09:21, 18 Мамыр 2009 | GMT +5
ҚазАқпарат-Анонс: мамырдың 18-і мен 24-і аралығындағы оқиғалардың күнтізбесі
None

ҮКІМЕТМамырдың 18-інде Ішкі істер министрлігі мен Сыртқы істер министрлігінде апталық брифингтер өтеді. Мамырдың 18-інде Бейбітшілік сарайында Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің ұйымдастыруымен ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді.ПАРЛАМЕНТМамырдың 18-і, дүйсенбі күні, Мәжілістің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитеті жұмыс топтарының отырыстарында сыбайлас жемқорлыққа және көлеңкелі экономикаға қарсы күресті одан әрі күшейту мәселелеріне қатысты, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық үшін жауапкершілікті қатайту жөніндегі заң жобалары қаралады. Сол секілді еліміздегі сот-сараптама қызметі туралы заң жобасы күн тәртібіне шығарылып отыр.Ал Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің жұмыс тобында тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы және кейбір заңдарға сауда-өнеркәсіп палаталары қызметінің мәселелерін реттеуді көздейтін заң жобалары қаралады.Мамырдың 18-і және мамырдың 22-сі күні Мәжіліс Бюросының отырысы өтетіні белгіленген. Онда заң жобаларының дайындығы жөніндегі мәселелер қаралады.Сейсенбі, бейсенбі және жұма күндері Палатаның барлық салалық комитеттерінде құрылған жұмыс топтарында бірқатар заң жобалары талқыланады.Мамырдың 20-сы күні Мәжілістің жалпы отырысы өтеді деп жоспарланып отыр.Мамырдың 21-і, бейсенбі күні Парламент палаталарының бірлескен отырыс залында шетелдік саясаткерлер мен парламентшілердің қатысуымен «Қазіргі Қазақстан және «Еуропаға жол» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді.
ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ ӘЛЕММамырдың 22-сі күні Астанада Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Үкімет басшылары кеңесінің мәжілісі өтедіҚОҒАМЕлімізде 2009 жылғы ақпанның 17-сі мен шілденің 1-і аралығында шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін тексеруге мораторий жарияланды.Сәуірдің 15-і мен мамырдың 20-сы аралығындағы «Ең үздік студент ? 2009» республикалық сыйлығына байқау өтеді. Байқау 8 аталым бойынша жүргізілмек. Олар ? журналистика, ғылым, спорт, халықтық шығармашылық, дизайн және қолданбалы өнер, музыкалық- эстрадалық өнер, әдебиет және қоғамдық жұмыстар. Сайысқа 16 мен 25 жас аралығындағы жастар қатыса алады. Жеңімпаздарға «Ең үздік студент ? 2009» атағы беріліп, диплом, мүсінше мен бағалы сыйлық табыс етіледі.АСТАНАМамырдың 18-інде «Риксос» отелінде Қазақстан және Сауд Арабстаны - даму бойынша серіктестер» тақырыбына арналған Қазақстан-Саудия бизнес форумы өтеді. Мамырдың 18-інде Сот сараптамасы орталығында «Қазақстан Республикасында сот сараптамасын дамытудың келешегі» тақырыбына арналған брифинг өтеді. Мамырдың 20-сында ҚР тұңғыш Президентінің мұражайында Семей полигонының тарихына арналған «Мәңгілік санаты» көрмесі ашылады. Көрмеге ҚР Президентінің жеке мұрағатынан алынған және «Невада-Семей» ядролық қаруға қарсы қозғалысының материалдар қойылады. Онда Семей полигонындағы сынақтар, одан зардап шеккен адамдар, Қазақстанның қоғамдық ядроға қарсы қозғалысының тарихы жөнінде баяндалады. Келушілер назарына қазақ халқының қайғылы тарихы туралы суреттер де ұсынылады. Мамырдың 21-інде Астанада «Қазіргі Қазақстан және «Еуропаға жол» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтедіАЛМАТЫ Мамырдың 18-інде Лермонтов атындағы театрда «Невада-Семей» қозғалысының 20 жылдығына арналған «ХХІ ғасыр - ядролық қарусыз ғасыр» деген тақырыпта халықаралық конференция өтеді. Мамырдың 18-інде Ұлттық баспасөз клубында «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы-мұражайының проблемалары мен даму перспективасына арналған баспасөз мәслихаты өтеді. Мамырдың 18-інде Қазақстан баспасөз клубында «Жұлдыздар дипломатиясы» жобасының ашылуына арналған баспасөз мәслихаты өтеді. Алматыда мамырдың 19-ы күні Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде студенттердің зияткерлік-элиталық «Абай мектебі» ашылады. «Абай мектебінде» еліміздегі танымал саясаттанушылар, депутаттар, дипломаттар, тарихшылар, психологтар, педагогтар, іскерлер, ісмерлер, өнер мен мәдениет қайраткерлері және тағы басқа да өз ісінің шеберлері дәріс оқып, семинар-тренингтер мен шеберлік сыныптарын жүргізеді. Мамырдың 20-22-сі аралығында Алматыдағы «Атакент» іскерлік сауда орталығында X халықаралық «POWER-KAZINDUSTRY-2009» энергетикалық өндірістік көрмесі өтеді. Көрме ҚР Энергетика және минералды ресурстар министрлігі, KEGOC компаниясы, Алматы әкімдігі мен энергетика саласындағы компаниялардың қолдауымен өтеді.
