09:08, 12 Қаңтар 2009 | GMT +5
ҚазАқпарат-Анонс: қаңтардың 12-сі мен 18-і аралығындағы оқиғалардың күнтізбесі
None
ЕЛБАСЫАстанада қаңтардың 12-сі күні алғашқы интеллектуалдық мектеп ашылады. Оған ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев арнайы қатыспақ.Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Үндістанға ресми сапары барысында қаңтардың 23-і мен 27-сі аралығында Делиде «Қазақстан-Үндістан» Іскерлік кеңесінің 4-ші отырысы және екі ел кәсіпкерлерінің іскерлік келіссөздері өтеді. ҮКІМЕТ
Қаңтардың 12-сінде Үкімет үйінде селекторлық кеңес өтеді. Қаңтардың 12-сінде Министрлер үйінде Премьер-Министр К.Мәсімовтың қатысуымен Ақпараттандыру және байланыс агенттігі алқасының кеңейтілген мәжілісі өтеді. Қаңтардың 12-сінде Ауыл шаруашылығы министрлігінде «Сүт және сүт өнімдеріне қойылатын талаптарға өзгертулер мен толықтырулар енгізу» мәселесіне арналған «дөңгелек үстел» отырысы өтеді. ПАРЛАМЕНТ
Қаңтардың 13-і, сейсенбі күні Мәжілістің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің отырысы өтеді. Онда бірқатар заң жобалары бойынша Қоршаған ортаны қорғау, Индустрия және сауда, Мәдениет және ақпарат, сондай-ақ Ауыл шаруашылығы министрлері орынбасарларының баяндамалары тыңдалады.ҰЛТТЫҚ БАНКҚР Ұлттық Банкінің Басқармасы 2009 жылғы қаңтардың 1-інен бастап Ұлттық Банкінің ресми қайта қаржыландыру жылдық ставкасын 10 пайыз деңгейінде белгілеуге шешім қабылдады.ҚОҒАМ2009 жылғы ақпанның 25-і мен наурыздың 6-сы аралығында Қазақстан Республикасында Ұлттық халық санағы өткізіледі. 2009 жылғы қаңтардың 1-інен бастап Қазақстан Республикасында жаңа Салық және Бюджет кодекстері күшіне енді. АСТАНАҚаңтардың 12-сі күні қалада алғашқы интеллектуалдық мектеп ашылады. Оған ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев арнайы қатыспақ.Қаңтардың 12-сінде «Нұр Отан» партиясының орталық кеңсесінде «Нұр Отан» мен Мемлекеттік тілді дамыту президенттік қорының арасында бірлескен қызмет туралы меморандумға қол қою рәсімі өтеді. Қаңтардың 15-і мен 19-ы аралығында Астанада футзалдан Қазақстан чемпионатының бесінші тур ойындары өтедіҚаңтардың 16-сында Астанада «Масс-медиа саласында зияткерлік меншікті қорғау» тақырыбына арналған семинар-тренинг өтеді. АЛМАТЫ
Қаңтардың 12-сінде «Миллениум» мейрамханасында Қызыл Крест пен «Қазақстан-Корея» Достық қоғамы қайырымдылық акция өткізеді. Қаңтардың 19-ында «Қазақстан-Үндістан: ынтымақтастық перспективалары» деп аталатын конференция өтеді. Оны Үндістан елшілігі мен Нью-Делидегі Сыртқы істер министрлігінің ақпарат бөлімі ҚР Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтымен ынтымақтасып ұйымдастырып отыр.АЙМАҚТАРАЛМАТЫ ОБЛЫСЫӘкімдердің жыл сайынғы есеп беру науқаны биыл қаңтардың 28-інде басталып, ақпанның 11-інде аяқталады. Осы екі аптаның ішінде 16 аудан әкімі мен үш қала әкімі былтырғы жыл бойына атқарылған жұмыстары бойынша халық алдында есеп береді. Ал облыс әкімі Серік Үмбетовтың қорытынды есебі ақпанның 11-іне жоспарланып отыр.БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ Қаңтардың 12-сі мен ақпанның 14-і аралығында барлық деңгейдегі әкімдер есеп береді. Қоғамды одан әрі демократияландыру, халықты елімізде жүргізіліп жатқан реформалардан хабардар ету, билік органдарының ел алдындағы жауапкершілігін арттыру мақсатында өткізілетін науқан барысында барлығы 440 кездесу болмақ. Алдымен ауыл әкімдері есеп берсе, аудан әкімдерінің есебі қаңтардың 19-ында басталмақ. Қала әкімінің қорытынды кездесуі қаңтардың 30-ына белгіленсе, облыс басшысы ақпанның 12-сінде өңір тұрғындары алдында есеп береді. ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫЖергілікті атқарушы органдарының басшылары халық алдында есеп беруге әзірленуде. Атап айтқанда, селолық округтердің, ауылдар мен кенттердің басшылары тұрғындармен қаңтардың 12-сі мен 18-і аралығында кездесулер өткізсе, қалалар мен аудандардың басшылары қаңтардың 19-ы мен ақпанның 1-і аралығында кездеседі. Облыс әкімі Бақытжан Сағынтаевтың кездесуі ақпанның 6-сында халық өкілдерінің қатысуымен өтетін облыстық мәслихаттың кеңейтілген сессиясында өтеді.ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫОблыстың барлық өңірлерінде қаңтардың 12-сінен бастап барлық деңгейдегі әкімдердің халық алдындағы есеп беру жиналыстары басталады. Бірінші кезекте жыл бойына атқарған жұмыстары бойынша селолық және кент округтерінің 255 әкімі есеп береді. Олар барлығы 680 кездесу өткізеді деп күтілуде. Аудандық маңыздағы алты қаланың әкімі өз өңірлерінің тұрғындарымен 22 кездесу өткізеді. Ал қалалар мен аудандардың 19 әкімі өз есеп беру науқандарын қаңтардың 16-сында бастайды.
--------------------------------------------------------------------------------------------------ЕЛЕУЛІ ОҚИҒАЛАР, АТАУЛЫ КҮНДЕР, ЕСІМДЕР
ҚАҢТАРДЫҢ 12-І, ДҮЙСЕНБІТүрікменстан Республикасының еске алу күні. 127 жыл бұрын (1881) Геок-Тепин шайқасы басталып, ол есепсіз қан төгіске алып келді. Соғыста шейіт болғандардың құрметіне арнап, осы күн аруақтарға бас ию күні болып саналады.Танзаниядағы Занзибар төңкерісі күні. 1964 жылы Занзибар сұлтаны тақтан тайдырылып, әлем картасында жаңа мемлекет пайда болды. Танзания Африка құрылығындағы ең биік жер ? Килиманджаро жанартауымен, Танганьика, Виктория, Ньяса атты ұлы көлдерімен ерекшеленеді. Астанасы ? Дар-ас-Салам қаласы. ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР87 жыл бұрын (1922) Жетісуда алғашқы Қазақ педагогикалық училищесі ашылды. 16 жыл бұрын (1993) Түркия үкіметі ресми түрде 1993 жылды Қожа Ахмет Яссауи жылы деп жариялады.8 жыл бұрын (2001) «Аманат» журналының алғашқы саны жарық көрді.7 жыл бұрын (2002) Алматыда қоғам және мемлекет қайраткері Дінмұхамед Қонаевтың мұражай үйі ашылды.4 жыл бұрын (2005) Алматыда «Қазпошта» АҚ мен «Ұлттық процестік орталығы» Ұлттық банктің қаржы мамандарына арнап KazCart ұлттық төлем карточкасын шығарды. КazCart ұлттық төлем карточкасы ел ішінде қолма-қол емес төлемдерді жүзеге асыру үшін тиімді төлем құралы болуға бейімделген және бөлшек саудада ұсақ төлемдер нарығын қамтуға мүмкіндік береді. Аталған карточканың артықшылығы, оның көпжақтылығында. Яғни, тұрғындар бұл карточка арқылы екінші деңгейдегі банктермен аз сомадағы төлемдерді аударады, сондай-ақ түрлі қосымша қызмет түрлерін жүзеге асыра алады.ЕСІМДЕР80 жыл бұрын (1929-2005) экономика ғылымының докторы, профессор, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген экономисі ИСАЕВА Муза Гавриловна дүниеге келді.
