09:30, 04 Мамыр 2009 | GMT +5
ҚазАқпарат-Анонс: мамырдың 4-і мен 10-ы аралығындағы оқиғалардың күнтізбесі
None

ҮКІМЕТ Мамырдың 4-інде Ішкі істер министрлігінде апта сайынғы брифинг өтеді. Мамырдың 6-сында BNews.kz ақпараттық-аналитикалық порталдың студиясында Премьер-Министрдің орынбасары Серік Ахметовтың қатысуымен Интернет-конференция өтеді. Өткелі отырған Оn-Line конференцияның негізгі тақырыбы - шағын және орта бизнесті қолдау жөніндегі мемлекеттік шаралардың тиімділігі. Конференция барысында вице-премьер халықтың ең өткір сауалдарына жауап беруге дайын. Серік Ахметовке қоятын сауалдарыңызды www.bnews.kz порталында қалдыруға немесе info@bnews.kz электрондық поштасына жолдауларыңызға болады.Мамырдың 3-5-сі аралығында ҚР Сыртқы істер министрі Марат Тәжин Америка Құрама Штаттарына сапар жасайды. Мамырдың 7-сі күні сапар Германия Федеративтік Республикасында жалғасады
ҚОҒАМЕлімізде 2009 жылғы ақпанның 17-сі мен шілденің 1-і аралығында шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін тексеруге мораторий жарияланды.Сәуірдің 15-і мен мамырдың 20-сы аралығындағы «Ең үздік студент ? 2009» республикалық сыйлығына байқау өтеді. Байқау 8 аталым бойынша жүргізілмек. Олар ? журналистика, ғылым, спорт, халықтық шығармашылық, дизайн және қолданбалы өнер, музыкалық- эстрадалық өнер, әдебиет және қоғамдық жұмыстар. Сайысқа 16 мен 25 жас аралығындағы жастар қатыса алады. Жеңімпаздарға «Ең үздік студент ? 2009» атағы беріліп, диплом, мүсінше мен бағалы сыйлық табыс етіледі.Сәуірдің 27-сі мен мамырдың 11-і аралығында «Жастардың кадрлық резерві» атты жобаның байқауы өтеді. Елбасы тапсырмасына сәйкес ұйымдастырылып отырған бұл байқауға жиырма тоғыз жасқа дейінгі отандық және шетелдік оқу орнын бітірген жас мамандар мен ЖОО-ның соңғы курс студенттері қатыса алады. Сәуірдің 29-ы мен мамырдың 16-сы аралығында Қытайдағы қазақтар шоғырлана қоныстанған 4 қала, 14 ауданда Қазақстан мен Қытай қазақтары айтыс өнерінің саңлақтары «Жекпе-жек» айтысын өткізбек.Шанхай ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ) мемлекет басшыларының кезекті кездесуі қарсаңында мамырдың 4-інде Екатеринборда ШЫҰ Жастар ассамблеясының құрылтай конференциясы өтеді. ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ ӘЛЕМ
АСТАНАЕлордада ағымдағы жылғы мамырдың 1-інен бастап «Астанаэнергиятарату» ЖШС электр энергиясына тарифтерді 1 кВт/сағатқа 5,62 теңгеден қосымша құн салығын қоса есептегенде 6,04 теңгеге дейін өсірмек.Мамырдың 4-інде «Нұр Отан» партиясы орталық аппаратының кеңсесінде партияның идеологиялық активінің республикалық кеңесі өтеді. АЛМАТЫ Мамырдың 4-інде ескі алаңдағы Әлия мен Мәншүк атындағы тынымбақта «Көктемгі ізгілік апталығы» шарасының салтанатты ашылу рәсімі өтеді. АЙМАҚАЛМАТЫ ОБЛЫСЫМамырдың 11-і мен 15-і аралығында Талдықорғанда ауыр атлетикадан Азияның кезекті чемпионаты өтеді.
--------------------------------------------------------------------------------------------------
АТАУЛЫ КҮНДЕР, ЕЛЕУЛІ ОҚИҒАЛАРМАМЫРДЫҢ 4-І, ДҮЙСЕНБІЖастар күні (Қытай). 1919 жылы мамырдың 4-інде көшбасшыларымен бірге Бейжің университетінің 3000-ға жуық студенттері Тяньаньмэнь алаңына жиналып, Қытай үшін әділетсіз Париждің бейбіт келісімін қабылдаудағы үкіметтің шешіміне қарсы шықты. Алғашында Шэньси-Ганьсу-Нинся ауданында Солтүстік-Батыс жастар одағы осы күнді атап өте бастады, ал 1949 жылдың желтоқсан айында Орталық халық үкіметінің мемлекеттік әкімшілік кеңесі (ҚХР) бұл күнді мереке ретінде жариялады.ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР70 жыл бұрын (1939) Қазақстан Композиторлар одағы құрылды.16 жыл бұрын (1993) Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Төралқасы «Қазақша жер-су аттарын, атауларды орыс тілінде дәл жазуды тәртіпке келтіру және Қазақстан Республикасы жекелеген әкімшілік-аумақтық мекендерінің атауларын өзгерту туралы» қаулы қабылдады.16 жыл бұрын (1993) Алматыда Абай атындағы қалалық қордың тұсаукесер рәсімі өтті.8 жыл бұрын (2001) Оңтүстік Қазақстан облысының Сарыағаш ауданында Төле биге ескерткіш орнатылды.105 жыл бұрын (1904) Англияда Генри Ройс пен Чарльз Роллс «Роллс-Ройс» көлігі өндірісін жолға қойды.ЕСІМДЕР95 жыл бұрын (1914-1986) қазақтан шыққан тұңғыш фармацевтика ғылымының кандидаты, Қазақстанның еңбек сіңірген фармацевті, КСРО Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі СҰБХАНБЕРДИН Сәлкен дүниеге келді.
Павлодар облысының Баянауыл ауданында туған. Мәскеу медицина институтын бітірген. Семейдегі өлкелік фармацевтика техникумы оқу бөлімінің меңгерушісі, директоры, Алматы, Жамбыл облыстық, республикалық дәріхана басқармаларының меңгерушісі, Алматы дәрігерлер білімін жетілдіру институтының кафедра меңгерушісі қызметтерін атқарған.
Оның басшылығымен Дәрігерлер білімін жетілдіру институтында фармацевтика кафедрасы ұйымдастырылды, орта медициналық оқу орындарында фармацевтика факультеті, Шымкент қаласында фармацевтика институты, Алматы қаласында фармацевтика фабрикасы ашылды. Ғалымның негізгі ғылыми жұмыстары Қазақстандағы дәріхана ісінің даму тарихына арналған. С.Сұбханбердиннің «Дәрі ? дертке дауа, жанға шипа», «Өсімдік дәрі-дәрмек қоймасы», «Денсаулығыңды ойласаң» (М.Әлімбаевпен бірге) атты еңбектері, «Шындық», «Сатып алған ауру», «Жаңа жандар», т.б. пьесалары «Шындық» атты еңбекке енген. 74 ғылыми еңбектің авторы.