Мамырдың 21-інде Алматыда Дүниежүзілік сауда ұйымының бірқатар келісімдері бойынша, дәлірек айтқанда қорғау, демпингке қарсы және ДСҰ аясындағы субсидиялар мен өтемақы шараларын қолдану мәселелеріне арналған семинар өтеді
--------------------------------------------------------------------------------------------------
АТАУЛЫ КҮНДЕР, ЕЛЕУЛІ ОҚИҒАЛАР
МАМЫРДЫҢ 18-І, ДҮЙСЕНБІХалықаралық мұражай күні. 1977 жылдан бастап жыл сайын әлемнің 150-ден астам елінде атап өтіледі. Осы күні барлық мұражайларда ашық есік күні өтеді. Қазақстанда 150 мұражай бар. Қырым Республикасында қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні. 1944 жылы мамырдың 18-інде КСРО билік органдарының заңсыз кінә тағуымен Қырымнан татарларды, сонымен қатар неміс, армян, болғар, гректерді қоныс аудартты. Қырым татарларының 200 мыңнан астамы Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Сібір аумақтарына көшірілді.Түрікменстандағы өрлеу және бірлік күні. 1992 жылы мамырдың 18-інде тәуелсіз Түрікменстан Конституциясы қабылданды.ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР64 жыл бұрын (1945) Қостанай облысында топографиялық-геодезиялық қызмет ұйымдастырылды.10 жыл бұрын (1999) Кентау қаласында композитор Сейдолла Бәйтереков атындағы Халықаралық «Әлия» ән фестивалі өтті.8 жыл бұрын (2001) Астана қаласындағы Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Күлтегін ескерткішінің ғылыми көшірмесі орнатылып, Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 10 жылдығына арналған «Байырғы түркі мәдениеті: жазба ескерткіштер» тақырыбы бойынша халықаралық ғылыми-теориялық конференция өтті.3 жыл бұрын (2006) Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұловаға туралы «Әлия ғұмыр: ерлік пен өнеге» атты жаңа кітап жарық көрді. ЕСІМДЕР80 жыл бұрын (1929) жазушы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Ұлы Отан соғысының ардагері ФИЛАТОВ Валентин Михайлович дүниеге келді.
Семей қаласында туған. Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітірген. Қаламгер республикалық газеттерде қызмет істеді. 1963 жылдан бастап бірыңғай шығармашылық жұмыспен айналысады.
Оның алғашқы повесі «На Миусе» деген атпен 1961 жылы жарық көрді. 1970 жылы «Февраль ? короткий месяц» атты повесть және әңгімелер жинағы шықты.
КСРО медальдарымен марапатталған. 70 жыл бұрын (1939) жазушы, аудармашы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі ҚҰДАБАЕВА Кәмила дүниеге келді.
Талдықорған қаласында туған. Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітірген. Қарағанды, Жезқазған облыстық газеттерінде, радио және теледидар редакцияларында, республикалық «Жалын» баспасында, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты «Тура би» журналында жауапты қыметтер атқарды.
Қаламгердің «Қызыл көйлекті қыз», «Раушан гүлдер», «Ұйқысыз түндер», «Ең сұлу қыз», «Жалғыз хат» атты прозалық кітаптары жарық көрген. Көркем аударма саласында қарақалпақ жазушысы Т.Қайыпбергеновтің жасөспірімдерге арналған повестерін, орыс жазушысы Г.Немченконың балаларға арналған повестері мен әңгімелерін қазақ тіліне тәржімалаған.
«Баспасөз үздігі» белгісімен марапатталған.165 жыл бұрын (1844- 1875) швед саяхатшысы, Париж Географиялық қоғамының мүшесі МОЗЕР Генри дүниеге келді.
Ресейдің Санкт-Петербор қаласында туған. Женева қаласында оқып, бакалавр дәрежесінде білім алған. 1867-1883 жылдары Сібірге, үш рет Орта Азияға саяхат жасаған. 1885-1888 жылдары Парижде француз тілінде «Орта Азияға (Қазақ даласына, Түркістанға, Бұхараға, Хиуаға, түркімендерге және Персияға) саяхат», орыс тілінде «Орта Азия елдерінде» деген атпен кітаптары шықты. Мозердің бұл еңбектерінде ХІХ ғасырдың соңғы ширегіндегі қазақ-орыс қатынастары, Ырғыз, Қазалы, Перовск (Қызылорда), Түркістан, Шымкент, Верный (Алматы), тағы басқа әкімшілік сауда орталықтары, олардағы халықтың этнографиялық құрамы, қазақтардың кәсібі, Сырдария өзені бойында егіншіліктің дамуы жөнінде деректер келтірілген. Қазақтардың әдет-ғұрпы, киім-кешегі, спорттық ойындары жөнінде құнды мәліметтер жинақталған. Мозер қазақтардың тұрмыс-салтымен жақын танысып, қазақ тілін үйренген. 1887 жылы шілдеде Люцернде (Швейцария) өткен Орта Азия елдері халықтары өнерінің көрмесіне 170 суретпен безендірілген Мозердің кітабы қойылды. Ондағы қазақтардың тұрмысын, спорт ойындарын (көкпар, тағы басқа) бейнелейтін гравюралар жұртшылық назарын ерекше аударды.
МАМЫРДЫҢ 19-Ы, СЕЙСЕНБІТүркияда жастар және спорт күні.Түрікменстанда XVIII ғасырдағы түрікмен ақыны Махтұмқұлы поэзиясының мерекесі. Заңгерлердің, нотариустердің, адвокаттардың қамқоршысы ? Әулие Иво Хелори күні.ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒААЛАР50 жыл бұрын (1954) Қазақстандағы Кеңгір лагерінде тұтқындар көтерілісі басталды. Көтеріліс 40 күн дегенде, оның өзінде қару қолдану арқылы зорға басылды.14 жыл бұрын (1995) Алматыда ақша жасау фабрикасы ашылып, оған Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев қатысты. Тәуелсіз елдің өз ақшасы өзінде шығарыла бастады.12 жыл бұрын (1997) «Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын қорғау туралы» Заң қабылданды.4 жыл бұрын (2005) Алматы қаласында «Тамыр» журналының ағылшын тіліндегі басылымының тұсауы кесілді. Аталмыш басылымда отандық авторлардың философиялық, мәдени және басқа да тақырыптарға жазған еңбектері ағылшын тілінде жарық көреді.ЕСІМДЕР70 жыл бұрын (1939) физика-математика ғылымдарының докторы, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің профессоры САХАЕВ Шәріпхан дүниеге келді.
Оңтүстік Қазақстан облысында туған. Орта Азия мемлекеттік университетін, Санкт-Петербордағы КСРО Ғылым академиясы бөлімінің аспирантурасын бітірген. 1965-1995 жылдары ? С.Аспандияров атындағы ұлттық университетте, Қазақстан Ғылым академиясында қызмет атқарған. 1995 жылдан бері Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде істейді.