Ресейде туған. Өзбек халық шаруашылығы институтын бітірген. Қазақстан Ғылым академиясы Экономика институтында ғылыми қызметкер, директордың ғылым жөніндегі орынбасары, сектор, бөлім меңгерушісі, бас ғылыми қызметкері болған. Ғалымның 100-ден астам ғылыми жарияланымы бар.
Медальдармен, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталған. 60 жыл бұрын (1949) Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі АҚЫЛБАЙ Серік Байсейітұлы дүниеге келді.
Жезқазған қаласында туған. Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген. Торғай облыстық адвокаттар алқасының адвокаты, Торғай облыстық соты төрағасының орынбасары, Целиноград қалалық сотының төрағасы қызметтерін атқарған. 1997-1998 жылдары ? Ақмола облыстық сотының судьясы. 1998-2002 жылдары ? Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының судьясы. 2002-2005 жылдары ? Қарағанды облысының прокуроры. 2005 жылы Қарағанды облысынан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатына депутат болып сайланған.
ҚАҢТАРДЫҢ 13-І, СЕЙСЕНБІЕскі Жаңа жыл. 13-інен 14-іне қараған түні атап өтіледі.Ресей баспасөзінің күні. 1991 жылғы желтоқсан айында РФ Жоғарғы Кеңесінің Төралқасы Ресей мерзімді баспасөзінің көшбасшысы ? Мәскеуде шыққан ең алғашқы басылым ? «Ведомости» газетінің 300 жылдық мерейтойына байланысты осы күнді мереке ретінде атап өту туралы шешім қабылдады.ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР85 жыл бұрын (1924) ағартушы, ұстаз Сұлтанбек Қожанов «Ақ жол» газетінде жарияланған мақаласында демократия туралы пікірін білдіріп, «Демократия партия жасау жолында пайдаланылуы керек. Демократия тілмаштар үшін емес, партия жұртшылығы үшін, әсемдік үшін емес, жұртшылықты көтеру үшін», - деді.83 жыл бұрын (1926) Қ.Кемеңгеровтың «Алтын сақина» пьесасымен қазақтың бірінші кәсіби ұлттық театры ? Қазақ драма театрының (қазіргі М.Әуезов атындағы Қазақ академиялық драма театры) ресми ашылу рәсімі өтті. Өнер ұжымы алғаш рет 1925 жылы Қызылорда қаласында ұйымдастырылған болатын. 1929 театр труппасы Алматыға қоныс аударды. 1937 жылы академиялық мәртебесін алса, ал 1961 жылы қазақтың заңғар жазушысы Мұхтар Әуезовтың есімі берілді. Театр сахнасында халық шығармашылығының танымал шеберлері: И.Байзақов, Ә.Қашаубаев, С.Қожамқұлов, Қ.Қуанышбаев, З.Атабаева, т.б. өнер көрсеткен. 1926-1932 жылдары театрға актер және режиссер Жұмат Шанин басшылық жасаған.75 жыл бұрын (1934) Алматыда Қазақ музыкалық драма театры (қазіргі Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық институты атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театры) құрылды. Театр сахнасында ең бірінші М.Әуезовтің «Айман-Шолпан» спектаклі мен Б.Майлиннің «Шұға» драмасы қойылды.17 жыл бұрын (1992) Бауыржан Момышұлының қайырымдылық қоры құрылып, республикалық мәртебе алды.16 жыл бұрын (1993) «Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы туралы» Заң қабылданды.10 жыл бұрын (1999) Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Тарих толқынында» кітабы «Атамұра» баспасынан қазақ және орыс тілдерінде жарық көрді.ЕСІМДЕР70 жыл бұрын (1939-1988) ақын, аудармашы ПОСТНИКОВ Олег дүниеге келді.
