ҚазАқпарат-Анонс: ақпанның 16-сы мен 22-сі аралығындағы оқиғалардың күнтізбесі

None
None
None
ҮКІМЕТ Ақпанның 16-сында Үкімет үйінде селекторлық кеңес өтеді. Ақпанның 16-сында Ішкі істер министрлігі мен Сыртқы істер министрлігінде апталық брифингтер өтеді. ПАРЛАМЕНТПарламент Мәжілісінің регламентіне және «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясы фракциясының жұмыс жоспарларына сәйкес, ағымдағы жылғы ақпанның 9-ы мен 18-і аралығында фракция депутаттары өңірлерде жұмыс істеуде. Сапар аясында фракция депутаттары жергілікті билік, аймақтық партия өкілдерімен кездесіп, «Нұр Отан» ХДП халықтық тұғырнамасының жүзеге асырылу жайын талқыға салады. ҚОҒАМ2009 жылғы ақпанның 25-і мен наурыздың 6-сы аралығында Қазақстан Республикасында Ұлттық халық санағы өткізіледі. СПОРТ2009 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу турниріне дайындық аясында футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасы Ирландия, Англия және Кипр құрамаларына қарсылас атанып отыр. Біздің топтағы матчтар ақпанның 18-і мен 22-сі аралығында Ирландияның Дублин қаласында өтеді. Қазақстандық команда ақпанның 19-да Англиямен, 20-да Кипрмен, 22-де Ирландиямен ойнайды.Футболдан Қазақстанның әйелдер құрамасы алдағы мамырдың 11-і мен 17-сі аралығында Арменияда өтетін УЕФА-ның шағын турниріне қатысуда. Қазақстан футбол федерациясының мәліметінше, жарыста Армения, Қазақстан және Эстония командалары өзара мықтыларды анықтайды. Турнир күнтізбесі бойынша біздің команда мамырдың 16-сында Армениямен ойнайды.Астанада, ақпанның 16-нан 22-сі аралығында Ұлттық теннис орталығында Қазақстанның қысқы чемпионаты өтеді. Астанадағы теннис кортына республиканың барлық аймағындағы алдыңғы қатардағы спортшылар жиналады. Отандық теннистің «жұлдыздары» осы жарыста бас қоспақ.Алматыда ақпанның 18-22 күндері бокстан әйелдер арасында Қазақстан чемпионаты өтеді. Достық спорт кешенде өтетін бұл байрақты бәсеке биыл бесінші рет ұйымдастырылуда. Оған Азия әуесқой бокс федерациясының (FABA) төрешісі астаналық Қайрат Манашаев бастаған қазылар алқасы төрелік жасамақ. Қазақстанның әйелдер ұлттық құрамасының бас бапкері Вадим Присяжнюктің айтуынша, оған қатысушылардың саны биыл жылдағыдан көбірек болады деп жоспарланып отыр. Былтыр 115 былғары қолғап шебері қатысқан болатын.Ақпанның 18-і мен 28-і аралығында Қытайдың Харбин қаласында студенттер арасында XXIV қысқы универсиада ойындары өтеді. Онда отандастарымыз спорттың 5 түрі бойынша сынға түседі. Қазақстанның студенттер спорты федерациясының мәліметіне қарағанда, конькимен жүгіруде Николай Улитиннің бапкерлігімен Елена Обатурова, Сергей Мелехов, Денис Кузин мен Антон Суровяткин бақ сынамақ. Шаңғымен тұғырдан секіруде жаттықтырушы Павел Васильев шәкірттері Антон Канкенов пен Геннадий Семеновқа үміт артуда. Шорт тректе бапкер Мәдіғали Қарсыбеков ерлер арасында Аслан Даумов, Нұрберген Жұмағазиев, Андрей Сметанин мен Андрей Старженскийге, қыздар арасында Галина Дудко мен Елизавета Сигуленковаға сенім білдіріп отыр. Болгарияның София қаласында өткен Әлем кубогының кезеңдік бәсекесінде Нұрберген 500 метрлікте 20-шы, 1500 метрлікте 32-ші, ал Андрей 1000 метрлікте бірінші күні 33-ші, екінші күні 35-ші орын алған болатын. АСТАНААқпанның 16-сында «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясының Орталық аппаратында Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді.