ҚазАқпарат-Анонс: 2011 жылғы 9-15 мамыр аралығындағы оқиғалардың күнтізбесі

None
None
None

ҮКІМЕТ

9 мамырда Астана қаласындағы «Отан қорғаушылар» монументіне гүл шоқтарын қою рәсімі өткізіледі. Оған Үкімет басшысы К.Мәсімов қатысады.

ҚОҒАМ

26 сәуір мен 25 мамыр аралығында Ішкі істер министрлігі республикалық «Назар аударыңыз - бағдаршам!» айлығын өткізеді. Бұл акцияның мақсаты - балалар жол-көлік жарақатының алдын алу және жүргізушілердің назарын кәмелетке толмаған жаяу жүргіншілерге аудару.

6 мамырдан бастап, «Дегдар» гуманитарлық қоры, «JTI» компаниясының қолдауымен еліміздің бес қаласында - Астана, Алматы, Талдықорған, Шымкент және Қарағанды қалаларында Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің құрметіне классикалық музыкадан қайырымдылық концерттер өткізеді

СПОРТ

Қытайда 5-9 мамыр күндері әйелдер боксынан Азия кубогы сарапқа салынады

АСТАНА

9 сәуірден 15 маусымға дейін Астананың Жеңіс және Иманов көшелерінде жол-құрылыс жұмыстары жүргізіледі.

АЛМАТЫ

9 мамырда Алматыдағы 28 гвардияшы-панфиловшы саябағындагүл шоқтарын қою рәсімі өткізіледі.

9 мамырда Арбатта Ұлы Жеңістің 66 жылдығына арналған салтанатты шара өткізіледі.

9 мамырда «Достық» спорт кешенінде Кеңес Одағының батыры, Халық қаһарманы, армия генералы Сағадат Нұрмағамбетовтың сыйлығына бокстан ХҮІ халықаралық турнирінің салтанатты ашылуы өтеді.

10 мамырда ҚР Ұлттық банкінің баспасөз мәслихаты ұйымдастырылады.

10 мамырда «ЕБРР: банктің Каспий аймағындағы рөлі» баспасөз мәслихаты өтеді.

10 мамырда Қазақстан тіс дәрігерлері ассоциациясының Қазақстандағы стоматология мәселелеріне арналған баспасөз мәслихаты өтеді.

10 мамырда ҮІ Жазғы Универсиада 2011 аясында волейболдан ерлер командалары арасында жарыстардың салтанатты ашылуы өтеді.

ЕЛЕУЛІ ОҚИҒАЛАР. АТАУЛЫ КҮНДЕР. ЕСІМДЕР.

МАМЫРДЫҢ 9-Ы, ДҮЙСЕНБІ

Жеңіс күні. Кеңестер Одағы халқының 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күні. Ұлы Отан соғысы жеңісінің 65 жылдық мерейтойы Қазақстан мен ТМД-да ғана емес, сонымен қатар одан тысқары жерлерде де кеңінен атап өтілді.

Бұл жыл сайынғы аталып өтетін мейрамның ерекше және құрметтi орыны бар.

Біздің болашағымыз үшін құрбан болған миллиондаған адамдарды еске түсіру үшін, әрбір қазақстандық бұл мерекені Отанға деген сүйіспеншілігінің нышаны ретінде атап өтеді.

Бүкіләлемдік жыл құстары күні. Құстар тіршілігі - бүкіл өсімдіктер мен жануарлардың биологиялық әр алуан саласындағы жағдайлар мен үрдістер туралы пікір түюге мүмкіндік беретін үлгілі көрсеткіш. Қоршаған ортаның өзгерістерін саралау жұмыстарын жүргізгенде құстарды бақылау ерекше маңызды, өйткені оларды іс жүзінде планетамыздың барлық экологиялық жүйесінен кездестіре аламыз.

Өздерінің жылдық өрістері барысында қоныс аударушы құстар көптеген елдер мен құрлықтарды асып өтеді, кейбіреулері тундрадан тропикке ұшып өтеді, сөйтіп, түрлі экологиялық жүйелер арасында байланыстырушы буын міндетін атқарады. Жыл құстарын және олардың тіршілік ету орындарын сақтау арқылы біз биоалуандықты кеңірек көлемде сақтап қала аламыз.

Бүкіләлемдік жыл құстары күні алғашқы рет төрт жыл бұрын САЕВП және КМЖ хатшыларының бастауымен атап өткізілген, олардың есептеуі бойынша жоғары ақпарат беретін жаһандық кампанияны бастау керек, және де жыл құстарын қорғап сақтайтын міндетті адамдардың іс-қимылын шабыттандыру қажет.

Еуропа күні. 1950 жылы мамырдың 9-ында Парижде Франция сыртқы істер министрі Робер Шуман Франция, Германия және басқа еуропа елдерінің көмір және болат құятын өнеркәсіп салаларын (әскери техника өндіру негіздерін) біріктіріп, оны жаңа ұлттық құрылым басқармасына беруге шақырды. 1985 жылы Милан саммитінде Еуроодақ көшбасшылары Шуман Декларациясын мәңгі есте сақтауға шешім шығарып, жыл сайын мамырдың 9-ын «Еуропа күні» деп бекітті.

ОҚИҒАЛАР

10 жыл бұрын (2001) Астана қаласында «Отан ана» Отан қорғаушылар монументі ашылды.

3 жыл бұрын (2008) Петропавлда дарынды балаларға арналған облыстық арнайы интернат-гимназияның аумағында Кеңес Одағының Батыры Әбу Досмұхамбетовтың мүсінтасының салтанатты ашылу рәсімі болды.

Петропавлда Әбу Досмұхамбетовтың атындағы көше бар, дарынды балаларға арналған арнайы интернат-гимназиясы да батырдың атында. Салтанатты шараға Ұлы Отан соғысының ардагерлері, жұртшылық өкілдері, гимназия мұғалімдері мен оқушылары қатысты. Батырдың туысы, соғыс ардагері Сапар Дүйсенов Әбу Досмұхамбетов туралы өз естелігімен бөлісті, облыс басшылығына ардагерлерге көрсетіп отырған қамқорлығы үшін алғыс білдірді. Әбу Досмұхамбетов майданға 21 жасында аттанып, 1943 жылы Чернобыль маңында қаза тапқан.

3 жыл бұрын (2008) Павлодар облысының Лебяжі ауданындағы Аққу ауылында интернационал-жауынгерлерге арналған ескерткіш ашылды.

Обелиск-тас Ауғанстанда ерлікпен қаза тапқан, мерт болғаннан кейін Қызыл Жұлдыз орденімен марапатталған Серік Хамзиннің құрметіне аталған көшеде орнатылып отыр. С. Хамзин осы Аққу ауылында туып өскен. Осында достарымен Ертістің суына шомылған, мектепте оқыған, кәсіптік училищеге түскен. Бейбіт өмірден ауған соғысына тап болған Серік жауынгерлік тапсырмаларды орындау кезіндегі ерліктері үшін «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалімен де марапатталған. Ескерткіштің ашылу рәсіміне жауынгердің анасы - Дәметкен Хамзина, оның туған-туыстары, Ұлы Отан соғысының ардагерлері, әскердегі қызметтестері қатысты.

4 жыл бұрын (2007) Жеңіс күні Семейден 70-километрлік жерде орналасқан Шаған стансасында Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне ескерткіш ашылды.

Монумент екі метрлік тақтадан жасалған, онда майданға атанғандардың аты және әскери тақырыптағы сурет қашаланып жазылған. Ұлы Отан соғысына осы бекеттің 90 тұрғыны қатысқан.

2 жыл бұрын (2009) Қазақстан, Қытай Халық Республикасы, Ресей және Тәжікстанның ең ірі жастар ұйымдары Шанхай ынтымақтастық ұйымының (ШЫҰ) Жастар кеңесі құрылтайының конференциясына қатысты.