2 мәрте «Құрмет белгісі» орденімен марапатталған. 75 жыл бұрын (1934-1986) жазушы, сатирик, аудармашы, Қазақстанның мәдениет қайраткері ӘУБӘКІРОВ Оспанхан дүниеге келді.
Алматы облысында туған. Алматы өнер институтын бітірген. «Ұлан» газетінің әдеби қызметкері, Қазақ телевизиясының аға редакторы қызметтерін атқарған. 1966-1971 жылдары ? Қуыршақ театры әдебиет бөлімінің меңгерушісі. 1971-1976 жылдары «Ара» журналының фельетоншысы болған. О.Әубәкіров қазақ әдебиетіндегі сатира жанрының дамуына елеулі үлес қосты. Қаламгер сатиралық жанрмен бірге, балаларға арналған өлең-жыр, ертегі, пьеса, белгілі композиторлардың әндеріне мәтін жазумен, аудармамен айналысты. Оның тұңғыш жинағы «Қоңырау» деген атпен 1960 жылы жарық көрді. Жазушының «Жасыратын не бар», «Қағаз қалпақ», «Анау мен мынау», «Сүзеген сөз», «Сиқыр», «Солақай», «Күлеміз-ау», т.б. кітаптары жарық көрген. Шығармалары орыс тіліне аударылған. Өзі де көркем аударма саласында түрік жазушысы Ә.Несиннің «О дүниеден келген хаттар», серб жазушысы Б.Нушичтің «Өмірбаяным», Э.Респенің «Мюнхаузеннің хикаялары», қытай жазушысы Лао Шэнің «Мысықтар шаһары», т.б. шығармаларды қазақ тіліне тәржімалаған. 1983 жылы О.Әубәкіровке балаларға арналған «Қағаз қалпақ» сатиралық жинағы үшін Қазақстан Жазушылар одағының сыйлығы берілген.
Алматы қаласында О.Әубәкіров атындағы көше бар.60 жыл бұрын (1949) «Қазақ тағамтану академиясы» акционерлік қоғамының вице-президенті, медицина ғылымының докторы, профессор, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты ЦОЙ Игорь Гиленович дүниеге келді.
Астана қаласында туған. Целиноград мемлекеттік медицина институтын бітірген. Қазақ КСР Денсаулық сақтау министрлігі Эпидемиология, микробиология және жұқпалы аурулар иснитутының кіші ғылыми қызметкері болған. 1976-1980 жылдары ? Қазақ КСР Денсаулықсақтау министрлігінің бөлім бастығы. 1980-1989 жылдары ? Қазақ КСР Денсаулық сақтау министрлігі Эпидемиология, микробиология және жұқпалы аурулар иснитутының аға ғылыми қызметкері. 1989-2001 жылдары ? Қазақстан ғылым академиясы Тағамтану институты директорының ғылым жөніндегі орынбасары. Қазіргі қызметінде 2001 жылдан бастап істейді. Ғалымның 340-тан астам ғылыми еңбегі жарық көрген, 22 өнертабысы бар. 40 жыл бұрын (1969) «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының басқарушы директоры, 2-ші сыныпты Төтенше және Өкілетті Елші ЗВЕРЬКОВ Вадим Павлович дүниеге келді.
Алматы қаласында туған. Қазақ мемлекеттік университетін, Үндістан Сыртқы істер министрлігі Дипломатиялық академиясын, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Елшілердің және басшы қызметкерлердің біліктілігін арттыру курсын бітірген. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі халықаралық экономикалық ынтымақтастық бөлімінің екінші хатшысы, министр орынбасарының көмекшісі қызметтерін атқарған. 1993-1998 жылдары ? Қазақстан Республикасының Орталық және шығыс Еуроп елдеріндегі Елшілігінің үшінші, екінші хатшысы. 1998-2000 жылдары ? Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің бөлім бастығы, екінші департамент директорының орынбасары, Халықаралық экономикалық ынтымақтастық департаментінің директоры. 2000-2002 жылдары ? Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация вице-министрі, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Инвестициялар жөніндегі комитетінің төрағасы. 2002-2006 жылдары ? Қазақстан Республикасы Сыртқы істер вице-министрі, Сыртқы істер министрінің орынбасары. 2006-2008 жылдары ? Қазақстан Республикасының Израильдегі Төтенше және Өкілетті Елшісі. 2008-2009 жылдары ? «Сарыарқа» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамы басқармасының Төрағасы. Қазіргі қызметінде 2009 жылдан бастап істейді.
«Құрмет» орденімен, медальдармен марапатталған.
МАМЫРДЫҢ 5-І, СЕЙСЕНБІХалықаралық мүгедектер құқын қорғау күні. 1992 жылы Бас Ассамблея Біріккен Ұлттар Ұйымының мүгедектердің онжылдығы соңында (1983-1992 жылдары) Халықаралық мүгедектер күнін жариялады. Халықаралық мүгедектер күнін атап өту олардың мәселелеріне көңіл бөлуге, қадір-қасиетін, құқығы мен аман-саулығын қорғауға, мүгедектердің саяси, әлеуметтік, экономикалық және мәдени өмірге қатысуынан қоғамға келетін басымдылыққа назар аударуға бағытталған.АҚШ-тың Ұлттық мейрамы ? Мұғалімдер күні. Мамыр айының бірінші толық аптасындағы сейсенбі күні тойланады. Аталмыш күннің тарихы өз бастауын 1944 жылдан алады. Арканзастық оқытушы Матти Вит Вудридж ханым саяси көшбасшыларға мұғалімдердің мемлекеттік мейрамы қажеттігін мәлімдеген болатын. Ханым хат жолдаған көшбасшылардың бірі Элеонора Рузвельт болатын. Ол 1953 жылы Конгрессті Ұлттық мұғалімдер күнін жариялауға көндірген еді.ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР91 жыл бұрын (1918) Бүкілқазақ жастар съезінде «Жас азамат» жастар ұйымы құрылды. Ұйым мақсаты - қазақ жастарын біріктіру, ұлттық мүддені қорғау. Съезде ұйым жетекшілері сайланды: төрағасы ? М.Мырзаұлы, мүшелері ? С.Сәдуақасов, М.Сейітов, Ә.Байділдин, Г.Досымбекова. 18 жыл бұрын (1991) «Табиғат» экологиялық одағы құрылды. Төрағасы ? Мэлс Елеусізов. 2002 жылы экоодақ Global-500 беделді сыйлығына ие болды. 16 жыл бұрын (1993) Вашингтондағы Дүниежүзілік банктің штаб пәтерінде Арал теңізінің проблемаларына арналған халықаралық семинар өтті.14 жыл бұрын (1995) Жамбыл облысы Жуалы ауданының Мыңбұлақ ауылында Кеңес Одағының Батыры, жазушы Бауыржан Момышұлының мұражайы ашылды.
