09:27, 15 Қаңтар 2009 | GMT +5
ҚазАқпарат-Анонс: қаңтардың 15-і мен 18-і аралығындағы оқиғалардың күнтізбесі
None
ЕЛБАСЫЕлбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Үндістанға ресми сапары барысында қаңтардың 23-і мен 27-сі аралығында Делиде «Қазақстан-Үндістан» Іскерлік кеңесінің 4-ші отырысы және екі ел кәсіпкерлерінің іскерлік келіссөздері өтеді. ҮКІМЕТҚаңтардың 15-інде Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.Қ. Мәсімовтің қатысуымен Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісі өтеді.Қаңтардың 15-інде Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.Қ. Мәсімовтің қатысуымен Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісі өтеді.Қаңтардың 15-інде Әділет министрлігінде Қазақстан Республикасы азаматтарының биометрикалық паспорттарын шығару мен алу тәртібі мәселелері бойынша брифинг өтеді. Брифингке Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитеті төрағасының міндетін атқарушы Бақыт Әбішев, аталған комитет төрағасының орынбасары Темірболат Қожамжаров және ақпараттық-өндіріс орталығы директорының орынбасары Ерлан Есмамбетов қатысады.ПАРЛАМЕНТ
Қаңтардың 15-інде Парламент Сенатының жалпы отырысы өтеді. Қаңтардың 15-інде Мәжілісте «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» үкіметтік заң жобасының таныстырылымы өтеді. Қаңтардың 15-інде Мәжілісте спикер Орал Мұхамеджановтың Түркия Елшісі А.Гүнәймен кездесуі өтеді. ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ ӘЛЕМ2009 жылғы қаңтардың 1-інен бастап Қазақстан Республикасы Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі ұйымның төрағалары Үштігінің құрамына кірді. ЕҚЫҰ ережелеріне сәйкес Үштікті Ұйымның қазіргі, алдыңғы және кейінгі төрағалары құрайды. Биылғы жылы ЕҚЫҰ Үштігіне Грекия (Қазіргі төраға), Финляндия (2008 жылы төрағалық еткен) және Қазақстан (2010 жылғы төраға) қатысады. Қаңтардың 16-19-ы аралығында Дохада (Катар) мұсылман көшбасшыларының жаһандық 3-ші конференциясы өтеді. Аталмыш шара штаб-пәтері Нью-Йоркте орналасқан «Америка қауымы мұсылмандардың дамуын қолдайды» (ASMA) атты үкіметтік емес ұйыммен бірлесіп ұйымдастырылып отыр. Конференцияның мақсаты қазіргі заман мәселелерін қарастыратын сындарлы сұхбатқа қолдау көрсету болып табылады.
ҰЛТТЫҚ БАНКҚР Ұлттық Банкінің Басқармасы 2009 жылғы қаңтардың 1-інен бастап Ұлттық Банкінің ресми қайта қаржыландыру жылдық ставкасын 10 пайыз деңгейінде белгілеуге шешім қабылдады.ҚОҒАМ2009 жылғы ақпанның 25-і мен наурыздың 6-сы аралығында Қазақстан Республикасында Ұлттық халық санағы өткізіледі. 2009 жылғы қаңтардың 1-інен бастап Қазақстан Республикасында жаңа Салық және Бюджет кодекстері күшіне енді. СПОРТ
Германияның Дюссельдорф қаласында қаңтардың 17-сінде қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин аргентиналық Хавьера Альберто Маманимен рейтингтік жекпе-жек өткізеді.
АСТАНАҚаңтардың 15-і мен 19-ы аралығында Астанада футзалдан Қазақстан чемпионатының бесінші тур ойындары өтеді.Қаңтардың 15-інде №1-інші қалалық балалар ауруханасында Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының мамандарымен кездесу болады. Қаңтардың 15-інде «Азия» Бизнес үйінде «Әдемі-ай» өнер салонының басшысымен кездесу өтеді.
