09:21, 19 Қаңтар 2009 | GMT +5
ҚазАқпарат-Анонс: қаңтардың 19-ы мен 25-і аралығындағы оқиғалардың күнтізбесі
None
ЕЛБАСЫЕлбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Үндістанға ресми сапары барысында қаңтардың 23-і мен 27-сі аралығында Делиде «Қазақстан-Үндістан» Іскерлік кеңесінің 4-ші отырысы және екі ел кәсіпкерлерінің іскерлік келіссөздері өтеді. ҮКІМЕТҚаңтардың 19-ында Үкімет үйінде селекторлық кеңес өтеді. Қаңтардың 19-ында Үкімет үйінде Премьер-Министр Кәрім Мәсімовтың қатысуымен Жер ресурстарын басқару агенттігінің алқа мәжілісі өтеді. Қаңтардың 19-ы күні Мәжілісте «Қазақстан Республикасында ақпараттық-коммуникациялық технологияларды дамыту жөніндегі жұмыс барысы туралы» тақырыбында Үкімет сағаты өтеді. Үкімет сағатында Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің төрағасы Қуанышбек Есекеев өзі жетекшілік жасайтын саланың алға ұстанған бағыттары мен мақсаттары жөнінде баяндама жасайды. ПАРЛАМЕНТ
Қаңтардың 19-ы күні Мәжілісте «Қазақстан Республикасында ақпараттық-коммуникациялық технологияларды дамыту жөніндегі жұмыс барысы туралы» тақырыбында Үкімет сағаты өтеді. Қаңтардың 19-ында Парламент Мәжілісінде «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ақпараттық-коммуникациялық желілер мәселелері бойынша өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы таныстырылады. ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ ӘЛЕМ2009 жылғы қаңтардың 1-інен бастап Қазақстан Республикасы Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі ұйымның төрағалары Үштігінің құрамына кірді. ЕҚЫҰ ережелеріне сәйкес Үштікті Ұйымның қазіргі, алдыңғы және кейінгі төрағалары құрайды. Биылғы жылы ЕҚЫҰ Үштігіне Грекия (қазіргі төраға), Финляндия (2008 жылы төрағалық еткен) және Қазақстан (2010 жылғы төраға) қатысады. ҰЛТТЫҚ БАНКҚР Ұлттық Банкінің Басқармасы 2009 жылғы қаңтардың 1-інен бастап Ұлттық Банкінің ресми қайта қаржыландыру жылдық ставкасын 10 пайыз деңгейінде белгілеуге шешім қабылдады.ҚОҒАМ2009 жылғы ақпанның 25-і мен наурыздың 6-сы аралығында Қазақстан Республикасында Ұлттық халық санағы өткізіледі. 2009 жылғы қаңтардың 1-інен бастап Қазақстан Республикасында жаңа Салық және Бюджет кодекстері күшіне енді.
АСТАНАҚаңтардың 15-і мен 19-ы аралығында Астанада футзалдан Қазақстан чемпионатының бесінші тур ойындары өтуде.Қаңтардың 19-ында Астана әкімдігінде Иманғали Тасмағамбетовтың қатысуымен Дағдарысқа қарсы бағдарламаны жүзеге асыру мәселелері бойынша меморандумға қол қойылады. Қаңтардың 19-ында Президенттік мәдениет орталығында «Алматы» ауданының әкімі С.Ахметов 2008 жылдың жұмыс қорытындысы бойынша халық алдында есеп беру кездесуін өткізеді. Қаңтардың 19-ында №45 орта мектепте елордалық «Есіл» ауданының әкімі Қ.Жаңабергенов 2008 жылдың жұмыс қорытындысы бойынша халық алдында есеп беру кездесуін өткізеді.Қаңтардың 19-ында Көктал кентіндегі Мәдениет үйінде «Сарыарқа» ауданының әкімі С.Мұстафина 2008 жылдың жұмыс қорытындысы бойынша халық алдында есеп беру кездесуін өткізеді.АЛМАТЫ
Қаңтардың 19-ында «Қазақстан-Үндістан: ынтымақтастық перспективалары» деп аталатын конференция өтеді. Оны Үндістан елшілігі мен Нью-Делидегі Сыртқы істер министрлігінің ақпарат бөлімі ҚР Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтымен ынтымақтасып ұйымдастырып отыр.Қаңтардың 20-21 күндері «Үздіксіз экономикалық білім беру: оқыту мен әдістемелік қамтамасыз етуді модернизациялау» деген IV республикалық оқу-әдістемелік конференция өтеді.
