010) Астанадағы Президенттік Мәдениет орталығында жаңадан құрылған Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің қауымдастығы (ҚТӘМ) алғашқы басқосуын өткізіп, «Қазақ тілі мен әдебиетін оқытудың инновациялық технологиялары» тақырыбында семинар өткізді.
Жаңа қоғамдық құрылым Мемлекеттік тілді дамыту Президенттік қорының бастамасымен және қолдауымен құрылған. Оның жетекшісі филолог, орыс мектептеріндегі қазақ тілінің мұғалімі Айгүл Ахметқалиева.
Қауымдастықтың басты мақсаттары - орыс мектептерімен және мектепке дейінгі мекемеде қазақ тілін оқытудағы инновациялық шешімдерді іздестіру, қазақтың дәстүрлерін көпшілікке тарату, балалардың отан сүййгіштік қасиетін ояту.
1 жыл бұрын (2010) Алматыда көшбасшылық бойынша коуч-кеңесші, ресейлік Марина Петрованың «Рафтинг» деп аталатын кітабінің таныстырылымы болып өтті.
Шығармада төрт сыныптас достардың, бір демалысқа барғандағы оқиғалары суреттеледі. Сол демалыстан олардың өмірлері қатты өзгеріп, кейіпкерлер өздерін танып, махаббаттың не екенін түсініп, жаңадан өмір сүруге үйренеді. Кітап барлық кітап сүйер оқырмандарға арналған.
«Күнделікті тіршілік аясында, өмірді бағаламай, айналамыздағы мүмкіндіктерді байқамай қаламыз. Қоршалған әйнектің ішінде жүргендей боламыз. Менің кітабім сол қамалдан шығуға, өмірге деген қөзқарасты өзгертуге, жаңа өзгерістерді енгізуге, бүгінгі күнің ертеңгі күнге ұқсамауға, сонымен қатар өзіңді өзгертуге әсер ететін көмекші құрал болады деп ойлаймын», деді кітап авторы Марина Петрова.
1 жыл бұрын (2010) «Республика» жинақтаушы зейнетақы қоры салымшылардың өткен жылғы жеке зейнетақы шоттарының жай-күйі туралы ақпаратты тарататын онлайн-хабарлама қызметін іске қосты. Электрондық ақпаратқа қол жеткізу туралы тиісті келісім жасаған салымшылар интернет арқылы өзінің жеке зейнетақы шотының жай-күйі туралы мәлімет алуға мүмкіндігі бар. Аталмыш қызмет Қазақстанның барлық аумағында тегін рұқсат етілген.
ЕСІМДЕР
55 жыл бұрын (1956) Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданының әкімі БОҚАНОВ Қармыс дүниеге келді.
Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданының Жармыш ауылында туған. Гурьев педагогикалық институтын (қазіргі Халел Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті), Батыс-Қазақстан ауыл шаруашылығы институтын (қазіргі Жәңгір хан атындағы Батыс-Қазақстан аграрлық-техникалық университеті) бітірген.
1977 - 1979 жылдары - Маңғыстау ауданы Жармыш орта мектебінің мұғалімі. 1979 - 1981 жылдары - Маңғыстау ауданы «Бұзаушы» кеңшарының хатшысы. 1981 - 1983 жылдары - Маңғыстау ауданы комсомол комитетінің екінші хатшысы. 1983 - 1985 жылдары - Маңғыстау ауданы «Ақшымырау» кеңшарының партия комитетінің хатшысы. 1985 - 1990 жылдары - Маңғыстау ауданы «Тұщықұдық» кеңшарының директоры. 1990 - 1995 жылдары - Маңғыстау ауданы «Бұзаушы» кеңшарының директоры. 1995 - 1998 жылдары - Маңғыстау ауданы №5 өндірістік-жол басқармасы бастығының орынбасары. 1998 - 1999 жылдары - Маңғыстау ауданы «Тас жол» ЖШС-нің жол маманы. 1999 - 2007 жылдары - Маңғыстау ауданы әкімінің орынбасары. 2007 - 2008 жылдары - Маңғыстау облысы ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы. 2008 - 2010 жылдары - Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарған. 2010 жылдың сәуірінен - қазіргі қызметінде. «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001), «Астананың 10 жылдығы» мерейтойлық медальдармен марапатталған.
