ҚазАқпарат-Анонс: қаңтардың 5 - 11-і аралығындағы оқиғалардың күнтізбесі

None
None
None
ЕЛБАСЫЕлбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Үндістанға ресми сапары барысында қаңтардың 23-і мен 27-сі аралығында Делиде «Қазақстан-Үндістан» Іскерлік кеңесінің 4-ші отырысы және екі ел кәсіпкерлерінің іскерлік келіссөздері өтеді. ПАРЛАМЕНТЖаңа 2009 жылы Парламент Мәжілісінің жалпы отырысы қаңтардың 8-і күні өтеді. Палатаның жалпы отырысында бірқатар заң жобалары талқыға түседі деп күтілуде.ҰЛТТЫҚ БАНКҚР Ұлттық Банкінің Басқармасы 2009 жылғы қаңтардың 1-інен бастап Ұлттық Банкінің ресми қайта қаржыландыру жылдық ставкасын 10 пайыз деңгейінде белгілеуге шешім қабылдады.ҚОҒАМ2009 жылғы ақпанның 25-і мен наурыздың 6-сы аралығында Қазақстан Республикасында Ұлттық халық санағы өткізіледі 2009 жылғы қаңтардың 1-інен бастап Қазақстан Республикасында жаңа Салық және Бюджет кодекстері күшіне енеді --------------------------------------------------------------------------------------------------ЕЛЕУЛІ ОҚИҒАЛАР, АТАУЛЫ КҮНДЕР, ЕСІМДЕРҚҰРМЕТТІ ЖАЗЫЛУШЫЛАР! «ҚазАқпарат» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы, ақпараттық жобалар редакциясы және маркетинг және жарнама бөлімі сіздерді жаңа 2009-шы жылдарыңызбен құттықтайды! Еңбектеріңізге табыс, дендеріңізге саулық тілейді.ЖАҢА 2009-ШЫ ЖЫЛДАРЫҢЫЗБЕН!Түпкі негізі көшпелі түркі халықтарының көне дәстүрлерінен бастау алатын шығыс күнтізбесі бойынша 2009 жыл Сиыр жылы ? мүшел есебінің екінші жылы, тышқан жылынан кейін барыс жылының алдында келеді. 12 жылда бір рет қайталанып тұрады. Сиыр жылы Азия халықтары күнтізбесінің көпшілігінде қолданылады. Қазақ, қырғыз, қарақалпақ, т.б. жұрттарда ол наурыздың 22-інде енеді. Бізге жеткен аңызға қарағанда он екі жылдық циклдік символды білдіретін аңдар арасынан сиырдың екінші болып таңдалуы оның қайырымдылығына, еңбексүйгіштігіне байланысты. 2009 ЖЫЛЫ:2009 жыл - Халықаралық астрономия жылы. Біріккен Ұлттар Ұйымы 2009 жылды Халықаралық астрономия жылы деп жариялады. Бұл шешімнің тарихы мынадай. 2003 жылы шілденің 23-інде Австралияның Сидней қаласында өткен Халықаралық астрономия одағы Бас Ассамблеясында (1919 жылы құрылған ХАО астрономдардың әлемдегі ірі кәсіби ұйымы екендігін атап өткен орынды) 2009 жылды Халықаралық астрономия жылы деп жариялау туралы қарарды қабылдады. Қарарды физик, астроном, табиғаттану ғылымының негізін салушы Галилео Галилейдің отаны Италия ұсынды. Сондай-ақ 2009 жылы адамзат Галилео Галилейдің төрт ғасырлық тарихы бар өнертабысы ? телескоптың мерейтойын атап өтеді.2009 жыл ? Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы аясында Жастар жылы. 2008 жылы қазанның 10-ында Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы мемлекет басшыларының кеңесінде 2009 жылды Жастар жылы деп жариялау шешімін қабылдады.ОҚИҒАЛАР610 жыл бұрын (1399) тебриздік шебер Абд ул-Әзиз ибн Шараф әд-Дин Қарнақ қаласында қазіргі Түркістан қаласында тұрған көне ескерткіш тайқазанды 7 металл қоспадан құйып жасады. Ішіне алпыс шелек су сияды. Салмағы 2 тонна қазан қасиетті деп танылған. Оның бүйіріне өсімдік бейнесіндегі өрнектер салынған, араб әріптерімен оюлап құйылған жазулары бар. Түркістан тайқазаны 1935 жылы Санкт-Петербордағы Эрмитаж басшыларының өтініші бойынша 3-ші халықаралық конгреске көрсету үшін әкетілген. Қазан Эрмитаждың төменгі қабатындағы 48-ші залда 54 жыл тұрды. 1989 жылы қыркүйектің 18-інде Тайқазан Қожа Ахмет Яссауи кесенесіндегі өз орнына қойылды.610 жыл бұрын (1399) Әмір Темірдің Үндістандағы жеңісінің құрметіне Самарқандта Бибі ханым мешіті салына бастады. Бибі ханым мешіті Әмір Темір билігі тұсында салынған архитектуралық ескерткіштердің бірі. Халық арасында Бибі ханымды Әмір Темірдің әйелі дейді. Ескерткіш ұзынынан да, көлденеңнен де айқын белдеулене салынған, тік бұрышты аула тәріздес (83х62м). Әсіресе, биік қасбетіндегі әшекейлеу үшін жасалған ұзын белдеу көрнекі көрінеді. Оның артында, ауланың қарама-қарсы бетінде мешіттің негізгі ғимараты (биіктігі 44 метр), ал көлденең белдеу бойына кішірек екі ғимарат орналасқан. Ауланы айналдыра көп күмбезді галерея тұрғызылған, құрылыстың сыртқы бұрыштары биік мұнаралармен бекітілген. Мешіттің үш ғимаратын да біртектес - мығым, шаршы негізді, цилиндр барабанды ширек күмбезбен жаба келіп, төбесінен фероконикалық күмбез шығарған. Үлкен мешіттің қасбетіндегі бұрыштары гүлдестемен оймышталған көп қырлы мұнаралармен көмкерілген. Ғимараттың ерекше сәнді әрі келісімді түрі оны өз алдына дербес құрылыс ретінде қарауға мүмкіндік береді. Мешіттердің қасбеті нақышты өрнектелген, мозаикамен, оюлы мәрмәр тақталармен безендірілген. Ішкі жағы түгелдей алтындаған көкшіл бояумен өсімдік тектес, геометриялық өрнек түрінде өрнектелген. Бибі ханым мешіті Орта Азияның ортағасырлық архитектурасының ғажап үлгісі болып табылады. Ол кейінгі архитектурасының дамуына зор ықпал жасады. 