Конференцияның ұйымдастырушылары ? ҚР Білім және ғылым министрлігі мен Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университеті (ҚазЭУ). Қаңтардың 23-24-і күндері Алматыдағы Қазақтың Абай атындағы мемлекеттік опера және балет театрында Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, сазгер Алмас Серкебаевтың «Тілеп пен Сарықыз» деп аталатын жаңа балет қойылымының премьерасы болады.
АЙМАҚТАРАЛМАТЫ ОБЛЫСЫӘкімдердің жыл сайынғы есеп беру науқаны биыл қаңтардың 28-інде басталып, ақпанның 11-інде аяқталады. Осы екі аптаның ішінде 16 аудан әкімі мен үш қала әкімі былтырғы жыл бойына атқарылған жұмыстары бойынша халық алдында есеп береді. Ал облыс әкімі Серік Үмбетовтың қорытынды есебі ақпанның 11-іне жоспарланып отыр.БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫАудан әкімдерінің есебі қаңтардың 19-ында басталмақ. Қала әкімінің қорытынды кездесуі қаңтардың 30-ына белгіленсе, облыс басшысы ақпанның 12-сінде өңір тұрғындары алдында есеп береді. ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫҚалалар мен аудандардың басшылары қаңтардың 19-ы мен ақпанның 1-і аралығында халық алдында есеп беру кездесулерін өткізеді. Облыс әкімі Бақытжан Сағынтаевтың кездесуі ақпанның 6-сында халық өкілдерінің қатысуымен өтетін облыстық мәслихаттың кеңейтілген сессиясында өтеді.ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫОблыстың барлық өңірлерінде қаңтардың 12-сінен бастап барлық деңгейдегі әкімдердің халық алдындағы есеп беру жиналыстары басталады. Бірінші кезекте жыл бойына атқарған жұмыстары бойынша селолық және кент округтерінің 255 әкімі есеп береді. Олар барлығы 680 кездесу өткізеді деп күтілуде. Аудандық маңыздағы алты қаланың әкімі өз өңірлерінің тұрғындарымен 22 кездесу өткізеді. Ал қалалар мен аудандардың 19 әкімі өз есеп беру науқандарын қаңтардың 16-сында бастайды.
--------------------------------------------------------------------------------------------------ЕЛЕУЛІ ОҚИҒАЛАР, АТАУЛЫ КҮНДЕР, ЕСІМДЕР
ҚАҢТАРДЫҢ 19-Ы, ДҮЙСЕНБІ ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР17 жыл бұрын (1992) Алматыда Қазақстан Республикасы мен Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия арасында дипломатиялық қарым-қатынас орнату туралы біріккен мәлімдеге қол қойылды.3 жыл бұрын (2006) Атырауда жаңа жасанды ұшыру-қону алаңы пайдалануға беріліп, оған «Боинг-757» ұшағы алғашқы болып ресми түрде келіп қонды. Ұшыру-қону алаңының ұзындығы - 3000, ені ? 45 метр. Екі қапталында әрқайсысының ені 7,5 метр қауіпсіздік жолақтары бар. Жаңа алаңның ұзындығы бұрынғыдан 650 метрге, ені 16 метрге ұзарған. Жобалау жұмыстарын әлемнің 60 елінде 500 жобалау жұмыстарын атқарған Голландияның «NACO B.V» фирмасы жүргізді. Бұл - барлық үлгідегі әуе кемелеріне қызмет көрсетуге мүмкіндік беретін Қазақстандағы ең берік алаң болып табылады.ЕСІМДЕР200 жыл бұрын (1809-1826) американ жазушысы, ақын, сыншы, детективті жанр ретінде қалыптастырған қаламгер ПО Эдгар дүниеге келді.