30 жыл бұрын (1981) жеңіл атлетикадан халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Қазақстан Республикасының құрама командасының мүшесі, Азияның, Қазақстан Республикасыныңбірнеше дүркін чемпионы, жеңіл атлетикадан Қазақстан Республикасының рекордсмені МЕЛЕШЕНКО Евгений Василевич дүниеге келді. Көкшетау қаласында туған. Окончил Кокшетауский государственный университет имени Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетін бітірген.
Азия біріншілігінің, Қазақстан халықтары спартакиадасының, Бүкілқазақстандық универсиаданың, Алматы, Бішкек, Екатеринбор, Мәскеу қалаларында өткен Халықаралық турнирлердің жеңімпазы, Мәскеу қаласында өткен «Кубок Надежды» халықаралық турнирінің күміс жүлдегері атанған. Тайланд, Үндістан, Филиппин, Италия, Грекия, Польша, Швейцария елдерінде гран-При сериясы бойынша өткен Халықаралық турнирлердің жеңімпазы болған. Ғұсман Қосанов атындағы Халықаралық турнирдің жеңімпазы және рекордсмені. Алғашқы жаттықтырушысы - Чуйко Василий Тимофеевич.
2004 жылы Афинада өткен Олимпиадалық ойындарға қатысқан.
«Еңбектегі ерлігі үшін» медалімен марапатталған.
ҚАҢТАРДЫҢ 20-Ы, БЕЙСЕНБІ
ОҚИҒАЛАР
5 жыл бұрын (2006) Көкшетауда Шығыс спорт өнері» газетінің бірінші саны өз оқырмандарының қолына тиді. Екі тілде, түрлі-түсті бояулы жаңа ақпарат құралы республика көлемінде таратылады. Алғашқы таралымы үш мың дана деңгейінде болып отыр. Газет шығарушыларының басты мақсаты - салауатты өмір салтын насихаттау, спорттың жаппай сипат алуына ұмтылыс жасау, шығыс спортының түр-түрінің кеңінен өркен жаюына ықпал ету, көпшілік қауымды спорттың тарихы мен дамуы турасында құлақдар ету. Басылымның алғашқы санында қазақша күрес, көкпар, каратэ жайында мол мағлұматтар берілген.
1 жыл бұрын (2010) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы - Сыртқы істер министрі Қанат Саудабаевтің төрағалығымен Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Жаппай қырып-жою қаруын таратпау мәселелері жөніндегі комиссияның бірінші отырысы өтті.
Аталмыш комиссия 2010 жылы 11 қаңтарда Елбасы жарлығымен құрылған болатын.
1 жыл бұрын (2010) Петербор маңындағы Ораниенбаумдағы Қытай сарайын қалпына келтіру жұмыстары кезінде мамандар ерекше олжа тапты. Олар шөлмеке салынған жолдауды тапты, оны 40 жыл бұрын жұмыс істеген қалпына келтірушілер сарай еденінің астына қалдырған. Жолдауда жазылғандай, мұнда 1962 жылдың мамырынан бастап қыркүйек айына дейін «Ленпроектреставрация» бірлестігінің - Антонов, Мельников, Белов, Леонов, Лебедев, Кудряшов бригадасы қалпына келтіру жұмыстарын жүргізген.
1962 жылы Қытай сарайында жұмыс істеген адамдар жоғары деңгейдегі мамандар болған, олар фреск кескіндемесі, қабырға панносы және паркетті жартылай қалпына келтіру сияқты күрделі жұмыстарды атқарған.
«Ораниенбаум» сарай-саябағы XVIII ғасырдың басында Петербордан 40 шақырым жердегі фин шығанағының оңтүстік жағалауында құрылған. Ол Ұлы Отан соғысынан кейін өзгеріссіз бүтін қалған солтүстік астананың маңындағы жалғыз сарай-саябақ болып табылады.
1 жыл бұрын (2010) Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев сот-сараптама қызметі саласын жетілдіруге, сондай-ақ сот сараптамасының тәуелсіздігі мен әділдігін қамтамасыз етуге бағытталған «Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.