140 жыл бұрын (1869) Оралда шаруалар көтерілісі болды. Көтеріліс 1868 жылы қабылданған «Уақытша ережемен» халықтың келіспеушілігінен туындады. Ресей өкіметінің 1867-1868 жылдардағы реформалары, алым-салықтың көбейіп, қанаудың одан әрі күшейе түсуі қазақ халқының жаппай наразылығын тудырды. 1869 жылы наурызда көтеріліс Орал өңірін толық қамтыды. Сол жылы казак отрядтарының және солдат күшімен көтерІлісшілер аяусыз жазаланды. Осы кезеңде Кіші жүз қазақтарының үштен бірі Орта Азия хандықтарына өтіп кетті. 60 жыл бұрын (1949) Жамбыл облысының аумағында Шатыркөл мыс кен орны ашылды. Кен аумағында каледон, герцин интрузиялары дамыған. Қалыңдығы 1-7 м, тереңдігі жүздеген метрге кеткен кен денелері кварцты-карбонатты тау жыныстарынан, минералданған граниттен тұрады. Тотыққан кентастан мыс, сульфитті кендерден жекеленген мыс пен молибден концентраттарын алуға болады. Шатыркөл мыс кені ірі кен орындарының қатарына жатады.60 жыл бұрын (1949) Қостанай облысының аумағында Соколов темір кені ашылды. Барлау жұмыстары 1949-1955 жылдары жүргізіліп, 1951 және 1964 жылдары қорының шамасы есептеліп, бекітілген. Кен ашық әдіспен өндіріледі. Кен денелерінің бітімі шомбал, сеппелі, желілі, сиректеу жолақты болып келеді. Басты минералдары магнетит, пирит мартит, гематит, марганец, кобальт, т.б. жалпы қоры 1295 млн. т, темірдің орташа мөлшері 40,2 %. Соколов темір кенінің кентасы Қарағанды металлургия комбинатының шикізаты ретінде пайдаланылады.50 жыл бұрын (1959) Алматыда аптасына бір рет қазақ және орыс тілдерінде «Спорт» газеті шыға бастады. «Спорт» газетінің құрылтайшысы Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі. Дене тәрбиесі мен спортты насихаттайтын басылымның негізгі мақсаты халық арасында салауатты өмір салтын насихаттау. Сонымен қатар Қазақстандағы жарыстар мен Азия, Еуропа, Әлем чемпионаттарынан, Олимпиадалық ойындардан жедел репортаж, хабарлар тарату. Балалар спорты, ауыл спорты, ұлттық спорт түрлеріне де айрықша көңіл бөліп отырады. Газет бетінде мамандар мен спорт ардагерлерінің пікірлері де жарияланып тұрады.20 жыл бұрын (1989) «Семей-Невада» халықаралық қозғалысы құрылды. Қозғалысты танымал қазақ ақыны Олжас Сүлейменов басқарды. Ұйымның басты мақсаты Семей ядролық полигонын және әлемдегі барлық ядролық полигондарды жабу, әскери мақсаттағы ядролық сынақтарды тоқтату және ядролық соғыс қауіпіне тосқауыл қою болды. Қозғалыстың бөлімшелері Қазақстанның барлық облыстарында, сондай-ақ Ресей, АҚШ, Италия, Жапония, Түркия, т.б. мемлекеттерде ашылды. 1991 жылы тамыздың 29-ында Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Семей полигонын жабу туралы Жарлыққа қол қойды.ЕСІМДЕР310 жыл бұрын (1699-1775) би, ақын ҚҰТТЫБАЙҰЛЫ Байғара дүниеге келді. Шығыс Қазақстан облысының Аягөз ауданында туған. Атасы Нарымбай би Ташкентте бек болса, әкесі «Қу дауысты Құттыбай» шешен атанған. Ата-бабасының жолын үлгі етіп, билікке ерте араласқан. Байғара бидің әділдігін, шешендігін Дулат, Әсет ақындар жырға қосса, Біржан мен Сара айтысында оның өз заманының айтулы адамы болғандығы тілге тиек етіледі.305 жыл бұрын (1704-1790) кіші жүз ханы, Әбілхайыр ханның баласы НҰРАЛЫ, Нұрмұхамедәли баһадүр дүниеге келді. Оны хан сайлау рәсіміне тек Кіші жүз қазақтары ғана емес, Ұлы және Орта жүз өкілдері де қатысты. Алғашқы жылдары саясатқа жүйрік, мәмілегер Бопай ханымның ақылымен әрекет жасап, әкесінің саясатын жүргізуге тырысты. Жалпы Нұралы өз заманы сияқты күрделі қайшылықты тұлға, көздеген мұрат-мүддесі мен атқарған іс-әрекетіне байланысты біржақты баға беруге болмайды. Ол Ресей әкімшілігінің Жайық бойын отарлауына барынша қарсылық көрсетті. Орыс патшайымы Елизавета Петровнаға әлденеше рет елші жолдап, қазақ даласын отарлаудың негізсіздігін дәлелдеуге, оны тоқтата тұруға талпынды. Орынбордың тұңғыш губернаторы И.Неплюевпен теңбе-тең қарым-қатынас орнатып, Арал бойында өзін «хан» жариялаған Қайып баласы Батыр сұлтанмен күресті. Жоңғар билеушісі Сыбан Доржамен мәмілегерлік байланыс жасап, өзге қазақ жүздеріне шығыстан төнген шабуыл қаупін бәсеңдетуге ұмтылды. 1750 жылы подпоручик Ригельтанның қолдауымен әкесі Әбілқайырға кесене салдыртты. Алайда сұлтандық билікті күшейту қамымен қол астындағы халықтың бір бөлігін өзіне қарсы қойып алғанын байқамады. Әсіресе қайшылықты ахуал Сырым Датұлының кезінде тым шиеленісіп кетті. Петербор сарайымен астыртын мәмілеге барып, көтерілісшілер арасында жік салуға тырысты. 1773-1775 жылдары Е.Пугачев көтерілісіне жасырын қолдау көрсетті, қазақ жеріне «бүлікшілер» манифесінің таралуына кедергі жасамады. Немере інісі Досалы сұлтанның қазақ жасақтарымен сол көтеріліске қатысуына тілекші болды. Бұл жағдай II Екатерина патшайымның ашу-ызасын келтірді. Оның үстіне Орынбордың жаңа губернаторы О.