«Нұр Отан» ХДП халықтық сенім партиясы» тақырыбында өтетін арнайы шара аталмыш партияның 10 жылдық мерейтойына арналған. Конференцияның мақсаты ? партияның тарихи жолын, еліміз бен қазақстандық қоғамның заманауи өміріндегі рөлін ұғыну, «Нұр Отан» партияның даму болашағына қатысты ұсыныстар әзірлеу. Конференцияға ҚР Парламенті депутаттары, Президент Әкімшілігі мен ҚР Үкіметінің өкілдері, қоғамдық бірлестіктер, халықаралық ұйымдар, сарапшылар мен ғалымдар, БАҚ өкілдері қатысады.Ақпанның 16-сында Халықаралық баспасөз орталығында «Астана ? менің жүрегім» кітабының таныстырылымы өтеді. АЛМАТЫ Ақпанның 16-сы күні Алматыдағы Қазақтың әл-Фараби атындағы Ұлттық университетінің пәндік олимпиадалары басталады. Оқушылар арасындағы бұл пәндік олимпиаданы өткізудің басты мақсаты - ҚазҰУ-дың студенттерін таңдау тұжырымдамасына сәйкес дарынды абитуриенттерді алдын-ала іріктеу.Ақпанның 16-сында «Метро» ойын-сауық орталығында БАҚ өкілдерінің арасында боулингтен турнир өтеді. Ақпанның 18-і күні «Қазақтың мәдени ұлттық брендін қалыптастыру: тәжірибе және болашағы» деген тақырыпта дөңгелек үстел мәжілісі өтеді. Оны Мәдени саясат және өнертану институты ұйымдастырып отыр.-------------------------------------------------------------------------------------------------- АТАУЛЫ КҮНДЕР, ЕЛЕУЛІ ОҚИҒАЛАРАҚПАННЫҢ 16-І, ДҮЙСЕНБІЛитва Республикасының Ұлттық мейрамы ? Литва мемлекеттілігінің қалпына келтірілген күні (1918). Литва Балтық теңізінің оңтүстік-шығыс жағалауында орналасқан мемлекет. Астанасы ? Вильнюс қаласы. Ресми тілі ? литван тілі. Ақша бірлігі ? лит. Мемлекет басшысы ? президент. Жоғарғы заң шығарушы органы бір палаталы парламент ? Сейм. Атқарушы билікті Министрлер Кабинеті жүзеге асырады. Литва индустриялы-аграрлы ел. Экономикасының жетекші салалары ? машина жасау, металл, ағаш өңдеу, химия, тамақ, тоқыма өнеркәсіптері. Мал шаруашылығы мен балық аулау да жоғары дамыған. Экспортының негізін мұнай өнімдері, машина, құрал-жабдық, тамақ, тоқыма өнімдері құрайды. Қазақстан Республикасы мен Литва Республикасы арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 1992 жылғы маусымның 15-інде орнатылды.Корей Халық Демократиялық Республикасының Ұлттық мерекесі ? КХДР Президенті Ким Чен Ирдің туған күні. 1995 жылдан бастап атап өтіледі.АҚШ-та президенттер күні. Ұлттың негізін қалаушылары саналатын А.Линкольннің туған күнінен (ақпанның 12-і ) кейінгі және Дж.Вашингтонның туған күнінің (ақпанның 22-і) алдындағы дүйсенбіде атап өтіледі.ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР16 жыл бұрын (1992) Қазақстан Республикасы мен Жаңа Зеландия арасында дипломатиялық қарым-қатынас орнату туралы ноталарды ауыстыру өтті.13 жыл бұрын (1996) «Жамбыл» - «Тараз» апталық газетінің алғашқы саны жарық көрді. Бастапқыда газет орыс тілінде жарық көріп, қосымша қазақ тілінде де мақалалар басылып тұрды. 2002 жылғы наурыздан бастап қазақ және орыс тілдерінде бөлек шыға бастады. Қазіргі кезде газеттің таралымы орыс тілінде 11 мың, қазақ тілінде 4 мың дананы құрайды.9 жыл бұрын (2000) Шымкентте «Фэшн Лэнд» қазақстандық-пәкістандық біріккен тігін фабрикасының ашылу салтанаты өтті.ЕСІМДЕР60 жыл бұрын (1949) Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық техникалық университетінің ректоры, ауыл шаруашылығы ғылымының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Жаратылыстану ғылымдар академиясының академигі БОЗЫМОВ Қазыбай Қарабайұлы дүниеге келді. Қызылорда облысының Арал ауданында туған. Батыс Қазақстан ауыл шаруашылығы институтын, Бүкілресейлік метрологиялық қызмет ғылыми-зерттеу институтының аспирантурасын бітірген. Батыс Қазақстан ауыл шаруашылығы институтының оқу ісі жөніндегі проректоры қызметін атқарған. 