Қаңтардың 16-сында Астанада «Масс-медиа саласында зияткерлік меншікті қорғау» тақырыбына арналған семинар-тренинг өтеді. АЛМАТЫАлматыда қаңтардың 15-і күні Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті қорының ғимаратында «Төзімділік - әлем мәдениетіне бастар жол» атты балалар көркем шығармашылығының республикалық байқауында жоғары бағаланған суреттердің тұсаукесер көрмесі ашыладыҚаңтардың 15-інде Қазақтың Әл-Фараби атындағы ұлттық университетінің Студенттер сарайында Л.Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университеттің күндері өтеді. Қаңтардың 19-ында «Қазақстан-Үндістан: ынтымақтастық перспективалары» деп аталатын конференция өтеді. Оны Үндістан елшілігі мен Нью-Делидегі Сыртқы істер министрлігінің ақпарат бөлімі ҚР Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтымен ынтымақтасып ұйымдастырып отыр.АЙМАҚТАРАЛМАТЫ ОБЛЫСЫӘкімдердің жыл сайынғы есеп беру науқаны биыл қаңтардың 28-інде басталып, ақпанның 11-інде аяқталады. Осы екі аптаның ішінде 16 аудан әкімі мен үш қала әкімі былтырғы жыл бойына атқарылған жұмыстары бойынша халық алдында есеп береді. Ал облыс әкімі Серік Үмбетовтың қорытынды есебі ақпанның 11-іне жоспарланып отыр.БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ Қаңтардың 12-сі мен ақпанның 14-і аралығында барлық деңгейдегі әкімдер есеп береді. Қоғамды одан әрі демократияландыру, халықты елімізде жүргізіліп жатқан реформалардан хабардар ету, билік органдарының ел алдындағы жауапкершілігін арттыру мақсатында өткізілетін науқан барысында барлығы 440 кездесу болмақ. Алдымен ауыл әкімдері есеп берсе, аудан әкімдерінің есебі қаңтардың 19-ында басталмақ. Қала әкімінің қорытынды кездесуі қаңтардың 30-ына белгіленсе, облыс басшысы ақпанның 12-сінде өңір тұрғындары алдында есеп береді. ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫЖергілікті атқарушы органдарының басшылары халық алдында есеп беруге әзірленуде. Атап айтқанда, селолық округтердің, ауылдар мен кенттердің басшылары тұрғындармен қаңтардың 12-сі мен 18-і аралығында кездесулер өткізсе, қалалар мен аудандардың басшылары қаңтардың 19-ы мен ақпанның 1-і аралығында кездеседі. Облыс әкімі Бақытжан Сағынтаевтың кездесуі ақпанның 6-сында халық өкілдерінің қатысуымен өтетін облыстық мәслихаттың кеңейтілген сессиясында өтеді.ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫОблыстың барлық өңірлерінде қаңтардың 12-сінен бастап барлық деңгейдегі әкімдердің халық алдындағы есеп беру жиналыстары басталады. Бірінші кезекте жыл бойына атқарған жұмыстары бойынша селолық және кент округтерінің 255 әкімі есеп береді. Олар барлығы 680 кездесу өткізеді деп күтілуде. Аудандық маңыздағы алты қаланың әкімі өз өңірлерінің тұрғындарымен 22 кездесу өткізеді. Ал қалалар мен аудандардың 19 әкімі өз есеп беру науқандарын қаңтардың 16-сында бастайды.
--------------------------------------------------------------------------------------------------ЕЛЕУЛІ ОҚИҒАЛАР, АТАУЛЫ КҮНДЕР, ЕСІМДЕР
ҚАҢТАРДЫҢ 15-І, БЕЙСЕНБІЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР72 жыл бұрын (1937) Қазақ музыка театрында (казіргі Қазақ академиялық опера және балет театры) «Ер Тарғын» операсының премьерасы қойылды. Либреттосын С.Камалов, музыкасын Е.Брусиловский жазған. Операда 60-тан астам халық ән-күйлері пайдаланылған. Операны алғаш режиссер Қ.Жандарбеков қойған. Басты рөлдерді КСРО халық әртісі К.Байсейітова (Ақжүніс), Қазақстанның халық әртісі Қ.Байсейітов (Тарғын) ойнаған.44 жыл бұрын (1965) Семей ядролық полигонында, Шаған өзенінің кеуіп қалған арнасында, 178 метр тереңдікте қуаты 104 килотонналық атом бомбасына жарылыс жасалды. Жарылыс салдарынан ұзындығы 408 метр, тереңдігі 100 метрге жететін кратер пайда болды. Кейінірек аталмыш кратердің жағалауынан 20-35 метр жерде үлкен көл пайда болды. Жер қазу техникасының көмегімен арна қазылып, су кратерге құйылған. 15 жыл бұрын (1994) Елбасы Жарлығымен Қазақстан Республикасы Президентінің мұрағаты құрылды.ЕСІМДЕР90 жыл бұрын (1919) актриса, әнші, өнертану ғылымының кандидаты ШӘУКЕНБАЕВА Назекет Нұрғалиқызы дүниеге келді.