фон Игельстром Нұралының халық алдындағы беделінің күштілігін аңғарып, оны хан тағынан аластатуға кірісті. Бірқатар билер мен старшындарды азғырып, Нұралыға қарсы айдап салды. Осы мақсатын жүзеге асыру үшін патша өкіметі Сырым батырды да пайдаланды. Нұралының өз ықтиярымен Ресей билігіне көнбейтіндігіне әбден көзі жеткен II Екатерина 1786 жылы маусымның 2-інде Нұралыны арнайы жарлығымен тақтан түсірді. Ол алғашқыда Жайық бекінісіндегі абақтыға қамалып, кейін Уфаға жер аударылды. 1790 жылы осы қалада дүниеден озды. 300 жыл бұрын (1709-1767) Абылай ордасының белгілі қолбасшыларының бірі БАЯНБАЙ батыр дүниеге келді. Ол Талқы, Күркілдек, Ебі, Еміл, Айдынсу, т.б. жерлерде болған соғыстарға қатысқан. Қазақ-жоңғар, қазақ-қытай қатынастарына Қазақ хандарының беделді тұлғасы ретінде араласқан. Баянбай батыр бейнесі Бұқар, Үмбетей, Жанұзақ, т.б. жыраулардың туындыларында сомдалған. 150 жыл бұрын (1859-1921) 1916 жылғы Меркі (Әулиеата уезі) қазақтары ұлт-азаттық көтерілісінің жетекшісі ҚОСАНҰЛЫ Ақкөз батыр дүниеге келді.145 жыл бұрын (1864-1919) атақты палуан, әнші, композитор, ақын БАЛУАН ШОЛАҚ, Нұрмағанбет Баймырзаұлы дүниеге келді. Ақмола облысының Еңбекшілдер ауданында туған. Балуан Шолақ ән-күйге жасынан құмар болып өседі. Жас кезінде оң қолының саусақтары үсіген ол, кейін күш-қажыры толысып, палуандығы танылған кезде Балуан Шолақ атанады. Балуан Шолақ 14 жасынан бастап күреске түсіп, ат құлағында ойнаған спортшы болған, шауып келе жатқан ат үстінде әр түрлі күрделі жаттығуларды шебер орындаған. Мысалы, жүйткіп келе жатқан ат үстінде түрегеліп, не басымен тұруы, аттың бауырынан өтуі, бір аяғын үзеңгіге қыстырып, шалқалап жатып шабуы бойындағы жойқын күшті, ептілікті шебер игере алатындығын, қазақтың далалық цирк өнерінің іргетасын қалағандығын айғақтайды. Көкшетау қаласындағы үлкен жиындарда 51 пұт (830 кг-дай) кірдің тасын көтеріп, дүйім жұртты таңқалдырған. 1899 жылы орыс палуаны Иван Кореньмен күресіп, оның қабырғасын сындырғанда Балуан Шолақ 35 жаста еді. Мұның үстіне Балуан Шолақ ән-күйге жасынан құмар болды. Жігіт шағында Балуан Шолақ осы екі өнерді қатар дамытты. Әке-шешесі қайтыс болған соң, Ғанекей деген қызға үйленген Балуан Шолақ ел аралап, салдық құрады және жалғыз-жарым жүрмей, маңына әнші-күйші, палуан, өнерлі жастарды жинайды. Өзі ұстаз тұтқан Біржан сал, Ақан сері әндерінің тамаша орындаушысы әрі насихатшысы болды. Олардың әнші-композиторлық дәстүрін берік ұстанып, кейін өзі де ән шығарды. Бұл тұрғыдан алғанда, Балуан Шолақ қазақтың әншілік өнерін өрістетуге үлкен үлес қосқан композитор. Көкшетау, Қарқаралы, Қараөткел, Сарысу бойындағы елдерді (Жаңаарқа, Нұра) түгел аралаған. Балуан Шолақ Баянауыл, Семейде болады, Арқаның әндерін Жетісуге жеткізеді. Осы сапарында Кенен Әзірбаев Балуан Шолақтың көптеген әндерін үйреніп, халыққа таратады. Балуан Шолақтың «Ащылы-айырық», «Балуан Шолақ», «Желдірме», «Дікілдек», «Көкшетау», «Қосалқа», «Қос барабан», «Қос перне», «Құлан кісінес», «Кенже қоңыр» сияқты әндері бар. Оның халық арасында кеңінен тараған әндері ? «Ғалия» мен «Сентябрь». «Ғалия» нәзік сезім дүниесін, мөлдір махаббатты шеберлікпен сыршыл әуенде жырлаған ғашықтық лирикасы болса, «Сентябрь» бірден-ақ кең тыныспен асқақтата шырқалатын жігер-күшке толы қаһармандық ән. Тыңдаушыға оның мелодиясындағы батыл да өршіл қайрат бірден әсер етеді. Белгілі музыка зерттеушісі, фольклоршы А.Затаевич ел арасындағы әншілерден Балуан Шолақтың бірнеше әнін жазып алып, оларды «Қазақ халқының 1000 әні» мен «Қазақтың 500 ән-күйі» жинақтарына енгізді. Алматыдағы спорт сарайы Балуан Шолақтың есімімен аталады. ҚАҢТАРДЫҢ 5-І, ДҮЙСЕНБІЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР3 жыл бұрын (2006) даңқты қолбасшы және жазушы Бауыржан Момышұлының мерейтойы құрметіне, батырдың туған жері ? Жамбыл облысында «Баукең туралы толғаныстар» деп аталатын публицистикалық очерктер мен әңгімелер жинағы жарық көрді. Бұл жинаққа Қасым Қайсенов, Шерхан Мұртаза, Әзілхан Нұршайықов сынды танымал жазушылар мен әр жылдары атақты жерлестерімен кездескен жамбылдық авторлар ? Елен Әлімжанов, Әлдихан Қалдыбаев, Мақұлбек Рысдәулет және тағы басқалардың туындылары жинақталған.3 жыл бұрын (2006) Интернетте Қарағанды облысы әкімдігінің өз ақпараттық порталы ашылды. Әкімдіктің www.karaganda-region.kz сайтында аймақтың әлеуметтік-экономикалық жағдайы туралы толыққанды ақпарат орналастырылған. Аймақтың туристік әлеуеті жеке берілген. «Жаңалықтар» айдары соңғы қызықты оқиғаларға арналса, «сұрақ-жауап» айдары облыс әкімімен және басқа да шенеуніктермен тікелей байланысқа арналған.