3 жыл бұрын (2006) Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында академик Ахмет Жұбановтың 100 жылдығына орай, оның бұдан бұрын жарияланған «Құрманғазы» атты еңбегінің негізінде құрастырылған «Құрманғазы» атты жинақтың таныстырылымы өтті. «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында «Өлке» баспасынан шыққан жинаққа Құрманғазы туралы жаңадан табылған өмір деректері мен күйлері енген. 1 мың дана таралыммен шыққан туынды барлық өнерсүйер қауымға, күйшілер мен музыка зерттеушілеріне, сондай-ақ оқытушылар мен студенттерге арналған.15 жыл бұрын (1994) Армения, Таулы Қарабах және Ресей басшылары Қарабахтағы дауды тоқтату жөніндегі келісімге қол қойды. ЕСІМДЕР120 жыл бұрын (1889-1938) алғашқы халық мұғалімдердің бірі, ағартушы, қоғам қайраткері ЗАЛИЕВ Нұғман дүниеге келді.
Батыс Қазақстан облысында туған. Әкесі Зал Асанұлы орта шаруалы, мұсылманша сауатты кісі болған. Ол әкесінен оқып, сауатын ашқаннан кейін Қамыс-Самардағы бастауыш орыс мектебiн, Ордадағы екi жылдық училищенi, сонымен қатар училище жанындағы бiр жылдық педагогикалық курсты, Қазан мұғалiмдер семинариясын бiтiрген. 1909-1911 жылдары қазiргi Батыс Қазақстан облысына қарасты Қазталов ауданы аумағында Ғұмар Қараш ашқан Тiленшiсай жәдид мектебiнде жаратылыстану пәнiнен сабақ бердi. Сол жылдарда С.Меңдешев ұйымдастырған жасырын «Халық мұғалiмдерi қоғамы» құрамында революцияшыл-түбегейшiл бағыттағы «Қазақстан» газетiн шығаруға қатысты. 1916 жылғы дүрбелеңде Бөкей даласындағы қарсылық қозғалысын ұйымдастырушылардың бірі болды. Қоғам қайраткері Қамыс-Самар уездiк атқару комитетінің төрағасы, Қазақ АКСР Халық ағарту комиссары, Қазақ Орталық Атқару комитетінің мүшесі, Атырау уездiк партия комитетiнің хатшысы, уездiк атқару комитетінің төрағасы, Орал губерниялық атқару комитетінің төрағасы, Қостанай, Ақтөбе губерниялық халық ағарту басқармаларының бастығы, Орынбордағы Қазақ мұғалiмдер курсының директоры қызметтерін атқарды. 1937 жылы қыркүйектің 22-інде тұтқындалып, 1938 жылы ақпанның 15-інде КСРО Жоғарғы соты Әскери алқасы «үштігінің» қаулысымен Ақтөбе қаласында 57 адамдық топпен бірге атылды. 110 жыл бұрын (1899-1961) театр режиссері, Қазақстанның халық әртісі БОРОВ Илья Григорьевич дүниеге келді.
Украинаның Кременчуг қаласында туған. Киевтің театр студиясын, Мәскеу Жоғарғы театр шеберханасын бітірген. 1935-1938 жылдары Алматы қаласындағы Қазақ және Орыс драма театрының көркемдік жетекшісі болды. Кейін Ижевск, Барнауыл, Тула театрларында қызмет атқарды. Ол Қазақ драма театры сахнасында Н.Погодиннің «Ақсүйектер», Н.Гогольдің «Ревизор», М.Әуезовтың «Алма бағында», Б.Майлин мен Ғ.Мүсіреповтың «Амангелді» спектакльдерін қойды. 85 жыл бұрын (1924-1980) ақын, аудармашы, Ұлы Отан соғысының ардагері ЖҰМАБАЕВ Ғаббас дүниеге келді.
Қостанай облысында туған. Алматы жоғары партия мектебін бітірген. Қостанай облыстық газетінде әдеби қызметкер және жауапты хатшы, «Қазақ әдебиеті» газетінің редакциясында бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы болған. «Жұлдыз», «Мәдениет және тұрмыс» журналдарында бөлім меңгерушісі, «Ара» журналында фельетоншы, Қазақ КСР Министрлер Кеңесі жанындағы Ақпарат агенттігінде (ҚазТАГ) аудармашы болып қызмет атқарған.
Ақынның 10-ға жуық жыр жинағы жарық көрген. Қаламгер көркем аударма саласында Л.Толстойдың «Крейсер сонатасы» повесі мен он шақты әңгімесін, К.Хетагуровтың өлеңдер жинағын, Г.Андерсеннің ертегілер кітабын, С.Вургуннің «Баку-дастан» поэмасын, Н.Тихоновтың, С.Прокофьевтің және басқа орыс ақын-жазушыларның шығармаларын қазақ тілііне тәржімалаған.
Бірнеше медальмен марапатталған.80 жыл бұрын (1929) техника ғылымының докторы, профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген өнертапқышы, Қ.Сәтбаев, О.Байқоңыров атындағы сыйлықтардың лауреаты ИМАНҒАЛИЕВ Әсер дүниеге келді.
Батыс Қазақстан облысында туған. Новочеркасск политехникалық институтын бітірген. Еңбек жолын Жезқазған кен басқармасының (қазіргі «Қазақмыс» корпорациясы) 51-ші шахтасында тау-кен шебері болып бастаған. «Жезқазған ТМҒЗЖИ» ғылыми-зерттеу және конструкторлық-жобалау институты директорының орынбасары, зертхана меңгерушісі болған. 1998 жылдан «Қазақмыс» корпорациясы директорының ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары қызметін атқарған.
Ә.Иманғалиев 150 ғылыми еңбектің, оның ішінде 2 монографияның, 15 оқу-әдістемелік құралының, 50-ден аса өндірістік жаңалықтың авторы. Ол өздігінен жүретін құрал-жабдықты алғаш рет өндіріске енгізген. Оның зерттеулерінің нәтижелері тау-кен ғылымы мен тәжірибесіне мол үлес қосып, экономикалық тиімділік көрсеткіштерін арттырды.
«Құрмет белгісі» орденімен, бірнеше медальмен марапатталған. 75 жыл бұрын (1934-1996) композитор, дирижер, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, профессор ӘУБӘКІРОВ Малғаждар дүниеге келді.
Алматы облысында туған. Алматы мемлекеттік консерваториясын бітірген. 1951-1955 жылдары Қазақ теледидары мен радиосы жанындағы оркестрдің мен Құрманғазы атындағы Қазақ халық аспаптар оркестрінің домбырашысы болды. Ол 1953-1957 жылдары Бухарест пен Мәскеуде өткен Дүниежүзілік жастар мен студенттер фестивальдарында өнер көрсетті. 1955-1959 жылдары ? Құрманғазы атындағы Қазақ халық аспаптар оркестрінің дирижері. 1959-1961 жылдары ? Жамбыл облыстық халық аспаптар оркестрінің көркемдік жетекшісі, Жамбыл музыкалық училищесінің оқытушысы. 1965-1969 жылдары ? Моңғолияның Баян-Өлгей аймақтық музыкалық драма театрының кеңесші-дирижері. 1969-1991 жылдары Алматы мемлекеттік консерваториясының оқытушысы, «Отырар сазы» оркестрінің дирижері қызметтерін атқарған. 1991 жылдан Алматы мемлекеттік консерваториясының кафедра меңгерушісі болып істейді. М.Әубәкіровтың оркестрге арналған «Көңілді жастар», «Құрман баба 175», «Тасқын», «Жас қанат» увертюралары, жеке домбыраға арналған 4 бөлімді «Сюита», «Талас», «Сарытөбе», қобызға арналған «Қарақат», «Бала гүлім», «Үш кезең», «Қазақ биі», «Сағыныш» күйлері бар. Композитор оқу-әдістемелік музыкалық жинақтар құрастырған.100 жыл бұрын (1909-1991) американдық өнертапқыш, Polaroid компаниясының негізін қалаушы ЛЭНД Эдвин дүниеге келді.