Конференцияның қорытындысы бойынша ШЫҰ Жастар кеңесiн құру туралы декларацияға қол қойылды және 2009-2010 жылдардағы жұмыс жоспарлары бекітілді.

Шанхай ынтымақтастық ұйымы Жастар кеңесiн құру туралы шешiм қатысушы-елдердің жастар ұйымдарының кезектi кездесуiнде Санкт-Петерборда 2008 жылдың қазанында қабылданды.

Оның мақсаты Шанхай ынтымақтастық ұйыма мүше-мемлекеттердiң жас буын өкiлдерi арасындағы жан-жақты ынтымақтастыққа қолдау көрсету.

2 жыл бұрын (2009) Қарағандыда жаңа Жеңіс саябағы ашылды. Бұл саябақ Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің ұсынысы бойынша құрылды.

ЕСІМДЕР

65 жыл бұрын (1946) «Мысль» журналының бас редакторы, техника ғылымының кандидаты, доцент, Қазақстанның құрметті журналисі ҚҰТТЫҚАДАМ Сейдахмет Рысқожаұлы дүниеге келді.

Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан қаласында туған. Қазақ химия-технология институтын бітірген. 1969-1975 жылдары - Қазақстан Ғылым академиясының Мұнай химиясы және табиғи тұздар институтының инженері, кіші ғылыми қызметкері, зертхана меңгерушісі, 1975-1976 жылдары - Қазақ ғылыми-зерттеу және мемлекеттік фосфор өнеркәсібін жобалау институтының аға ғылыми қызметкері, 1976-1978 жылдары - Қазақ химия-технология институтының кіші, аға ғылыми қызметкері, оқытушысы, 1978-1986 жылдары - Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институтының сырттай оқу факультетінің аға оқытушысы, доценті, деканы, 1986-1991 жылдары - Арқалық педагогикалық институтының химия және биология кафедрасының меңгерушісі, 1991 жылы - «Арай-Заря» журналы бас редакторының орынбасары, 1991-1993 жылдары -экспорттық-талдау қызметі бас басқармасының бастығы, Қазақстан Республикасының Баспа және бұқаралық ақпарат министрінің орынбасары, 1993-1994 жылдары - «Дәyip-Время» газетінің бас редакторы, 1994-1995 жылдары - «Арай-Заря» журналының бас редакторы, 1995-1999 жылдары - «Аргументы и факты Казахстан» газетінің шолушысы, 1999 жылдың қаңтарынан - «Өрлеу» қоғамдық қозғалысының төрағасы, 2002-2003 жылдары - «Эпоха» газетінің бас редакторы, 2004-2005 жылдары - «Начнем с понедельника» газетінің шолушысы қызметтерін атқарған. 2006 жылдың қаңтар айынан бастап «Мысль» журналының бас редакторы болып қызмет атқарады.

«Вызов времени», «Миражи и реалии», «Служение нации» атты кітаптарының авторы.

60 жыл бұрын (1951) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті Атырау облысы бойынша басқармасы бастығының орынбасары, аға әділет кеңесшісі, Қазақстан Республикасының Прокуратурасы және Мемлекеттік тергеу комитетінің құрметті қызметкері БОРАШЕВ Аталық Құрманұлы дүниеге келді.

Атырау қаласында туған. С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін (қазіргі әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті) бітірген. 1976-1977 жылдары - Жаңа өзен қаласы прокурорының көмекшісі, аға тергеуші. 1977-1981 жылдары - Шевченко қаласы (қазіргі Ақтау) прокурорының көмекшісі, аға тергеуші. 1981-1988 жылдары - Маңғышлақ облысының аса маңызды істер жөніндегі прокуратурасының аға тергеушісі. 1988-1991 жылдары - Маңғыстау ауданының прокуроры. 1991-1996 жылдары - Атырау облысы прокурорының орынбасары, бірінші орынбасары. 1996-1997 жылдары - Атырау облысы бойынша мемлекеттік тергеу комитеті басқармасының бастығы, Маңғыстау облысы бойынша мемлекеттік тергеу комитеті департаментінің бастығы. 1998-1999 жылдары - Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының тергеу бөлімінің аға прокуроры. 1999-2002 жылдары - Маңғыстау облысының әділет басқармасының бастығы. 2002-2003 жылдары - Батыс аймақтық көлік прокуроры. 2003-2009 жылдары - Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті Атырау облысы бойынша басқармасының бастығы қызметтерін атқарған. Қазіргі қызметінде 2009 жылдың қаңтар айынан бастап істейді.

«Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл» мерейтойлық медалімен марапатталған.

МАМЫРДЫҢ 10-Ы, СЕЙСЕНБІ

Қырғызстанда банк қызметкерлерінің күні. 1993 жылғы 10-шы мамырда Қырғыстан өзінің ұлттық валютасы - қырғыз сомын енгізді.

Микронезия Федеративтік Штаттарының Ұлттық мейрамы - Тәуелсіздік күні (1979). Микронезия Тынық мұхитының батыс бөлігінде, Каролин аралдарында орналасқан мемлекет. Әкімшілік жағынан 4 штатқа (Трук, Костраэ, Понапе, Иап) бөлінеді. Астанасы - Паликир қаласы. Ресми тілі - ағылшын тілі, сондай жергілікті халықтардың тілдері де қолданылады. Ақша бірлігі - АҚШ доллары. Мемлекет және үкімет басшысы - Президент. Жоғары заң шығарушы билік бір палаталы парламент - Ұлттық конгрес. Экономикасының негізгі саласы - балық аулау. Экспортқа копра, бұрыш, балық және кокос майын шығарады. Негізгі сауда серіктестіктері АҚШ, Жапония, Австралия, Оңтүстік Корея мемлекеттері.

ОҚИҒАЛАР

17 жыл бұрын (1994) «Сабин металл корпорейшн» (АҚШ) корпорациясы зауытында республикадағы тұңғыш платина құймасы алынды. Тазалығы 99,95, жалпы салмағы 14 килограмм болатын алғашқы өнім Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қоймасына өткізілді.

13 жыл бұрын (1998) Алматыда Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Экономикалық ынтымақтастық ұйымының (ЭЫҰ) V саммиті өтті.

Саммитте көлік және коммуникация, ауыл шаруашылы, экология және қоршаған ортаны қорғау саласындағы ынтымақтастықты дамытудың басты бағыттары анықталған Экономикалық ынтымақтастық ұйымының Алматылық декларациясы қабылданды.

11 жыл бұрын (2000) Литва Республикасының Президенті Валдас Адамкус Қазақстанға келген мемлекеттік сапары кезінде Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа Литвалық Витаутас Ұлы князь Орденін (1-сыныпты) Литва мен Қазақстан арасындағы мемлекетаралық қатынастардың дамуына қосқан үлесі үшін табыс етті.

4 жыл бұрын (2007) «Бурабай» ұлттық бағының орманды алқабында орналасқан, Қотыркөл көлінің жағасында «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ның емдік-сауықтыру кешені ашылды. Қазіргі заманға сай жобамен салынған емдеу орталығында компанияның мыңдаған қызметкерлері мен зейнеткерлері өздерінің денсаулықтарын жақсарта алады. Санаторияда тыныс алу, жүрек-қолқа жүйесінің және тірек-қозғағыш аппаратты аурулары бар адамдарға барлық мүмкіндіктер жасалған.

ЕСІМДЕР

110 жыл бұрын (1901-1977) ақын, аудармашы СЫЗДЫҚОВ Жақан дүниеге келді.