ҚАҢТАРДЫҢ 20-Ы, СЕЙСЕНБІЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР90 жыл бұрын (1919) Верныйда (қазіргі Алматы) Жетісу жыршы-ақындарының слеті өтті. Оған халық ақын Жамбыл Жабаев қатысты.25 жыл бұрын (1984) Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлығымен «Қазақ КСР-інің халық жазушысы» құрметті атағы бекітілді. Құрметті атақты алғашқылардың бірі болып Ғ.Мүсірепов, Д.Снегин, Т.Әбдірахманова иеленді. 1999 жылдан бастап «Қазақстанның халық жазушысы» атағын беру тоқтатылды.15 жыл бұрын (1994) Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Қазақстанның мамандандырылған коммерциялық жинақ банкі Халық банкі болып қайта құрылды.15 жыл бұрын (1994) Елбасы Н.Назарбаевтың Украинаға ресми сапары барысында екі мемлекет арасындағы Достық пен ынтымақтастық туралы шартқа, Президенттердің «Қазіргі дүние: қыр көрсету және қатерлер» атты Декларациясына және басқа да маңызды құжаттарға қол қойылды.15 жыл бұрын (1994) «Байқоңыр» ғарыш айлағынан алғашқы телехабарлар таратудың ғарыштық қондырғысы - «Галс» ұшырылды.3 жыл бұрын (2006) Астанадағы «Артем» сауда үйінде «Ақорда» республикалық қозғалысы мен Қазақстан қажылар қауымдастығының ұйымдастыруымен халал өнімдерін сататын сауда орны ашылды. Қазақстан қажылар қауымдастығы Орта Азия аймағы бойынша бірінші болып М8-1500 HALAL FOOD халықаралық стандартының малайзиялық үлгісін енгізген болатын. Бұл сапа стандартында халал өнімдерін өндіру, өңдеу және сақтаудың нормалары, сондай-ақ малды, құстарды сою талаптары белгіленген. «Халал» сөзі, Құран кәрім бойынша, «адал» деген мағына береді. Мәселен, бүгінгі халал шұжық өнімдерінде мал етіндегі қалдық қан, түрлі қосындылар мен концерогендік, яғни рак, ісік ауруын туғызатын заттар кездеспейді.3 жыл бұрын (2006) Көкшетауда «Шығыс жекпе-жек өнері» республикалық қоғамдық бірлестігінің «Шығыс спорт өнері» атты газетінің бірінші саны жарық көрді. Екі тілде, түрлі-түсті бояулы жаңа ақпарат құралы республика көлемінде таратылады. Газет шығарушыларының басты мақсаты - салауатты өмір салтын насихаттау, спорттың жаппай сипат алуына ұмтылыс жасау, шығыс спортының түр-түрінің кеңінен өркен жаюына ықпал ету, көпшілік қауымды спорттың тарихы мен дамуы турасында құлақдар ету. Басылымның алғашқы санында қазақша күрес, көкпар, каратэ жайында мол мағлұматтар берілген.ЕСІМДЕР55 жыл бұрын (1954) әнші, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі МӘКЕНОВА Бисара дүниеге келді.
Шығыс Қазақстан облысының Ақсуат ауданында туған. Алматы эстрадалық өнер студиясын, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетін бітірген. Ол 1980 жылы Ә.Қашаубаев атындағы республикалық байқаудың лауреаты атанды. Петропавл филармониясының қазақ концерттік бригадасы 1987 жылы Мәкенованың қатысуымен ұйымдасқан. Оның репертуарында Қазақстан сазгерлерінің әндері мен халық шығармалары бар.50 жыл бұрын (1959) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің төрағасы, заң ғылымының кандидаты, генерал-майор, Қазақстан Республикасы ҰҚК-нің құрметті қызметкері КӘРІБОЗОВ Қозы-Көрпеш Жапарханұлы дүниеге келді.