Ғалымның негізгі ғылыми еңбектері мұнай-газ саласына арналған. Оның ғарышты зерттеу жұмыстары Ресейде, Украинада және Америкада жарық көрген. 70-тен астам ғылыми еңбегі, 5 оқу құралы және 1 монографиясы бар. 45 жыл бұрын (1964) Қазақстан Республикасының Майндағы Франкфурттегі Бас консулы, экономика ғылымының кандидаты АТАМҚҰЛОВ Бейбіт Бәкірұлы дүниеге келді.
Алматы облысында туған. Қазақ политехникалық институтын бітірген. Еңбек жолын Шымкент қорғасын зауытынан бастаған. 1995-1996 жылдары ? «Қарағанды металлургиялық комбинаты» мемлекеттік акционерлік қоғамы бас директорының бірінші орынбасары. 1996-2002 жжылдары ? «Рахат-МеталС» компаниясының президенті. 2002-2006 жылдары ? «Рахат» компаниясының президенті, Директорлар кеңесінің төрағасы. 2006-2007 жылдары ? Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшілігінің кеңесшісі. 2007-2008 жылдары ? Қазақстан Республикасының Ирандағы Елшілігінің кеңесші-елшісі. Қазіргі қызметінде 2008 жылдан бастап істейді.40 жыл бұрын (1969) ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, екі мәрте Қазақстан Республикасы Президенті стипендиясының иегері БАЛҚЫБЕК Әмірхан дүниеге келді.
Оңтүстік Қазақстан облысында туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бітіген. Шардара аудандық «Өскен өңір», республикалық «Жас алаш», «Ана тілі» газеттерінің, «Парасат» журналының тілшісі, «Қазақ әдебиеті» газетінің бөлім меңгерушісі қызметтерін атқарған. Қазір «Жас қазақ» республикалық газеті әдебиет және ғылым бөлімінің редакторы болып істейді.
Ақынның бір қатар өлеңдері «Жас ақындар поэзиясының антологиясы», «Ауылдан ұшқан аққулар», «Толқыннан толқын туады» ұжымдық жинақтарына енген. «Метаморфоза», «Сынған сәуленің шағылысуы» жыр кітаптарының авторы. 35 жыл бұрын (1974) әнші, композитор, айтыс ақыны, «Зікір-Аллаһ, Нұр-Аллаһ» әндерімен қазақ даласында илләһи жанрын тұңғыш таратушы ОМАРОВ Жәкен Қазыбекұлы дүниеге келді.
Оңтүстік Қазақстан облысында туған. Шымкент педагогикалық мәдениет институтын бітірген. Еңбек жолын Шымкент облыстық жастар одағы комитетінен бастаған. 1997 жылы Түрік Республикасы Ыстамбұл қаласындағы Қ.А.Яссауи атындағы Білім және парасат қоры дін курсын бітірген. Қазір аталған қордың Алматы қаласындағы мәдениет бөлімін басқарады.
Ол 1988-2001 жылдары аралығында өткен айтыстарда, республикалық айтыстарда, «Студенттер көктемі», «Ұлытау үні» фестивальдерінде жеңімпаз атанған. Сонымен қатар ол көпшілік сүйіп тыңдайтын көптеген әндердің авторы.
МАМЫРДЫҢ 20-СЫ, СӘРСЕНБІСауд Арабстаны Корольдігінің Ұлттық мейрамы ? Тәуелсіздік күні. Сауд Арабстаны Оңтүстік-Батыс Азияның оңтүстік-батыс бөлігінде орналасқан мемлекет. Араб түбегінде және Қызыл теңіздегі, парсы шығанағындағы аралдарда орналасқан. Солтүстігінде Иорданиямен, Иракпен, Кувейтпен, оңтүстік және оңтүстік-батысында Йеменмен, Оманмен, Біріккен Араб Әмірілігімен, Катармен шектеседі. Әкімшілік жағынан 13 ауданға бөлінеді. Астанасы ? Ар-Рияд қаласы. Ресми тілі ? араб тілі. Ақша бірлігі ? реал. Сауд Арабстаны ? абсолюттік монархия. Мемлекет басшысы ? Король. Жоғары заң шығарушы органы ? Король және Консультативтік кеңес. Жоғары атқарушы органы ? Министрлер Кеңесі.
Қазақстан Республикасы мен Сауд Арабстаны арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 1994 жылғы сәуірдің 30-ында орнатылды. Қазақстан Республикасының Сауд Арабстанындағы елшісі ? Лама Шариф Қайрат Қайырбекұлы. Сауд Арабстаны Корольдігінің Қазақстандағы елшісі - Хишам Абдел Уаххаб Адаллы Зирая.Дүниежүзілік метрология күні. Бұл күн өркениетті елдердің бәрінде арнайы түрде аталып өтіледі. Атап айтқанда түрлі кездесулер, семинар¬лар, дөңгелек үстелдер түрінде көрініс тауып, әр ел өздерінің метрология саласында жүргізген жұмыстары¬ның қорытындысын шығарады. Сондай-ақ өзара тәжірибелерімен бөлісіп, ма¬ңыз¬ды деген мәселелер талқыға түсіп отырады.
Метрология (грек тілінде metron ? өлшем және logos ? сөз, ілім) - өлшеу туралы өлшеудің бірлігі мен қажетті дәлдікке жету тәсілдері жөніндегі ғылым. Метрологияның негізгі мәселелеріне: өлшеудің жалпы теориясы, физикалық шамалардың және оның жүйелерінің бірліктерін ұйымдастыру, өлшеудің әдістері мен құралдары, өлшеудің дәлдігін анықтау әдістері (өлшеудің қателіктер теориясы), өлшеу бірлігін және өлшеу құралдарының метрология жарамдылығын қамтамасыз ету (заңды метрология) эталондар мен өлшеу құралдарының үлгілерін жасау, эталондарды бірлік өлешемдерін тарату әдістері жатады. Метрология алғашқыда өлшеудің әр түрлі бейнесін (сызықты, сыйымдылық, салмақ, уақыт) жазумен қатар бірнеше мемлекеттерде қолданылған ақша және олардың ара қатынасын табумен айналысты. Метрологияның күрт дамуына 1975 жылы Метрикалық конвенциясының (құрамында 17 мемлекет бар) қорытындысы (Өлшеу мен таразылар және өлшеудің метрикалық эталонын жасаудың халықаралық мекемесі) себепші болды. Қазіргі кездегі метрология физика, химия т.б. жаратылыстану ғылымдарының жетістіктерін пайдаланып, физикалық тәжірбиенің жоғарғы дәлдігіне сүйенеді. Қазақстанда алғашқы метрологиялық мекеме 1923 жылы Семей қаласында ұйымдастырылды. Ол 1925 жылы Семей және Жетісу губернияларындағы таразыларды, гірді, ұзындық пен көлем өлшемдерін тексеруді жүзеге асыратын өз алдына жеке палата болды. Оның бөлімдері Петропавл, Ақтөбе, Алматы қалаларында жұмыс істеді. 1930 жылы палата Алматыға көшірілді. 1974 жылы Алматы қаласында арнайы эталондар сақтайтын ғимарат салынды.