Ақмола облысында туған. Көкшетау қаласындағы ауылдық мұғалімдер даярлайтын курсты бітірген. 1922-1926 жылдары - Көкшетау уезінде азық-түлік комитетінде қызмет атқарған. 1926-1929 жылдары - Ақмола губерниялық «Бостандық туы» газетінің жауапты хатшысы, редакторының орынбасары, «Қызыл Түркістан», «Оңтүстік Қазақстан», «Сталин жолы» (қазіргі «Жетісу») газеттерінің жауапты хатшысы болған. Кейін мемлекеттік баспада, Қазақстан Жазушылар одағында, республикалық Радио комитетінде қызмет істеген.

Алғашқы өлеңдер жинағы 1928 жылы «Еңбек жемістері» деген атпен жарық көрген. Сондай-ақ оның «Найзағай», «Толқын», «Қызғалдақ», «Табыс», «Жартас», «Асулар», «Алтын қалам», т.б. жыр жинақтары бар. Ақынның Ұлы Отан соғысы жылдарындағы шығармалары майдан газеттерінде жиі басылып тұрған. Ол Лев Толстойдың «Арылу» романын, татар классигі Тоқайдың өлеңдері мен поэмаларының бір томдығын қазақ тіліне аударған.

КСРО медальдармен, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталған.

85 жыл бұрын (1926-1986) композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері ҚОЙШЫБАЕВ Мәкәлім дүниеге келді.

Атырау облысының Қызылқоға ауданында туған. Алматы музыка училищесін, Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясын (қазіргі Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы) бітірген.

1944-1945 жылдары - Қостанай, 1945-1949 жылдары - Ақтөбе облыстық филармониясының, 1960-1961 жылдары - «Қазақконцерттің» көркемдік жетекшісі. 1961-1962 жылдары - Қазақ филармониясының музыкалық редакторы, 1962-1965 жылдары - Алматы консерваториясының фольклорлық кабинетінде ғылыми қызмет атқарды, 1965-1967 жылдары - оқу бөлімінің меңгерушісі (профессор 1986) болды. 1968-1975 жылдары - Алматы музыкалық училешесінің директоры қызметін атқарған.

Оның «Той бастар», «Шахтер жыры», «Жастар әні», Абайдың өлеңіне шығарылған «Қалқам-ай, мен үндемей жүремін көп» сияқты әндері мен романстары ел арасына кеңінен тараған. Ұлт аспаптар оркестріне арналған «Қазақстан», «Жастық», «Концерттік күй», «Атырау дүбірі», т.б. поэмалары, «Мәншүк», «Құрманғазы», «Туған жер», «Ардагерлер» симфониялық поэмалары, сондай-ақ эстрадалық, симфониялық оркестріне арнап: «Қазақ биі», «Сюита», «Күй-поэма», «Увертюра»; домбыраға арналған: «Жарыс», «Жастар», «Аққу», «Қызылқұм» атты күйлері бар. Қобыз бен фортепианоға арналған: «Романс», «Көктем биі», «Өмір гүлі», т.б. аспаптық-камералық, вокалды-хор мен спектакльдерге, драмалық спектакльдерге (Ілияс Есенберлиннің «Таудағы тартысы», Шахмет Хұсайыновтың «Алғашқы ұшқындары» мен «Сертке серті») жазған т.б. музыкалық шығармалары мол.

55 жыл бұрын (1956) «Нұр Отан» Халықтық-демократиялық партиясының Маңғыстау облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, физика-математика ғылымдарының кандидаты, педагогика ғылымының докторы, профессоры, Қазақстан Республикасының білім беру саласының үздігі ҚАРАЕВ Жауымбай Амантұрұлы дүниеге келді.

Атырау облысында туған. Гурьев педагогика институтын (қазіргі Халел Досмұхаммедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті) бітірген. 1978-1979 жылдары - орта мектепте математика және электротехника пәнінің мұғалімі, 1979-1981жылдары - Қазақстан Ғылым Академиясының Математика және механика институтының стажер-зерттеушісі, 1981-1982 жылдары - Гурьев педагогика институтының оқытушысы, 1982-1985 жылдары - Қазақстан Ғылым Академиясының Математика және механика институтының аспиранты, 1985-1986 жылдары - Гурьев педагогика институтының аға оқытушысы, 1986-1992 жылдары - Ыбырай Алтынсарин атындағы педагогика ғылымдары ғылыми-зерттеу институтының бөлім меңгерушісі, зертхана меңгерушісі, директорының орынбасары, 1992-1998 жылдары - Алматы педагог кадрларды қайта даярлау және біліктілігін арттыру институтының директоры, 1998-1999 жылдары - Қазақ білім беру академиясының бірінші вице-президенті, 1999-2003 жылдары - Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау, білім және спорт министрлігінің Орта және кәсіптік білім беру комитеті төрағасының орынбасары, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің орта және жалпы білім беру департаменті директорының орынбасары, директоры, 2003-2007 жылдары - Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика институтының проректоры, 2007-2010 жылдары - Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарған. Қазіргі қызметінде 2010 жылдың сәуір айынан бастап істейді.

50 жыл бұрын (1961) «Оқжетпес» футбол клубының президенті ӘБДІРАХМАНОВ Әбдіғақар Үкібайұлы дүниеге келді.

Целиноград (қазіргі Астана) қаласында туған. Целиноград инженерлік-құрылыс институтын, Еуразия гуманитарлық институтын бітірген.

1983-1996 жылдары - Қазақстан ЛКЖО Целиноград облыстық комитетінің «Спутник» халықаралық жастар туризмі бюросының нұсқаушысы, бөлім бастығы, 1996-2001 жылдары - «Стройопт» ЖШС директорының орынбасары, 2001-2004 жылдары - «Жас батыр» спорт клубы директорының орынбасары, 2004-2005 жылдары - Степногорск қаласындағы «Химик» футбол клубының команда бастығы, 2005-2006 жылдары - Астана қаласындағы «Олимп» спорттық-сауықтыру орталығының директоры, Көкшетау қаласындағы «Оқжетпес» спорт клубының президенті, 2006-2009 жылдары - Ақмола облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының бастығы, 2009-2011 жылдары - «Намыс» футбол клубының президенті қызметтерін атқарған. Қазіргі қызметінде 2011 жылдан бастап істейді.

МАМЫРДЫҢ 11-І, СӘРСЕНБІ

Тайландта алғашқы жер жырту мерекесі. Санам Луангте жыл сайынғы жер жырту рәсімі мамыр айында өтеді. Бұл ертеден келе жатқан рәсім жаңа ауыл шаруашылық маусымның басталуына арналған.

ОҚИҒАЛАР

15 жыл бұрын (1996) Иран Ислам Республикасы мен Қазақстан Республикасының Президенттері екі ел арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту және тереңдету туралы бірлескен декларацияға, Каспий теңізінің мәселелері бойынша бірлескен мәлімдемеге қол қойды.

10 жыл бұрын (2001) Астана қаласында Кенесары ханның ескерткіші ашылды. Ескерткіш авторы - мүсінші Нұрлан Далбай.

4 жыл бұрын (2007) Мұхтар Әуезовтың мұражай үйінде халықаралық құқықтанушы Рейн Мюллерсонның «Орталық Азия» атты кітабының таныстырылымы болып өтті. Кітапта автордың Орталық Азиядағы БҰҰ-ның аймақтық кеңесшісі ретінде қызмет еткен кездегі орта-азиялық танымал саясаткерлерімен жеке кездесулері туралы материалдар және қарапайым халықтың тіршіліктері жөніндегі көзқарастары жиналған.

Р.Мюллерсон - Лондон университетінің Король колледжінің профессоры, халықаралық және әлем қауіпсіздігі бағдарламасының директоры. 80-шы жылдардың аяғында Эстонияның сыртқы істер министрлігінің орынбасары болып қызмет атқарған. КСРО Президенті Михаил Горбачевтің кеңесшісі болған. Халықаралық құқық және саясат бойынша 9 кітаптың және 200-дей мақаланың авторы.

Кітабындағы басты орындарының бірінде - қарапайым қырғыз Мысырқұл, автор онымен Ыстық көлге барған кезінде достасқан.