Ол ойлап тапқан «Полароид» фотокамерасымен суретке түсе салысымен, дайын бейнемізді көруге мүмкіндік алдық.
МАМЫРДЫҢ 6-СЫ, СӘРСЕНБІЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР16 жыл бұрын (1993) Алматыда, Республикалық кино үйінде 1991-1993 жылдары жасалған фильмдердің байқауы өтті. Байқаудың қортындысында Гран-при жүлдесі ?Отырардың күйреуі? (режиссері А.Әмірқұлов) және ?Сұржекей? ( режиссері Д.Манабаев) фильмдеріне берілді.14 жыл бұрын (1995) бұқаралық ақпарат құралдарында Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен мүгедектеріне және оларға тең адамдарға жеңілдік пен әлеуметтік көмек көрсету туралы» Жарлығы жарияланды.11 жыл бұрын (1998) Президент Жарлығымен Қазақстан Республикасының астанасы ? Ақмола қаласының атауы Астана қаласы болып өзгеріп, «Сарыарқа» және «Алматы» аудандары құрылды. 6 жыл бұрын (2003) Астанада Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтың қатысуымен «Думан» ойын-сауық кешенінің ашылу салтанаты өтті.6 жыл бұрын (2003) Астанада «Халықтар достығы» монументі ашылды. Қазақстан халықтарының достығы мен келісімін паш ететін биіктігі 8 метр үш бейнеден тұратын қол мүсіннің авторы ? Сәкен Нарынов, бас сәулетші ? Жәнібек Айдар.
Монументте адамдардың бірлігі мен ынтымақтастығы өзара байланысқан үш қол арқылы өрнектелген. Топологиялық ғылымда «бір бұтақтың жапырақтары» деп аталатын тораптар кездеседі. Басы мен шегі жоқ мұндай тораптар ұзақ өмірді, шексіз бақытты және өзара ынтымақтастықты білдіреді. Сол идеяны ескерткіш авторлары жете ескергенге ұқсайды.
Мүсіннің жанындағы фонтандардан «орман» ойластырылған. Әр фонтан орташа мөлшердегі гранитті тақталардың қиылысында орын тепкен. Бұл фонтандар, оны жобалаушылардың мәлімдеуінше, Қазақстан этносы мен халқының нышанын білдіреді.3 жыл бұрын (2006) Ақмола облысының Степногорск қаласында аймақтық қоғамдық-саяси «Степногорск ақшамы» газетінің алғашқы саны жарық көрді. 120 жыл бұрын (1889) Парижде Эйфель мұнарасының құрылысы аяқталды. 55 жыл бұрын (1954) АҚШ-та «Оппенгеймер ісі» аяқталып, американдық атом жобасын басқарған ғалым коммунистермен байланыста болды деген айыптан босатылды. Бірақ құпия жобалармен айналысуына тыйым салынды. Роберт Оппенгеймер есімі ? жаппай қырып-жоятын қару жасауға қарсы наразылықтың синонимі.ЕСІМДЕР75 жыл бұрын (1934) ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Қостанай қаласының құрметті азаматы БАЯЗИД Жолбарыс дүниеге келді.
Қостанай облысында туған. Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін, Алматы жоғары партия мектебін бітірген. Еңбек жолын «Жас Алаш» газетінен бастап, ұзақ жылдар бойы Қостанай облыстық газетінде, радиосында жауапты қызметтер атқарған.
Өлеңдері 1976 жылдан облыстық, республикалық басылымдарда үзбей жарияланып келеді. «Бақытымның бұлағы», «Жыр ғұмыр» атты өлең кітаптары жарық көрген.70 жыл бұрын (1939) жазушы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері ЫСҚАБАЙ Әли Әпекұлы дүниеге келді.
Алматы облысында туған. Қа¬зақ мемлекеттiк универ¬ситетiн, Алматы жоғары партия мектебiн бітірген. Алматы облысының Қаратал аудандық «Коммунизм жолы», Көксу аудандық «Еңбек туы» газеттерiнiң бас редакторы, «Егемен Қазақстан» газетінің Маңғыстау облысы бойынша меншiктi тiлшiсi, «Жетi¬су» газетi бас редакторының орынбасары, облыстық полиграфия және баспа iстерi жөнiндегi бiрлестiгiнiң бас директоры қызметтерiн атқарған. Қазіргі уақытта тәуелсiз «Алатау» газетiнiң бас редакторы қызметін атқарады. Осы уақытқа шейiн республикалық баспалардан оның «Жетекшi шопан», «Әубәкiровтер әулетi», «Сарыбұлақ совхозы» атты эсселерi мен очерктерi, балаларға арналған «Менiң iнiм», «Солдат ағаға хат», «Еңбекқор құмырсқа», «777 жұмбақ», «Бесiк жыры», «Айдостың арғымағы» сынды жыр кiтаптары шықты. Кейiнгi жылдары қаламгер қаламынан «Тайқасқа», «Бейтаныс қыз», «Жәлменде-Пышан», «Ана алақаны», «Зұлымдық зауалы» пьесалары, әңгiмелер мен хикаяттар жинақтары өмiрге жолдама алды.60 жыл бұрын (1949) Батыс Қазақстан облыстық тілдерді дамыту басқармасының бастығы, айтыс ақыны, Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері ҚЫДЫРНИЯЗОВА Шолпан Батырқызы дүниеге келді.
Батыс Қазақстан облысында туған. Орал педагогикалық институтының филология факультетін бітірген. Алғаш рет 17 жасында айтысқа түскен. 1980 жылы Қазақ КСР-інің 60 жылдық тойында белгілі халық ақыны Манап Көкеновпен сайысқа түсіп, 1-ші орынды жеңіп алған. «Қаратөбе» аудандық «Еңбек туы» газетінің әдеби қызметкері, аудандық атқару комитеті төрағасының орынбасары, аудан әкімдігі басшысының орынбасары, «Қазақгаз», «Батысгаз», «Тахат» компанияларының маманы қызметтерін атқарған. 2002-2004 жылдары Орал қалалық мәдениет бөлімінің, Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының маманы болған. Қазіргі қызметінде 2004 жылдан бастап істейді.