Республиканың метрологиялық қызметінде тексеру жұмыстарын жүргізу үшін 20 жұмыс эталоны (қысым, температура, масса, ұзындық, электрлік сыйымдылық, электрлік кедергі, түзу, түзу сызық, т.б.) қолданылады. 2000 жылы Қазақстанда мемлекеттік уақыт және жиілік эталоны пайдалануға енгізілді. ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР69 жыл бұрын (1940) «Шығыс сақинасы» жол құрылысы басталды (Шығыс Қазақстан облысы). 15 жыл бұрын (1994) Талғар қаласында Тұрар Рысқұловқа ескерткіш орнатылды.15 жыл бұрын (1994) Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қаулысымен «Еуразия-пресс» республикалық редакциялық-баспа корпорациясы құрылды. 11 жыл бұрын (1998) «Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы» Заң қабылданды.8 жыл бұрын (2001 жылы мамырдың 20-сы ? маусымның 5-і) Қазақстанда алғаш рет шахматтан халықаралық супертурнир өтті.3 жыл бұрын (2006) Сочиде Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ТМД мемлекеттері басшылары кеңесінің төрағасы болып сайланды.ЕСІМДЕР85 жыл бұрын (1924-1993) ақын, драматург ТУҒАНБАЕВ Қашаф дүниеге келді.
Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданында туған. Мектеп бітіргеннен кейін ауданда шығатын «Социалды шаруа» газетінде жауапты хатшы болып қызмет істеген. Ұлы Отан соғысына қатысқан. Соғыстан кейінгі жылдары Семей облыстық лекция бюросының лекторы, Облыстық «Екпінді» газетінің бөлім меңгерушісі, Абай мемориалдық мұражайының директоры, Абай атындағы Семей облыстық театрының әдебиет бөлімінің меңгерушісі қызметтерін атқарған.
1958 жылы қаламгердің «Партбилет» атты тұңғыш лирикалық өлеңдер мен дастандар жинағы жарық көрді. Қ.Туғанбаевтың ұжымдастыру тұсындағы ауыл өмірін бейнелеген «Қызыл Катран» пьесасы облыстық театр сахнасында жиі қойылды. 70 жыл бұрын (1939) философия ғылымының доктор, профессор ҚАЛМЫРЗАЕВ Әбдеш Сәрсенұлы дүниеге келді.
Жамбыл облысында туған. Қазақ мемлекеттік университетін, КОКП ОК жанындағы Қоғамдық ғылымдар академиясын бітірген. «Егемен Қазақстан» газетінің әдеби қызметкері, бөлім меңгерушісі қызметтерін атқарған. 1969-1985 жылдары ? Қазақстан Компартиясы Орталық комитетінің нұсқаушысы, сектор меңгерушісі, бөлім меңгерушісінің бірінші орынбасары. 1985-1990 жылдары ? Көкшетау облыстық партия комитетінің хатшысы. 1990-1994 жылдары ? Алматы жоғары партия мектебінің, Алматы саясаттану және басқару институтының ректоры, Қазақстан менеджмент, экономика және болжау институты саясаттану және әлеуметтану бөлімшесінің директоры. 1994-2006 жылдары «Мысль» қоғамдық-саяси журналының бас редакторы болған.
Ғалымның «Ұлт және қоғамдық келісім», «Ұлт және адам», «Қазақстандық патриотизм», т.б. кітаптары жарық көрген. Көркем аударма саласында В.Распутиннің повестерін қазақ тіліне тәржімалаған.
«Достық», «Құрмет», «Құрмет белгісі» ордендерімен, медальдармен марапатталған.70 жыл бұрын (1939) ақын, филология ғылымының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы ғылымдары академиясының, Гуманитарлық ғылымдар академиясының академигі КҮМІСБАЕВ Өтеген дүниеге келді.
Қызылорда облысының Жалағаш ауданында туған. Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін, КСРО Ғылым академиясының Шығыстану институтын және аспирантурасын бітірген. Еңбек жолын аудандық газетте әдеби қызметкерден бастап, «Егемен Қазақстан», «Қазақ әдебиеті» газеттерінде әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі болған. Ұзақ жылдар бойы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде ұстаздық қызмет атқарған. Қазіргі уақытта аталған университеттің шығыстану факультеті ирантану және үндітану кафедрасының меңгерушісі қызметін атқарады.
Ө.Күмісбаевтың 10-нан астам өлең, әңгіме, повесть, ғылыми кітаптары жарық көрді. Өлеңдері орыс тіліне аударылып, Мәскеуде шыққан жинақтарда басылды. Парсы-үнді классигі Әмір Хұсрау Дехлевидің «Жұмақтың сегіз бағы» дастанын түпнұсқасынан, сондай-ақ М.Рыльскийдің «Раушан мен жүзім» өлең-поэмаларын тәржімалады. Ғалымның шығыс әдебиеті мен қазақ әдебиетінің өзара байланысын зерттеуге арналған «Терең тамырлар», «Абай мен Шығыс», «Мұхтар Әуезов және әдебиет әлемі» монографиялары бар.60 жыл бұрын (1949) Жамбыл облыстық «Ақ жол» газетінің редакторы, Қазақстан Журналистер одағы Б.Бұлқышев атындағы сыйлығының лауреаты РЫСДӘУЛЕТ Мақұлбек Кайыпбекұлы дүниеге келді.