1996-2000 жылдары ? Батыс Қазақстан аграрлық университетінің бірінші проректоры. 2000-2002 жылдары ? Батыс Қазақстан инженерлік-технологиялық институтының ректоры. Қазіргі қызметінде 2002 жылдан бастап істейді. Медальмен, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталған. АҚПАННЫҢ 17-І, СЕЙСЕНБІЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР16 жыл бұрын (1993) Алматы қаласында Біріккен Ұлттар Ұйымының өкілдігі жұмыс істей бастады.3 жыл бұрын (2006) Италияның Милан қаласында өткен сән апталығында ұзындығы 150 метрлік алқа көрсетілді. Аталмыш бұйымның авторы итальяндық Роберто Москетто Де Ван оны 12 000 гауһар тастарынан жасап шыққан. ЕСІМДЕР105 жыл бұрын (1904-2002) тарих ғылымының докторы, Ұлы Отан соғысы ардагері МИХАЙЛОВ Федор Кузьмич дүниеге келді. Қазақ педагогикалық институтының тарих факультетін бітірген. Қазақстан Ғылым академиясы Тарих, археология және этнография институтында қызмет істеген. Ғалымның негізгі ғылыми жұмыстары Қазақстанның аграрлық және тың жерлерді игеру мәселелеріне арналған. Екі мәрте «Қызыл жұлдыз» орденімен, медальдармен марапатталған. 70 жыл бұрын (1939) журналист, ақын, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері КӨШЕНОВ Ғарифолла дүниеге келді. Батыс Қазақстан облысының Бөкей ордасы ауданында туған. Қазақ мемлекеттік университетін бітірген. Батыс Қазақстан облыстық «Орал өңірі» газетінің тілшісі, бөлім меңгерушісі, жауапты хатшысы, редактордың орынбасары, бас редакторы, облыстық телерадиокомпанияның төрағасы қызметтерін атқарды. «Жас дәурен», «Кең жайлау» жинақтарына топтама өлеңдері, «Еңбек даңқы» кітабына очеркі енді. Айтыстары 1958 жылы «Ақындар үні» жинағында жарияланды.70 жыл бұрын (1939) педагогика ғылымының докторы, профессор ӘБДІКӘРІМОВ Болат дүниеге келді. Қарағанды облысының Нұра ауданында туған. Қарағанды политехникалық институтын бітірген. 1990-1994 жылдары ? Қазақстан Республикасы Білім министрінің орынбасары. 1994-1995 жылдары ? Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі Білім, ғылым және жаңа технологиялар комитеті төрағасының орынбасары. 1995-1996 жылдары ? Қазақстан Республикасы Білім министрлігі жанындағы Кәсіби-теникалық білім жөніндегі комитеттің төрағасы. 1996-1997 жылдары ? Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты аппаратының сектор меңгерушісі. 1997 жылдан Еуразия гуманитарлық институтының кафедра меңгерушісі, профессоры болып істейді. Ғалымның 90-нан астам ғылыми еңбегі бар. «Құрмет белгісі» орденімен, медальдармен марапатталған.60 жыл бұрын (1949) Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрі, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор ШКОЛЬНИК Владимир Сергеевич дүниеге келді. Ресейде туған. Мәскеу физика-математика институтын бітірген. Маңғыстау энергокомбинатының инженер-физигі, зертхана бастығының орынбасары, бас инженері, директордың орынбасары қызметтерін атқарған. 1992-1994 жылдары ? Қазақстан Республикасы Атом энергетикасы жөніндегі агенттігінің бас директоры. 1994-1996 жылдары ? ҚР Ғылым және жаңа технологиялар министрі. 1996-1999 жылдары ? ҚР Ғылым академиясының президенті және Ғылым министрі. 1999-2000 жылдары ? ҚР Ғылым және жоғары білім министрі, ҚР Энергетика, индустрия және сауда министрі. 