Ресейдің Тула облысында туған. 1958 жылы Минеральные воды қаласында техникалық училищені бітіргеннен кейін, Қазақстанға келген. М.Горький атындағы Әдебиет институтының поэзия бөлімін бітірген. Он жылдан астам уақыт қалалық, аудандық және облыстық газеттерде еңбек етіп, Қазақстан Жазушылар одағы Шымкент облысаралық бөлімшесінің әдеби кеңесшісі болған. Қаламгердің бірнеше жыр кітабы, повестері жарық көрген. Көркем аударма саласында қазақ ақындарының туындыларын орыс тіліне тәржімалаған. 55 жыл бұрын (1954) Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі ТЕМІРБОЛАТОВ Серік Ғабдоллаұлы дүниеге келді.
Қарағанды қаласында туған. Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген. 1982-1983 жылдары ? Талдықорған облыстық прокуратурасының тергеушісі. 1983-1984 жылдары ? Алматы көлік прокуратурасының бөлім прокуроры. 1984-1985 жылдары ? Қазақ КСР Прокуратурасы Тергеу басқармасының прокуроры. 1985-1990 жылдары ? Қазақ КСР-нің ерекше тапсырмалар жөніндегі прокурорының көмекшісі, бөлім бастығы. 1990-1991 жылдары ? Қазақ КСР Президенті және Министрлер Кабинеті Аппаратының консультанты, сектор меңгерушісі. 1991-1994 жылдары ? Қазақстан Республикасы Әділет министрінің орынбасары. 1994-1995 жылдары ? Қазақстан Республикасы вице-президенті хатшылығының меңгерушісі, Қазақстан Республикасы Құнды қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының төрағасы. 1996-1999 жылдары ? Қазақстан Республикасы Конституциялық кеңесінің мүшесі, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі. 2000-2002 жылдары ? Қазақстан Республикасы нашақорлықпен және есірткі бизнесімен күрес агенттігі төрағасының орынбасары, Қазақстан Республикасы Жоғарғы соты жанындағы комитет төрағасының орынбасары. 2002 жылдан Қазақстан Республикасы Бас прокуроры хатшылығының басшысы, Орталық өңірлік көлік прокуроры қызметтерін атқарған. Депутаттық өкілеттігі 2007 жылғы қыркүйектің 2-інде басталды.
«Құрмет» орденімен марапатталған.
ҚАҢТАРДЫҢ 14-І, СӘРСЕНБІЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР17 жыл бұрын (1992) Қызылорда педагогика институтына ежелгі түркілердің ұлы ақыны, әрі композиторы Қорқыт Ата есімі берілді.11 жыл бұрын (1998) Беларус астанасы Минск қаласының бір көшесіне жазушы Мұхтар Әуезовтың есімі берілді.3 жыл бұрын (2006) Мәскеудің «Русский раритет» баспасы «Ғасырлар даналығы» сериясы аясында қазақтың ұлы ақыны Жамбыл Жабаевтың өлеңдер жинағын шығарды. Жинақты баспаға әдебиет зерттеушісі Сәуле Мансұрова дайындады.ЕСІМДЕР105 жыл бұрын (1904-1974) суретші, КСРО-ның халық суретшісі, Өзбекстанның Мемлекеттік сыйлығының лауреаты ТАҢСЫҚБАЕВ Орал дүниеге келді.