4 жыл бұрын (2007) Алматы облысындағы Балпық би кентінде керамзит кiрпiштерi мен блоктердi шығаратын республикадағы бірінші зауыттың ашылу рәсімі болып өтті.

1 жыл бұрын (2010) Өскеменде, Ұлы Отан соғысының ардагері және жазушы Қасым Қайсеновке жаңа қола ескерткіш орнатылды.

Қасым Қайсенов 1918 жылы сәуірдің 23-де Шығыс Қазақстан облысының Ұлан ауданында дүниеге келген. Ол 2006 жылы желтоқсанның 30-ы күні 89 жасқа қараған шағында ауыр науқастан дүние салды.

1934 жылы мектеп бітіргеннен кейін Өскемен қаласындағы саяси-ағарту техникумына түсіп, 1938 жылы оны бітірген соң Павлодар облыстық оқу бөлімінің саяси-ағарту жөніндегі нұсқаушысы болып қызмет атқарып жүргенде әскер қатарына шақырылып, әскери-барлау мектебіне жіберіледі.

1 жыл бұрын (2010) Түркияның Кайсери қаласы мен Қазақстанның Павлодар қаласының арасында бауырластық байланыстар орнату туралы келісімге қол қойылды.

Сапар барысында Павлодар мен және Кайсери қалаларының арасындағы бауырластық қатынастар орнату туралы келісімге қол қойылды. Павлодар облысының делегациясы сондай-ақ, Кайсери қаласының әкімі Мехмет Өзхасекимен, Кайсери аймағының әкімі Мевлут Билижимен, аймақтық өндірістік палатасының төрағасы Мустафа Бойдакпен, аймақтық сауда палатасының жетекшісі Али Килижимен кездесулер өткізді. Олардың барысында Қазақстан мен Түркияның, Павлодар облысы мен Кайсери аймақтарының сауда және экономикалық, мәдени-гуманитарлық және бауырластық қатынастары туралы бірқатар мәселелер талқыланды.

1 жыл бұрын (2010) Қазақстан мен Австрияның машина жасау одақтарының арасындағы ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды. «Редиссон» қонақ үйінде өткен қазақстан-австриялық бизнес-форум барысында қол қойылды. Меморандумға «Қазақстан машина жасау одағының» басқарма төрағасы Мейрам Пішембаев және «Машина және металл өнімдері» австриялық индустриалды одақтың бірінші вице-президенті Бернд Велинг қол қойды.

ЕСІМДЕР

100 жыл бұрын (1911-1984) ғалым-паразитолог-протистолог, биология ғылымының докторы АППАСОВ Расим Низамиұлы дүниеге келді. Ұлы Отан соғысына қатысқан.

Алматы облысында туған. Алматы мал дәрігерлік институтын (Қазақ ұлттық аграрлық университеті) бітірген. 1949 жылдан Қазақ КСР Ғылым академиясы Зоология институтының ғылыми қызметкері, зертхана меңгерушісі, 1975 жылдан - Қазақ КСР Ғылым академиясы Зоология институтының ғылыми кеңесшісі қызметтерін атқарған.

40-қа жуық ғылыми еңбектің авторы. Негізгі ғылыми еңбектері Қазақстандағы жабайы жануарлар мен малдың қанында, ішегінде кездесетін паразиттер және солар арқылы таралатын ауруларды зерттеуге арналған.

70 жыл бұрын (1936) КСРО және Қазақ КСР халық ағарту ісінің үздігі, Ақтөбе қаласының, Әйтеке би ауданының құрметті азаматы ЕЛАМАНОВА Сара Иманбайқызы дүниеге келді.

Ақтөбе облысының Шалқар қаласында туған. Қазіргі Абай атындағы Алматы ұлттық педагогикалық институтының орыс тілі мен әдебиеті факультетін бітірген. 1958-1967 жылдары - Қарабұтақ орта мектебінің мұғалімі, оқу ісінің меңгерушісі, директоры, аудандық оқу бөлімі педагогика кабинетінің меңгерушісі. 1967-1975 жылдары - сол ауданның атқару комитеті төрағасының бірінші орынбасары. 1975-1982 жылдары - Ақтөбе облыстық оқу бөлімінің меңгерушісі. 1982-1992 жылдары - Ақтөбе облыстық атқару комитеті төрағасының орынбасары. 1992 жылдан Тарихи және мәдени ескерткіштерді қорғау республикалық қоғамы филиалының директоры. Ол Қарабұтақта музыка мектебін ұйымдастырған. Мысыр мен Германияда өткен халықаралық фольклор көркемөнері фестивальдарында Ақтөбе қалалық мәдениет үйінің «Әлия гүлі» халық ансамблін бастап барған.

Екі рет «Құрмет белгісі» орденімен, медальдармен, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Грамотасымен, Бейбітшілік қорының алтын медалімен марапатталған.

55 жыл бұрын (1956) Қазақстан Республикасы Ауылшаруалығы министрлігі Егіншілікті дамыту және фитосанитариялық қауіпсіздік департаментінің директоры БУЦЬ Анна Александровна дүниеге келді.

Украинаның Харьков облысында туған. Харьков ауылшаруалығы институтын бітірген. 1979-1999 жылдары - кеңшардың агрономы, аудандық ауылшаруалығы басқармасының аға агрономы, Целиноград облыстық ауылшаруалығы басқармасының аға агрономы, облыстық өндірістік тұқым бірлестігінің аға агрономы, тұқым инспекциясының аға агрономы, Республикалық тұқым инспекциясы бастығының міндетін атқарушы, бас маманы. 1999-2005 жылдары - Қазақстан Республикасы Ауылшаруалығы министрлігі Астық департаментінің бас маманы, бөлім бастығы, директордың орынбасары қызметтерін атқарған. Қазіргі қызметінде 2005 жылдан бастап істейді.

«Тыңға 50 жыл» мерекелік медалімен, Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен марапатталған.

МАМЫРДЫҢ 12-І, БЕЙСЕНБІ

Бүкіләлемдік медбикелердің күні. Қырым соғысы кезінде (1853-1856) санитарлар отрядын ұйымдастырып, басшы болған ағылшын медбикесі -Флоренс Найтингейлдің туған күніне орай атап өтіледі. Әр екі жыл сайын Халықаралық Қызыл Крест және Қызыл Жарты Ай қозғалысы ең үздік медбикелерге Флоренс Найтингейл атындағы 50 медальды тапсырады.

ОҚИҒАЛАР

16 жыл бұрын (1995) Ақтөбе қаласындағы бір көшеге ақын Сағи Жиенбаев (1934-1994) есімі берілді.

16 жыл бұрын (1995) Корея Республикасында Қазақстан Республикасының елшілігі ашылды.

15 жыл бұрын (1996) Иранның Мешхед қаласында Трансазия темір жол магистралінің Мешхед-Теджен-Сирахс учаскесін ашудың салтанатты рәсімі өтіп, оған Елбасы Н.Ә.Назарбаев мәртебелі қонақ ретінде қатысты. Жалпы ұзындығы 11 мың шақырымды құраған жаңа темір жол Тынық мұхиты жағалауын, Қытай мен Орта Азияны, Иран мен Түркияны жалғастырды.

11 жыл бұрын (2000) Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаев Астанадағы резиденциясында Нобель сыйлығының лауреаттарын қабылдады.

6 жыл бұрын (2006) Өзбекстанда Әндіжан оқиғасы орын алды.