Жамбыл облысында туған. Қазақ мемлекеттік университетін, Алматы жоғары партия мектебін бітірген. Бұрынғы Жезқазған облыстық «Сарыарқа» газетінің тілшісі, жауапты хатшысы, республикалық «Халық кеңесі», «Заң» газеттерінің Жамбыл облысы бойынша меншікті тілшісі қызметтерін атқарған. 1996 жылдан «Егемен Қазақстан» газетінің Жамбыл облысы бойынша тілшісі болған.
Қаламгердің «Жұлдыздардың жарығы», «Күміс белдік» атты кітаптары жарық көріп, әңгімелері, очерктері, публицистикалық мақалалары 10-ға ұжымдық жинаққа енген.210 жыл бұрын (1799-1850) француз жазушысы БАЛЬЗАК (Balzac), Оноре де дүниеге келді.
Париж заң мектебін бітіріп, Сорбоннада әдебиет жөнінде лекция тыңдаған. Алғашқы жарық көрген шығармасы ? «Кромвель» трагедиясы. Бальзақтың есімі «Шуандар» атты тарихи романымен білгілі болды. Қаламгердің тоқсан шығармасы енген «Адам комедиясы» адамгершілік этюдтері, философиялық, аналитикалық этюдтер болып үш топқа бөлінген. «Адам комедиясы» - француз қоғамын шынайы бейнелеген көркем ірі туындылар жинағы. Шығармада тұтас тарихи дәуірдің өте кең суреті жаңғыра бейнеленді. Жазушы шығармалары ХІХ ғасырдағы Батыс Еуропа әдебиетінің шыңы болды. Оның суреткер ретінде қолданған көркемдік әдісі жиынтық формада (гуманизм, ағартушылық идеясы, готикалық роман, романтикалық мектеп, тағы басқалар) көрініс берді. Бальзак шығармаларын В.Гюго, Ж.Санд, Ф.Достаевский, М.Әуезов жоғары бағалады. «Шегірен былғары» романы, «Горио атай» повесі, «Памэла Жиро» пьесасы қазақ тіліне аударылған.
МАМЫРДЫҢ 21-І, БЕЙСЕНБІДүниежүзілік қарым-қатынас пен даму жолындағы мәдени әралуандылық күні.
Қазақстан Бүкіләлемдік табиғи және мәдени мұраны қорғау туралы конвенцияға 1994 жылғы сәуірдің 29-да қосылды. ҚР Ақпарат және мәдениет министрлігі Тарихи-мәдени мұра департаментінің мәліметтері бойынша Қазақстанда 25 мыңнан астам сәулет ескерткіштері бар. Оның ішінде екеуі ? Қожа Ахмет Ясауи кесенесі мен Тамғалы кешені ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұра тізіміне енген. Аталмыш тізімде әлемнің 120 елінде орналасқан мыңға жуық ескерткіштер бар. Халықаралық жұмыссыздықтан қорғау күні. Халықаралық еңбек ұйымының мәліметтері бойынша жұмыссыздардың саны миллиард адамға жетеді. Бұл ғаламшардағы жұмыс күшінің үштен біріне тең.Халықаралық ғарыш күні. 1998 жылы ақпанда американдық ғарышкер Эндрю Томас «Мир» орбиталық стансысы бортында жариялаған. ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР69 жыл бұрын (1940) қазіргі академик Қаныш Сәтбаев атындағы Геологиялық зерттеулер институты құрылды. 43 жыл бұрын (1966) Қазақ академиялық опера және балет театрында «Ақ қанат» балетінің премьерасы болды. Балет үш актіден және үш көріністен тұрады. Балеттің сценарийін жазған ? Ә.Мәмбетов, композиторы ? Ғ.Жұбанова, балетмейстрі ? Д.Әбдіров, суретшісі ? В.Мамонтов, дирижері ? Т.Османов. Басты партияларды Ф.Жолымбетова мен А.Асылмұратов орындады. Балеттің екінші нұсқасы да 1967 жылы маусымның 27-інде осы театрдың сахнасында қойылды. 1970 жылы «Ақ қанат» балетінің музыкасы үшін композитор Ғазиза Жұбановаға Қазақстан Мемлекеттік сыйлығы берілді.10 жыл бұрын (1999) ақын Мұхтар Шахановқа халықаралық «Руханият» сыйлығы берілді.10 жыл бұрын (1999) Батыс Қазақстаннан Қара теңіз жағалауына дейін созылатын Каспий мұнай құбырын төсеу басталды.5 жыл бұрын (2004) Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясында бірінші рет Халықаралық органдық музыкалар фестивалі өтті.3 жыл бұрын (2006) Сара Алпысқызы «Асыл жүрек» халықаралық қайырымдылық сыйлығына ие болды. Беделді халықаралық қайырымдылық сыйлығын тапсыру рәсімі «Россия» бас концерт залында өтті. Бұл шараны атақты итальян актері Софи Лорен ашты. Сондай-ақ Орнелла Мути, Джессика Ланг және Стивен Сигал сияқты белгілі актерлер кештің арнайы қонағы болды.105 жыл бұрын (1904) Халықаралық футбол федерациясы ? ФИФА құрылды. Федерация құру туралы келісімге Франция, Бельгия, Дания, Голландия, Испания, Швеция, Швейцария елдерінің өкілдері қол қойды. 2 күннен кейін ФИФА-ның алғашқы конгресі ашылып, федерацияның тұңғыш президенті болып француздық Робер Герен сайланды.ЕСІМДЕР55 жыл бұрын (1954) Қазақстанның халық ақыны ӘБІЛ Қонысбай дүниеге келді.
Қостанай облысының Жангелдин ауданында туған. Қазақ ұлттық университетін бітірген. 1977-1980 жылдары ? Жангелдин аудандық «Жаңа өмір» газетінің жауапты хатшысы. 1980-1985 жылдары ? «Лениншіл жас (қазіргі «Жас алаш») газетінің Торғай облысы бойынша меншікті тілшісі, облыстық «Торғай таңы» газеті редакторының орынбасары. 1990-1991 жылдары ? «Арқалық арайы» газетінің редакторы. 1991-1995 жылдары Торғай облыстық телерадио компаниясының төрағасы қызметін атқарған. Қазіргі уақытта Астана қалалық әкімшілігінің бөлім меңгерушісі қызметін атқарады.