ЕСІМДЕР95 жыл бұрын (1914-1986) әнші, Қазақстанның халық әртісі ЕСІМЖАНОВА Рабиға дүниеге келді. Ақмола облысының Қорғалжын ауданында туған. Өнер жолын Семей облыстық музыка драма театрынан бастады. Қарағанды, Алматы театрлары труппасында қызмет етіп, Еңлік (М.Әуезов «Еңлік ? Кебек»), Жібек (Е. Брусиловский «Қыз Жібек» операсы), т.б. сахналық бейнелер жасады. 1946-1960 жылдары Қазақ радиосының, 1960 жылдан «Қазақконцерттің» әншісі болды. Ол негізінен, қазақтың халық әндерін («Әупілдек», «Гауһартас», «Әпиток», «Ләйлім», «Жалғыз арша», «Құдаша», т.б.), халық композиторларының, сондай-ақ, С.Кәрімбаев, Ш.Қалдаяқовтың әндерін орындап насихаттады. «Құрмет белгісі» орденімен марапатталған.70 жыл бұрын (1939) экономика ғылымының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы ғылымдары академиясының академигі ҚАЖЫМҰРАТ Кеңес дүниеге келді. Ақмола облысында туған. Алматы халық шаруашылығы институтын бітірген. Қазақстан Ғылым академиясы Экономика институтының экономисі, инженер-экономисі, аға ғылыми қызметкері, сектор, бөлім меңгерушісі, директордың орынбасары, Қазақстан даму институтының вице-президенті қызметтерін атқарған. Ғалымның 250-ден астам ғылыми жарияланымы бар. Медальмен марапатталған. 70 жыл бұрын (1939) әуесқой композитор ЕГІНБАЕВ Мұратхан дүниеге келді. Алматы облысының Алакөл ауданында туған. 1988 жылы Алматыдан әндері жазылған күйтабағы шықты. «Өнер» баспасынан жарық көрген «Жастық шақ әуендері», «Ауыл кеші көңілді», «Қазақ әндерінің антологиясы» атты ән жинақтарына композитордың бірнеше әндері енді. Республиканың телерадио корпорациясының алтын қорына 20-дан астам әндері мен күйлері жазылды. Қабанбай батырдың 300 жылдық тойында киноға түсірілген «Қырандай қайран бабам-ай!» әні үшін 1991 жылы Батырлар жылының лауреаты атағы берілді. Бірнеше медальмен марапатталған.65 жыл бұрын (1944-1993) жазушы ТҮМЕНБАЕВ Жақсылық дүниеге келді. Қызылорда облысының Арал ауданында туған. Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітірген. 1968-1975 жылдары Қызылорда облыстық «Ленин жолы» (қазіргі «Сыр бойы») газетінің қызметкері болған. 1975 жылдан Қазақ КСР Министрлер Кеңесі жанындағы ақпарат агенттігінде бас редактордың орынбасары, республикалық «Денсаулық» журналының бас редакторы қызметтерін атқарған. Алғашқы шығармалары 1968 жылдан республикалық, облыстық баспасөзде, «Жалын» альманахында жариялана бастады. Оның «Қардағы іздер», «Қимас қазына», «Мен сүйген қыз», «Тас бөгет», «Махаббат қорығы», «Ақырғы демім біткенше» атты повестері мен әңгімелері жарық көрген. Көркем аударма саласында А.Лихановтың «Шырғалаң» романын, басқа да авторлардың повесть, әңгімелерін тәржімалаған. Туған жерінде мектепке, көшеге Түменбаевтың есімі берілген. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталған. ҚАҢТАРДЫҢ 6-Ы, СЕЙСЕНБІЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР3 жыл бұрын (2006) түрлі-түсті суретті «Фото. Телерадио» республикалық журналының бірінші саны жарық көрді. Басылым Қазақстанның мемлекеттік саясаты, телерадио хабарлары мен киноның өзіндік ерекшеліктері, мәдениет саласындағы оқиғалар және тағы басқа салалардағы жаңалықтарға әуес оқырмандарға арналған. Журналдың редакциялық алқасында ? Мырзатай Жолдасбеков, Әкім Тарази, Әбіш Кекілбайұлы және Ақселеу Сейдімбек сынды мәдениет және ғылым қайраткерлері бар. Журнал қазақ және орыс тілдерінде шығарылып отыр. Оның құрылтайшылары «Makhat-studio» ЖШС-і мен «Интеллектуал» клубы. Басылым 5 мың данамен айына 1 рет жарық көреді. 70 жыл бұрын (1939) Берлинде неміс ғалымдары Отто Ган мен Фриц Штрасман нейтрондар арқылы ураннан ядроны бөліп алу жолын ашты. Осылайша ядролық энергияны пайланудың алғашқы қадамы жасалды. Бірақ, ол адамзатқа аса қатерлі атом бомбасы ретінде қолданылып келеді.ЕСІМДЕР80 жыл бұрын (1929-2006) философия ғылымының докторы, профессор СЕГІЗБАЕВ Ораз Аманғалиұлы дүниеге келді. Қызылорда облысында туған. Қазақ мемлекеттік университетін, Ленинград мемлекеттік университетінің аспирантурасын бітірген. 1956 жылдан Қазақ мемлекеттік университетінің аға оқытушысы, доценті, факультет деканы, кафедра меңгерушісі қызметтерін атқарған. Ғалымның негізгі ғылыми еңбектері қазақ халқының рухани мәдениеті, Қазақстандағы қоғамдық пікірдің дамуы, қоғамдық пікірдің даму заңдылықтарына арналған.55 жыл бұрын (1954) техника ғылымының кандидаты, профессор, Қазақстан Республикасы Инженерлік акаемиясының корреспондент мүшесі, Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері МАРАЛОВ Әділмырза Бейсебайұлы дүниеге келді. Тараз қаласында туған. Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібі технологиялық институтын бітірген. Жамбыл облыстық астық өнімдері басқармасының инженері болып істеген. 1989-1992 жылдары ? Алматы астық өнімдері комбинатының директоры. 