МАМЫРДЫҢ 7-СІ, БЕЙСЕНБІОтан қорғаушы күні. 1992 жылғы мамырдың 7-інде Мемлекеттік қорғаныс комитеті Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі болып қайта құрылды. Дәл осы күні республика аумағындағы КСРО Қарулы Күштерінің құрамындағы мекемелер, бөлімдер, құрамалар Қазақстан Республикасының құзыретіне берілді. 7-ші мамыр ? Отан қорғаушы күні болып жарияланды.Радио күні. 114 жыл бұрын (1895) орыс ғалымы Александр Степанович Попов Орыс физика-химия қоғамының мәжілісінде әлемдегі алғашқы радиоқабылдағышты жұртшылыққа көрсетті.Ресей Федерациясындағы Балтық флота мерекесі. 1703 жылы орыс кемелерінің шведтік желкенді кемелерді жеңген құрметіне орай жылсайын атап өтілетін мереке. 1996 жылдан бері атап өтіледі.Ресей Федерациясы Қарулы күштерінің құрылған күні. 1992 жылы мамырдың 7-інде Ресей Федерациясының Президенті Ресей Федерациясының Қарулы күштерін және Қорғаныс министрлігін құруды ұйымдастыру шаралары туралы бұйрыққа қол қойды.ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР34 жыл бұрын (1975) Өскемен қаласындағы Ертіс өзенінің жағасында Ұлы Отан соғысы жылдарында мерт болған шығысқазақстандық азаматтарға ескерткіш орнатылды.17 жыл бұрын (1992) Қазақстан Республикасы Презеиденті Н.Назарбаевтың Жарлығымен Мемлекеттік қорғаныс комитеті Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі болып қайта құрылды. Алғашқы Қорғаныс министрі ? Сағадат Нұрмағамбетов. Қазіргі Қорғаныс министрі ? Даниал Ахметов.12 жыл бұрын (1997) Алматыдағы Мечников көшесіне жазушы, ғалым, қоғам қайраткері Әди Шәріповтің есімі берілді.
10 жыл бұрын (1999) Рейхстагқа алғашқылардың бірі болып Жеңіс туын тіккен Рахымжан Қошқарбаевқа (марқұм) ? «Халық қаһарманы» атағы берілді.9 жыл бұрын (2000) Астанада Ауғанстанда қаза тапқан жауынгерлерге арналған ескерткіш ашылды. Ескерткіштің гранит тақтасында 761 жауынгердің аты-жөні жазылған. 75 жыл бұрын (1934) Филиппинде салмағы 6,37 кг болатын әлемдегі ең үлкен маржан табылды. Ғажайып маржанды Питер Хоффман мен Виктор Барбиш 200 мың долларға сатып алды. 1984 жылы Сан-Францискодағы бағалы тастар зертханасы маржанды 42 миллион долларға бағалады. ЕСІМДЕР80 жыл бұрын (1929) қарақалпақ жазушысы ҚАЙЫПБЕРГЕНОВ Төлепберген дүниеге келді.
Қаламгер «Әмудария» журналы редакциясында, Қарақалпақ АКСР Жазушылар одағында, Министрлер кеңесі жанындағы Радио хабарын тарату комитетінде жауапты қызметтер атқарған.
Оның «Суық тамшы», «Ұйқысыз түндер» повестері, «Қарақалпақ қызы», «Маман би туралы хикая», «Бақытсыздар» романдары жарық көрген. Жазушының көптеген шығармалары қазақ, орыс, өзбек тілдеріне аударылған.
МАМЫРДЫҢ 8-І, ЖҰМАБүкілдүниежүзілік Қызыл Жарты ай және Қызыл Крест күні. 1953 жылдан бастап, «Қызыл Крест» халықаралық қоғамының негізін қалаушы, швейцар гуманисі, қоғам қайраткері, Нобель сыйлығының иегері Анри Дюнанның құрметіне жыл сайын атап өтіледі. Ал қозғалыстың өзі 1863 жылы Жаралыларға көмек көрсету жөніндегі халықаралық комиссия құрылған кезде пайда болып, алғашында соғыс майдангерлеріне және ұрыс барысында жарақаттанғандарға көмек көрсететін болған. 1864 жылдың тамызында Швейцарияда қол қойылған конвенцияға сәйкес, дәрігерлер мен медицина қызметкерлерінің символы ретінде ақ түстегі Қызыл Крест алынған. 1906 жылы Осман империясында мұсылман елдерінің Қызыл Крестке ұқсас Қызыл Жарты ай қайырымдылық қоры құрылды. Осы екі қауымдастық та Женева қаласында штаб-пәтері орналасқан Халықаралық комитетке бағынышты. Әскери уақытта Комитет соғысушы елдермен және Қызыл Крест пен Қызыл Жарты ай аумақтық бөлімшелері арасында делдалық қызмет атқарады. Бұл ұйымның өкілдері тұтқындар мен босқындар лагерлері аймағына бөгетсіз өту құқықтары бар.
Бүгінгі таңда жоғарыда аталған екі қозғалыс әлемнің 180 еліндегі 400 миллионнан астам адамды біріктіреді. 2002 жылы Қазақстан Республикасының Қызыл Жарты ай ұлттық қоғамы құрылып, 2003 жылдың желтоқсан айында Қызыл Крест және Қызыл Жарты ай қоғамдары Халықаралық федерациясына қабылданды.Екінші дүниежүзілік соғыс құрбандарын еске алуға арналған зерде және татуласу күні. 2004 жылғы қарашаның 22-інде Бас Ассамблея мамырдың 8-і мен 9-ын зерде және татуласу күні деп жариялап, мүше-мемлекеттердің әрқайсысы өз жеңіс күні, азат етілген күні және мереке күнін белгілей алатынын мойындай отырып, барлық мүше-мемлекеттерге, БҰҰ жүйесіндегі ұйымдарға, үкіметтік емес ұйымдарға және жеке тұлғаларға жыл сайын осы екі күннің біреуін немесе екеуін де Екінші дүниежүзілік соғыс құрбандары құрметіне атап өтуге шақырды. ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР 34 жыл бұрын (1975) Алматы қаласындағы 28 панфиловшылар саябағында Даңқ мемориалы ашылды. Сәулетшілері ? Т.Бәсенов, Г.Сейдалин, В.Ким, мүсіншілері ? В.Андрющенко, Р.Артимович. Жауға қарсы ұмтылған жауынгерлер бейнеленген мүсіндік композиция мемориалдың төріне орнатылған. Мүсіндік композиция алдындағы алаңға мәңгілік алау жағылып, оның екі қапталы ұзын гранит қорған-қабырғамен қоршалған. Қабырғада «Отанымыздың бостандығы мен тәуелсіздігі үшін шайқаста ерлікпен қаза болғандардың даңқы мәңгі арта берсін» деген жазу, ал екі босағасында «Даңқ кернейшісі» және «Ант» деп аталатын мүсіндік топтама бар. Мемориалға кіре берісте Ұлы Отан соғысындағы одақтас халықтардың қаны төгілген «қаһарман қалалардың» топырағы сақтаулы сандықтастар қойылған. 17 жыл бұрын (1992) Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан Республикасының Қарулы күштерін құру туралы» Жарлығы шықты. 16 жыл бұрын (1993) тәуелсіз қазақ мемлекеті тарихында алғаш рет Алматы қаласындағы Республика алаңында әскери шеру өтті.ЕСІМДЕР100 жыл бұрын (1909-1983) филология ғылымының докторы, профессор МАХМУДОВ Хайрулла Хабиболлаұлы дүниеге келді.
