ҚазАқпарат-Анонс: Мамырдың 6-сы мен 9-ы аралығындағы оқиғалардың күнтізбесі

None
None
None

ЕЛБАСЫ

Мамырдың 6-сында Елбасы Н. Назарбаев Ильинка кентіндегі әскерилердің тұрғын үйлері қалашығында болып, ондағы жағдаймен танысады деп жоспарлануда.

Елбасы бүгін сондай-ақ, әскери бөлімдердің бірінде болады.

Мамырдың 8-9 күндері Елбасы Н. Назарбаев Ресей Президенті Дмитрий Медведевтің шақыруымен Мәскеуде өтетін Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 65 жылдығына арналған мерекелік шараларға қатысады.

ПАРЛАМЕНТ

Мамырдың 6-сында Парламент Сенатының жалпы отырысы болады.

ҮКІМЕТ

Мамырдың 6-сында Астанада, Сыртқы істер министрлігінде Ұлы Отан соғысы жылдары Австрия аумағында шайқасқан және қаза тапқан қазақстандық жауынгерлер туралы естелік кітаптың таныстырылымы болады.

Бұл күні сондай-ақ Мемлекеттік хатшы-сыртқы істер министрі Қанат Саудабаев елімізге ресми сапармен келген Грузияның сыртқы істер министрі Григол Вашадземен кездеседі.

Мамырдың 6-сында Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінде Қазақстан-ауған үкіметаралық комиссиясының отырысы өтеді.

Мамырдың 6-сында Экономика министрлігінде «Кеден одағының мәселелерімен таныстыру» тақырыбына арналған семинар өтеді.

Мамырдың 6-сында Ауыл шаруашылығы министрлігінде «ҚазАгро» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Басқармасының ашық отырысы болады.

Мамырдың 6-сында Төтенше жағдайлар министрлігінде Ұлы Жеңістң 65 жылдығына арналған салтанатты жиналыс болады.

ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ ӘЛЕМ

Мамырдың 6-сында Берлинде Қазақстан мен Германия арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі жұмыс тобының 4-ші мәжілісі өтеді. Оған қазақстандық делегацияны Индустрия және жаңа технологиялар бірінші вице-министрі Альберт Рау бастап барады.

Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына мүше 56 мемлекет, азаматтық қоғамдастық пен халықаралық құрылым өкілдері осы жылғы мамырдың 6-7-і күндері австриялық Хофбург сарайында гендерлік теңдікті қамтамасыз етудің өзекті мәселелерін талқылайды

Мамырдың 6-сында Грузияның Сыртқы істер министрі Григол Вашадзенің Қазақстанға ресми сапары өтеді. Сапар шеңберінде Г. Вашадзе ЕҚЫҰ-ның қазіргі төрағасы, ҚР Мемлекеттік хатшысы - Сыртқы істер министрі Қанат Саудабаевпен келіссөздер өткізетін болады. Келіссөздердің қорытындысы бойынша Қазақстан мен Грузияның Сыртқы істер министрліктерінің арасындағы ынтымақтастық жөніндегі хаттамаға қол қойылады деп жоспарланып отыр.

ҚОҒАМ

Сәуірдің 15-інен мамырдың 15-іне дейін елімізде «Балалар - біздің болашағымыз» акциясы өтуде.

Сәуірдің 9-ынан мамырдың 9-ына дейін елімізде Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 65 жылдығына арналған «Ерлік даңқы өшпейді» акциясы өтуде.

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі сәуірдің 30-ы мен мамырдың 30-ы аралығында «Таза ауа» акциясын өткізеді. Акцияның мақсаты - автокөлік құралдарының тасымалдаушылары мен жүргізушілерінің рұқсат етілген автокөлік құралдарының шығарындыдағы ластаушы заттар құрамының экологиялық талаптары мен нормаларын сақтауы бөлігінде Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтың алдын алу.

СПОРТ

Сәуірдің 15-і мен мамырдың 15-і аралығында Қазақстанда «Балалар - біздің болашағымыз» атты акция өтуде.

Сәуірдің 9-ы мен мамырдың 9-ы аралығында Қазақстанда Ұлы Жеңістің 65 жылдығына арналған «Ерлік даңқы өшпейді» атты акция өтуде.

Мамырдың 1-і мен 9-ында қазақстандықтар үш күннен демалады. «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Заңға сәйкес, Қазақстанда демалыс және мереке күндері сәйкес келген жағдайда мерекеден кейінгі жұмыс күні демалыс күні болады. Яғни, биыл қазақстандықтар мамырдың 1-,2-,3- және 8-,9-,10-ы күндері демалатын болады.