2000-2007 жылдары аралығында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, Энергетика және минералдық ресурстар министрі, ҚР Индустрия және сауда министрі. 2007-2008 жылдары Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары қызметін атқарды. Қазіргі қызметінде 2008 жылдан бастап істейді. 200-ден астам ғылыми еңбектің авторы. «Парасат» орденімен, медальдармен марапатталған. АҚПАННЫҢ 18-І, СӘРСЕНБІГамбия Республикасының Ұлттық мейрамы ? Тәуелсіздік күні (1965). Гамбия ? Африканың батыс жағалауында орналасқан мемлекет. Батысында Атлант мұхитымен, солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде Сенегалмен шектеседі. Астанасы ? Банжул қаласы. Мемлекеттік тілі ? ағылшын тілі. Ақша бірлігі ? даласи.ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР17 жыл бұрын (1992) Қазақстан балаларының «Бөбек» мейірімділік қоры құрылды.16 жыл бұрын (1993) Шымкент қаласының орталық көшелерінің біріне ғалым-этнограф, фольклоршы Әбубәкір Диваевтың есімі берілді.30 жыл бұрын (1979) Сахара шөліне қар жауып, табиғатта адам сенгісіз жағдай болды.ЕСІМДЕР80 жыл бұрын (1929-1986) филология ғылымының докторы, Қазақстан Ғылым академиясының корреспондент мүшесі ДЕРБІСАЛИН Әнуар Жақсығалиұлы дүниеге келді. Ақтөбе облысында туған. Ақтөбе мұғалімдер институтын, Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтын, Қазақстан Ғылым академиясы Тіл және әдебиет институтының аспирантурасын бітірген. 1955-1958 жылдары ? Педагогика ғылыми-зерттеу институтының аға ғылыми қызметкері. 1958-1986 жылдары Әдебиет және өнер институтының аға ғылыми қызметкері, бөлім меңгерушісі қызметтерін атқарған. Ғылыми-зерттеу еңбектері, негізінен, 19 ғасыр мен 20 ғасыр басындағы қазақ әдебиеті тарихының мәселелеріне арналған. Сондай-ақ, түркі жазба ескерткіштері мен қазақ ақын-жырауларының әдеби мұрасы туралы зерттеу еңбектердің авторы. Асан Қайғы, Қазтуған, Доспанбет, Шалкиіз, Жиембет, Бұқар, Шал, Көтеш, Абай, Ыбырай, т.б. ақын-жыраулардың әдеби мұраларын, «Оғыз-наме», «Мұхаббат-наме», «Қорқыт Ата кітабы» сияқты көне қазыналарды зерттеуге елеулі еңбек сіңірді.70 жыл бұрын (1939) техника ғылымының кандидаты, профессор, Ресей Федерациясы Көлік академиясының академигі, Халықаралық көлік академиясының академигі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері ҚАРАБАСОВ Ізбасар Сейкенұлы дүниеге келді. Ақтөбе облысында туған. Ташкент темір жол көлігі инженерлері институтын, Алматы темір жол көлігі инженерлері институтының аспирантурасын бітірген. 1967-1972 жылдары «Қарағандыкөмір» комбинатында, Тез бұзылатын жүктерді тасымалдау ғылыми-зерттеу зертханасында жұмыс істеген. 1972-1996 жылдары ? Алматы темір жол көлік инженерлері институтының ассистенті, аға оқытушысы, доценті, проректоры, ректоры. 1996-1997 жылдары ? Қазақ көлік және коммуникациялар академиясының ректоры. 2000 жылдан Қазақ жол қатынастары университетінің ректоры, бірінші проректоры болған. Ғалымның 90-нан астам ғылыми жарияланымы және 7 монографиясы бар.70 жыл бұрын (1939) жазушы ИБРАГИМОВ Төкен дүниеге келді. Қостанай облысында туған. Абай атындағы Қазақ мемлекеттік педагогикалық институтының тарих факультетін және аспирантурасын бітірген. 1969-1976 жылдары Семей облыстық теледидарында редактор және аға редактор болып істеген. 