ЕСІМДЕР
60 жыл бұрын (1951) Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы Төрағасының орынбасары ФООС Владимир Карлович дүниеге келді. Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін бітірген. Мамандығы - заңгер-құқықтанушы. 1969-1990 жылдары -- Солтүстік Кавказ темір жолы Гудермес стансысының локомотив депосы тепловоз машинисінің көмекшісі, Шығыс Қазақстан облысының Лениногорск полиметалл комбинаты тепловоз машинисінің көмекшісі, Северодвинск қаласы Әскери-Теңіз флоты техниктері мектебінің курсанты, - Мурманск облысы Солтүстік флоттың 51206-А ә/б мичманы, Шығыс Қазақстан облысы Лениногорск полиметалл комбинаты Риддер руднигінің проходчигі. 1990-1994 жылдары - 13-шақыру депутаты, Қазақстан Республикасы Жоғары Кеңесі Комитетінің мүшесі, Халық депутаттары кеңестерінің жұмысы, басқару және өзін-өзі басқаруды дамыту мәселелері жөніндегі хатшысы, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы заң бөлімінің консультанты, меңгерушісі. 1994-2003 жылдары - Қазақстан Республикасы Жоғары Кеңесі Комитетінің Алматы қаласындағы Мемлекеттік құрылыс және аймақтық саясат жөніндегі консультанты, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі
2003-2007 жылдары - Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының хатшысы. 2007-2010 жылдары Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы Төрағасының Орынбасары қызметтерін атқарған. 2010 жылғы 14 сәуір күні Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі лауазымына жаңа бес жылдық мерзімге тағайындалды. 2010 жылғы 16 сәуірінен бастап Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Төрағасының орынбасары қызметін атқарады.
55 жыл бұрын (1956) Қазақстан Республикасы Ұлттық Қауіпсіздік комитеті академиясының директоры, генерал-лейтенант ШАЯХМЕТОВ Әділ Шаяхметұлы дүниеге келді. Алматы облысы Жамбыл ауданында туған. Қазақ политехника институтын (Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті), Минск қаласындағы КСРО Ұлттық Қауіпсіздік комитеті Жоғарғы курсын бітірген. 1978-1999 жылдары «Казахвзрывпром» арнайы басқармасы трестінің мастері, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің Жезқазған облысы бойынша басқармасы Қаражал аудандық бөлімшесінің кіші жедел уәкілі қызметінен Қазақстан Республикасы Ұлттық Қауіпсіздік комитеті Жедел-техникалық департаменті бастығының бірінші орынбасарылығына дейінгі еңбек жолынан өткен. 1999-2007 жылдары - Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Кадр және әскери білім беру департаментінің бастығы, бас әскери инспекциясының генерал-инспекторы, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Павлодар облысы, Алматы облысы бойынша департаменттерінің бастығы. 2007-2009 жылдары - Қазақстан Республикасы Ұлттық Қауіпсіздік комитеті төрағасының бірінші орынбасары. 2009-2010 жылдары - Қазақстан Республикасы Ұлттық Қауіпсіздік комитеті төрағасы қызметтерін атқарған.
2010 жылдан - қазіргі қызметінде. Қазақстан Республикасы Ұлттық Қауіпсіздік комитетінің Құрметті қызметкері. ІІ дәрежелі «Даңқ» орденімен, Андропов орденімен (РФ) және 14 медальдармен марапатталған.
ҚАҢТАРДЫҢ 21-І, ЖҰМА
Достық құшақтың халықаралық күні. Бұл жаңа мерекенің дәстүрі бойынша танымайтын адамды да достық құшағына алуға болады. Мереке батыс еуропалық студент жастардан бастау алады. Бірақ неге нақ осы күні тойланатыны белгісіз. Бұл күні қыздар мен жігіттер сырластық қитұрқысыз құшақ алмастырады. Достық құшақтасу кезінде адамдар бір-бірімен жан жылуын алмастырады деп есептейді. Батыста әр мемлекетте құшақтасу бейімділігін анықтау үшін өздерінше зерттеулер өткізді. Зерттеудің қорытындысы бойынша еуропалықтар орта есеппен есептегенде сағатына жүз рет бір-біріне қол тигізеді, ал американдықтар сағатына екі үш рет қана.
Польшада әже күнi. Бұл күні Польшада ересек және кішкентай немерелері өз әжелерін «Әже күнімен» құттықтайды.
ОҚИҒАЛАР
3 жыл бұрын (2008) Таразда тұсаукесері салтанатты жағдайда өткен қалалық мұрағат ашылды.
Мұрағат мекемесінің мақсаты мен міндеті - облыстың әрбір тұрғынына, біздің өңіріміз, облыс және облыс орталығына қатысты құжаттарды жинақтау, сақтау және тұрғындардың өтінішіне сай қызмет ету.