Жамбыл облысында туған. Қазақ мемлекеттік университетін (қазіргі Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті) 1986-1989 жылдары ? Жамбыл облыстық прокуратурасы Тергеу басқармасының прокуроры, Қазақ КСР Прокуратурасы тергеу басқармасының прокуроры. 1989-1994 жылдары ? Қызылорда облыстық прокуратурасының бөлім бастығы, облыс прокурорының орынбасары. 1994-1997 жылдары ? Қазақстан Республикасы Прокуратурасының басқарма бастығы, Мемлекеттік тергеу комитетінің Алматы қаласы бойынша бас басқармасының бастығы. 1997-2007 жылдары Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Ұйымдасқан қылмыспен және жемқорлықпен күрес жөніндегі бас басқармасының, департаментінің бастығы, Тергеу департаментінің бастығы, Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары қызметтерін атқарған. Қазіргі қызметінде 2007 жылдан бастап істейді. 65-тен астам ғылыми еңбекпен монографияның авторы.
2-ші дәрежелі «Даңқ» орденімен, медальдармен марапатталған.30 жыл бұрын (1979) ақын, «Шабыт» халықаралық фестивалінің лауреаты ХАМЗИН Тоқтарбек дүниеге келді.
Шығыс Қазақстан облысында туған. Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін бітірген. Ақынның «Аспан» атты жыр жинағы жарық көрген. Бірқатар өлеңдері «Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы», «Жас ақындар антологиясы» жинақтарына енген.
ҚАҢТАРДЫҢ 21-І, СӘРСЕНБІДостық құшақтың халықаралық күні. Бұл жаңа мерекенің дәстүрі бойынша танымайтын адамды да достық құшағына алуға болады. Мереке батыс еуропалық студент жастардан бастау алады.Ресей Федерациясының инженерлік әскері күні.ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР17 жыл бұрын (1992) Орал ғылыми орталығы құрылды. Мекеменің ғылыми жұмыстарының негізгі бағыты облыстық жер қойнауындағы су қорларын зерттеу және оны кешенді игеру мәселелеріне, су-экология мәселелеріне, топырақ және биотехнология мәселелеріне арналған. Сондай-ақ аталмыш орталық Батыс Қазақстандағы мұнай-газ кен орындарын барлау және игеру үшін гидрогеологиялық зерттеулер жүргізді.70 жыл бұрын (1934) Украина астанасы Харьковтан Киевке ауыстырылды.55 жыл бұрын (1954) «General Dynamics Electric Boat» компаниясы құрастырған «Наутилиус» атты американдық кеме Гротонда (АҚШ, Коннектикут) суға түсірілді. «Наутилиустің» ұзындығы ? 98,7 метр, ал ені ? 26,8 метр.ЕСІМДЕР75 жыл бұрын (1934) Қазақстан экономистер қауымдасығының президенті, экономика ғылымының докторы, профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері ЕСЕНТҮГЕЛОВ Арыстан дүниеге келді.
Қазақ мемлекеттік университетін бітірген. Қазақ КСР Мемлекеттік жоспарлау комитеті Есептеу орталығының аға инженері, зертхана меңгерушісі, бөлім бастығы қызметтерін атқарған. 1984-1995 жылдары ? Қазақ КСР Мемлекеттік жоспарлау комитеті жанындағы Экономика ғылыми-зерттеу институты директорының бірінші орынбасары, директоры, Қазақстан Республикасы Экономика министрлігі жанындағы Экономика және нарықтық қатынастар ғылыми-зерттеу институтының директоры. 1996-1999 жылдары ? Қазақстан Республикасы Праламенті Мәжілісі Төрағасының кеңесшісі, сектор меңгерушісі. 1999-2002 жылдары ? «Экономикалық зерттеулер институты» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының бас директоры. 2002 жылдан Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрінің, Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің кеңесшісі болған. Бірнеше кітаптың және 100-ден астам ғылыми жарияланымның авторы.