Мамырдың 8-9-ында Астанада Кұрлықтық хоккей лигасы мен Қазақстан Республикасы чемпионаты клубтарының жанкүйерлері арасында хоккей турнирі өтеді.

АСТАНА

Мамырдың 6-сында Астана әкімдігінде қала әкімі И.Тасмағамбетовтың қатысуымен Қазақстан Республикасының ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі ұлттық комиссиясының мәжілісі болады.

Маусымның 6-сында «Думан» қонақүйінде «Қазақстандық және ресейлік ардагерлердің кездесуі: 65 жылдан соң»: «Астана-Мәскеу» телекөпірі өтеді.

Мамырдың 6-сында Бас прокуратурада Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің қатысуымен салтанатты жиналыс өтеді және бас ведомствоның жауынгерлік және еңбек даңқы мұражайының ашылу рәсімі болады.

Бейсенбі, мамырдың 6-сы күнгі бағдарламалар тізбегін сағат 11.00-де «Атамекен» Қазақстан Картасы» этно-мемориалдық кешенде «Соғыстың мазасыз бояулары» атты балалар суретінің байқауы ашады. Қ.Қуанышбаев атындағы Қазақ музыка-драма театры сағат 18.30-да Еркін Жуасбековтың «Сен үшін» комедиясын қояды. Ал бұл күні Конгресс-Холл сарайында аңызға айналған «Машина времени» тобының сағат 19.00-дағы концертімен аяқталады.

Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 65 жылдығын мерекелеу қарсаңында мамырдың 6-сы күні Астанада ҚР Сыртқы істер министрлігінің ғимаратында Ұлы Отан соғысы жылдары Германия мен Австрия аумақтарында қаза тапқан қазақстандықтарға арналған «Арманда кеткен боздақтар» атты естелік кітаптың таныстырылымы болады.

Мамырдың 6-сында Ұлттық мұрағатта Жеңістің 65 жылдығына арналған деректі көрменің ашылуы болады.

Мамырды 6-7- сінде Астанада «Антибиотикорезистенттік проблемалары. Кеуденің созылмалы обструктивті ауруларын және өкпе демікпесін емдеудің қазіргі заман стратегиялары» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтеді. Оның жұмысына Ресей респираторлық қоғамының президенті, Ресейдің медициналық ғылым академиясының академигі А. Чучалин, ресейлік профессорлар И. Андреева, С. Авдеев, В. Архиповтар қатысады.

Жұма, мамырдың 7-і күні, сағат 11.00-де «Атамекен» Қазақстан Картасы» этно-мемориалдық кешенде «Сіздерді мақтан тұтамыз, ардагерлер!» атты соғыс ардагерлерін құттықтау өтеді. Мерекелік күн сағат 12.00-де «Отан қорғаушылар» алаңындағы «Отан қорғаушылар» монументіне «Даңқ гүлдестесі» мен гүл шоқтарын қою рәсімімен жалғасады. Сағат 17.00-де Тәуелсіздік сарайында өтетін салтанатты жиылыс пен мерекелік концерт Отан қорғаушылар күнінің қорытынды кеші болмақ. Қ.Қуанышбаев атындағы Қазақ музыкалық-драма театрындағы А.Дудараевтың «Кеш» драмасы осы күнгі бағдарламалар нүктесін қояды.

Сенбі, мамырдың 8-і күнгі таңғы сағат 10.00 қалалық бейіт басында 1941-1945 жылдардағы соғыста алған жарақаттардан қаза тапқан әскерлердің зираттарына «Даңқ гүлдестесі» мен гүл шоқтарын қою рәсімімен ашылады. Сағат 11.00-де М.Горький атындағы орыс театры ең кішкентай азаматтарға арнап В.Трегубенконың «Аң патшасына арналған үй» атты ертегісін көрсетеді. Келесі сағатта қаланың «Отан қорғаушылар» алаңы мен Жастар сарайынының алдындағы жазғы сахнада, Бәйтерек монументі мен астаналық саябақта үрлемелі оркестр мен өлең, би ансамбльдерінің концерттері басталады. Сағат 18.00-де М.Горький атындағы Орыс театрында астаналықтар мен қала қонақтарын Б.Брехтның «Үшінші империядағы қорқыныш пен аштық» атты театрлық премьерасы күтеді, қоюшы режиссері Егиш Геворкян (Австрия,Вена), қоюшы суретшісі Қанат Мақсұтов. Осы күннің бағдарламасын Қ.Қуанышбаев атындағы Қазақ музыкалық-драма театрындағы Жеңістің 65 жылдығына арналған «Жеңіс әндері» атты әдеби-сахналық кеш жалғастырады.