1 жыл бұрын (2010) Алматы қаласының кинотеатрларында «Сіз кімсіз, Ка мырза?» атты шытырманды оқиғалы жаңа отандық фильмнің тұсаукесері болды.
Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы мен ресейлік «Изарусфильм» кинокомпаниясы түсірген фильмнің басты рөлдерін - Кеңес Одағы және Қазақстанның Халық әртісі Асанәлі Әшімов (Ка мырза) пен қазақстандық жас әртіс Филипп Волошин (Игорек) сомдады. Асанәлі Әшімовтың идеясымен жарыққа шыққан лентаның қоюшы-режиссері Хуат Ахметов, продюсерлері - Венера Нығматулина және Әлжан Ибрагимов.
«Сіз кімсіз, Ка мырза?» фильмі Шәкен Аймановтың ең соңғы туындысы - «Атаманның ақыры» мен «Транссібір эскпресі» фильмдерінің заңды жалғасы іспетті. Себебі, олар әртүрлі режиссерлардың қолдарынан шықса да, картиналардағы отанға, елге қызмет ету сияқты ұлы сезімдер мен қасиеттерді жеткізу идеяларының негізі бір.
Ұзақ жылдардан кейін Бангкоктың түрмесінен босап шыққан Ка мырза, Отанына оралмақ болып мінген пойыздың купесінде Игорек есімді жолсерігімен танысады. Ал есірткі тасымалымен айналысатын жас жігіт, «тауарды» діттеген жеріне Ка мырзаның арқасында оған білдіртпей жеткізіп алуды көздеп, есірткі жасырылған ыдысты қартқа сыйға тартқан болады. Бірақ өткен өмірінде мол «тәжірибесі» бар қарт, оның пиғылын бірден түсініп, есірткінің көзін жояды. Бұдан кейін Ка мырза, Игоректы «тапсырыс берушілердің» өлімінен аман-алып қалу үшін еріксіз қылмыстық топтың ортасына түседі. Жас баланы өлім аузынан арашалап қалу үшін өзінің бұрынғы «байланыстарымен» қылмыскерлерге есірткінің ірі көлемін жеткізіп беруге де келіседі. Фильмнің соңында ұзақ уақыт полицияның бақылауында болған қылмыстық топ құрықталады. Ал оларды қолға түсіру - қазақстандық агент - Ка мырзаның отандық құқық қорғау органдарымен әу бастан келіскен нақты сызба-жоспарлардың арқасында жүзеге асырылғандығы анықталады.
Астанада фильмнің премьерасы қаңтардың 19-ында болды.
1 жыл бұрын (2010) Атырау облыстық өлке тану мұражайы жаңа экспонаттармен толықтырылды - өткен ғасырдың 8 күмiс қасықтарымен.
Бағалы олжаны - күмiс қасықтарды - оқушы Дамир Мырзағалиев құрылыс жұмыстары үшiн әкелген құмнан тапты. Ол, оларды мұражайға тапсырды. Қасықтарда күмістің сынағы және 19 ғасырдың соңында істеп шығарған зауыттың таңбасы бар.
1 жыл бұрын (2010) Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев «Балық шаруашылығының сұрақтары жөніндегі Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына қол қойды.
Заң еліміздегі балық қорларын тиімді қолдану сұрақтарына, заңды жетілдіруге бағытталған.
ЕСІМДЕР
50 жыл бұрын (1961) Қазақстан РеспубликасыМемлекеттік қызмет істері агенттігінің аумақтық басқармасының бастығы - Қазақстан РеспубликасыМемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысындағы Тәртіптік кеңесінің төрағасы НӘЛІБАЕВ Мақсұт Ыбырайханұлы дүниеге келді.
Қызылорда облысы Шиелі ауданында туған. Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институтының Қызылорда филиалын, КСРО ІІМ Саратов жоғары курсын, Қазақстан Республикасы ІІМ Қарағанды жоғары мектебін бітірген. 1988-1995 жылдары - Қызылорда облыстық Ішкі істер басқармасы бөлімшесінің жедел уәкілі, ерекше маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі, бастығы, бөлім бастығының орынбасары, бастығы. 1995-1997 жылдары - Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік тергеу комитеті басқармасы бөлімінің бастығы. 1997-2001 жылдары - Қызылорда қалалық салықтық тергеу бөлімінің, ішкі істер бөлімінің бастығы, Қызылорда облысы бойынша Салық полициясы комитеті басқармасы - Қаржы полициясы департаменті бастығының орынбасары, бастығы,.