ҚАҢТАРДЫҢ 22-І, БЕЙСЕНБІЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР17 жыл бұрын (1992) Алматыда Қазақстан Республикасы мен Моңғолия арасында дипломатиялық қарым-қатынас орнату туралы хаттамаға қол қойылды.16 жыл бұрын (1993) Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығымен Қазақстан Ғылым академиясының атауы Ұлттық ғылым академиясы болып өзгертіліп, республикалық жоғары ғылым мекемесі мәртебесі берілді.16 жыл бұрын (1993) Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығымен «Алтыналмас» Ұлттық акционерлік компаниясы құрылды. 80 жыл бұрын (1929) Кеңес Одағындағы оппозицияның көрнекті өкілі Троцкий Лев Давыдович КСРО-дан қуылды. Елде Сталин билігі толықтай орнады. Мұның алдында Л.Троцкий Алматыға жер аударылған болатын. 70 жыл бұрын (1939) Колумбия университетінде (АҚШ) алғаш рет уран атомы ыдыратылды.ЕСІМДЕР70 жыл бұрын (1939) филология ғылымының докторы, профессор, Қармақшы ауданының құрметті азаматы САҒЫНДЫҚҰЛЫ Берікбай дүниеге келді.
Қызылорда облысының Қармақшы ауданында туған. Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін, Мәскеудегі КСРО Ғылым академиясы Шығыстану институтының аспирантурасын бітірген. 1961-1979 жылдары «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінде әдеби қызметкер, хатшы, «Ғылым» баспасында редактор, редакция меңгерушісі қызметтерін атқарған. 1979 жылдан Қазақ мемлекеттік университетінің (қазіргі Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті) оқытушысы, профессоры болып істейді. Ғалымның 2 монографиясы, 7 оқу құралы, 200-ден аса ғылыми және публицистикалық мақалалары жарық көрген. 30 жыл бұрын (1979) ақын ТЕМІРБАЕВ Алмас дүниеге келді.
Ақмола облысының Көкшетау ауданында туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген. Шығармалары «Қазақстан жас ақындар антологиясы», «Қос ішек» және «Зеренді көктемі» ұжымдық жинақтарына енген. «Аллажар», «Жұмақ жұрт» атты жеке жыр жинақтары жарық көрген. Көркем аударма саласында Р.Тагор, Ж.Руми, С.Есенин, Б.Қанапияновтың өлеңдерін және қырғыз ақыны Н.Калыбековтің бірқатар өлеңдерін қазақ тіліне тәржімалаған. Республикада өткен бірқатар ақындар мүшәйрасында жүлделі орын алған.
ҚАҢТАРДЫҢ 23-І, ЖҰМАЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР27 жыл бұрын (1982) Қазақтың академиялық опера және балет театрында «Ақан сері - Ақтоқты» операсының премьерасы өтті. Алғашқы қойылымда бас партияларды Қазақстанның еңбек сіңірген әртістері Х.Қалиламбекова мен К.Мыржықбаев орындады. Операның авторы ? С.Мұхамеджанов.17 жыл бұрын (1992) БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі өз мәжілісінде дауысқа салмай-ақ Қазақстан Республикасын Біріккен Ұлттар ұйымына мүшелікке қабылдауға ұсынатын қарарды мақұлдағанын хабарлады. Қазақстан 1992 жылы наурыздың 2-інде БҰҰ-ның толық мүшесі болды.10 жыл бұрын (1999) Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығымен жазушы Шыңғыс Айтматов «Отан» орденімен марапатталды.8 жыл бұрын (2001) Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңы қабылданды.8 жыл бұрын (2001) Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңы қабылданды.2 жыл бұрын (2006) Астанада «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы» акционерлік қоғамы және жапонның екі корпорациясы - «Сумитомо корпорэйшн» мен «Кансай Электрик Пауэр КО.Инг» кәсіпорны Оңтүстік Қазақстандағы «Мыңқұдық» кен орнының батыс учаскесінен игерілетін үшжақты біріккен кәсіпорын құру жөніндегі келісімге қол қойды.20 жыл бұрын (1989) үлкендігі авионосецтей астероид Жерге тақау тұстан ағып өтті. Егер ол 6 сағат бұрын жеткенде Жерге соқтығысады екен.ЕСІМДЕР70 жыл бұрын (1939) филология ғылымының докторы, профессор, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты ҚАЛИЕВ Байынқол Қалиұлы дүниеге келді.