Батыс Қазақстан облысының Теректі ауданында туған. Мәскеу қаласындағы театр өнері институтының актерлер даярлайтын қазақ студиясын бітірген. Театр сахнасында Клариче (К.Гольдони «Екі қожайынға бір қызметші»), Дездемона (У.Шекспир «Отелло»), т.б. рөлдерді сомдаған. 1938-1976 жылдары Қазақ академиялық драма театры құрамында актриса, Қазақ академиялық опера және балет театрында хор әртісі, Әдебиет және өнер институтында ғылыми қызметкер болды. Оның зерттеу мақалалары «Облыстық қазақ театрлары» атты ұжымдық жинақтарда басылған. «Қапан Бадыров» пен «Актерлік шеберлік» кітаптары жарық көрген.80 жыл бұрын (1929) тарих ғылымының докторы, профессор, Қазақстан Ғылым академиясының академигі АСЫЛБЕКОВ Мәлік-Айдар Хантемірұлы дүниеге келді.
Оңтүстік Қазақстан облысының Шардара ауданында туған. Шымкент мұғалімдер институтын, Қазақ мемлекеттік университетін бітірген. Қызылқұм ауданында орта мектепте мұғалім, директор, аудандық оқу бөлімінің меңгерушісі қызметтерін атқарған. 1959 жылдан Қазақстан Ғылым академиясы Тарих, археология және этнология институтының кіші ғылыми қызметкері, аға ғылыми қызметкері, бөлім меңгерушісі, директордың орынбасары болды. Қазір Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының бас ғылыми қызметкері болып істейді. Ғалымның ғылыми жұмыстарының негізгі бағыты 19 ғасырдың 2-ші жартысы мен 20-шы ғасырдағы әлеуметтік-демографиялық процестер, индустрия саласында ұлттық мамандардың қалыптасуы, 20-шы ғасырдағы аграрлық және ұлттық қозғалыстар, саяси-экономикалық жағдай, осы тақырыптарға қатысты тарихнамалық және деректану мәселелеріне арналған. Оның 130-дан астам ғылыми еңбегі жарық көрген.65 жыл бұрын (1944) биология ғылымының докторы, профессор САБАНШИЕВ Мәжит дүниеге келді.
Алматы облысының Панфилов ауданында туған. Алматы зоотехникалық-мал дәрігерлік институтын, Мәскеудегі Эпидемиология және вирусология институтының аспирантурасын бітірген. 1967-1968 жылдары ? Панфилов ауданындағы «Красный Восток» шаруашылығының бас мал дәрігері. 1973-1996 жылдары Қазақ вирусология ғылыми-зерттеу институтының аға ғылыми қызметкері, зертхана меңгерушісі болды. 1996 жылдан Қазақ ұлттық аграрлық университетінде қызмет істейді. Ғалымның 60-тан аса ғылыми еңбегі жарық көрген.65 жыл бұрын (1944-2005) мемлекет қайраткері НҰРҚАДІЛОВ Заманбек Қалабайұлы дүниеге келді.
Алматы облысының Ұйғыр ауданында туған. Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетін бітірген. 1968-1977 жылдары Алматы қаласының құрылыс ұйымдарында шебер, прораб, участке бастығы, бас инженер, құрылыс-монтаж басқармасының бастығы қызметтерін атқарған. 1977-1981 жылдары ? Қазақстан Компартиясы Алматы облыстық комитетінің нұсқаушысы, Алматы қалалық комитетінің бөлім меңгерушісі. 1981-1985 жылдары ? Алматы қалалық атқару комитеті төрағасының орынбасары, Қазақ КСР Министрлер Кеңесі жанындағы Селден қорғау құрылыстарын салу және пайдалану жөніндегі бас басқарманың бастығы. 1985-1991 жылдары ? Алматы қалалық атқару комитеті төрағасының міндетін атқарушы, төрағасы. 1991-1994 жылдары ? Халық депутаттары Алматы қалалық кеңесі атқару комитетінің төрағасы, Алматы қалалық әкімшілігінің басшысы. 1995-1997 жылдары ? Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты. 1997-2001 жылдары ? Алматы облысының әкімі. 2001-2004 жылдары Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттіктің төрағасы қызметін атқарған.