2001-2004 жылдары - Қызылорда облысы бойынша Қаржы полициясы департаментінің бастығы. 2004-2005 жылдары -Қызылорда облысы бойынша Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің (қаржы полициясы) бастығы.
2005-2006 жылдары - Қарағанды облысы бойынша Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің (қаржы полициясы) бастығы.
2006-2007жылдары - Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясының) Сыбайлас жемқорлық туралы істерді ашу және алдын ала алу департаментінің(қаржы полициясы) бастығы,Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің(қаржы полициясының)Ақпараттық-талдау департаментінің (қаржы полициясы) бастығы қызметтерін атқарған.
2007 жылдың мамыр айынан бастап - қазіргі қызметінде.
50 жыл бұрын (1961) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары КӨМЕКБАЕВ Әли Амантайұлы дүниеге келді.
Шымкент қаласында туған. Қазақ химия-технология институтын, Ұлттық мемлекет басқарудың жоғары мектебін (НВШГУ), «Әділет» жоғары құқық мектебін, Мәскеу авиация-технология институтының аспирантурасын бітірген. 1996-1998 жылдары - Шымкент қаласы әкімі аппаратының маманы. 1998-1999 жылдары - Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформа жөніндегі агенттігінің бас маманы, 1999-2004 жылдары - Астана қаласы бойынша басқармасының бас маманы, бастығының орынбасары, Мемлекеттік қызметтерді құқықтық қамтамасыз ету департаментінің директоры қызметтерін атқарған. 2004 жылдың қаңтарынан бастап - қазіргі қызметінде. 2009 жылдың 10 қарашасынанҚазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі өкілетті органның тәртіптік комиссиясы төрағасының орынбасары.
ҚАҢТАРДЫҢ 22-І, СЕНБІ
Польшада ата күні. Польшада қаңтардың 21-інде «Әже күнін» атап өткен соң, кішкентай және ересек немерелер қаңтардың 22-інде «Ата күнімен» өз аталарын құттықтайды.
ОҚИҒАЛАР
1 жыл бұрын (2010) Алматыда Қазақ ұлттық өнерін өркендету жолында ерен еңбегімен танылған қылқобызшы-педагог, Қазақстан Республикасының Білім беру ісінің үздігі, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің Құрметті қызметкері, «Жаңашыл-педагог» Әбдіманап Жұмабекұлының үш томдық «Қылқобызға арналған хрестоматиялар» жинағының бірінші томының таныстырылымы болып өтті.
Бірінші том - «Білім» баспасынан, 2000 данамен жарық көрген. Оқу құралы - музыка мектептері мен музыка колледждеріне, консерватория мен өнер, музыка академиясының студенттеріне және жалпы өнер сүйер қауымға арналған. Қомақты еңбек автордың отыз жылдан астам уақыт жүргізіп келген ұстаздық тәжірибесі мен ғылыми-педагогикалық ізденісінің нәтижесінде дүниеге келген.
1 жыл бұрын (2010) Астанада жазушы Әлібек Асқаровтың «Алтай - алтын бесік, ата жұрт» кітабының таныстырылымы өтті. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, көрнекті прозашы, эссеші Әлібек Асқаров - туған әдебиетіміздің бүгінгі бет - бейнесін айқындайтын қаламгерлердің бірі.
ЕСІМДЕР
65 жыл бұрын (1946) Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты - Экономикалық және өңірлік саясат комитетінің мүшесі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері СҮЛЕЙМЕНОВ Нұрлан Ілиясұлы дүниеге келді.
Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданында туған. Қазақ политехникалық институтын, Алматы жоғары партия мектебін бітірген.
1971-1976 жылдары - Қазақстан ЛКЖО Алматы қалалық комитетінің нұсқаушысы, бөлім меңгерушісі, Совет аудандық комитетінің бірінші хатшысы. 1976-1979 жылдары - Алматы қалалық партия комитетінің нұсқаушысы. 1979-1985 жылдары - Алматы облыстық партия комитеті бірінші хатшысының көмекшісі. 1985-1991 жылдары - Әуезов аудандық атқару комитетінің төрағасы. 1991-1992 жылдары - Әуезов аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы, аудандық кеңестің төрағасы. 1992-1994 жылдары - Алматы қалалық әкімшілігі басшысының орынбасары. 1994-1995 жылдары - ҚР Жоғарғы Кеңесі сессиясы хатшылығының жетекшісі. 1995-1997 жылдары - Алматы қалалық әкімшілігі басшысының, әкімінің орынбасары - аппарат басшысы. 1997-2001 жылдары - Алматы қалалық еңбек және тұрғындарды әлеуметтік қорғау басқармасының бастығы. 2001-2008 жылдары - Алматы облысы әкімі аппаратының жетекшісі қызметтерін атқарған.