Алматы облысының Райымбек ауданында туған. Қазақ мемлекеттік университетін және аспирантурасын бітірген. 1967-1991 жылдары Қазақстан Ғылым академиясы Тіл білімі институтының кіші, аға ғылыми қызметкері, терминология бөлімінің меңгерушісі. 1995 жылдан Абылай хан атындағы Қазақ мемлекеттік халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің қазақ филология кафедрасының меңгерушісі болған. Ғалымның 130-ға жуық ғылыми еңбегі, оның ішінде 8 монографиясы жарық көрген.
ҚАҢТАРДЫҢ 24-І, СЕНБІЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР87 жыл бұрын (1922) даниялық Кристиан Нельсон шоколадпен көмкерілген балмұздақ текшесіне патент алды. Ол оны «эскимо-пай» ? эскимос бүктемесі деп атаған. Бірнеше онжылдықтар өтсе де бұл өнім бүкіл әлемде, соның ішінде Қазақстанда да балалар мен үлкендердің сүйікті тағамдарының біріне айналды.
Қазақстандағы балмұздақ нарығы алуан түрлі, мұндай тәттінің дара көшбасшысы ретінде отандық Food Master компаниясын атауға болады, ал одан кейінгі орынды Ресейдің «Гулливер» фабрикасы иеленеді. 70 жыл бұрын (1939) Чилиде өте жоғары жер сілкінісі болды. 50 мыңнан аса адам қаза тапты. Жер сілкінісі салдарынан Чильян қаласында үш-ақ ғимарат аман қалған.ЕСІМДЕР110 жыл бұрын (1899-1967) геология-минералогия ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Ғылым академиясының академигі, Қазақстанның еңбегі сіңірген ғылым қайраткері, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты БОРУКАЕВ Рамазан Асланбекұлы дүниеге келді.
Ленинград тау-кен институтын бітірген. 1931-1938 жылдары ? Бозшакөл геология бөлімінің бастығы, Қазақ геология тресінің бас инженері, бастығы. 1938-1940 жылдары ? КСРО Ғылым академиясының Қазақстан филиалы геология секторының меңгерушісі, геология-география бөлімінің бастығы. 1941 жылдан Қазақстан Ғылым академиясының Геология ғылымдар институты директорының орынбасары, директоры болды. Ол Қаныш Сәтбаевтің жақын әріптесі әрі көмекшісі болған. Борукаевтың негізгі ғылыми-зерттеу жұмыстарының бағыты Қазақстан палеозой эрасының тау жыныстарының стратиграфиясын, тектоникасын, палеогеографиясын және кен орындарын зерттеуге арналған. Ол Бозшакөл мыс-молибден кенін ашты. Оның басшылығымен хлорит, фосфорит, полиметалл және бірнеше көмір кені ашылды, сумен қамтамасыз ету мәселелері шешілді. Ғалым Қазақстанның әр түрлері масштабтағы геология картасының авторы және редакторы болды.
«Қызыл Жұлдыз» орденімен және медальдермен марапатталған. 90 жыл бұрын (1919-1992) актриса, әнші, Қазақстанның халық әртісі МҰСАБЕКОВА Әйкен дүниеге келді.
Қарағанды қаласында туған. Мәскеу консерваториясының қазақ опера студиясында оқыды. 1937-1955 жылдары Қарағанды облыстық қазақ драма театрының құрамында қызмет етті. Алғашқы ойнаған рөлі ? М.Әуезовтің «Түнгі сарын» драмасындағы Мөржан. 1956 жылдан Қазақ академиялық драма театрының құрамында актриса болды. Алғашында музыкалық спектакльдерге қатысып, Қыз Жібек, Ақжүніс (Е.Брусиловский «Қыз Жібек», «Ер Тарғын»), Айман (М.Әуезов «Айман ? Шолпан») т.б. рөлдерін ойнады. Бұдан кейін драмалық спектакльдерде көптеген рөлдерді орындаумен көрермен ілтипатына бөленді. Ойнаған негізгі рөлдері қатарында Еңлік, Текті (М.Әуезов «Еңлік ? Кебек», «Қарагөз»), Баян, Мәрзия (Ғ.Мүсірепов «Қозы Көрпеш - Баян сұлу», «Ақан сері ? Ақтоқты»), Зәуре (Б.Майлин «Майдан»), Әйгерім (М.Әуезов, Л.Соболев «Абай»), Сымбат (Ә.Әбішев «Армандастар»), Айбарша (Ә.Тәжібаев «Майра»), Айша (Т.Ахтанов «Сәуле»), Тана (Қ.Сатыбалдин «Қабаған ит»), Шәрбәну (З.Шашкин «Ақын жүрегі»), Эмилия (У.Шекспир «Отелло») т.б. бар. 1958 жылдан киноға түскен.