Ташкент қаласында туған. 1929 жылы Пенза көркемсурет училищесін бітірген. Қылқалам шеберінің алғашқы шығармашылық еңбегі ? «Көш» картинасы композициялық тұтастығымен ерекшеленеді. Ал «Туған өлке», «Қарақұм СЭС-індегі таң» және «Шарбақ құрылыстарында» атты туындыларында өркендеген өндіріс пен өмір көрінісін реалистік нақтылықпен бейнелеген. «Іле өзенінің аңғарында», «Таудағы күз» пейзаждық суреттерінде Қазақстанның әсем табиғаты мен өлке тынысын сырлы да қанық бояумен өрнектеген. Таңсықбаев театр декорацияларын да безендірген. Суретшінің көптеген шығармалары Қазақстан Мемлекеттік өнер мұражайында, Өзбекстанның өнер мұражайында, Мәскеу қаласындағы Шығыс халықтары өнері мұражайында, Мәскеу қаласындағы бұрынғы КСРО Суретшілер одағы қорында сақтаулы.
Ленин орденімен және медальдармен марапатталған.55 жыл бұрын (1954) тарих ғылымының докторы, профессор СЫЗДЫҚОВ Сатай Мақсұтұлы дүниеге келді.
Қарағанды облысында туған. Қарағанды мемлекеттік университетін және Қазақ мемлекеттік университетінің аспирантурасын бітірген. 1995-2005 жылдары - Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры, Шығыстану факультетінің деканы. 2005 жылдан Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті тарих факультетінің деканы болған. Қазір аталмыш университеттің кафедра меңгерушісі қызметін атқарады. Ғалымның негізгі ғылыми еңбектері көне түркі тайпаларының тарихына және «Алаш» партиясы қайраткерлерінің қызметіне арналған.
ҚАҢТАРДЫҢ 15-І, БЕЙСЕНБІЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР72 жыл бұрын (1937) Қазақ музыка театрында (казіргі Қазақ академиялық опера және балет театры) «Ер Тарғын» операсының премьерасы қойылды. Либреттосын С.Камалов, музыкасын Е.Брусиловский жазған. Операда 60-тан астам халық ән-күйлері пайдаланылған. Операны алғаш режиссер Қ.Жандарбеков қойған. Басты рөлдерді КСРО халық әртісі К.Байсейітова (Ақжүніс), Қазақстанның халық әртісі Қ.Байсейітов (Тарғын) ойнаған.44 жыл бұрын (1965) Семей ядролық полигонында, Шаған өзенінің кеуіп қалған арнасында, 178 метр тереңдікте қуаты 104 килотонналық атом бомбасына жарылыс жасалды. Жарылыс салдарынан ұзындығы 408 метр, тереңдігі 100 метрге жететін кратер пайда болды. Кейінірек аталмыш кратердің жағалауынан 20-35 метр жерде үлкен көл пайда болды. Жер қазу техникасының көмегімен арна қазылып, су кратерге құйылған. 15 жыл бұрын (1994) Елбасы Жарлығымен Қазақстан Республикасы Президентінің мұрағаты құрылды.ЕСІМДЕР90 жыл бұрын (1919) актриса, әнші, өнертану ғылымының кандидаты ШӘУКЕНБАЕВА Назекет Нұрғалиқызы дүниеге келді.
Батыс Қазақстан облысының Теректі ауданында туған. Мәскеу қаласындағы театр өнері институтының актерлер даярлайтын қазақ студиясын бітірген. Театр сахнасында Клариче (К.Гольдони «Екі қожайынға бір қызметші»), Дездемона (У.Шекспир «Отелло»), т.б. рөлдерді сомдаған. 1938-1976 жылдары Қазақ академиялық драма театры құрамында актриса, Қазақ академиялық опера және балет театрында хор әртісі, Әдебиет және өнер институтында ғылыми қызметкер болды. Оның зерттеу мақалалары «Облыстық қазақ театрлары» атты ұжымдық жинақтарда басылған. «Қапан Бадыров» пен «Актерлік шеберлік» кітаптары жарық көрген.80 жыл бұрын (1929) тарих ғылымының докторы, профессор, Қазақстан Ғылым академиясының академигі АСЫЛБЕКОВ Мәлік-Айдар Хантемірұлы дүниеге келді.