1992 жылдан «Алтын диірмен» корпорациясы акционерлік қоғамы Директорлар кеңесінің төрағасы қызметін атқарады. ҚАҢТАРДЫҢ 7-І, СӘРСЕНБІХристостың туған күні ? Рождество мерекесі.ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР17 жыл бұрын (1992) «Қазақстан Республикасындағы ғылым және мемлекеттік ғылыми-техникалық саясат туралы» Заң жарық көрді.17 жыл бұрын (1992) Француз Республикасы Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін мойындады. 10 жыл бұрын (1999) Астанада «Елорда» баспасы ашылды.6 жыл бұрын (2003) Қазақстан Республикасының «Электрондық құжат және электрондық сандық қол қою туралы» Заңы жарық көрді.3 жыл бұрын (2006) Қазақстан Республикасы Парламенті палаталары «Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Конституциялық заң күші бар Жарлығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының жобасын мақұлдады. Ол бойынша Жұмекен Нәжімеденов пен Нұрсұлтан Назарбаевтың сөзіне жазылған Шәмші Қалдаяқовтың «Менің Қазақстаным» әні әнұран болып бекітілді.105 жыл бұрын (1904) Маркони компаниясы «SQD» көмекке шақыру радио дабылын орнатты. Екі жылдан кейін мағынасы белгісіз сөзді SOS-қа алмастырды.95 жыл бұрын (1914) Панама арнасы арқылы алғашқы кеме жүзіп өтті. Тынық мұхит пен Атлант мұхитын жалғап тұрған ұзындығы 81 шақырымдық бұл арна әлемдік транзитте ерекше орын алады. ЕСІМДЕР90 жыл бұрын (1919-1945) Кеңес Одағының Батыры МИХЕЕВ Григорий Яковлевич дүниеге келді. Петропавл қаласында туған. Краснодар қаласындағы (Ресей) әскери авиациялық училищені бітірген. 1941 жылы ұшқыш-штурман Михеев Мәскеу маңының аспанын қорғаған. 1942 жылдан 1-ші Әуе армиясының құрамында болып, 114 әуе сапарын орындаған. Петропавл қаласындағы бір көше Михеев есімімен аталады. «Ленин», «Қызыл Жұлдыз», 1-2-ші дәрежелі «Отан соғысы», «Қызыл Ту» ордендерімен және медальдармен марапатталған. 70 жыл бұрын (1939-2000) химия ғылымының кандидаты, профессор, Қазақстан Республикасы Инженерлік академиясының корреспондент мүшесі, Халықаралық шығармашылық академиясының академигі ШАЯХМЕТОВ Шайсұлтан дүниеге келді. Қостанай облысында туған. М.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін, КСРО Ғылым академиясы элементтік-органикалық қосылыстар институтының аспирантурасын бітірген. 1987-1993 жылдары ? Қазақ КСР Жоғары және орта арнайы білім министрі, Қазақстан Республикасы Халыққа білім беру министрі. 1997-1998 жылдары ? Қостанай облысы әкімінің орынбасары, Л.Гумилев атындағы Еуразия университетінің профессоры, мемлекеттік және басқа да тілдерді оқыту орталығының директоры. 1998-2000 жылдары Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі жанындағы республикалық орталықтың директоры, «Мемлекеттік тіл» қоғамдық қорының президенті қызметтерін атқарған. Республикалық самбо және қазақша күрес бойынша федерациясының президенті болып сайланған.65 жыл бұрын (1944) физика-математика ғылымдарының докторы, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі, Іргелі зерттеулер институтының құрметті докторы (АҚШ, Флорида штаты, Майами қ.) ТӘКІБАЕВ Нұрғали Жабағыұлы дүниеге келді. Өзбекстан Республикасында туған. М.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін бітірген. 1970-1988 жылдары ? Қазақстан Республикасы Ғылым академиясы Жоғары энергия физикасы институтының кіші, аға, жетекші ғылыми қызметкері. 1988-2004 жылдары ? Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясы Ядролық физика институтының зертхана меңгерушісі, Ұлттық ғылым академияның бас ғылыми хатшысы, Азия елдері Ғылым академиялары қауымдастығының бас хатшысы. 2004 жылдан Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық институтының профессоры қызметін атқарады. Ғалымның негізгі ғылыми еңбектері теориялық физика мен астрофизика мәселелеріне арналған. 140-тан астам ғылыми еңбектің авторы.60 жыл бұрын (1949) «Парасат» холдингі басқармасының төрағасы, техника ғылымының докторы, профессор, Қазақстан Ғылым академиясының академигі, Халықаралық инженерлік академияның академигі, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты БЕКТҰРҒАНОВ Нұралы Сұлтанұлы дүниеге келді. Астана қаласында туған. Қазақ политехникалық институтын бітірген. 1971-1992 жылдары Химия-металлургия институтында инженер, кіші және аға ғылыми қызметкер, ғылыми хатшы, зертхана меңгерушісі болды. 1992-1997 жылдары ? Қарағанды облысы әкімінің орынбасары. 1997-2000 жылдары ? Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі Ішкі саясат департаментінің директоры, вице-министрі. 2000-2002 жылдары ? Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі. 2002-2004 жылдары ? Қазақстан Республикасы Білім және ғылым вице-министрі. 