Мамырдың 9-ы сағат 09.00-де Жеңістің 65 жылдығына арналған «Қазақ елі» монументінен бастап Тәуелсіздік даңғылы арқылы «Отан қорғаушылар» монументіне дейінгі азаматтық шерумен басталады. Сағат 12.00-де «Отан қорғаушылар» монументі, қалалық алаң, Жастар сарайының жазғы сахнасы, Бәйтерек монументі, астаналық саябақтың сахналық алаңдарында үрлемелі оркестр мен өлең, би ансамбльдерінің концерттері болады. Қалалық алаңда сағат 16.00-де қалалықтарға патриоттық әндер фестивалі ұсынылады. Сағат 17.00-де Бейбітшілік және келісім сарайында классикалық өнер сүйгіштерге «Мәңгілік алау» балеті орындалады. Сонымен қатар, осы сағатта, яғни 17.00-де Конгресс-Холл сарайында КСРО-ның халық әртісі Әлібек Днішев Жеңіс күніне арналған жеке концерттік кешін ұсынады. Ал түнгі сағат 22.00-де меркелік күнді аяқтайтын Есіл жағасында Астана қаласының тұрғындары мен қонақтарына арнап от шашу болады.

Келесі демалыс күні, мамырдың 10-ы күні сағат 12.00-де «Думан» ойын-сауық орталығында сол күні кешке дейін жалғасатын «Көктемгі карнавал» атты шоу-бағдарламаның ашылуы болады. Сағат 18.00-де цирк ғимаратында ресейлік «Ранетки» атты жастар тобының концерті болады. Сондай-ақ мамырдың 10-ы мен 14-і аралығында Астана қаласы Бейбітшілік және келісім сарайында Біріккен Араб Әмірліктерінің мәдени күндері өтеді.

АЛМАТЫ

Мамырдың 6-сында Алматы әуежайында Астана мен Мәскеу парадтарына қатысатын ардагерлерді шығарып салу рәсімі болады.

Мамырдың 6-сында Аэроұтқыр әскерлер бригадасының аумағында Отан қорғаушы күніне, Жеңістің 65 жылдығына және Аэроұтқыр әскердің құрылуының 10 жылдығына арналған шаралар өтеді.

Мамырдың 6-сында Достық даңғылындағы 42-ші үйде Р.Қошқарбаевқа арналған ескерткіш тақтаның ашылу салтанаты болады.

Мамырдың 6-сында Жамбыл атындағы филармонияның концерт залында Жеңістің 65 жылдығына арналған мерекелік концерт болады.

АЙМАҚТАР

ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ

Сәуірдің 26-сы мен мамырдың 8-і аралығында Инновациялық Еуразиялық университеттің Ғылыми кітапханасында Германияның Қазақстандағы жылының аясында «Су және энергия: өзің үшін Н2О және Ватт әлемін аш!» атты көрме өтеді.

ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫ

Мамырдың 6-сында облыс әкімі Серік Ахметов Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне Пичугин көшесіндегі 235-ші үйден жаңа пәтерлердің кілттерін табыс етеді.

АТАУЛЫ КҮНДЕР. ЕЛЕУЛІ ОҚИҒАЛАР. МЕРЕЙТОЙЛАР.

2010 ЖЫЛДЫҢ МАМЫР АЙЫ:

МАМЫРДЫҢ 6-Ы, БЕЙСЕНБІ

Мацзу Аспан Патшайымының мерекесі. Тянь-хоу Мацзу (Мацзу Аспан патшайымы) - ежелгі қытай мифологиясындағы теңіз құдайы. Оның мәдениеті Х-ХІ ғғ. дүниеге келді. Тянь-хоудың толқында, бұлтта немесе тақта отырғаны бейнеленген. Оның екі көмекшісі бар: біріншісінің қолы құлағына, ал екіншісінің қолы көзіне қойылған. Аңызда айтылғандай Мацзу 960 жылдары өмір сүрген, Линь деген балықшылар ауылының қызы болған, тоқымамен теңіз арқылы жүзе білген және бұлттармен аралдарды кесіп өтетін болған. Бүгінгі таңда Мацзу елдегі және шетелдегі қытайлықтарды байланыстырады. Орта есеппен алғанда, құдай анаға әлемнің түпкір-түпкірінен 200 миллионнан астам адамдар сыйынады.