Ақынның алғашқы жыр жинағы 1980 жылы жарық көрген. Бірнеше прозалық шығармалардың авторы. Ә.Қонысбай ? белгілі айтыскер ақын. 1990 жылы Ташкент қаласында Базар жыраудың 150 жылдығы құрметіне өткізілген Орта Азия және Қазақстан ақындарының айтысында жеңімпаз атанып, 3-ші республикалық ақындар айтысының бас жүлдесін иеленген. Айтыстары «Мәңгілік көктем», «Жыр-шашу», ауызша әзілдері «Деген екен...» ұжымдық жинақтарына енген.
«Астана» медалімен марапатталған.
МАМЫРДЫҢ 22-СІ, ЖҰМАХалықаралық биологиялық әралуандық күні. 2000 жылдың 30-шы желтоқсанында БҰҰ Бас Ассамблеясы 22-ші мамырды Биологиялық әралуандық туралы конвенцияның қабылданған күні, Халықаралық биологиялық әралуандық күні деп жариялады. Бұған дейін бұл атаулы күн желтоқсанның 29-да аталып өтілетін. Қазақстанның экологиялық жүйесі бірегей биологиялық әралуандығымен ерекшеленеді. Жалпы Қазақстанда өсімдіктердің 15 мыңдай түрі бар. Оның 2 мыңнан астамы балдырлар, 5 мыңға жуығы саңырауқұлақтар, 600-ге жуығы қыналар, 500-ге жуығы мүк тәрізділер және 6 мыңнан астамы жоғары сатыдағы түтікті өсімдіктер. Жоғары сатыдағы өсімдіктердің түр байлығы, интродукцияланған, мәдени дақылдар мен кездейсоқ әкелінген 500-ден аса түрлерін қоспағанда, 161 тұқымдасқа және 1120 туысқа жататын 6 мыңнан астам түрден тұрады. Оның ішіндегі 730 түр тек Қазақстанда өсетін ? эндемиктер. Қазақстан жануарларға да өте бай. Сүтқоректінің 180, құстың 500, бауырымен жорғалаушылардың 52, қос мекенділердің 12, балықтың 104-ке жуық түрі мекен етеді. Ал омыртқасыз жәндіктер, шаян тәрізділер, ұлулар, құрттар бұдан да көп. Тек жәндіктер түрлерінің өзі 30 мыңнан асады. Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізіліп, қорғауға алынған аңдардың 40, құстың 56, бауырымен жорғалаушылардың 10, қосмекенділердің 3, балықтың 16 түрі бар.
Қазақстанның биологиялық әралуандығын сақтау мақсатында 1994 жылы Биологиялық әралуандық жөніндегі конвенция бекітіліп, биологиялық әралуандық балансын пайдалану және сақтау жөніндегі іс-әрекеттер жоспары мен ұлттық стратегиясы жасалынды. Бүгінгі таңда осы жұмыстар 2003 жылғы желтоқсанда Елбасы қол қойған Қазақстанның 2004-2015 жылдардағы экологиялық қауіпсіздігі конвенциясы шеңберінде атқарылуда.Йемен Республикасының Ұлттық мейрамы ? Ұлт күні. Осыдан 19 жыл бұрын (1990) Йемен Араб Республикасы мен Йемен Халық Демократиялық Республикасы ерікті түрде қосылды. Йемен Арабия түбегінің оңтүстік және оңтүстік-батыс бөлігінде орналасқан мемлекет. Солтүстігі мен шығысында Сауд Арабстанымен және Оманмен, батысы Қызыл теңізбен шектесіп жатыр. Әкімшілік жағынан 16-ы провинцияға бөлінеді. Астанасы ? Сана қаласы. Ресми тілі ? араб тілі. Ақша бірлігі ? йемендік реал. 1991 жылы қабылданған Конституциясы бойынша мемлекет басшысы Президент пен Вице-президент 5 жыл сайын жалпыхалықтық сайлауда сайланады. Осы екі лауазымды басшы Президенттік кеңес құрады. Жоғары заң шығарушы органы бір палаталы парламент (801 депутаттан тұрады).
Қазақстан Республикасы мен Йемен Республикасы арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 1997 жылғы желтоқсанның 29-да орнатылды. Қырғызстан Республикасы Қарулы Күштерінің күні.ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР17 жыл бұрын (1992) Қазақстан Республикасы ЮНЕСКО-ға кірді. 10 жыл бұрын (1999) Ақмола облысының Еңбекшілдер ауданындағы Атансор көлінің маңынан жаңа темір кені көздері табылды.3 жыл бұрын (2006) Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «ҚР Үкіметі мен Ресей Федерациясы Үкіметінің арасындағы «Байқоңыр» ғарыш айлағынан зымырандарды ұшыру кезінде апаттар болған жағдайдағы өзара іс-қимыл тәртібі туралы келісімді ратификациялау туралы» Заңға қол қойды.3 жыл бұрын (2006) Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Шанхай ынтымақтастық ұйымы аймақтық лаңкестікке қарсы құрылымының Мәліметтер базасы туралы келісімді бекіту туралы» Заңға қол қойды.ЕСІМДЕР85 жыл бұрын (1924) этнограф, археолог, тарих ғылымының докторы, профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген жоғары мектеп қызметкері, Ұлы Отан соғысының ардагері ШАЛЕКЕНОВ Уахит Хамзаұлы дүниеге келді.
Батыс Қазақстан облысында туған. Қарақалпақ мемлекеттік педагогикалық институтын, КСРО Ғылым академиясы Этнография институтының аспирантурасын бітірген. Өзбек КСР Ғылым академиясы Қарақалпақ бөлімшесінің сектор меңгерушісі, Шымкент мемлекеттік мәдениет институтының кафедра меңгерушісі болған. 1973 жылдан Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде ғылыми-педагогикалық қызметпен айналысады.