ҚАҢТАРДЫҢ 16-Ы, ЖҰМАЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР17 жыл бұрын (1992) Швеция Корольдігі Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін мойындады.17 жыл бұрын (1992) Мәскеу қаласында ТМД-ға мүше 6 мемлекет Ресей, Қазақстан, Қырғызстан, Украина, Беларус және Армения басшыларының кездесуі өтті. Кездесу барысында 7 келісімге қол қойылды.85 жыл бұрын (1924) алғашқы тікұшақ әуеге көтерілді. Испан ұшқышы П.Пескара әуеде 8 минут 13 секунд болып, 1 шақырымдай ұшып өткен.ЕСІМДЕР80 жыл бұрын (1929) биология ғылымының докторы, профессор, Қазақстан Ғылым академиясының академигі, Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері ИЛЯЛЕТДИНОВ Альфарид Низамұлы дүниеге келді.
Қызылорда облысының Сырдария ауданында туған. М.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін және аспирантурасын бітірген. Қазақстан Ғылым академиясы Топырақтану ғылыми-зерттеу институтының ғылыми қызметкері, Микробиология және вирусология ғылыми-зерттеу институтының ғылыми қызметкері, зертхана меңгерушісі, директоры, Қазақстан Ғылым академиясы Биология ғылымдары бөлімшесінің академик-хатшысы қызметтерін атқарды. Оның негізгі ғылыми еңбектері табиғаттағы органикалық және минералдық заттардың айналымындағы микроорганизмдердің рөлін зерттеуге және оларды мал азығын өндіруге қолдануға арналған. Ғалым өнеркәсіптің ластанған суларын ауыр металдар ионынан, цианидтерден және органикалық ластанулардан тазарту үшін микроорганизмдерді пайдалану жөнінде іргелі ғылыми-зерттеу жүргізіп, бұрын ғылымда анықталмаған факультативті анаэробты бактерияларды тапты. Ол көп жылғы жүргізілген ғылыми-зерттеулердің нәтижесінде шырынды мал азығы ? сүрлемінің құнарлығын арттыру мақсатында құрғақ бактериялық ашытқыларды, физиологиялық мақсаттағы бентобак ? пробиотиктерді тауып, оларды өндіріске енгізуге тікелей басшылық етті. Ғалымның жетекшілігімен ауыл шаруашылық малдарының төлдерінде және құс балапандарында кездесетін колибактериоз ауруын емдеу үшін сүт және пропион қышқылы бактерияларынан даярланған ? лакотовит препаратын ветеринарлық тәжірибеге енгізу жолға қойылды. Жалпы ғалымның 220-ға жуық ғылыми еңбегі, оның ішінде 4 монографиясы және 24 авторлық куәлігі бар.
«Құрмет белгісі» орденімен марапатталған.
ҚАҢТАРДЫҢ 17-І, СЕНБІЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР17 жыл бұрын (1992) Жоғарғы Кеңес «Қазақстан Республикасының Прокуратурасы туралы» Заң қабылдады.17 жыл бұрын (1992) «Zaman ? Қазақстан» газетінің алғашқы саны жарық көрді.17 жыл бұрын (1992) Алматыдағы № 9 мектеп-интернат негізінде алғашқы түрік колледжі ашылды.13 жыл бұрын (1996) Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Беларус Республикасына ресми сапары басталды. Сапар барысында бірнеше құжатқа қол қойылды. Олардың ішінде «Достық пен ынтымақтастық туралы» шарттың орны ерекше.8 жыл бұрын (2001) Оралда өрт сөндіретін машина шығарыла бастады.ЕСІМДЕР70 жыл бұрын (1939) филология ғылымының докторы, профессор БАЙЖАНОВ Түзелбай дүниеге келді.