2008 жылы Алматы облысынан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты болып сайланған. «Нұр Отан» ХДП Алматы облыстық филиалы төрағасының орынбасары. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің 12-13-ші шақырылымының депутаты болған. «Құрмет белгісі» орденімен, медальдармен және Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталған.
60 жыл бұрын (1951-2009) заң ғылымдарының докторы, Абай сыйлығының лауреаты Қазақстан Республикасы Гуманитарлық ғылымдар академиясының корреспондент-мүшесі, Қазақстан Республикасы Журналистер одағының мүшесі, Орталық Азия университетінің проректоры ӨЗБЕКҰЛЫ Сәкен дүниеге келді. Алматы облысы Жамбыл ауданында туған. Қазақ мемлекеттік университетінің заң факультетін, Қазақстан Республикасы Ғылым академиясы Философия және құқық институтының аспирантурасын бітірген. 1987-1994 жылдары Қазақ мемлекеттік университетінің аға оқытушысы, 1994-1995 жылдары Дінмұхаммед Қонаев атындағы университеттің проректоры, 1995-1999 жылдары Мемлекет және заң институтының аға ғылыми қызметкері, 1999-2009 жылдары Орта Азия университетінің проректоры, Қазақ мемлекеттік заң академиясы кафедрасының меңгерушісі қызметтерін атқарған. Негізгі ғылыми жұмыстары мемлекет және құқық теориясы мәселелерін, саяси құқықтық ілімдер тарихын, Қазақстанның мемлекеттігі мен құқығының тарихын зерттеуге арналған. 180-нен аса ғылыми еңбегі, оның ішінде 8 монографиясы жарияланған. Ол дәстүрлі құқықтық мәдениет тақырыбына арналған «Қазақтың ата заңдары» атты 10 томдықты құрастырушылардың, әрі авторларының бірі. 1995 жылы «Абай және адам құқы» монографиясы үшін атаулы сыйлықтың лауреаты атанып, 2004 жылдан бері Қазақстан Республикасы Заң ғылымдары академиясының президенті болған.
40 жыл бұрын (1971) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті Төрағасының орынбасары ТЕҢГЕБАЕВ Ардақ Мырзабайұлы дүниеге келді.
Торғай (Қостанай облысы) облысында туған. Алматы халық шаруашылығы институтын, «Қайнар» университетін бітірген.
1993-1996 жылдары - «Қазагроөнеркәсіпбанкі» АҚ Торғай филиалының маманы, Арқалық қаласы, «Қазагроөнеркәсіпбанкі» АҚ Амангелді филиалының экономисі, аға экономисі, «Қазагроөнеркәсіпбанкі» АҚ Торғай облыстық филиалының бас инженері, бас инженер-бағдарламашысы. 1996-1999 жылдары - Қазагроөнеркәсіпбанкі» АҚ Амангелді аудандық филиалының атқарушы директоры, Алматы қаласы бойынша салық басқармасының салық инспекторы, сектор меңгерушісі, бас салық инспекторы. 1999-2004 жылдары - Алматы қаласы бойынша салық комитетінің бөлім бастығы, басқарма бастығы, Алматы қаласы бойынша ЭСЖҚКД аға инспекторы, басқарма бастығы. 2004-2007 жылдары - «АТП» салық комитетінің бөлім бастығы, Алматы қаласы, Семей қаласы бойынша салық комитетінің төрағасы. 2007-2009 жылдары - Маңғыстау облысы бойынша салық комитетінің төрағасы, Ақтау қаласы, Маңғыстау облысы бойынша салық департаментінің бастығы. 2009-2010 жылдары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті Мамандандырылған басқармасының бастығы қызметтерін атқарған.
2010 жылдың сәуірінен бастап - қазіргі қызметінде.