5 жыл бұрын (2006) Астанадағы Республикалық «Дарын» ғылыми-практикалық орталығында Олимпиада чемпионы, белгілі шаңғышы Владимир Смирнов атындағы «Дарын» бейімдік мектебінің ресми түрде ашылу рәсімі өтті. Мектептің ашылу рәсіміне қатысқан еңбек сіңірген спорт шебері, төрт дүркін әлем чемпионы Владимир Смирнов мектепке қабылданған балғын шаңғышыларға сәттілік тілеп, олардың 2014 жылы Алматыда өтетін қысқы Азия ойындарында үлкен жетістіктерге жететіндеріне сенім білдірді. Мектеп бапкері Вячеслав Макаревичтің айтуынша, Смирнов атындағы бейімдік мектеп табиғи жағдайы ыңғайлы Бурабай өңіріндегі спорт мектептерінің бірінде орналаспақ. Бүгінде арнайы бұйрыққа сәйкес бұл мектепке 13 балғын шаңғышы қабылданып отыр. Айта кетер жәйт, қазіргі кезде Шортанда танымал шаңғышы Владимир Смирновтың арнайы мұражайын ашып, спортшының жетістіктеріне арналған кітап шығару көзделіп отыр.

4 жыл бұрын (2007) Түрікменбасы қаласында өткен үш жақты самитте Қазақстан, Ресей және Түрікменстан президентері - Нұрсұлтан Назарбаев, Владимир Путин және Гурбангулы Бердымұхамедов - Каспий газ құбырын салу туралы бірлескен декларацияны қабылдады. Газ құбыры Каспий жағалауын бойлай, Қазақстан мен Ресей арқылы Түрікменстан аумағы арқылы өтетін болып межеленді.

1 жыл бұрын (2010) Алматыда қазақ тілінде тұңғыш «Жан» эзотериялық әдебиет баспасы ашылды.

«Тәуелсіз басылымдар редакторларының қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің президенті Жангелді Естенбаевтың айтуынша, бұл жобаны «Жан» және «Арыс» баспалары бірлесіп қолға алып отыр.

Жаңа баспаның басты бағыты адам жанының құпия-сырларына терең үңілу, оккульттік ғылымдардың, шығыс ілімдерінің, қазақтың наным-сенімдерінің түп негіздерін жарыққа шығару болып табылады.

ЕСІМДЕР

105 жыл бұрын (1906-1972) драматург, киносценарийші ХҰСАЙЫНОВ Шаяхмет дүниеге келді.

Ақмола облысында туған. Мәскеудегі А.Луначарский атындағы мемлекеттік театр өнері институтының режиссерлік факультетін бітірген. 1940-1950 жылдары Семей драма театрының көркемдік жетекшісі, Қазақ драма театры әдебиет бөлімінің меңгерушісі, «Қазақфильм» киностудиясы сценарий бөлімінің редакторы, Қазақ КСР Ғылым академиясы өнертану секторының ғылыми қызметкері болып істеген.

Оның алғашқы шығармасы 1932 жылы жарық көрген. Содан бастап «Шабуыл», «Орақ», «Шолпан», «Кеше мен бүгін», «Көктем желі», «Есірткен ерке», «Ертіс жағасында», «Біздің Ғани», «Әл-Фараби» атты пьесаларын жазған. Ол өзінің 1942 жылы жарияланған «Алдар Көсе» пьесасында қазақ ауыз әдебиетіндегі аңыздың негізінде, әлеуметтік теңсіздікке қарсы күрескер, халық кейіпкері - Алдар Көсенің бейнесін сомдаған.

Сонымен қатар В.Абызовпен бірге «Шабандоз қыз», «Біз осында тұрамыз», «Асау Ертіс жағасында» кинофильмдерінің сценарийін жазған.

«Құрмет белгісі» орденімен, медальдармен марапатталған.

60 жыл бұрын (1951) Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының судьясы ҚАМНАЗАРОВ Марклен Мұхтарұлы дүниеге келді.

Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданында туған. Қазіргі әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бітірген. 1974-1979 жылдары - Талдықорған облыстық атқару комитеті әділет бөлімінің аға кеңесшісі. 1979-1996 жылдары - Талдықорған облыстық сотының судьясы, Қылмыстық істер жөніндегі алқасы төрағасының міндетін атқарушы. 1996-2002 жылдары - Атырау облыстық сотының төрағасы қызметтерін атқарған. Қазіргі қызметінде 2002 жылдан бастап істейді.

«Құрмет» орденімен және медальдармен, Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының Құрмет грамотасымен, Қазақстан Республикасы Президентінің алғыс хатымен марапатталған.

55 жыл бұрын (1956) Өскемен қаласының әкімі ӘБІШЕВ Ислам Әлмаханұлы дүниеге келді.

Өзбекстан Республикасы Ташкент облысының Шынгаз ауданына туған. Қазақ политехникалық институтын (қазіргі Қаныш Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті) бітірген. 1980-1986 жылдары - Өзбек Ғылыми өндірістік бірлестігінің «Кибернетика» институтының ғылыми қызметкері, Шымкент облысы Киров ауданы ХХ партсъезд совхозы комсомол комитетінің хатшысы, Шымкент облыстық комсомол комитетінің нұсқаушысы, Шымкент облысы Шардара аудандық комсомол комитетінің бірінші хатшысы. 1986-1992 жылдары - Шымкент облысы Шардара ауданы «Ақ-Алтын» совхозы партия комитетінің хатшысы, Оңтүстік Қазақстан облысы Шардара ауданы «Юбилейный» совхозының директоры. 1992-1995 жылдары - Оңтүстік Қазақстан облысы Шардара электр желісі кәсіпорыны директорының орынбасары, Шымкент қаласы «Мақсат» жекеменшік фирмасының директоры. 1995-1997 жылдары- Шымкент қаласындағы «Абай» жекеменшік фирмасының директоры. 1997-1999 жылдары - Шымкент қалаық «Тұран» жабық типтегі акционерлік қоғамының директоры. 1999-2003 жылдары - «Батсу-энергосату» ЖШС-тің бас директоры, «Батсу Корпорациясы» қауымдастығының президенті, Оңтүстік Қазақстан облысы Ордабасы ауданының әкімі. 2003-2009 жылдары - Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары қызметін атқарған. Қазіргі қызметінде 2009 жылдың наурыз айынан бастап істейді.

«Құрмет» орденімен, медальдармен марапатталған.

МАМЫРДЫҢ 13-І, ЖҰМА

Қара теңіз флотының күні. 1996 жылы бекітілген. Қара теңіз флотының құрылғанына сәйкес жыл сайын мамырдың 13-де атап өтіледі.

ОҚИҒАЛАР

19 жыл бұрын (1992) Қазақстан Республикасы мен Финляндия Республикасы арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастарды бекіту туралы келісім жасалды.

4 жыл бұрын (2007) Санкт-Петербор қаласындағы «Невский пяточок» мемориалында соғыс жылдары қырғын ұрыс болған жерде «Память және Слава» атты интернационалды саябақтың ашылу салтанатты өтті.

Ұлы Отан соғысы жылдары Ленинград шайқасындағы қорғаушылардың құрметіне саябақта 60 стелла орнатылған, оның ішінде қазақстандықтарда бар. Стеллалардағы жазулар әр ұлттың өз тiлiнде жазылған.

2 жыл бұрын (2009) Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Корея Республикасының жоғары мемлекеттік наградасы - «Мугунхва» (Мәңгі гүлдеген раушангүл) орденімен марапатталды.

Қазақстан мен Кореяның достық байланыстарының дамуына зор үлес қосқаны үшін өз кезегінде Президент Ли Мён Бак Қазақстанның жоғары мемлекеттік наградасы «Алтын Қыран» орденімен марапатталды.

2 жыл бұрын (2009) Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасының Үкіметі, Ресей Федерациясының Үкіметі және Түрікменстанның Үкіметі арасындағы Каспий жағалауы газ құбырын салудағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы» Заңға қол қойды.

1 жыл бұрын (2010) Қазақстанда «KAZNEX INVEST» экспорт және инвестициялар бойынша Ұлттық агенттігі құрылды.