У.Шалекеновтің 200-ден астам ғылыми еңбегі, оқу құралдары мен типтік бағдарламалары жарық көрген. Ол кезінде Хорезм археологиялық-этнографиялық экспедициясының жұмыстарына қатысып, ұзақ жылдар бойы Қазақ мемлекеттік университетінің археологиялық экспедициясын басқарды. Ғалымның негізгі ғылыми еңбектері түріктердің ортағасырлық қалалық мәдениеті мен жазба ескерткіштері, қазақ халқының этнологиясына арналған. Ол Шу өзені бойындағы ортағасырлық Ақтөбе (Баласағұн) қаласында археологиялық оқу базасын құрды.
«Қызыл жұлдыз», «Отан соғысы» ордендерімен, медальдармен марапатталған.40 жыл бұрын (1969) Қазақстан Республикасы Журналистер академиясының академигі ЖҰМАБАЕВ Айдар Әбілмәжінұлы дүниеге келді.
Алматы қаласында туған. А.Горький атындағы Әдебиет институтын бітірген. Қазақ теледидарының редакторы, Қазақ мемлекеттік университетінің оқытушысы қызметтерін атқарған. 1993-1995 жылдары ? «Таң» телекомпаниясының бас редакторы. 1995-1997 жылдары ? «Акбар» халықаралық журналистика орталығының президенті. 1997-2000 жылдары ? «НТК» телекомпаниясының бас директоры. 2000 жылдан ? Қазақстан телерадио хабарларын таратушылар қауымдастығының президенті. 2003 жылдан «Мир» халықаралық телерадио компаниясының Қазақстандағы филиалының директоры ызметін атқарған.
«Құрмет» орденімен марапатталған.150 жыл бұрын (1859-1930) атақты Шерлок Холмс образын сомдаған жазушы ДОЙЛ Конан Артур дүниеге келді.
МАМЫРДЫҢ 23-І, СЕНБІЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР73 жыл бұрын (1936) Мәскеуде өткен қазақ өнері мен әдебиеті онкүндігінің қорытынды концертінде Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық аспаптар оркестрі өнер көрсетті. Оркестр «Адай», «Серпер», «Көбік шашқан», «Қос алқа», «Қызыл бидай» күйлерін нақышына келтіре орындады.15 жыл бұрын (1994) Ташкентте екі ел Президенттері Н.Назарбаев пен И.Каримовтың қатысуымен Қазақстанның Өзбекстандағы күндерінің ашылу салтанаты болды. Осы шара шеңберінде қазақстандықтардың «Ғылым, жаңа технологиялар және айырбас» атты көрмесі көрсетілді.13 жыл бұрын (1996) Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Л.Гумилев атындағы Еуразия университеті туралы» Жарлығы шықты. 9 жыл бұрын (2000) Еуропарламент өкілдері «Қазақстан Республикасы ? Еуропа Одағы» бағдарламасы шеңберінде парламенттік әріптестік комитетінің алғашқы мәжілісін өткізді.4 жыл бұрын (2005) ұлтымыздың біртуар азаматы, ағартушы-ғалым Ахмет Байтұрсынұлының жетекшілік етуімен 1913 жылдан бастап Орынбор қаласында шығып тұрған «Қазақ» газетінің электронды нұсқасы жасалынды. Жоба ҚР Ұлттық кітапханасы жанындағы «Құс жолы» қайырымдылық қорының ұйытқы болуымен отандық «Қазкоммерцбанкі» және халықаралық «АБМ Глобал Сервис» корпорациясының қаржылай қолдауы арқасында жүзеге асты. Мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында қолға алынып отырған бұл жоба Орталық Азия аумағындағы алғашқы сандық құжат болып есептеледі. Онда зерттеушілер мен ғалымдар электрондық жүйе арқылы төл газетіміздің 247 нөмірімен бір мезетте таныса алады.3 жыл бұрын (2006) Орал қаласында «Сардар» кемесі суға түсірілді. Бұл ? Қазақстан шекара қызметінің тапсырысымен құрастырылып жатқан «Барыс» тобындағы алғашқы катер, әрі елде бұрын-соңды мұндай үлкен кеме шығарылмаған. Атырау теңізіндегі ел шекарасын күзететін кеме экипажының құрамында жиырма бір адам бар. «Сардар» - бұрын осы «Зенит» зауытында құрастырылған «Бүркіт» кемелерінен төрт есе қуатты. Жаңа кеменің ұзындығы 41 метрге жетсе, ені ? 7,5 метр. Су сыйымдылығы 210 тонналық «Сардардың» жылдамдығы да жоғары ? 28 узел (1 теңіз узелі 1,862 шақырымға тең), сонымен бірге ол жеті баллдық дауылға төтеп бере алады.ЕСІМДЕР85 жыл бұрын (1924-2003) қазақ археология ғылымының негізін қалаушылардың бірі, тарих ғылымының докторы, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының, Қазақстан Ғылым академиясы Ш.Уәлиханов атындағы сыйлығының лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері, Герман Археология институтының корреспондент-мүшесі АҚЫШЕВ Кемел дүниеге келді.
Павлодар облысының Баянауыл кентінде туған. Қазақ мемлекеттік университетін бітірген. 1950-1955 жылдары ? Қазақ Ғылым академиясының аспиранты, кіші, аға ғылыми қызметкері. 1955-1990 жылдары Ш.Уәлиханов атындағы Тарих, археология және этнография институты археология бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарған. 1991 жылдан Ә.Марғұлан атындағы Тарих, археология және этнография институтының бөлім меңгерушісі, бас ғылыми қызметкері болған.
К.Ақышев 1954 жылдан бастап Солтүстік, Оңтүстік және Жетісу археологиялық экспедицияларын ұйымдастырушысы және жетекшісі болды. Көне және орта ғасырлардағы Қазақстан ескерткіштерін, әлемдік маңызы зор Есік обасынан табылған «Алтын адам», Бесшатыр, Отырар жәдігерлерін зерттеген. Қола, ерте темір дәуірлерінің мәдениетін кезеңдеу және мерзімдеу мәселелерін анықтады. Ғалым ? көне Қазақстан тарихының негізгі тұжырымдарын жасауға белсене қатысты. Орталық Азия өркениеті жүйесінде ежелгі Қазақстанның орнын айқындауға елеулі үлес қосты.