Оңтүстік Қазақстан облысының Шардара ауданында туған. Шымкент мұғалімдер институтын, Қазақ мемлекеттік университетін бітірген. Қызылқұм ауданында орта мектепте мұғалім, директор, аудандық оқу бөлімінің меңгерушісі қызметтерін атқарған. 1959 жылдан Қазақстан Ғылым академиясы Тарих, археология және этнология институтының кіші ғылыми қызметкері, аға ғылыми қызметкері, бөлім меңгерушісі, директордың орынбасары болды. Қазір Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының бас ғылыми қызметкері болып істейді. Ғалымның ғылыми жұмыстарының негізгі бағыты 19 ғасырдың 2-ші жартысы мен 20-шы ғасырдағы әлеуметтік-демографиялық процестер, индустрия саласында ұлттық мамандардың қалыптасуы, 20-шы ғасырдағы аграрлық және ұлттық қозғалыстар, саяси-экономикалық жағдай, осы тақырыптарға қатысты тарихнамалық және деректану мәселелеріне арналған. Оның 130-дан астам ғылыми еңбегі жарық көрген.65 жыл бұрын (1944) биология ғылымының докторы, профессор САБАНШИЕВ Мәжит дүниеге келді.
Алматы облысының Панфилов ауданында туған. Алматы зоотехникалық-мал дәрігерлік институтын, Мәскеудегі Эпидемиология және вирусология институтының аспирантурасын бітірген. 1967-1968 жылдары ? Панфилов ауданындағы «Красный Восток» шаруашылығының бас мал дәрігері. 1973-1996 жылдары Қазақ вирусология ғылыми-зерттеу институтының аға ғылыми қызметкері, зертхана меңгерушісі болды. 1996 жылдан Қазақ ұлттық аграрлық университетінде қызмет істейді. Ғалымның 60-тан аса ғылыми еңбегі жарық көрген.65 жыл бұрын (1944-2005) мемлекет қайраткері НҰРҚАДІЛОВ Заманбек Қалабайұлы дүниеге келді.
Алматы облысының Ұйғыр ауданында туған. Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетін бітірген. 1968-1977 жылдары Алматы қаласының құрылыс ұйымдарында шебер, прораб, участке бастығы, бас инженер, құрылыс-монтаж басқармасының бастығы қызметтерін атқарған. 1977-1981 жылдары ? Қазақстан Компартиясы Алматы облыстық комитетінің нұсқаушысы, Алматы қалалық комитетінің бөлім меңгерушісі. 1981-1985 жылдары ? Алматы қалалық атқару комитеті төрағасының орынбасары, Қазақ КСР Министрлер Кеңесі жанындағы Селден қорғау құрылыстарын салу және пайдалану жөніндегі бас басқарманың бастығы. 1985-1991 жылдары ? Алматы қалалық атқару комитеті төрағасының міндетін атқарушы, төрағасы. 1991-1994 жылдары ? Халық депутаттары Алматы қалалық кеңесі атқару комитетінің төрағасы, Алматы қалалық әкімшілігінің басшысы. 1995-1997 жылдары ? Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты. 1997-2001 жылдары ? Алматы облысының әкімі. 2001-2004 жылдары Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттіктің төрағасы қызметін атқарған.