1976 жылдан бері Абайдың республикалық әдеби-мемориалдық мұражайының директоры. Алғашқы сын, зерттеу мақалалары газет-журналдар бетінде 1961 жылдан жариялана бастаған. «Өлең өрісі» атты монографиясы 1979 жылы «Жазушы» баспасынан жарық көрген. «Құрмет» орденімен марапатталған. АҚПАННЫҢ 19-Ы, БЕЙСЕНБІЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР15 жыл бұрын (1994) Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев «Адам құқығы жөніндегі республикалық комиссия құру туралы» Жарлыққа қол қойды.6 жыл бұрын (2003) Мәскеуде Еуразиялық экономикалық қоғамдастығының алғашқы Экономикалық форумы ашылды. ЕурАзЭҚ құрамына кіретін Ресей, Беларус, Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстан елдерінің өкілдері өзара ықпалдастық іс-қимылдардың перспективаларын талқылап, қоғамдастық мемлекеттері экономикасын тұрақты дамыту жөніндегі ұсыныстарды талдады.ЕСІМДЕР75 жыл бұрын (1934-1994) техника ғылымының докторы, профессор СЕРАЗЕТДИНОВ Дуглас Зияевич дүниеге келді. Ақтөбе қаласында туған. Қазақ мемлекеттік университетін бітірген. 1956 жылдан Қазақстан Ғылым академиясы Химия институтының ғылыми қызметкері болған. Ғалымның ғылыми жұмыстарының негізгі бағыты Қазақстан жерінің полигалитті және астраханитті шикізатын пайдалану жолдары, тұздарды гидротермиялық қайта өңдеу, сополимерлену реакциялары негізінде полифосфатты тыңайтқыштарды синтездеу әдістерін зерттеуге арналған. Ол шыны типтес және аморфты фосфаттарды түпкілікті зерттей отырып, олардағы ерігіштік процестерді, полимерлердің гидролиттік деструкциясын реттеу, коррозия мен үйкеліске төзімділік, т.б. көптеген қасиеттерін айқындады. Ғалымның бұл зерттеулері Қазақстандағы Жамбыл фосфор, Жамбыл суперфосфат, жаңа-Жамбыл химия зауыттарында сынақтан өткізіліп, өндіріске енгізілді. Профессордың 200-ден аса ғылыми еңбегі, оның ішінде 30 авторлық куәлігі мен 4 монографиясы бар. Медальдармен марапатталған. АҚПАННЫҢ 20-Ы, ЖҰМАЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР89 жыл бұрын (1920) қазіргі «Солтүстік Қазақстан» облыстық газетінің алғашқы саны «Кедей сөзі» деген атаумен жарық көрді. 1993 жылдан бастап қазіргі атауымен жарық көріп келеді. Газеттің 10 мыңыншы нөмірі шығуына байланысты Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен, «Құрмет белгісі» орденімен марапатталған. «Солтүстік Қазақстан» газеті облыс мәдениеті мен экономикасының дамуында үлкен рөл атқарады. Оның беттерінде кәсіпорындардың басшылары, инженерлер, жұмысшылар, ғалымдар өз пікірлерін білдіріп тұрады. Өз заманында қазақ әдебиетінің классиктері М.Жұмабаев, С.Мұқанов сынды тұлғалар газеттің редакторлары болды. Әртүрлі жылдары газет редакциясында Қазақстан халық жазушылары Д.Әбілев, Ә.Әбішев, С.Шәймерденов, әдебиеттің көрнекті қайраткерлері Қ.Кемеңгеров, М.Дәулетбаев қызмет істеді. Басылым аптасына үш мәрте шығады.16 жыл бұрын (1993) Алматыда «Түрік бірлігі» атты газеттің алғашқы саны жарық көрді.16 жыл бұрын (1993) Алматыдағы Достық үйінде Қазақ-Иран достығы халықаралық ұйымының салтанатты ашылуы болды. 10 жыл бұрын (1999) Павлодар облысы Баянауыл ауданының орталығында ғұлама ғалым Қаныш Сәтбаевқа ескерткіш орнатылды.3 жыл бұрын (2006) Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Секьюритилендіру туралы» Заңға қол қойды. Аталған Заң экономиканың нақты секторын қаржыландырудың қазіргі бір түрі ретінде секьюритилендіру институтының қызметі мен дамуының құқықтық негіздерін белгілейді. ЕСІМДЕР110 жыл бұрын (1889-1938) ? Қазақстанның көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, Жетісудағы алғашқы ақындар айтысын ұйымдастырушы ЖАНДОСОВ Ораз Қиқымұлы дүниеге келді. Алматы облысының Қарасай ауданында туған. Верный ерлер гимназиясын бітірген. Қазақстанда кеңестік билік орнағаннан кейін Жетісудың ұлт істері жөніндегі облыстық бөлімін басқарды. 