Жаңа құрылған органның негізгі мақсаты экспортты дамыту және жылжытумен қатар Қазақстан экономикасына тікелей инвестициялар тарту болып табылады.

Ұлттық агенттіктің қызметіне Қазақстан аумағында экономиканың өңдеу секторында бірлескен өндірістер құру мақсатымен жетекші трансұлттық компаниялармен өзара іс-қимыл жасасу кіреді. Ел экономикасының шикізаттық емес секторларына салым салуға дайын шетелдік инвесторлар үшін «KAZNEX INVEST» АҚ бір терезе қағидатымен қызметтер ұсынатын болады

ЕСІМДЕР

75 жыл бұрын (1936) жазушы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты ҚҰМАРОВА Шәрбану Мұхитқызы дүниеге келді.

Алматы облысының Есік қаласында туған. Қазақ мемлекеттік университетін (әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті) бітірген. «Социалистік Қазақстан» газетінде (қазіргі «Егемен Қазақстан»), Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің Кинематография жөніндегі мемлекеттік комитетінде, «Мәдениет және тұрмыс» журналында, Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында, «Жазушы» баспасында жұмыс істеген.

Содан бергі уақытта «Терезелер», «Сәуірдің ақ таңы», «Әйел шырағы», «Қызыл қайың» атты әңгіме-повестер жинағы, «Құлжа жолы» повесі, «Қазбауыр бұлттар» роман-толғауы, «Сезім патшалығы» романы жарық көрген. Көптеген шығармалары ТМД халықтарының тілдеріне аударылған.

«Құрмет» орденімен марапатталған. Есік қаласындағы бір көшеге қаламгер есімі берілген.

45 жыл бұрын (1966) «Шәмші» журналының бас редакторы, сазгер, Қазақстан Жастар одағы сыйлығының лауреаты ҚҰРМАНӘЛІ Қалдыбек Арыстанбекұлы дүниеге келді.

Оңтүстік Қазақстан облысы Алғабас ауданында туған. С.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін (әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті) бітірген. 1989-1992 жылдары - Қазақстан Жазушылар одағы жанындағы «Жұлдыздар» жастар-шығармашылық бірлестігінің төрағасы. 1992-1994 жылдары - Қазақстан Жастар одағы Оңтүстік Қазақстан облыстық комитетінің хатшысы. 1994-1996 жылдары - «Жас қазақ» газеті бас редакторының орынбасары. 1996-1997 жылдары - «Шартарап» баспасының бас редакторы. 1997-1998 жылдары - «Зерде» журналы бас редакторының орынбасары. 1999-2000 жылдары - «Заң» газетінің Алматы облысы бойынша меншікті тілшісі. 2000-2008 жылдары - «Жас қазақ» корпорациясының президенті қызметін атқарған. Қазіргі қызметінде 2008 жылдан бастап істейді.

Қызыл Жұлдыз орденімен марапатталған.

МАМЫРДЫҢ 14-І, СЕНБІ

Дүниежүзілік әділетті сауда күні. Жыл сайын мамырдың екінші сенбісінде атап өтіледі, ал мамыр айы әділетті сауда айы деп есептеледі. Бұл күн Дүниежүзілік әділетті сауда ұйымының (World Fair Trade Organization) басқаруымен өткізіледі, онда 70 мемлекеттен 350 өндіруші ұжымы әділетті сауда ұйымына қатысқаны туралы жариялайды.

Әділетті сауда - бұл таңбасы бар және таңбасы жоқ тауарларға байланысты халықаралық стандарттар мен қоғамдық саясатты пайдалануды жақтайтын қоғамдық қозғалыс. Дамымаған елдерден дамыған елдерге экспортталған тауарларға көп көңіл бөлінеді. Әділетті сауданың тауарлары мыналар: шәй, кофе, какао, банан, және де қол-өнер туындылары мен киім-кешек. Ең бастысы олар құлдық пен балалар еңбегін пайдаланбай өндірілуі керек.

Грузияның Тамаробасы - Грузиндердің ұлттық мерекесі. Әулие Тамара ханшайымды еске алу күні. Ұлттық мереке ретінде 1917 жылдан бастап атап өтіледі.

Парагвай Республикасының Ұлттық мейрамы - Тәуелсіздік күні (1811). 1811 жылдан бастап атап өтіледі. Халықтың қысымымен испан губернаторы өз өкілеттілігін тоқтатты. Испанияның Парагвайға билігі жүрмейтін болды. Парагвай Оңтүстік Американың орталық бөлігінде орналасқан мемлекет. Солтүстігі және солтүстік-батысында Боливиямен, солтүстік-шығысы және шығысы Бразилиямен, оңтүстік-шығысы, оңтүстік және оңтүстік-батысы Аргентинамен шектеседі. Әкімшілік жағынан 19 департаментке бөлінеді. Астанасы - Асунсьон қаласы. Ресми тілі - испан тілі. Ақша бірлігі - гварани. Елді Президент басқарады. Ол жалпы халықтық сайлау арқылы 5 жылға сайланады. Президент екінші мәрте қайта сайлауға түсе алмайды. Жоғары заң шығарушы органы Конгресс. Ол екі палатадан сенат және депутаттар палатасынан тұрады.

ОҚИҒАЛАР

4 жыл бұрын (2007) Қарағанды облысының әкімдігі мен Табиғи ресурстардың Еуразиялық корпорациясы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

3 жыл бұрын (2008) Астанадағы Қазақ Гуманитарлық заң университетінде ислам саласын зерттеумен танылып жүрген тұлға Юрий Михайловтың «Құранды түсінетін кез келді» атты кітабының тұсаукесері болды.

Әр кез көптеген ойшылдарды, ғалымдарды, әдебиетшілерді рухтандырып, қызықтырған бұл дінді мұсылман болмаса да, шебер дінтанушы болмаса да автор адал ниетпен тануға, әділ бағалауға тырысқан. Исламға әділ және шынайы көзқараспен қарауға, ислам ілімінің негізін және ислам мәдениетін түсінуге мүмкіндік ашқан. Кітап саясаткерлерге, мемлекеттік қызметкерлерге және ислам дүниетанымының шығармашылық әлеуетінің ерекше феномені неден құралатынын, оның әлеуметтік доктринасының негізінде не жатқанын білгісі келетін жандарға арналған.

3 жыл бұрын (2008) Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Ядролық терроризм актілерімен күрес туралы халықаралық конвенцияны ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының заңына қол қойды.

2 жыл бұрын (2009) Семейде Шығыс Қазақстандағы тұңғыш «Көксерек» атты аудиокітап шықты. Кітапты «Альфа Марино» жарнама студиясы қазақ әдебиетінің классигі Мұхтар Әуезовтың хикаясы бойынша шығарды.

Идеяның авторы «Қазақстан - Семей» телеарнасының қызметкері Қуат Ахмеджанов. Ұзақтығы 1 сағат 5 минуттық әдеби шығарманы дыбыстандырған да өзі. Шығарушылар аудиокітаптың алғашқы жиынтығын қаладағы мектеп-интернаттарға сыйлық ретінде табыстады.

2 жыл бұрын (2009) Киев қалалық кеңесінің 2008 жылғы желтоқсанның 18-дегі шешімімен Шевченко ауданындағы Кузьминская көшесі қазақ поэзиясының алыбы Жамбыл Жабаевтың есіміне ауыстырылды. 2009 жылғы мамырдың 8-де осы көшеде Жамбыл Жабаевтың мемориалдық тақтасы ресми түрде салтанатпен ашылды.

1 жыл бұрын (2010) Режиссер Ермек Тұрсыновтың «Келін» фильмі Монакода өткен дәстүрлі Халықаралық қайырымдылық кинофестивалінде бас жүлдені жеңіп алды.

2011 жылғы мамырдың 5-і мен 11-і аралығында өткен фестивальге исландиялық актриса Анита Брием бастаған қазылар алқасы төрелік етті.