2004-2008 жылдары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Химия технологиялық зерттеу орталығының директоры, «Жер, металлургия және байыту туралы ғылымдар орталығы» акционерлік қоғамының бас директоры қызметтерін атқарған. Ғалымның негізгі ғылыми еңбектері қиын байытылатын полиметалл шикізатын кешенді өңдеудің күрделі химиялық байыту процестерін зерттеуге арналған. Ол тотыққан минералдардың сульфидті минералдарға түрленуінің физикалық-химиялық заңдылықтарын ашты. Оның негізінде ауыр түсті металдардың тотыққан кентасын флотациялық байытуға жаңа технологиялық тәсілдері ұсынылды. Бұл тәсілдер шикізат пен қоршаған ортаны кешенді пайдаланудың қазіргі заман талабына сәйкес келеді. Мемлекет қайраткері ретінде, саяси қозғалыстар мен партиялардың өзара пікір алмасуына, елдегі бұқаралық ақпарат құралдары жұмысын үйлестіруге елеулі ықпал етті.60 жыл бұрын (1949) ақын ИСАЕВ Ибрагим дүниеге келді. Қызылорда облысының Сырдария ауданында туған. Қазақ мемлекеттік университетін бітірген. Сырдария аудандық «Сырдария» газетінде әдеби қызметкер, Қызылорда облыстық халық шығармашылық үйінде нұсқаушы, Қазақстан Жазушылар одағында көркем әдебиетті насихаттау бөлімінде тілші-әдіскер, «Ара - Шмель», «Жалын» журналдарында редактор қызметтерін атқарған. Ақын өлеңдері венгр, болгар тілдерімен қоса, туысқан республикамыздың біраз тілдеріне де тәржімаланған. Өзі Коми әдебиетінің негізін салушы И.Кургатовтың, Ресей ақыны Н.Рубцовтың өлеңдерін қазақ тіліне аударған. Жас жазушылардың Бүкілодақтық VI кеңесіне қатысқан. «Еңбекте үздік шыққаны үшін» медалімен марапатталған. ҚАҢТАРДЫҢ 8-І, БЕЙСЕНБІЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР145 жыл бұрын (1864) Торғайда (Орынбор қамалы) қазақ балаларына арналған алғашқы мектеп ашылды. Бұл туралы Ыбырай Алтынсарин Н.Ильминскийге «Менің көптен күткен арманым орындалды, ол мектепке 14 қазақ баласы ? тым тәуір, саналы балалар келіп түсті!», - деп жазды.46 жыл бұрын (1963 қаңтардың 8-9-ы) Қазақстан Кинематографистер одағының бірінші құрылтай съезі өтті. Онда аталмыш одақтың бірінші хатшысы болып Шәкен Кенжетайұлы Айманов сайланды.12 жыл бұрын (1997) Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығымен ежелгі Тараз қаласының көне атауы қайта қалпына келтірілді.6 жыл бұрын (2003) Қазақстан Республикасының «Инвестиция туралы» Заңы қабылданды.300 жыл бұрын (1709) Ресейде алғашқы азаматтық күнтізбе жарық көрді. Онда күннің, айдың тұтылуы, жыл мезгілі, соғыс пен келісім шаралары, денсаулық туралы мәліметтер жазылған. ЕСІМДЕР40 жыл бұрын (1969) «KEGOC» акционерлік қоғамының президенті БОЗЫМБАЕВ Қанат Алдабергенұлы дүниеге келді. Алматы қаласында туған. Қазақ мемлекеттік басқару академиясын бітірген. 1994-1997 жылдары ? Алматы қаласы әкімінің көмекшісі. 1997-1998 жылдары ? жеке меншік компанияның экономика мәселелері жөніндегі директоры, Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлігі аумақтық саясат бөлімінің бастығы, Қаржы департаментінің бастығы, «ҚазТрансОйл» ЖАҚ-ның экономика жөніндегі вице-президенті. 1998-1999 жылдары ? Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлігі Мұнай және газ департаментінің директоры. 1999-2000 жылдары ? «ҚазТрансОйл» ЖАҚ, «Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы» ЖАҚ Директорлар кеңесінің мүшесі. 2000-2001 жылдары ? ҚР Энергетика, индустрия және сауда вице-министрі. 2001-2008 жылдары «КЕGОК» ААҚ-ның 1-ші вице-президенті, президенті, «Самұрық» мемлекеттік активтерді басқарудың қазақстандық холдингі» акционерлік қоғамының төрағасы қызметтерін атқарған. Қазіргі қызметінде 2008 жылдың қазанынан бастап істейді. ҚАҢТАРДЫҢ 9-Ы, ЖҰМАЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР17 жыл бұрын (1992) Қазақстан Мұсылмандар діни басқармасының «Иман» газеті жарық көрді.16 жыл бұрын (1993) Елбасы Н.Назарбаевтың Жарлығымен Германия Федеративтік Республикасында, Иран Ислам Республикасында, Франция, Әзірбайжан, Армения, Беларус, Грузия, Қырғызстан, Молдова, Түрікменстан, Өзбекстан, Украина Республикаларында және Ресей Федерациясында Қазақстан Республикасының елшіліктері ашылды.2 жыл бұрын (2007) әлемге танымал марафоншы қарағандылық Павел Сиротин «Бейбітшілік елшісі» атағын алды. 2006 жылы желтоқсан айында 70 жылдығын атап өткен спортшы өмірінің тең жартысында марафондық жүгірумен айналысып келеді. Ол бірнеше рет 100 шақырымдық қашықтыққа да жүгірген. Павел Сиротин өзінің мерейтойын да кезекті марафонмен атап өтіп, Теміртаудан Қарағандыға дейінгі 32 шақырым қашықтықты жүгіріп өткен болатын. Мерейтойының құрметіне берілген құрметті атақты П.