1919-1921 жылдары Түркістан Коммунистік партиясының мұсылман коммунистері секциясы облыстық бюросының төрағасы болып, Жетісу облыстық революциялық-әскери комитетін және облыстық «Қосшы» одағын басшылық жасады. 1921-1923 жылдары Түркістан Коммунистік партиясының Орталық Комитеті үгіт-насихат бөлімінің меңгерушісі және БК(б)П Қазақ өлкелік комитетінің екінші хатшысы болды. 1923-1924 жылдары Мәскеудегі Тимирязев атындағы Ауыл шаруашылығы академиясында білім алды. 1924-1928 жылы БК(б)П Қазақстан өлкелік комитеті үгіт-насихат бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарып, «Еңбекші қазақ» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетіне басшылық жасады. 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысының 10 жылдығына орай, 1926 жылы Жетісудағы Қарқара көтерілісіне қатысқандарды мәңгі есте қалдыру мақсатында көтерілісшілер жиынын өткізіп, кейін «Ереуілтөбе» атанып кеткен жерге ескерткіш орнатпақ болып, тас үйіп, белгі қалдыруға қоғам қайраткері Ыдырыс Көшкінов, т.б. азаматтармен бірге қолдау көрсетіп, ат салысты. Қоғам қайраткері ауыл экономикасын зерттеу жөніндегі экспедицияны басқарды, ғылыми-зерттеу жұмысымен айналысып, ғылыми еңбектер жазды. 1928-1937 жылдары Қазақ АКСР ағарту халкомы, Қазақ ауыл шаруашылығы институтының директорлығымен қатар Республикалық кітапхананың директоры, БК(б)П Кеген аудандық комитетінің бірінші хатшысы, Алматы облыстық атқару комитетінің төрағасы қызметтерін атқарды. Ұлтаралық қатынастарды реттеуге көп еңбек сіңірді. КОКП съездерінің және КСРО Кеңестері съездерінің делегаты, БК(б)П Түркістан Коммунистік партиясы Орталық комитетінің мүшесі және бюро мүшесі, Түркістан Орталық атқару комитеті төралқасының және Бүкілресейлік орталық атқару комитетінің мүшесі, Қазақстан Орталық атқару комитетінің және оның төралқасының мүшесі, Қазақстан өлкетану қоғамы басқармасының төрағасы болды. 1937 жылы тамызда партиядан шығарылды да, жалған саяси айыппен тұтқындалып, 1938 жылы наурызда атылды. Қазақ ақыны Кенен Әзірбаев тұтқынға алынған Жандосовпен өзінің қоштасқан сәті туралы «Оразжан» әнін шығарды. 1999 жылы Алматыда қоғам қайраткерінің ұлы Анри (Әли) Жандосовтың құрастыруымен «Қайран Ораз» атты кітап жарық көрсе, немересі бірнеше жинақтың авторы, ақын Гүлнар Жандосова Алматыда Ораз Жандосов атындағы гуманитарлық лицей құрды. Елімізде Жандосовтың есімі елді мекендерге беріліп, Алматы қаласында оған ескерткіш орнатылды. Райымбек ауданының орталығы Кеген ауылында қоғам қайраткері атындағы өлкетану мұражайы жұмыс істейді.95 жыл бұрын (1914-1979) актер, Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген әртісі, Ұлы Отан соғысының ардагері ТҰРСЫНОВ Жүсіпбек дүниеге келді. Павлодар облысының Ертіс ауданында туған. Ақтөбе, Жамбыл, Шымкент облыстық драма театрларында қызмет істеген. Актер негізінен өткір мінезді рөлдерде ойнаған. Орындаған рөлдері қатарында Махамбет (М.Ақынжанов «Исатай - Махамбет»), Жантық, Жағыпар (Ғ.Мүсірепов «Қозы Көрпеш ? Баян сұлу», «Амангелді»), Арыстан, Көбей (М.Әуезов «Айман - Шолпан», «Еңлік - Кебек»), Қатай (С.Жүнісов «Ажар мен ажал»), т.б. бар. «Қызыл жұлдыз» орденімен, медальдармен марапатталған. 65 жыл бұрын (1944) филология ғылымының докторы БАЙТАНАЕВ Болат Әбішұлы дүниеге келді. Оңтүстік Қазақстан облысының Отырар ауданында туған. Шымкент педагогикалық институтының орыс тілі және әдебиеті факультетін бітірген. 