ҚАҢТАРДЫҢ 16-Ы, ЖҰМАЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР17 жыл бұрын (1992) Швеция Корольдігі Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін мойындады.17 жыл бұрын (1992) Мәскеу қаласында ТМД-ға мүше 6 мемлекет Ресей, Қазақстан, Қырғызстан, Украина, Беларус және Армения басшыларының кездесуі өтті. Кездесу барысында 7 келісімге қол қойылды.85 жыл бұрын (1924) алғашқы тікұшақ әуеге көтерілді. Испан ұшқышы П.Пескара әуеде 8 минут 13 секунд болып, 1 шақырымдай ұшып өткен.ЕСІМДЕР80 жыл бұрын (1929) биология ғылымының докторы, профессор, Қазақстан Ғылым академиясының академигі, Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері ИЛЯЛЕТДИНОВ Альфарид Низамұлы дүниеге келді.
Қызылорда облысының Сырдария ауданында туған. М.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін және аспирантурасын бітірген. Қазақстан Ғылым академиясы Топырақтану ғылыми-зерттеу институтының ғылыми қызметкері, Микробиология және вирусология ғылыми-зерттеу институтының ғылыми қызметкері, зертхана меңгерушісі, директоры, Қазақстан Ғылым академиясы Биология ғылымдары бөлімшесінің академик-хатшысы қызметтерін атқарды. Оның негізгі ғылыми еңбектері табиғаттағы органикалық және минералдық заттардың айналымындағы микроорганизмдердің рөлін зерттеуге және оларды мал азығын өндіруге қолдануға арналған. Ғалым өнеркәсіптің ластанған суларын ауыр металдар ионынан, цианидтерден және органикалық ластанулардан тазарту үшін микроорганизмдерді пайдалану жөнінде іргелі ғылыми-зерттеу жүргізіп, бұрын ғылымда анықталмаған факультативті анаэробты бактерияларды тапты. Ол көп жылғы жүргізілген ғылыми-зерттеулердің нәтижесінде шырынды мал азығы ? сүрлемінің құнарлығын арттыру мақсатында құрғақ бактериялық ашытқыларды, физиологиялық мақсаттағы бентобак ? пробиотиктерді тауып, оларды өндіріске енгізуге тікелей басшылық етті. Ғалымның жетекшілігімен ауыл шаруашылық малдарының төлдерінде және құс балапандарында кездесетін колибактериоз ауруын емдеу үшін сүт және пропион қышқылы бактерияларынан даярланған ? лакотовит препаратын ветеринарлық тәжірибеге енгізу жолға қойылды. Жалпы ғалымның 220-ға жуық ғылыми еңбегі, оның ішінде 4 монографиясы және 24 авторлық куәлігі бар.
«Құрмет белгісі» орденімен марапатталған.
ҚАҢТАРДЫҢ 17-І, СЕНБІЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР17 жыл бұрын (1992) Жоғарғы Кеңес «Қазақстан Республикасының Прокуратурасы туралы» Заң қабылдады.17 жыл бұрын (1992) «Zaman ? Қазақстан» газетінің алғашқы саны жарық көрді.17 жыл бұрын (1992) Алматыдағы № 9 мектеп-интернат негізінде алғашқы түрік колледжі ашылды.13 жыл бұрын (1996) Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Беларус Республикасына ресми сапары басталды. Сапар барысында бірнеше құжатқа қол қойылды. Олардың ішінде «Достық пен ынтымақтастық туралы» шарттың орны ерекше.8 жыл бұрын (2001) Оралда өрт сөндіретін машина шығарыла бастады.ЕСІМДЕР70 жыл бұрын (1939) филология ғылымының докторы, профессор БАЙЖАНОВ Түзелбай дүниеге келді.
Оңтүстік Қазақстан облысының Түлкібас ауданында туған. Шымкент педагогикалық институтын бітірген. Арқалық педагогикалық институтында қызмет істеп, орыс тілі кафедрасының меңгерушісі, Жамбыл педагогикалық институтында оқытушы болды. 1993 жылы «Қазақ тіліндегі әскери лексиканың тарихы» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. Ғалым әскери лексиканың этимологиялық сөздігін құрастырумен айналысып жүр. Оның бірнеше ғылыми еңбектері жарық көрген.