ОҚИҒАЛАР

18 жыл бұрын (1992) Қазақстан Республикасы мен Дания Корольдігі арасында дипломатиялық қарым-қатынас орнату туралы Хаттамаға қол қойылды.

17 жыл бұрын (1993) Алматыдағы Республикалық кино үйінде 1991-1993 жылдары жасалған фильмдердің байқауы өтті. Гран-при жүлдесі режиссер Ардақ Әмірқұловтің «Отырардың күйреуі» және режиссер Дамир Манабаевтың «Сұржекей» фильмдеріне берілді.

15 жыл бұрын (1995) 6-8 мамыр аралығында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев Лондонда, Парижде және Мәскеуде өткен Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 50-жылдық мерейтойына арналған салтанатты рәсімдерге қатысты.

Елбасы мерекелік шараларға қатысу барысында Эдинбург және Уэльсский ханзадаларымен, Ұлыбританияның Премьер-министрі Дж.Мейджормен, Францияның Президенті Ж.Ширакпен, Германияның Федеральды канцлері Г.Кольмен, АҚШ-тың Вице-президенті А.Гормен, Иордания Королі Хусейнмен және басқа да мемлекеттердің басшыларымен кездесулер өткізді.

15 жыл бұрын (1995) бұқаралық ақпарат құралдарында Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен мүгедектеріне және оларға тең адамдарға жеңілдік пен әлеуметтік көмек көрсету туралы» Жарлығы жарияланды.

12 жыл бұрын (1998) Президент Жарлығымен Қазақстан Республикасының астанасы - Ақмола қаласының атауы Астана қаласы болып өзгеріп, «Сарыарқа» және «Алматы» аудандары құрылды.

1 жыл бұрын (2009) Алматыда «Спира-Берга» ЖШС-ның жаңа полиэтилен тұрбалар зауыты іске қосылды.

«Спира-Берга» зауыты - қазіргі заманғы сумен жабдықтау, канализация және кабелді қорғайтын жүйелерге арналған полиэтилен тұрбаларының жоғары сапалы өндiрiсін оңтайлатқан Қазақстан аумағындағы алғашқы кәсiпорындардың бiрi.

Өнiм Cincinnati, Corma және Jweel дүниежүзілік өндiрушiлердің жабдығында шығарылады.

ЕСІМДЕР

130 жыл бұрын (1880-1959) биолог-ғалым ЧЕТВЕРИКОВ Сергей Сергеевич дүниеге келді.

Мәскеу қаласында туған. Мәскеу университетін бітірген.

Негізгі еңбектері генетика, эволюция теориясы және энтомология мәселелеріне арналған. Генетикалық процестердің және оқшауланудың пайда болуы мен эволюциясындағы маңызын көрсетті. Дарвин ілімі мен генетика арасын байланыстырып, популяциялық генетика негізін құрды.

«Құрмет белгісі» орденімен, Германия табиғат зерттеушілер академиясының «Дарвин планшеті» медалімен және басқа медальдармен марапатталған.

100 жыл бұрын (1910-1977) ғалым зоолог-ихтиолог, КСРО Ғылым Академиясының коореспондент мүшесі, профессор, КСРО мемлекеттік сыйлығының лауреаты НИКОЛЬСКИЙ Георгий Васильевич дүниеге келді.

Мәскеу қаласында туған. Мәскеу мемлекеттік университетін бітірген.

«Вопросы ихтиологии» журналын алғаш ұйымдастырушы және бас редакторы болған.

Ол балықтардың экологиясы, биогеографиясы және балық шаруашылығының биологиялық негізі туралы көптеген ғылыми зерттеулер жүргізді. Никольский КСРО-ның, оның ішінде Қазақстан су айдындарының, әсіресе Арал теңізі балықтарының биологиясын зерттеген.

Ленин орденімен, үш орденмен және медальдармен марапатталған.

МАМЫРДЫҢ 7-І, ЖҰМА

Отан қорғаушы күні. 1992 жылғы мамырдың 7-інде Мемлекеттік қорғаныс комитеті Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі болып қайта құрылды. Нақ осы жылы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен үш жүйелі - жаяу әскерлер, әуе қорғанысы күштері мен әскери-теңіз күштері бас штабтары бекітіліп, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қайта құрылды. Аэроұтқыр күштерге Жоғарғы Бас қолбасшының резерві құзыры берілді. 2001 жылдан Қазақстан 4 әскери - Орталық, Оңтүстік, Батыс және Шығыс округке бөлінді.