«Құрмет белгісі» орденімен, медальдармен марапатталған.
ҚАҢТАРДЫҢ 25-І, ЖЕКСЕНБІЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР43 жыл бұрын (1966) Ғ.Құрманғалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық филармониясы ашылды. Филармонияның құрамына «Орал сазы» фольклорлық ансамблі, «Назерке» халық биі ансамблі, жастар ансамблі және басқа да ансамбльдер кіреді. 17 жыл бұрын (1992) Алматыда Қазақстан Республикасы мен Франция арасында дипломатиялық қарым-қатынас орнату туралы хаттамаға қол қойылды.4 жыл бұрын (2005) Қазақстан Республикасы Ғарыштық қызметті дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы қабылданды.3 жыл бұрын (2006) Еуразия мәдениет қоры «Ұлт игілігі» сыйлығын тағайындады. Ол мемлекет, қоғам, дін, ғылым, экономика, әдебиет, өнер, ағарту және спорт саласы қайраткерлеріне беріледі. «Ұлт игілігі» Қазақстанның мемлекеттілігін, экономикасын, ғылымы мен мәдениетін дамытуға сүбелі үлес қосқан, қызметі өз Отанымен қатар халықаралық қауымдастық арасында да танымал болған республика азаматтарына беріледі. «Ұлт игілігі» сыйлығының лауреатына ең жоғарғы награда «Алтын пайза» белгісі мен 1 миллион теңге тағайындалған. Кейбір жағдайларда «Алтын пайза» белгісімен басқа мемлекеттердің өкілдері де марапатталуы мүмкін. Бұл кезде оларға награда («Алтын пайза» белгісі) ғана беріліп, «Ұлт игілігі» сыйлығы мен ақшалай қаржы төленбейді. 85 жыл бұрын (1924) Францияның Шамони қаласында алғашқы қысқы олимпиада ойындары басталды. Оған 18 елдің спортшылары қатысты. Қысқы олимпиаданы өткізу идеясы үлкен кедергілермен жүзеге асты. Халықаралық олимпиада комитеті аталмыш спорттық шараны Олимпиада ойындары деп аталу құқығын бермесе, скандинавиялықтар өздерінің Солтүстік ойындарының басты қарсыласы ретінде қарсы болды. Бір қызығы осы ойындар барысында награданың көбін скандинавиялықтар ұтып алған.ЕСІМДЕР250 жыл бұрын (1759-1796) шотланд ақыны БЕРНС Роберт дүниеге келді
Шаруа отбасында туған. 1707 жылы Англияның қарамағына кірген Шотландияның аграрлық-өндірістік төңкерістерді бастан кешуі болашақ ақынға үлкен әсер етті. Өздігінен ізденіп, білім алады. 15 жасынан өлең жазады. «Екі бақташы», «Әулие Виллидің дұғасы» поэмалары көпшілікке қолжазба күйінде тарап кетеді. 1786 жылы «Шотланд диалектісінде жазылған өлеңдер» атты бірінші кітабы жарық көрді. Ақын онда өз сезімдері, ойлары, өмірі жайлы сыр шертеді. 1787 жылы Эдинбургке келген соң, оның екінші жинағы жарияланды. Ақын көп жылдар бойы туған халқының фольклорын жинаумен айналысты. 18 ғасырдың аяғындағы француз революциясына үн қосып, «Бостандық ағашы» өлеңдер циклін жазды. Ақын адам құқығы мәселелерімен айналысқаны үшін қуғынға ұшырады. Бернс Роберт поэзиясына ирония, сарказм, лиризм, юмор тән. Оның өлеңдерін Қ.Шаңғытбаев, Ө.Нұрғалиев қазақ тіліне аударды.