«Келін» фильмі «Үздік ойын фильмі» аталымында жеңімпаз атанды. Бұл аталым бойынша оның негізгі қарсыласы - режиссер Флориан Галленбергеннің (Германия) тарихи оқиғаға негізделген «Джон Рабе» фильмі болды. Ол - қытайлықтарды ажалдан құтқарушы үшін қолынан келгеннің бәрін жасаған «Siemens» корпорациясының неміс директорының өмірі туралы баяндайтын драма.

Фестивальде үздік ойын фильмдерімен қатар, «Үздік деректі фильм», «Үздік қысқаметражды фильм» аталымдары да таныстырылды.

1 жыл бұрын (2010) Оңтүстік Қазақстан облысының Сайрам ауданында бірден - шұжық өнімдері мен минералдық су өндіретін екі жаңа кәсіпорын іске қосылды.

«Алма» ауылдық өндірістік кооперативі - шұжық цехы Қарасу ауылында ашылды. Кәсіпорынның қуаты кең көлемді өнім түрлерімен қатар, тәулігіне 1200 килә ет өндіре алады.

«Манкент-аква» минералдық су шығаратын цех Манкент ауылында ашылды. Оның қуаты бір ауысымда 3,5 мың бөтелке су шығару.

ЕСІМДЕР

70 жыл бұрын (1941) белгілі актер, Қазақстан Республикасының халық әртісі, КСРО Кинематографистер одағының үздігі, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты ЫҚТЫМБАЕВ Нұржұман Байжұманұлы дүниеге келді.

Алматы облысы Кербұлақ ауданында туған. Алматы музыка училищесін, Панфилов педагогикалық училищесін және «Қазақфильм» студиясы жанындағы актерлік студияны бітірген, Қазақ Мемлекеттік педагогикалық институтын тәмамдаған. Кинодағы мансабы кездейсоқ басталған. Болашақ киноактердің ауылына келген «Мазасыз таң» фильмінің түсіру тобы оны фильмге түсіруге шақырады. 1968 жылдан «Қазақфильм» киностудиясының актері.

Актер кинода әрқилы болмысты, мінезді кейіпкерлер бейнесін жасады, мысалы, «Адамдар арасындағы бөлтіріктегі» тұйық, қатаң мінезді, «Сталинге сыйлықтағы» жұмсақ мінезді, бірақ бірбеткей, ал «Барлаушыдағы» қарапайым, шығысқа тән даналық көрінетін кейіпкерлер, тағы басқалар. Актердің соңғы жұмыстарынан француз актері Ж.Депардьемен бірлесіп түскен «Кеш оянған махаббат» фильмін атауға болады. Актер анимациялық ленталарды дыбыстауға да қатысады. («Қадырдың бақыты», 2000).

2007 жылы «Жол қараушы» фильміндегі ролі үшін «Адал жүрек» кинофестивалінде Бас жүлдені, 2009 жылы «Шәкен жұлдыздары» фестивалінің ең үздік актері, 2009 жылы Чебоксарыдағы МКФ - «Сталинге сыйлық», «ең үздік ер ролі үшін» сыйлығын, Қасым ролі үшін Бүкіламерикалық өнерді қолдау ассоциациясының арнайы жүлдесіне («Сталинге сыйлық») ие болған.

55 жыл бұрын (1956) Ақмола облысы әкімінің орынбасары, жоғары категориялы менеджер, экономика ғылымдарының докторы ӘДІЛБЕКОВ Дәурен Зекенұлы дүниеге келді.

Новосібір электротехникалық институтын, Мәскеудің халық шаруашылығы академиясын бітірген. Еңбек жолын 1974 жылы Семей облысы Үржар ауданы «Бахты» кеңшарында бастаған. Кейіннен Алматы қаласындағы №1 Троллейбус паркінде шебер, аға шебер, цех бастығы, Трамвай депосының бас инженері, директоры болған. 1989-1992 жылдары - Алматы қаласы Совет аудандық атқару кеңесі төрағасының орынбасары. 1992-1994 жылдары - Алматы қаласы Совет аудандық әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары. 1994 жылы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің депутаты болып сайланған. 1995-1997 жылдары - Қазақстанның кәсіпкерлікті дамыту және қолдау орталығы бас директорының бірінші орынбасары. 1997-1998 жылдары - Көкшетау облысы әкімінің бірінші орынбасары, Солтүстік Қазақстан облыстық экономика басқармасының бастығы, Қазақстан Республикасы Премьер-министрі Кеңсесі Сараптама-талдау бөлімінің сектор меңгерушісі. 1998-2004 жылдары - Ақмола облысы әкімінің орынбасары, Көкшетау қаласының әкімі. 2004-2005 жылдары - Ақмола облысы әкімінің орынбасары. 2005-2006 жылдары - Көкшетау экономика және менеджмент институты кафедрасының профессоры. 2006-2008 жылдары - «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы «Темір жол жылу» акционерлік қоғамының вице-президенті, Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Есіл департаменті бастығының міндеті атқарушысы, Көкшетау экономика және менеджмент институты кафедрасының профессоры қызметтерін атқарған. Қазіргі қызметінде 2008 жылдың қазан айынан бастап істейді.

«Құрмет» орденімен, «Астана» медалімен марапатталған.

МАМЫРДЫҢ 15-І, ЖЕКСЕНБІ

Халықаралық отбасы күні. 1993-інші жылдан БҰҰ Бас Ассамблеясының қарарымен бекітілген.

Бұл күнді белгілеу әлемдік қауымдастықтың отбасының қазіргі жағдайы мен оның қоғам өміріндегі және өскелең ұрпақ тәрбиесіндегі маңызына алаңдаушылық туғызуына орай жүзеге асып отыр. Адам өмірі отбасынан басталады, азамат болып қалыптасуы да осында өрбиді. Отбасы - сүйіспеншіліктің, құрметтеудің, ынтымақтастық пен үйір болушылықтың ошағы, яғни, кез-келген зиялы қоғамның діңгегі, онсыз адам өмір сүре алмайтын құндылық негізі. Отбасының аман-саулығы - әрбір елдің дамуы мен келешегінің өлшемі.

Бүкілдүниежүзілік Жұқтырылған қорғаныш тапшылығы белгісі (ЖҚТБ) құрбандарын еске алу күні. 1983 жылдан бастап, мамырдың үшінші жексенбісінде атап өтіледі.

Арменияның Әуе қорғанысының күні. 1992 жылғы мамырда Армения Республикасының Қарулы Күштерiнiң әуе қорғаныс бөлiмшелерiнiң құрастырылуы аяқталды. Осы уақыттан бастап мамырдың үшінші жексенбісі Арменияның қарулы күштерінде Әуе қорғаныс күні болып атап өтіледі.

ОҚИҒАЛАР

100 жыл бұрын (1911) «Атбасар мыс кендері» акционерлік қоғамының рудниктерінде жұмысшылар ереуілге шықты.

19 жыл бұрын (1992) Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығымен Ұлттық ядролық орталық және Атом қуаты жөніндегі агенттік құрылды.

19 жыл бұрын (1992) Қазақстан, Армения, Қырғызстан, Ресей және Өзбекстан мемлекеттері арасында ұжымдық қауіпсіздік туралы келісімге қол қойылды.

12 жыл бұрын (1999) Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығымен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі агенттігі құрылды.