1967-1990 жылдары Шымкент өнер институтының аға оқытушысы, тіл және әдебиет кафедрасының меңгерушісі, Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті орыс және шет ел әдебиеті кафедрасының меңгерушісі, филология факультетінің деканы, аға ғылыми қызметкері болған. 1991-1999 жылдары Шымкент дене шынықтыру педагогикалық институтының оқу ісі жөніндегі проректоры, Қожа Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің оқу ісі жөніндегі проректоры қызметін атқарған. 1996 жылдан М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті филология факультетінің деканы, орыс және әлем әдебиеті кафедрасының профессоры қызметтерін атқарды. Ғалымның 50-ден астам мақала, зерттеу еңбектері жарық көрген. АҚПАННЫҢ 21-І, СЕНБІАна тілінің халықаралық күні. 1999 жылғы қарашада ЮНЕСКО Бас Конференциясының 30-шы сессиясының шешімімен бекітілген және 2000 жылғы ақпанның 21-інен бастап тілдік және мәдени әр алуандықты қорғау мақсатында атап өтіледі.Король V Харальдтың туған күні (Норвегия). Басқа да скандинав елдері сияқты Норвегия да король отбасы мүшелерінің туған күнін тойлайды. Бұл күндер байрақ күні деп аталады да, туған күн иесінің құрметіне заңнамада бекітілген жерлерде мемлекеттік ту көтеріледі.ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР40 жыл бұрын (1969) «Байқоңыр» ғарыш айлағынан жіберілген «N-1» зымыран тасымалдағыш 70 секундтан кейін жарылып кетті. Бұл кеңестік зымыран Айға жетуі керек болатын. Зымыран ұшыру үш мәрте сәтсіздікке ұшырағаннан кейін жоба тоқтатылған.17 жыл бұрын (1992) Атырау облысының Балықшы ауданындағы орта мектепке ақын, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Фариза Оңғарсынованың есімі берілді.80 жыл бұрын (1929) БКП (б) Орталық Комитетінің барлық партия ұйымдарына арналған «Еңбек тәртібін нығайту туралы» хаты жарияланды. Елдегі еңбек тәртібінің қатайған соншалық, жұмысқа себепсіз кешіккені үшін соттай салу, түрмеге жауып тастап әдеттегі іске айналды. АҚПАННЫҢ 22-І, ЖЕКСЕНБІЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР10 жыл бұрын (1999) Қазақстанда «Невада-Семей» қоғамдық қозғалысының құрылғанына 10 жыл толуы аталып өтті. 1991 жылы тамыздың 29-ында Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаев Семей полигонын жабу туралы Жарлыққа қол қойған болатын. Бұл әлемдегі ядролық қарусыздану жолындағы алғашқы нақты қадам еді. ЕСІМДЕР55 жыл бұрын (1954) ғалым, социология ғылымының докторы, профессор АЛДАШОВ Бақтияр Әбілхайырұлы дүниеге келді. Жамбыл облысының Талас ауданында туған. Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институтын бітірген. 1976-1978 жылдары ? «Жамбылқұрылыс» тресінің аға инженері. 1978-1985 жылдары ? Жамбыл облыстық атқару комитеті құрылыс бөлімінің нұсқаушысы, аға референті, меңгерушісі. 1986-1991 жылдары ? Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институтының аға инженері, проректоры, 1991-1996 жылдары ? Тараз сыртқы экономика қауымдастығы бас директорының орынбасары. 1996 жылдан Жамбыл университетінің ғылыми жұмыстар мен халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры, Экологиялық-экономикалық мәселелер ғылыми-зерттеу институтының директоры, Тараз мемлекеттік университетінің факультет деканы болған. Қазір Х.Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Тараз институтының профессоры болып істейді. 40-қа жуық ғылыми жұмыстың, оның ішінде 1 монографияның авторы.
Соңғы жаңалықтар