Оның 220-ға жуық ғылыми еңбегі, соның ішінде 14 монографиясы бар.
«Парасат» орденімен марапатталған. 85 жыл бұрын (1924) кескіндемеші, Қазақстан Республикасы Суретшілер одағының мүшесі ПЛЮХИН Константин Иванович дүниеге келді.
Ресейдің Қорған облысында туған. Ұлы Отан соғысына қатысқан. 1952 жылы Алматы көркемсурет училищесін бітірген. Қылқалам шеберінің «Алғашқы танап», «Селеулі дала сыры», «Көктем дабылы», «Соколов-Сарыбай комбинаты», «Кезекті тапсырма», «Алғашқы балқыма», «Қостанайдың астықты алқабы» атты картиналары, «К.Дөненбаева», тағы басқа портреттер бейнеленген кескіндемелік еңбектері бар.
«Қызыл жұлдыз» орденімен және бірнеше медальдармен марапатталған.
МАМЫРДЫҢ 24-І, ЖЕКСЕНБІСлавян жазуы мен мәдениеті күні.
Еуропалық Саябақтардың күні. Еуропалық ұлттық және табиғи саябақтар федерациясы жариялаған. Аталмыш еуропалық ұйым Еуропаның 36 еліндегі қорғалатын табиғи аймақты біріктіреді. Ең алғашқы рет 1999 жылы өткізілген бұл күн енді бүкіл Еуропада жыл сайын мамырдың 24-інде мерекеленеді. Халықаралық қорықтар күні. Халықаралық табиғатты қорғау одағының бастамасымен жыл сайын атап өтіледі.ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР76 жыл бұрын (1933) «Қазақтың көркем әдебиеті» баспасы құрылды. 1964 жылы баспа атауы «Жазушы» болып өзгерді.15 жыл бұрын (1994) Еуропалық Одақ Қазақстан Республикасымен ынтымақтастық және әріптестік туралы келісімге қол қойды.13 жыл бұрын (1996) Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығымен Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық аграрлық зерттеулер орталығы құрылды. 3 жыл бұрын (2006) қазақстандық мұнайдың алғашқы үлесі Қазақстан-Қытай мұнай құбыры арқылы қытайлық шекара бекетіне жетті. Мұнайдың Шынжаңның Душаньцзы қаласындағы мұнай өңдеу зауытына жеткізілуі - қазақстан-қытай мұнай құбырының ресми пайдалануға берілуінің бастамасы. Құны 700 миллион доллар, өткізу мүмкіндігі 20 миллион тонналық 962 шақырым құбырдың құрылысы 2004 жылдың қыркүйек айында басталып, 2005 жылдың желтоқсан айында аяқталған болатын. Онымен қатар, Қытай аумағында 252 шақырымдық Алашаңқай-Душаньцзы құбыры да төселіп біткен еді. 3 жыл бұрын (2006) Алматыда құрылысы жүріп жатқан «Алмалы» метро стансасында немістің танымал «Херренкнехт» фирмасы жасаған жер қазушы механизм кешені іске қосылды. Айына 250-300 метр жер қаза алатын жаңа құрылғы бұрынғы техникаға қарағанда 3 есе өнімді.2 жыл бұрын (2007) Градец Кралове қаласындағы Конгресс-орталықта Қазақстан Республикасының Чехиядағы Құрметті консулдығының ашылу рәсімі өтті.
Консулдық округ Чех Республикасының Краловоградецк және Пардубицск өлкелерін қамтиды.190 жыл бұрын (1819) «Саванна» атты бумен жүретін алғашқы кеме (Америкада жасалған) 25 күннің ішінде Атлант мұхитын жүзіп өтті.165 жыл бұрын (1844) ақпарат техникасының дамуында жаңа дәуір басталды. Американдық өнертапқыш Сэмюэл Морзе өзі жасап шығарған аппараттың көмегімен Вашингтоннан Балтиморға алғашқы телеграмма жіберді.ЕСІМДЕР85 жыл бұрын (1924) геология-минералогия ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты НИКИТИН Игорь Федорович дүниеге келді.
Ресейдің Мәскеу қаласында туған. Санкт-Петербор тау-кен институтын бітірген. 1946-1976 жылдары Қазақстан ғылым академиясы Геология ғылымдары институтының ғылыми қызметкері, зертхана меңгерушісі болған.
Ғалымның негізгі ғылыми еңбектері Қазақстанның геология, стратиграфия және палеонтология салаларын зерттеуге арналған. Ол Қазақстанның бірнеше орта масштабты мемлекеттік геологиялық карталарын жасаған. 100-ден астам ғылыми еңбектің авторы.
Медалдарьмен марапатталған.85 жыл бұрын (1924-1974) Даңқ орденінің толық иегері, Ұлы Отан соғысының ардагері ТАСТАНДИЕВ Тайыр Бүркітбайұлы дүниеге келді.
Жамбыл облысында туған. 1942 жылы тамызда әскер қатарына алынған. Ол 1-ші және 2-ші Балтық бойы, 4-ші Украин майданының құрамында елді неміс басқыншыларынан азат ету ұрыстарына қатысқан. Донецк қаласының жанындағы кескілескен ұрыста өзінің бөлімшесімен жаудың күшті бекінісін алып, аса жауапты жауынгерлік тапсырманы орындағаны үшін 3-ші дәрежелі, жау ДЗОТ-ын гранатамен жарғаны үшін 2-ші дәрежелі, Днепр жағалауындағы кескілескен ұрыста көрсеткен ерлігі үшін 1-ші дәрежелі Даңқ орденімен марапатталған. Т.Тастандиевтің майдандағы ерлігі орыс жазушысы К.Симоновтың «Шел солдат» деректі фильмінде біршама ашылып көрсетілген. Жергілікті қаламгер Ә.Айтоқов ол туралы кітап жазған. Соғыстан кейінгі жырлары Т.Тастандиев өз ауылында халық шаруашылығы саласында еңбек етіп, 1953-1974 жылдары Ақтөбе аудандық кеңесінің төрағасы болды.