А.Жданов атындағы Ленинград университетін бітірген. 1942-1943 жылдары Кеңес әскері қатарында болған. Ұзақ жылдар бойына Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетінде орыс филологиясы кафедрасының меңгерушісі болып қызмет атқарды. Ғалымның 30-дан астам ғылыми еңбегі жарық көрген.55 жыл бұрын (1954) ақын, аудармашы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі СЕРІКБАЕВ Байбота (Қошым-Ноғай Байбота Серікбайұлы) дүниеге келді.
Қызылорда облысында туған. Қазақ мемлекеттік университетін бітірген. 1978-1988 жылдары «Жалын» баспасында редактор, аға редактор, «Мәдениет және тұрмыс» (қазіргі «Парасат») журналында, «Ана тілі» мен «Қазақ елі» газеттерінде бөлім редакторы, бөлім меңгерушісі, бас редактордың орынбасары қызметтерін атқарды. Қазір «Жазушы» баспасының жетекші редакторы болып істейді.
Ақынның алғашқы өлеңдер жинағы «Тұңғыш кітап» («Таң шапағы» сериясымен) деген атпен жарық көрді. Өлеңдері, публицистикалық туындылары, ғылыми-танымдық мақалалары республикалық мерзімді баспасөз беттерінде жарияланып, көптеген ұжымдық жинақтарға енді. 1988 жылы «Тіршілік ұясы» атты кітабы үшін Қазақстан Жастар одағы сыйлығының лауреаты атанды. Шет ел ақындарының өлеңдері мен ежелгі түркі поэзиясын тәржімалауға ат салысты. Көркем аударма саласында балалар әдебиетінен армян ақыны С.Капутикянның «Маша сурет салады» және орыс ақыны Е.Благинаның «Шинельді неге сақтап жүрсің?» атты кітаптарын қазақ тіліне тәржімалаған.
МАМЫРДЫҢ 9-Ы, СЕНБІКеңестер Одағы халқының 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында жеңіске жеткен күні. 600 мыңнан астам қазақстандық бұл соғыстан оралмады.
Соғыс кезінде көптеген ғылыми-зерттеу орталықтары мен Мәскеу, Ленинград, Киев және басқа да қалалардың оқу орындары Қазақстанға қоныс аударды. Олардың ішінде физиология, микробиология, биохимия, шығыстану институттары болды.
Бүкіл соғысты басынан өткерген қазақстандық 12 дивизия құрметті атақтар алды. Олардың бесеуі ? бір, төртеуі ? екі, екеуі ? үш орденмен марапатталды. Бес дивизия гвардиялық аталды, олардың ішінде Кеңес Одағының Батыры И.В.Панфилов атындағы атақты 8-гвардиялық дивизия бар. Жалпы Ұлы Отан соғысында 497 қазақстандық Кеңес Одағының Батыры атағын алды. 1990 жылы желтоқсанның 11-інде соңғы Кеңес Одағының Батыры атағы қолбасшы Бауыржан Момышұлына берілді. 1941 жылы аға лейтенант Б.Момышұлы басқарған атқыштар батальоны мен И.В.Карпов басқарған 1075-атқыштар полкі Мәскеу түбінде ай бойы үздіксіз ұрыстар жүргізе отырып, өз позицияларын сақтап қана қоймай, сонымен қатар дұшпанға қарсы пәрменді шабуылға шығып отырды. Төрт қазақстандық Т.Ж.Бигелдинов, Л.И.Беда, И.Ф.Павлов және С.Д.Луганский 2 мәрте Кеңес Одағының Батыры атанды. Ұрыс кезінде қаза тапқан пулеметші М.Мәметова және мерген Ә.Молдағұлова Батыр атағын алды. Батыр атағын алғандар қатарында атқыштар Т.Тоқтаров, С.Баймағамбетов, С.Лутфиллин, Мин Сен Юр, артиллеристер С.Мүткенов, И.К.Новиков, ұшқыш Н.Әбдіров, минометші Қ.Сыпатаев, атты әскер М.М.Қаратаев, сапер П.И.Гончаров, политрук М.Ғабдулин, торпедалық катер командирі Б.П.Ущев және басқалар бар. 110 қазақстандық Даңқ орденінің толық иегері болды. Рейхстагқа шешуші шабуылға шыққан және Жеңіс туын тіккендердің ішінде қазақстандық Р.Қошқарбаев, капитан Б.В.Чупрета, минометші А.Бақтыгереев, пулеметші П.Е.Вицько, байланысшы К.М.Волочаевтар болды.Еуропа күні. 1950 жылы мамырдың 9-ында Парижде Франция сыртқы істер министрі Робер Шуман Франция, Германия және басқа Еуропа елдерінің көмір және болат құятын өнеркәсіп салаларын (әскери техника өндіру негіздерін) біріктіріп, оны жаңа ұлттық құрылым басқармасына беруге шақырды. 1985 жылы Милан саммитінде Еуроодақ көшбасшылары Шуман Декларациясын мәңгі есте сақтауға шешім шығарып, жыл сайын мамырдың 9-ын «Еуропа күні» деп бекітті.ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР169 жыл бұрын (1840) Аягөз өңіріне метеорит құлады. Түскен жеріне байланысты «Қарақол» аталған ол метеориттің сынығы алдымен Семейге, артынша Петерборға жеткізілді.17 жыл бұрын (1992) Петропавл қаласындағы Коммунистік көшесіне Мағжан Жұмабаевтың есімі берілді.13 жыл бұрын (1996) Ақтау қаласында «Лада ТВ плюс» апталығының алғашқы саны 5 мың данамен жарық көрді.10 жыл бұрын (1999) Астанада Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаев салтанатты жағдайда Қазақстан Қорғаныс министрлігінің жаңа кешенін ашты. 8 жыл бұрын (2001) Астана қаласында «Отан ана» Отан қорғаушылар монументі ашылды. 35 жыл бұрын (1974) АҚШ-та Уотергейт жанжалына байланысты президент Ричард Никсонды лауазымынан кетіру ісі туралы мәжіліс басталды.ЕСІМДЕР100 жыл бұрын (1909-1995) қазақтан шыққан тұңғыш кәсіби кинооператор, Қазақстанның халық әртісі, ҚР және КСРО Киноматографистер одағының мүшесі, деректі кино шебері, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, Қазақстанның халық әртісі ТЫНЫШБАЕВ Ескендір Мұхамеджанұлы дүниеге келді.