Сиротин Жер бетінде бейбітшілік орнатуға қосқан үлесі үшін Дүниежүзілік бітімгершілік федерациясы мен Дінаралық және халықаралық федерациясынан алып отыр. «Басқаларға үлгі болып табылатын өмірі үшін, сондай-ақ адамгершілік, отбасылық құндылықтар, түрлі дін өкілдерінің бейбіт қатар өмір сүру идеалдарына қызмет еткені үшін осынау құрметті атақ беріледі», делінген «сенім грамотасында». «Бейбітшілік елшісі» атағы берілген азаматтар Біріккен Ұлттар Ұйымының айрықша қамқорлығында.2 жыл бұрын (2007) Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасының Иордан Хашимиттік Корольдігіндегі Елшілігін ашу туралы Жарлыққа қол қойды.210 жыл бұрын (1799) Англияда табыс салығы пайда болды.ЕСІМДЕР80 жыл бұрын (1929-1990) ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі ИЗИМОВ Изиз дүниеге келді. Алматы облысының Ұйғыр ауданында туған. Қазақ педагогикалық институтын бітірген. 1952-1957 жылдары Шелек аудандық газетінде жауапты хатшы болды. 1958 жылдан Еңбекшіқазақ ауданының И.Таиров атындағы орта мектебінде ұстаздық қызмет атқарды. Изимовтың алғашқы өлеңдері 1948 жылдан жариялана бастады. Тұңғыш жинағы «Жастық әні» деген атпен жарық көрді. 1957 жылы бір топ шығармалары Ташкентте шыққан «Өлеңдер» атты кітапқа енді. Ақынның «Тау бөктерінде», «Ауыл әуендері», «Көмекшілер», т.б. жинақтары бар. Ол көркем аударма саласында А.Пушкиннің «Полтава», Н.Некрасовтың «Темір жол» поэмаларын, М.Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясының 1-ші кітабын, С.Мұқановтың «Ботакөз» романын, т.б. шығармаларды ұйғыр тіліне тәржімалаған. ҚАҢТАРДЫҢ 10-Ы, СЕНБІЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР85 жыл бұрын (1924) «Тілші» газетінде І.Жансүгіровтің «Кеңседе жергілікті тілді жүргізу керек» деген мақаласы жарық көрді. Онда күні бүгінге дейін өзекті мәселе болып отырған қазақ тілінің тағдыры сөз болды. 75 жыл бұрын (1934) қазақ әдебиеті мен өнеріне арналған «Қазақ әдебиеті» апталық газеті шыға бастады. Алғашқы редакторы ? Б.Майлин. Газет 1940-1954 жылдары тоқтап, 1955 жылдың қаңтарынан қайта шыға бастады. «Қазақ әдебиеті» ұлтымыздың рухани айнасы, еліміздің әдеби һәм мәдени өмірін жан-жақты қамтитын басылым.17 жыл бұрын (1992) Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан Республикасының Ішкі әскерлері туралы» Жарлығы шықты.17 жыл бұрын (1992) Елбасының қатысуымен өткен Қауіпсіздік Кеңесінің мәжілісінде Республикалық гвардияны құру туралы шешім қабылданды.12 жыл бұрын (1997) Бішкек қаласында Н.Назарбаев, А.Ақаев және И.Каримов Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстан мемлекеттері арасындағы Мәңгілік достық туралы шартқа қол қойды.10 жыл бұрын (1999) Қазақстанда алғаш рет Қазақстан Республикасының Президенттігіне балама сайлау өтіп, онда сайлаушылардың 79,78 % дауысын жинаған Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев қайта сайланды.6 жыл бұрын (2003) Өскемен қаласында «АВТОВАЗ» ашық акционерлік қоғамының техникалық көмегімен «Азия Авто» зауыты ашылды. Жаңа құрастыру кәсіпорны «Нива» автомобилін шығарады.5 жыл бұрын (2004) «Қазақтелеком» акционерлік қоғамы халыққа тәулік бойы қызмет көрсететін ақылы «169» анықтамалық-ақпараттық қызметін ашты.ЕСІМДЕР80 жыл бұрын (1929-1999) ақын БАЯЗИТОВ Байғожа дүниеге келді. Оңтүстік Қазақстан облысында туған. Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетін бітірген. Ақынның «Мақта далам», «Достар қаласы», «Өмір нұры» жинақтары жарық көрген. Қаламгер өмірінің соңына дейін Мырзашөл өңірінің гүлденуіне өзінің жырларымен лайықты үлес қосты. Казір Мырзашөл өңірінде Байғожа Баязитов атындағы түрлі өнер байқаулары тұрақты өтіп келеді.70 жыл бұрын (1939) жазушы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі ҚҰМАРБЕКОВ Мүсілім дүниеге келді. Шығыс Қазақстан облысының Ұлан ауданында туған. Қазақ мемлекеттік университетін бітірген. Шығыс Қазақстан облыстық «Коммунизм туы» (қазіргі «Дидар») газетінде ұзақ жылдар бойы қызмет істеген. «Ақ Ертіс» ? «Иртыш» атты қазақша-орысша шығатын әдеби, мәдени журналда редактордың орынбасары қызметін атқарған. Қазір «Дидар» облыстық газеті редакторының орынбасары қызметін атқарады. Жазушының «Алтайдың ардагері», «Қыз күлкісі», «Асау Ертіс», «Шынар», «Алтайым - алтын бесігім», «Жастық жағалауы» атты кітаптары бар. 2003 жыл «Фолиант» баспасынан «Жар жағасындағы үй» повестер жинағы, «Базальт» баспаханасынан «Тауқымет» атты романы жарық көрді.70 жыл бұрын (1939) техника ғылымының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Инженерлік академиясының академигі, Халықаралық инженерлік академияның корреспондент мүшесі, Қазақстан Республикасы ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлығының лауреаты МОЛДАБЕКОВ Шаяхмет дүниеге келді. Оңтүстік Қазақстан облысында туған. Мәскеу химия-машина жасау институтын бітірген. 1968-2005 жылдары Қазақ химия-технология институтында (М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті) ғылыми-педагогикалық қызметпен айналысқан. 2005 жылдан Қ.Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті жанындағы Шымкент институтының профессоры қызметін атқарған. Негізгі ғылыми-зерттеу еңбектері интенсивті масса алмастыру аппаратурасын құруға арналған. Ғалымның 300-ден астам ғылыми еңбегі және 80-ге жуық авторлық куәлігі мен патенті бар.65 жыл бұрын (1944) медицина ғылымының докторы, профессор, республиканың бас балалар эндокринологы МӘЖІБАЕВ Қуаныш Әбдікерімұлы дүниеге келді. Жамбыл облысының Талас ауданында туған. Алматы медицина институтын (қазіргі Қазақ ұлттық медицина университеті) бітірген. 1966-2001 жылдары қазіргі Астана, Алматы қалаларындағы балалар ауруханасында, Алматы медицина институтында, Урология ғылыми орталығында, Алматы дәрігерлер білімін жетілдіру институтында ғылыми-педагогикалық және басшылық қызметтер атқарған. 2001 жылдан Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығының директоры. Негізгі ғылыми жұмыстары балалар урологиясына арналған. Ол бала уронефрологиясы тәжірибесінде алғаш рет сцинтирграфия әдісін енгізді. Осы әдіс арқылы бүйректің «мылқау» (жарамсыз) деп аталатын бөлігінің жартылай болса да 40%-дай белсенді қызмет атқара алатынын анықтады. Сондай-ақ жарықтың, тоқ ішек патологиясын емдеудің жаңаша тиімді әдістерін енгізді. Нефроптоз, гипоспадия, гидронефроз, қуық экстрофиясы аурулары және қуық-зәр жолдары рефлексін пластикалық жолмен қалпына келтіру операцияларын жасаудың өзіндік модификациясын ұсынды. Ол балалардың туа біткен обструктивті уропатиясын хирургиялық жолмен емдеуді ретроспективті тұрғыдан зерттей отырып, бұрыннан қолданып жүрген хирургиялық коррекция тәсілдерін жетілдірді. Мәжібаев ? Қазақстандағы балалар урологиясының негізін қалады. Ол осы сала бойынша бірінші докторлық диссертация қорғап, профессор болған тұңғыш қазақ ғалымы. Ғалымның 150-ден астам ғылыми еңбегі, оның ішінде 2 монографиясы, 11 әдістемелік нұсқаулығы, 19 өнертабысы бар. Оның жетекшілігімен 8 ғылым кандидаты, 2 докторы диссертация қорғаған.50 жыл бұрын (1959) жаттықтырушы, бокстан спорт шебері, республиканың үш дүркін чемпионы, Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері ЕДІЛОВ Тұрсынғали Нұржақыпұлы дүниеге келді. Алматы облысының Ұйғыр ауданында туған. Еділовтің жетекшілігімен қазақстандықтар көптеген халықаралық жарыстардың чемпионы атанды, жүлделі орындар алды. Мысалы, Қазақстан боксшылары Хьюстонда (АҚШ) 1999 жылы өткен Әлем чемпионатында 1 алтын, 1 күміс, 1 қола медаль алса, Сиднейде (Австралия) 2000 жылы өткен 27-ші Олимпиялық ойындарда 2 алтын, 2 күміс медаль иеленді. Еділов олимпиадалық ойындардың чемпионы Е.Ибрайымовты 1990 жылдан жаттықтырды. «Құрмет» орденімен марапатталған.50 жыл бұрын (1959-2002) ақын АСҚАРОВ Ерік дүниеге келді. Солтүстік Қазақстан облысының Булаев ауданында туған. Алматы театр институтын бітіріп, режиссер мамандығын алған. Республикалық Қазақ телевизиясының режиссері, бас редакторы, «Жазушы» баспасының редакторы, Қазақстан Жазушылар одағы әдеби қорының директоры қызметтерін атқарған. Оның «Қарлығаш», «Жетіген», «Аққудың көгілдірі» атты жыр жинақтары, «Біржан сал», «Петропавловск - қызылдардың қаласы» атты пьесалары бар. Сондай-ақ ол айтыскер ақын ретінде көптеген айтыстарға қатысып, жүлдегер атанған. ҚАҢТАРДЫҢ 11-І, ЖЕКСЕНБІЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР92 жыл бұрын (1917) 1916 жылы қазақ даласында басталған ұлт-азаттық қозғалыстың соңғы шайқастарының бірі - Күйік-Шошқалы ұрыстары өтті.3 жыл бұрын (2006) Астанада тәуелсіз Қазақстан тарихындағы маңызы зор оқиға - Қазақстан Республикасының Президенті болып қайта сайланған Нұрсұлтан Назарбаевты ұлықтау рәсімі болып өтті. Салтанатты рәсімге 7 мемлекет президенті, әлемнің 20-дан астам мемлекетінің үкімет және парламент басшылары, Біріккен Ұлттар Ұйымы, Шанхай ынтымақтастық ұйымы, Еуропа одағы халықаралық ұйымдарының өкілдері қатысты. Ұлықтау рәсімінде алғаш рет Қазақстанның жаңа әнұраны орындалды.90 жыл бұрын (1919) Германияда ел тарихындағы алғашқы социалистік төңкеріс басып-жаншылды.20 жыл бұрын (1989) 149 ел өкілдері улы газдар мен химиялық және бактериологиялық қаруды пайдалануға тиым салу туралы декларацияға қол қойды.ЕСІМДЕР50 жыл бұрын (1959) физика-математика ғылымдарының докторы ҚАЛИЕВ Ибрагим Әдиетұлы дүниеге келді. Қызылорда облысының Ақжайық ауданында туған. 1974 жылы оқушылардың облыстық математика олимпиадасының нәтижесі бойынша Новосібір мемлекеттік университеті жанындағы физика-математика мектебіне қабылданып, оны 1976 жылы бітірді. 1981 жылы осы университетті бітірген соң Ресей Ғылым академиясы Сібір бөлімшесі Гидродинамика институтына жұмысқа шақырылды. 1992-1993 жылдары Италиядағы «Tecnopolis Novus Ortus» ғылыми орталығында жұмыс істеді. Қазір Новосібірдегі Гидродинамика институтының аға ғылыми қызметкері. 40-тан аса ғылыми еңбегі, соның ішінде «Математика модели фазовых переходов» атты монографиясы жарық көрген.
Соңғы жаңалықтар