Оңтүстік Қазақстан облысының Түлкібас ауданында туған. Шымкент педагогикалық институтын бітірген. Арқалық педагогикалық институтында қызмет істеп, орыс тілі кафедрасының меңгерушісі, Жамбыл педагогикалық институтында оқытушы болды. 1993 жылы «Қазақ тіліндегі әскери лексиканың тарихы» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. Ғалым әскери лексиканың этимологиялық сөздігін құрастырумен айналысып жүр. Оның бірнеше ғылыми еңбектері жарық көрген.
ҚАҢТАРДЫҢ 18-І, ЖЕКСЕНБІДіндердің Дүниежүзілік күні. БҰҰ-ның бастамасымен 1950 жылдан бастап, қаңтардың үшінші жексенбісінде атап өтіледі.ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР40 жыл бұрын (1969) Қ.Жандарбеков атындағы Жетісай қазақ драма театры Б.Майлинның «Жалбыр» спектаклімен өз шымылдығын ашты. Театрға 1978 жылы актер, режиссер, Қазақстанның халық әртісі Құрманбек Жандарбековтың есімі берілді. Бірінші бас режиссері ? Қ.Шанин, директоры ? Т.Бәйімбетов.31 жыл бұрын (1978) «Жұлдыз» журналы «Халықтар достығы» орденімен марапатталды.17 жыл бұрын (1992) «Сөздің пірі ? Сүйінбай» атты жаңа ғылыми-танымдық телефильм жарық көрді.17 жыл бұрын (1992) Алматыдағы Кино үйінде Талғат Теменовтың «Қызғыш құс» атты көркем фильмінің премьерасы өтті.17 жыл бұрын (1992) Австрия Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін мойындады.15 жыл бұрын (1994) Оңтүстік Қазақстан облысының өнер ұжымы Түркияда өткен түркі тілдес елдер қуыршақ театрлары халықаралық фестивалінде бас жүлдеге ие болды.13 жыл бұрын (1996) Семей қаласында әдебиеттанушы ғалым, абайтанушы, жазушы, драматург, Қазақстанның тұңғыш әнұранының авторы, ғалым Қайым Мұхамедханұлының 80 жасқа толғаны аталып өтілді.10 жыл бұрын (1999) Елбасы Н.Ә.Назарбаев Астанадағы «Мирас» халықаралық Қазақстан-Америка мектебінің іргетасын қалау рәсіміне қатысты. 3 жыл бұрын (2006) Алматыдағы М.Әуезов атындағы Қазақ академиялық драма театрында тарихи-тағылымдық «Қазақтар» драмасының премьерасы болды. Қойылымда қазақ халқының өз алдына мемлекет болып қалыптасу кезеңі сөз болып, ал негізгі идеясы ? түбі де, тегі де бір түркі әлемінің аласапыран мына заманда қайта тұтасу мақсатын көздейді. Жәнібек ханның рөлінде ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Тұңғышбай әл-Тарази, Керей сұлтанды - Қазақстанға еңбек сіңірген әртіс Айдос Бектемір, Мұхаммед Шайбаниді - Қазақстан жастар одағы сыйлығының лауреаты Ерлан Біләл, Қасым төрені - Қазақстан Жастар одағы сыйлығының лауреаты Асылбек Боранбай, Қойгелді батырды - әртіс Бауыржан Қаптағай сомдады. Қойылым суретшісі ? Еркін Әдісбек, композиторы ? Әділ Бестібаев. 75 жыл бұрын (1934) ағылшын полициясы қылмыс туралы мәлімет алмасатын қалта радиоқабылдағыштармен қамтамасыз етілді. Радиоқабылдағыштың көмегімен ең алғаш тұтқынға түскен қылмыскер дүкеннен үш пальто ұрлап шыққан соң 15 минуттан кейін қолға түскен.45 жыл бұрын (1964) американдық дәрігерлер АҚШ конгресін темекі шығаратын компанияларды қорап сыртына «темекі тарту сіздің денсаулығыңызға зиянды» деген ескерту енгізуге міндеттеуге шақырды.ЕСІМДЕР105 жыл бұрын (1904-1975) атақты актер БАБОЧКИН Борис Андреевич дүниеге келді.
Ол Бүкілодақтық кинематографистер институтында қазақ кино актерлерінің бір тобын тәрбилеп шығарды. Шәкірттерінің арасында Жамбыл Құдайбергенов, Жанна Керімтаева, Меңтай Өтепбергенов секілді танымал кино өнерінің шеберлері бар.