Е.Тынышбаев үлкен ғалым, қоғам қайраткері, қазақтың тұңғыш теміржолшы-инженері Мұхамеджан Тынышбаевтың отбасында дүниеге келген. Бүкілодақтық мемлекеттік кинематография институтын бітірген. Кинодағы еңбек жолын 1928 жылдан бастаған. «Востоккино» студиясының қазақ бөлімшесін және «Последние известия» қазақ киножурналынын құруға қатысқан. Е.Тынышбаевтың шығармашылығында Қазақстан туралы бірқатар көркемдік ойын және деректі фильмдер, мыңдаған фотожәдігерлер бар. Ол кинооператордан бастап авторлық фильмдердің режиссеріне дейінгі жолды жүріп өтті, қазақ киносында бірінші болып трюкті түсірілімдер жасады. Оны қазақ киносы мен телевидениесінің ақсақалы деп атайды, себебі ол Шәкен Айманов, Мәжит Бегалин, Кененбай Қожабеков, Ораз Әбішев сынды қазақ киносының басқа да майталмандарымен бірге ұлттық кинематографты қалыптастыруға және дамытуға белсенді атсалысқан. Ол сондай-ақ өзі ұзақ жыл бойы бас оператор болған «Қазақтелефильм» студиясын құрудың басында тұрды. «Советский Казахстан» киножурналы үшін 10 мыңнан астам сюжеттер түсірді.
Оның үздік жұмыстары ? «Біз Жетісуданбыз», «Оның уақыты келеді» фильмдері - Қазақстан киноөнерінің Алтын қорына енген. Педагог және тәлімгер ретінде кинотүсірушілердің айтулы шоқжұлдызын тәрбиеледі, олардың қатарында В. Белялов, Ю.Литвяков, Е.Ахметов, Ғ.Шалабаев, М.Ибраев, А.Шорабаев, Б.Нүсіпбеков және т.б. бар. 100 жыл бұрын (1909-1993) кинорежиссер, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, КСРО Кинематографистер одағының мүшесі ФАЙК Эмир Ибрагимович дүниеге келді.
Шығармашылық жолын «Востоккино» студиясынан бастаған. 1946 жылдан «Қазақфильм» студиясының кинорежиссері болған. Ол «Жігіттер», «Қазақстанның егіс алқабында», «Ыбырай Алтынсарин», «Бибігүл ән салғанда», «Ақмарал» сияқты 200-дей киножурнал, деректі фильм жасады. «Қанатты сый», «Ұлым менің», «Бір түннің оқиғасы» атты көркем фильмдер түсірген. Олардың көпшілігі әртүрлі кинофестивальдар мен қоғакмдық көрсетілімдердің лауреаты атанған.55 жыл бұрын (1954) Қазақстан Республикасының бас прокуроры, заң ғылымының кандидаты, профессор МӘМИ Қайрат Әбдіразақұлы дүниеге келді.
Алматы облысында туған. Қазақ мемлекеттік университетін бітірген. 1981-1990 жылдары ? Атырау облыстық сотының судьясы, төрағаның орынбасары, төрағасы. 1990-1993 жылдары ? Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы. 1993-1995 жылдары ? Алматы қалалық сотының төрағасы. 1995-1996 жылдары ? Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты төрағасының міндетін атқарушы. 1996-2000 жылдары ? Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы, Қазақстан Республикасының Әділет вице-министрі. 1999-2000 жылдары ? Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі жетекшісінің орынбасары. 2000-2009 жылдары Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының төрағасы болған. Қазіргі қызметіне 2009 жылы сәуірде тағайындалған.
«Парасат» орденімен марапатталған.40 жыл бұрын (1969) әнші, Қазақстанның халық әртісі, Тарлан сыйлығының иегері, халықаралық байқаулардың бірнеше дүркін жүлдегері Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының иегері МҰХАМЕДҚЫЗЫ Майра дүниеге келді.
Қытай Халық Республикасының Құлжа қаласында туған. Алғашқы музыкалық тәрбиені әкесі М.Әбдіқадірұлы мен анасы Қ.Қуанышқызынан алған. Пекиндегі Қытай халықтарының орталық ұлттық университетінің музыка бөлімін бітірген. 1994 жылы Қазақстанға қоныс аударды. 1994-1996 жылдары Алматы консерваториясында (қазіргі Қазақ ұлттық консерваториясы) Н.Шәріпованың жетекшілігімен кәсіби шеберлігін шыңдады. 1996 жылдан Қазақ академиялық опера және балет театрының жетекші әншісі. М.Мұхамедқызының репертуарында: Дж. Вердидің «Травиатасындағы» ? Виолетта, Ж.Би¬зенің «Кармен» операсындағы ? Микаэла, Г.Доницеттидің «Лючия ди Ламмермур» опера¬сындағы ? Лючия, Ахмет Жұбанов пен Л.Хамидидің «Абай» операсындағы ? Ажар, Е.Брусиловскийдің «Қыз Жібек» операсындағы Жібек және тағы басқа партиялар бар. М.Мұхамедқызы ? төрткүл дүние мойындаған, бүкіл опера әншілері армандайтын итальяндық хас шеберлер, осы саланың бүгінгі тірі аңызына айналған Мирелла Френни мен Плачидо Домингомен бірге жұмыс істеу бақытына ие болған тұңғыш қазақ әншісі. Алғаш 1996 жылы Н.А.Римский-Корсаков атындағы халықаралық сыйлықты алған. 1997 жылы Португалияда әлемнің 250 опера әншілері додаға түскен Томас Алкайде атындағы халықаралық байқауда бірінші орынды иеленіп, Чайковский атындағы халықаралық байқауда үшінші орынды және М.Давыдов атындағы арнайы дипломды жеңіп алған.
Әншінің әлемдік классикалық, опералық, камералық вокалдық шығарма, халық әндерінен бай репертуары үнемі толығу үстінде. Ол гастрольдік сапарлармен: Пекин, Гонконг, Стамбул, Дели, Сеул, Мәскеу, Санкт-Петербор, Будапешт қалаларында болып және Украина, Словакия, АҚШ, Қытайда жеке концерттерін өткізді. 2001 жылы Ә.Қарақұловтың «Жылама» көркем фильмінде басты рөлді орындады. Опера әншісі 2002-2004 жылдары Францияның Гранд опера театры сахнасында жиырмадан аса классикалық шығармаларды орындаған.
«Отан» орденімен марапатталған.