ҚАҢТАРДЫҢ 18-І, ЖЕКСЕНБІДіндердің Дүниежүзілік күні. БҰҰ-ның бастамасымен 1950 жылдан бастап, қаңтардың үшінші жексенбісінде атап өтіледі.ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР40 жыл бұрын (1969) Қ.Жандарбеков атындағы Жетісай қазақ драма театры Б.Майлинның «Жалбыр» спектаклімен өз шымылдығын ашты. Театрға 1978 жылы актер, режиссер, Қазақстанның халық әртісі Құрманбек Жандарбековтың есімі берілді. Бірінші бас режиссері ? Қ.Шанин, директоры ? Т.Бәйімбетов.31 жыл бұрын (1978) «Жұлдыз» журналы «Халықтар достығы» орденімен марапатталды.17 жыл бұрын (1992) «Сөздің пірі ? Сүйінбай» атты жаңа ғылыми-танымдық телефильм жарық көрді.17 жыл бұрын (1992) Алматыдағы Кино үйінде Талғат Теменовтың «Қызғыш құс» атты көркем фильмінің премьерасы өтті.17 жыл бұрын (1992) Австрия Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін мойындады.15 жыл бұрын (1994) Оңтүстік Қазақстан облысының өнер ұжымы Түркияда өткен түркі тілдес елдер қуыршақ театрлары халықаралық фестивалінде бас жүлдеге ие болды.13 жыл бұрын (1996) Семей қаласында әдебиеттанушы ғалым, абайтанушы, жазушы, драматург, Қазақстанның тұңғыш әнұранының авторы, ғалым Қайым Мұхамедханұлының 80 жасқа толғаны аталып өтілді.10 жыл бұрын (1999) Елбасы Н.Ә.Назарбаев Астанадағы «Мирас» халықаралық Қазақстан-Америка мектебінің іргетасын қалау рәсіміне қатысты. 3 жыл бұрын (2006) Алматыдағы М.Әуезов атындағы Қазақ академиялық драма театрында тарихи-тағылымдық «Қазақтар» драмасының премьерасы болды. Қойылымда қазақ халқының өз алдына мемлекет болып қалыптасу кезеңі сөз болып, ал негізгі идеясы ? түбі де, тегі де бір түркі әлемінің аласапыран мына заманда қайта тұтасу мақсатын көздейді. Жәнібек ханның рөлінде ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Тұңғышбай әл-Тарази, Керей сұлтанды - Қазақстанға еңбек сіңірген әртіс Айдос Бектемір, Мұхаммед Шайбаниді - Қазақстан жастар одағы сыйлығының лауреаты Ерлан Біләл, Қасым төрені - Қазақстан Жастар одағы сыйлығының лауреаты Асылбек Боранбай, Қойгелді батырды - әртіс Бауыржан Қаптағай сомдады. Қойылым суретшісі ? Еркін Әдісбек, композиторы ? Әділ Бестібаев. 75 жыл бұрын (1934) ағылшын полициясы қылмыс туралы мәлімет алмасатын қалта радиоқабылдағыштармен қамтамасыз етілді. Радиоқабылдағыштың көмегімен ең алғаш тұтқынға түскен қылмыскер дүкеннен үш пальто ұрлап шыққан соң 15 минуттан кейін қолға түскен.45 жыл бұрын (1964) американдық дәрігерлер АҚШ конгресін темекі шығаратын компанияларды қорап сыртына «темекі тарту сіздің денсаулығыңызға зиянды» деген ескерту енгізуге міндеттеуге шақырды.ЕСІМДЕР105 жыл бұрын (1904-1975) атақты актер БАБОЧКИН Борис Андреевич дүниеге келді.
Ол Бүкілодақтық кинематографистер институтында қазақ кино актерлерінің бір тобын тәрбилеп шығарды. Шәкірттерінің арасында Жамбыл Құдайбергенов, Жанна Керімтаева, Меңтай Өтепбергенов секілді танымал кино өнерінің шеберлері бар.