ҚАҢТАРДЫҢ 23-І, ЖЕКСЕНБІ
ОҚИҒАЛАР
3 жыл бұрын (2008) Ақтауда «Мангыстау - край преданий и легенд» атты кітабының таныстырылымы болды. Кітаптың авторы журналист және Маңғыстау өлкесінің аңыздарын жинаушы Наталья Задерецкая. Кітапқа - Маңғыстаудың қасиеті жерлерінің, құдықтары мен мешіттерінің, тарихи бұрыштарының көптеген әдемі фотосуреттері және батырлар мен қарапайым адамдар туралы аңыздары енгізілген.
«Мангыстау - край преданий и легенд» атты кітап Н.Задерецкаяның Маңғыстау аймағынның тарихы мен адамдарына арналған бесінші кітап болып табылады.
3 жыл бұрын (2008) Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бизнестің әлеуметтік жауапкершілігінің жыл сайынғы «Парыз» конкурсын өткізіп отыру туралы Жарлыққа қол қойды.
Қазақстанның жеке кәсіпкерлік субъектілерінің корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік принциптерін қалыптастыру мен ілгерілету және оларды осы саладағы ең үздік тәжірибені енгізуге ынталандыру мақсатымен құрылған.
1 жыл бұрын (2010) Қазақстан Республикасының Нью-Йоркте бас консулдігі салтанатты түрде ашылды.
Рәсімге АҚШ-та аккредиттелген елдер консульдығы қызметтерінің басшылары, БҰҰ жанындағы ТМД мемлекеттері дипломатиялық миссияларының басшылары, АҚШ-тың Мемлекеттік департаментінің, Нью-Йорк бизнес топтарының және мэриясының өкілдері қатысты.
1 жыл бұрын (2010) Мемлекет басшысы еліміздегі және халықаралық тәжірибені ескере отырып, міндетті сақтандыру саласындағы тетіктерді жетілдіруге бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне міндетті және өзара сақтандыру,
салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойды.
1 жыл бұрын (2010) Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі 2010 жылы ОАР өткен футбол бойынша Әлем чемпионатына арналған номиналы 100 теңгелік ескерткіш күміс шақаны айналымға шығарды.
Шақаның бет жағында стильге келтірілген стадионның бейнесі және төмен жағында Қазақстан Республикасының Елтаңбасы бейнеленген, және «Ag 925 31,1g» деген жазуы бар, ол жасап шығарылған металлдың таңбасы, салмағын білдіреді. Сол жағында шақаның номиналын білдіретін «100 tenge» деген жазуы бар. Жоғарғы бөлiкте ұлттық банктiң логотибы орналастырған. Шақаның периметрі бойынша «Republic оf Kazakhstan» деген жазуы ішіне қарай енгізілген. Шақаның артқы жағынның орталық бөлігінде ойын үстіндегі добы бар екі футболшы бейнеленген. Шеңбері бойынша «2010 Fifa World Cup South Africa TM» деген жазуы жазылған. Шақаның максималды тиражы 10 мың дана, оның 3 мың данасы ғана ішкі нарық үшін жасалған. Бұл Ұлттық банктің шақасы спортқа арналған инвестициялық топтамасының жетінші шақасы болып табылады.
ЕСІМДЕР
60 жыл бұрын (1951) Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданының әкімі ИМАНҒАЛИЕВ Абай Сәтиұлы дүниеге келді.
Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданында туған. Е.Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін, Азаматтық авиация академиясын, Батыс Қазақстан инженерлік-технологиялық университеті Басқару және құқық институтын бітірген. 1974-1981 жылдары Қарағанды және Орал қалаларының комсомол комитеттерінде жұмыс істеген. Облыстың партия ұйымдарында басшылық қызметтер атқарды. 1981-1987 жылдары - Орал әуежайы командирінің орынбасары. 1987-1988 жылдары -Промышленный аудандық партия комитетінің екінші хатшысы. 1988-1991 жылдары -Чапаев аудандық партия комитетінің екінші хатшысы. 1991-1992 жылдары - Орал облыстық партия комитетінің хатшысының орынбасары. 1992-2002 жылдары - Орал қаласындағы «Ақжол» Халықаралық әуежайы» ААҚ-ы директорының орынбасары. 2002-2003 жылдары - Батыс Қазақстан облыстық ішкі саясат департаментінің директоры. 2003-2006 жылдары - Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарған.
2006 жылдан бастап - қазіргі қызметінде.