5 жыл бұрын (2006) Алматыда басталған «Қазақстандағы PR күндері» мерекесі шеңберінде тұңғыш рет студенттік «PR-сейшн» отырысы өтті. Дөңгелек үстел басына жиналған ҚР Білім және ғылым министрлігінің өкілдері, жұртшылықпен байланыс мамандарын дайындайтын республикадағы озық жоғары оқу орындарының оқытушылары және ПР-агенттіктердің басшылары мен осы мамандықта оқитын студенттер коммуникативті сала мамандарын даярлау мәселелерін қарастырып, пікір алмасты. Студенттердің еліміздегі ПР саласындағы мәселелер жөнінде жүргізген зерттеу нәтижесі бойынша, осы салада білім беретін оқытушы кадрлардың жеткіліксіздігі (46,5 пайыз), оқытушы мамандардың тәжірибесінің төмендігі (32,8 пайыз), аталмыш мамандықты өзге мамандықтардан ажырата алмау және Қазақстандағы осы саладағы оқулықтардың жеткіліксіздігі мәселелері атап өтілді. Шара барысында қазақстандық «PR-шы» клубының ұйымдастыруымен студенттер арасында өткізілетін «Ең үздік ПР-жоба» байқауының жеңімпаздары марапатталды.

4 жыл бұрын (2007) Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев еңбек қатынастарын құқықтық реттеудің жаңа моделін бекітетін, еліміздің экономикалық дамуының осы заманғы талаптарына және еңбек саласындағы халықаралық стандарттарға жауап беретін Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне қол қойды.

Сонымен қатар, Елбасы «Қазақстан Республикасы Еңбек кодексін қолданысқа енгізу туралы» Заңға, сондай-ақ «Қазақстан Республикасының еңбек мәселелерін реттейтін бірқатар заңнамалық актілерін қолданыстағы заңдарды жаңадан қабылданған Еңбек кодексіне сәйкестендіруге бағытталған өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына қол қойды.

2 жыл бұрын (2009) Берлинде Қазақстанның Германиядағы жылы ауқымында «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-ның («Болашақ») Германиядағы және Еуропадағы құрылықтық елдердегі өкілдіктері ресми түрде ашылды.

ЕСІМДЕР

110 жыл бұрын (1901-1991) қоғам қайраткері, экономика ғылымының кандидаты ТАЙБЕКОВ Елубай Бәзімұлы дүниеге келді.

Ақмола облысы Қорғалжын ауданында туған. Орынбордағы зоотехникалық-малдәрігерлік техникумының даярлау бөлімін, милиция мектебін және Мәскеудегі К.Тимирязев атындағы ауыл шаруашылығы академиясын бітірген. 1935-1951 жылдары аралығында Қазақ ауыл шаруашылығы институтында, Қазақ КСР Жер шаруашылығы халық комиссариатында, Қазақстан Компартиясының Ақтөбе облыстық комитетінде түрлі лауазымды қызметтер атқарған. 1951-1955 жылдары - Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің төрағасы, 1955-1957 жылдары - Шығыс Қазақстан облыстық атқару комитетінің төрағасы, 1957-1961 жылдары - Қазақ ауыл шаруашылығы академиясының академик-хатшысы, бөлім меңгерушісі, 1961-1963 жылдары - Қазақ ауыл шаруашылық институтының ректоры, 1963-1977 жылдары осы институттың ауыл шаруашылығы экономикасы кафедрасының меңгерушісі болған. 1977 жылы зейнет демалысына шыққан.

Екі мәрте Еңбек Қызыл Ту орденімен, 1-ші дәрежелі Отан соғысы, «Құрмет белгісі», Қазан революциясы ордендерімен, медальдармен марапатталған.

110 жыл бұрын (1901-1988) әнші (тенор), Қазақстанның халық әртісі, Бүкілқазақстандық халық өнерпаздары слетінің жүлдегері ӘБІШЕВ Нұғыман дүниеге келді.

Қарағанды облысы Егіндібұлақ ауданында туған. 1935-1960 жылдары Қазақ мемлекеттік филармониясында, 1960-1970 жылдары «Қазақконцертте» әнші болған. Ол Абай, Біржан сал, Ақан сері, Жаяу Мұса және басқа да халық композиторларының әндерін насихаттауда елеулі еңбек етті.

«Құрмет белгісі» орденімен марапатталған.

85 жыл бұрын (1926-1994) ақын, сазгер ТӘЖІБАЕВ Бәкір дүниеге келді.

Ақтөбе облысы Байғанин ауданында туған. 1941 жылдан бастап Темір педагогика училищесінде оқып, Жұрын (қазіргі Мұғалжар) аудандық газетінде, аудандық комсомол комитетінде істеген. 1950 жылы Алматы театр-сурет училищесі жанындағы кино-актерік бөлімін бітіргеннен кейін, бірталай жыл Жамбыл, Шымкент облыстық театрларында актерлікпен шұғылданған. 1958 жылдан Абай атындағы Қазақ опера және балет театры әдеби бөлімінің меңгерушісі болған. Кейін Алматы облыстық Халық шығармашылығы үйінде, Қазақ КСР Театр қоғамында жұмыс жасаған. 1974 жылдан бастап бірыңғай шығармашылық жұмыспен айналысқан. Оның бірнеше жыр жинақтары, кең тараған әндері мен ән сөздері, драмалық шығармалары бар. «Жас Дәурен», «Ақбұлақ», «Әппағым-ау, Әппағым», «Гүлсің-ау» әндері бар. Оның өз орындауындағы әндері «Мелодия» фирмасынан күйтабақ болып шыққан. «Қамар сұлу» операсы либреттосының авторы.

80 жыл бұрын (1931-1989) актер, Қазақстаннның халық әртісі, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты НОҒАЙБАЕВ Ыдырыс дүниеге келді.

Алматы облысы Талғар қаласында туған. Мәскеудегі А.В.Луначарский атындағы Мемлекеттік театр өнері институты жанындағы қазақ студиясын бітірген. 1954 жылдан бастап Қазақ драма театрының құрамында қызмет етіп, 1970 жылдан бастап Алматы мемлекеттік өнер институтының актерлер факультеті мен республикалық эстрада студиясында педагогикалық қызметпен шұғылданған. Ол «Абай», «Қара Қыпшақ Қобыланды», «Қозы Көрпеш-Баян сұлу», «Асауға-тұсау», «Қан мен тер», т.б. қойылымдарда ойнаған. 1955 жылдан бастап «Мазасыз көктем», «Асу», «Ботакөз», «Алғашқы мұғалім», «Шыңдағы шынар», «Қыз Жібек», «Қилы кезең», т.б. көркем фильмдерге түсіп, ұлттық кино өнерінің дамуына елеулі үлес қосты. Гастрольдік сапармен Қазан, Уфа, Нүкіс, Шираз (Иран) қалаларында өнер көрсеткен.

«Құрмет белгісі» орденімен, медальдармен марапатталған.

70 жыл бұрын (1941) ақын, сазгер, Республикалық «Жалын» бәйгесінің жүлдегері, Платиналы Тарлан сыйлығының лауреаты, Түркі поэзиясы халықаралық фестивалінің, Қазақстан Жазушылар одағының Ілияс Жансүгіров атындағы сыйлығының лауреаты САПАРБАЙ Исраил дүниеге келді.

Өзбекстан Республикасы Самарқанд облысында туған. Шымкент педагогика институтын бітіріп, осы облыстың «Оңтүстік Қазақстан» газетінде істеген. 1973-1975 жылдары Алматы жоғары партия мектебін бітірген. Қазақстан Жазушылар одағының Шымкент облысаралық бөлімшесінде, «Жалын» баспасында, «Қазақ әдебиеті» газетінде, «Жазушы» баспасында, «Қазақфильм» телестудиясында, Сыртқы істер министрлігі ТМД елдері департаментінде жауапты қызметтер атқарған. 1998-1999 жылдары Өзбекстан Республикасындағы Қазақстан елшілігінде 2-нші хатшы болған. Ол 70-ке жуық әндер мен 150-ге тарта ән мәтіндерінің авторы. «Ауылдан келген ару», «Әмір-Темір», «Абай-Тоғжан», «Сыған серенадасы», «Махаббат мейрамы» атты пьесалары театр сахнасында қойылып келеді.

Соңғы жаңалықтар