МАМЫРДЫҢ 10-Ы, ЖЕКСЕНБІМикронезия Федеративтік Штаттарының Ұлттық мейрамы ? Тәуелсіздік күні (1979). Микронезия ? Тынық мұхитының батыс бөлігінде, Каролин аралдарында орналасқан мемлекет. Әкімшілік жағынан Трук, Костраэ, Понапе, Иап штаттарына бөлінеді. Астанасы ? Паликир қаласы. Ресми тілі ? ағылшын тілі, сондай-ақ жергілікті халықтардың тілдері де қолданылады. Ақша бірлігі ? АҚШ доллары. Мемлекет және үкімет басшысы ? президент. Жоғары заң шығарушы билік бір палаталы парламент ? Ұлттық конгресс. Экономикасының негізгі саласы ? балық аулау. Экспортқа копра, бұрыш, балық және кокос майын шығарады. Негізгі сауда серіктестері ? АҚШ, Жапония, Австралия, Оңтүстік Корея мемлекеттері.Беларус Республикасының Мемлекеттік елтаңба және Мемлекеттік туы күні. 1995 жылдан бастап мамыр айының екінші жексенбісінде атап өтіледі.Германияда кітап күні. 1947 жылдан бастап жыл сайын 1933 жылы гуманист-жазушылардың кітаптары өртелген күніне орай өтеді.Францияда Жанна Д?Аркті еске алу күні. Мамыр айының екінші жексенбісінде атап өтіледі.ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР60 жыл бұрын (1949) Мәскеуде Қазақ әдебиеті мен өнерінің күндері басталды.15 жыл бұрын (1994) «Сабин металл корпорейшн» (АҚШ) корпорациясы зауытында республикадағы тұңғыш платина құймасы алынды. Тазалығы 99,95, жалпы салмағы 14 килограмм болатын алғашқы өнім Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қоймасына өткізілді.8 жыл бұрын (2001) Астанада қазақтың соңғы ханы, Абылай ханның немересі Кенесары Қасымұлының ескерткіші ашылды. Ескерткішті салу барысында мүсінші Нұрлан Далбай, сәулетші Шота Уәлиханов, инженер Әбдісағит Татығұлов және көркемдеп құю шебері Валерий Конюхов еңбек етті. Монументтің биіктігі 7 метр, салмағы ? 10 тонна.
Кенесары Қасымұлы ел тәуелсіздігі үшін Ресей, Қоқан, Хиуа хандықтарымен күрес жүргізген. Ол 1847 жылы Кекілік тауының тұсында қырғыздармен болған шайқаста қаза тапқан.
140 жыл бұрын (1869) ұзындығы 2900 шақырымды құраған алғашқы американдық трансконтиненталдық темір жолдың құрылысы аяқталды.ЕСІМДЕР105 жыл бұрын (1904-1967) опера әншісі, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі ТОЛЫБАЕВ Мұрат Мағазұлы дүниеге келді.
Қарағанды облысының Қарқаралы ауданында туған. Алғаш әншілік өнерге үлкен әкесі Мұхаметәлі баулып, кейін әнші Қ.Байжановтан дәріс алды. 1934 жылдан Қазақ музыкалық драма театрында (қазіргі Қазақ академиялық опера және драма театры) қызмет етті. Алғаш ойнаған рөлі ? Маманбай (М.Әуезов, И.Коцыктың «Айман ? Шолпан» музыкалық драмасы). М.Толыбаев қазақ операларындағы басты партияларды орындап, түрлі мінезді образдар жасады. Сондай-ақ халық әндерін де ( «Ардақ», «Шама», тағы басқалар) халық арасында кеңінен насихаттады.
«Құрмет белгісі» орденімен марапатталған.80 жыл бұрын (1929-1989) жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері ҚАЗЫБАЕВ Кәкімжан дүниеге келді.
Алматы облысында туған. Қазақ мемлекеттік университетін бітірген. «Жас алаш» газетінің әдеби қызметкері, бөлім меңгерушісі, жауапты хатшысы, Алматы облыстық «Жетісу» газеті редакторының орынбасары, Қазақстан Баспа, полиграфия және кітап саудасы істері жөніндегі мемлекеттік комитеті төрағасының орынбасары, Қазақстан Компартиясы Орталық комитетінің хатшысы, ҚазТАГ-тың (қазіргі «ҚазАқпарат» ҰК» АҚ) директоры қызметтерін атқарды. 1985 жылдан өмірінің соңына дейін «Қазақстан коммунисі» журналының бас редакторы болды.
Қаламгердің «Кернеген кек» повесі, «Октябрь өрендері» очерктер жинағы, «Ызғар», «Аманат» романдары жарық көрді. Ол көркем аударма саласында С.Штеменконың «Бас штаб соғыс жылдарында» атты мемуарлық кітабын, Б.Момышұлының «Офицер күнделігін» қазақ тіліне тәржімалаған. 80 жыл бұрын (1929-1970) жазушы, аудармашы ТОҚТАРОВ Баймұхамбет дүниеге келді.
Алматы облысында туған. Мәскеудегі Әдебиет институтын бітірген. Еңбек жолын Алматы облыстық комсомол комитетінен бастаған. 1955 жылдан журналистік қызметпен айналысып, «Жұлдыз» журналында ұзақ жыл еңбек еткен.
Қаламгердің «Бақыт жолы», «Суретші», «Өмір жолы» повестер жинағы, «Қырандар қанаты» очерктері, «Жетісу жотасында», «Таудағы ән» романдары жарық көрген. Ол көркем аударма саласында орыс ақындары А.Пушкиннің, А.Гайдардың шығармаларын қазақ тіліне тәржімалаған.
Медальдармен марапатталған.70 жыл бұрын (1939) «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының басқарушы директоры, Қазақстан Республикасы еңбек сіңірген көлік қызметкері СӘМБЕТОВ Қалтай Сәмбетұлы дүниеге келді.
Жамбыл облысында туған. Ташкент темір жол көлігі институтын бітірген. Еңбек жолын Аягөз белгі беру және байланыс дистансциясында монтер болып бастады. 1960-1970 жылдары ? Жамбыл белгі беру және байланыс дистанциясының электромеханигі, аға инженері, бас инженері, Шу белгі беру және байланыс дистансиясының бастығы. 1970-1982 жылдары ? Қазақ темір жолы Белгі беру және байланыс басқармасының бас инженері, Халықтық бақылау комитеті көлік және байланыс бөлімінің меңгерушісі, Қазақстан Компартиясы Орталық комитетінің көлік және байланыс бөлімі меңгерушісінің орынбасары. 1982-1995 жылдары ? Алматы темір жолы кадр бөлімінің бастығы - жол бөлімшесі бастығының орынбасары, бірінші орынбасары, бас инженері, бас экономисі. 1995-2006 жылдары ? Алматы темір жолы басқармасы бастығының бірінші орынбасары, бас директордың орынбасары, «Қазақстан темір жолы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны бас директорының бірінші орынбасары, «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының бірінші вице-президенті. Қазіргі қызметінде 2006 жылдан бастап істейді.55 жыл бұрын (1954) Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Аграрлық мәселелер жөніндегі комитетінің мүшесі СӘРСЕНОВ Нұрдәулет Жұмағұлұлы дүниеге келді.
Өзбекстан Республикасында туған. Қазақ химия-технология институтын, КОКП ОК жанындағы Қоғамдық ғылымдар академиясын бітірген. Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігі басшысының орынбасары, әкім аппаратының жетекшісі қызметтерін атқарған. Қазақстан Республикасы Парламентіне депутат болып сайланғанға дейін «Тұран» қаржы-өндіріктік тобы» акционерлік қоғамы Директорлар кеңесінің төрағасы қызметін атқарған. 1999-2007 жылдары Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Халықаралық іс, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі болған. 2007 жылы қыркүйектің 2-інде 3-ші мәрте депутаттық өкілеттігі басталды.
«Құрмет», «Халықтар достығы» ордендерімен марапатталған.