Дәстүр бойынша Отан қорғаушы күні Қазақстан Президенті (Жоғарғы Бас қолбасшы) кезекті әскери атақтар тағайындап, көзге түскен әскери қызметшілерге наградалар тапсырады.

ОҚИҒАЛАР

35 жыл бұрын (1975) Өскемен қаласындағы Ертіс өзенінің жағасында Ұлы Отан соғысы жылдарында мерт болған шығысқазақстандық азаматтарға ескерткіш орнатылды.

25 жыл бұрын (1985) Петропавлдағы Жеңiстiң жаңа саябағында 1941-1945 жж. соғыстағы Ұлы Жеңiстiң 40-жылдығына арналған обелиск ашылды.

Биiктiгi 14 метр, темiр-бетоннан жасалған, мәрмәр тақтайшамен қапталған, Жеңiстiң бiр метрлiк орденiмен аяқталған. Обелискiнiң төменгi бөлiгiнiң екi жағында жауынгерлердiң стильденген мүсiндерiнiң рельефтiк суретi бар. Басқа екi жақта ту және Қызыл ту орденiнiң суретi орын алған.

Ұлы Отан соғысы жылдары Солтүстік Қазақстан облысының аумағында 314-ші атқыштар дивизиясы және тағы басқа да әскери бөлімшелер ұйымдастырылған.

18 жыл бұрын (1992) Президент Жарлығымен Мемлекеттік қорғаныс комитеті Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі болып қайта құрылды.

1 жыл бұрын (2009) Павлодар облысынның Ақсу қаласында жауынгер-интернационалистерге арналған ескерткiш орнатылды.

Жаяу әскердiң жауынгерлiк машинасы баянауыл тастарынан қаланған биiк тұғырда орнатылған. Мемориал тақтада Ауғанстан соғысында апатқа ұшыраған жерлестердiң есімдері жазылған.

ЕСІМДЕР

80 жыл бұрын (1930-1982) график-суретші, Қазақ КСР-нің халық суретшісі СИДОРКИН Евгений Матвеевич дүниеге келді.

Ресейдің Киров облысында туған. Қазандағы көркемсурет училищесін, Ригадағы көркемсурет академиясын, Санкт-Петербор қаласындағы Кескіндеме, мүсін және сәулет институтын бітірген.

1957 жылдан Алматыда қызмет еткен.

Қазақ халық ертегілеріне арналған «Көңілді алдампаздар», «Қазақ эпосы» иллюстрациялардың, «Қазақтың ұлттық ойындары», «Ғасырлар түнегінен» атты автолитографиялардың, «Сәкен Сейфуллинді оқығанда» атты топтаманың, М.Салтыков-Щедриннің «Бір қаланың тарихы» романына салған иллюстрацияның авторы. Қазақ халқының тіршілік-болмысына, оның ішкі сыр-сипатына терең бойлаған бұл топтама суреттері 1965 жылы Лейпцигтегі көрмеде алтын медаль алды. «Ақсақалдар» атты автолитографиялар топтамасы мен М.Әуезовтің «Абай жолы» романына жасаған иллюстрациялары үшін Қазақ КСР-і Мемлекеттік сыйлығы берілді.

Суретші монументті-сәндік өнері саласында да еңбек етті, әсіресе монументті формаға бейімділік көрсетті. Алматыдағы бұрынғы «Целинный» кинотеатрының фойесіне арнап көп қабатты түрлі-түсті графитто композициясын және суретші О.Богомоловпен бірге балалар театры фронтонының мозаикалық үлкен панносын жасады.

50 жыл бұрын (1960) Ақмола облысы Атбасар ауданының әкімі ӘУБӘКІРОВ Руслан Шохметұлы дүниеге келді.

Ақмола облысы Ақкөл қаласында туған. Целиноград мемлекеттік педагогикалық институтын, Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін бітірген.

Целиноград ауданы (Ақмола) Қосшы ауылындағы кеңшар-техникумының оқытушысы, Жақсы аудандық комсомол комитетінің хатшысы, Целиноград облыстық комсомол комитетінің сектор, бөлім меңгерушісі, хатшысы, бірінші хатшысы, Қазақстан Жастар Одағының Целиноград облыстық комитетінің бірінші хатшысы, Алматы қаласындағы «Политек» жабық түрдегі акционерлік қоғамының басшысы, «Агрофирма TNK» ЖШС басшысы, Ақмола облысы Жақсы, Щучье аудандарының әкімі қызметтерін атқарған. Қазіргі қызметінде - 2006 жылдың 6 қарашасынан.

35 жыл бұрын (1975) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің жауапты хатшысы ҚАСЫМБЕК Жеңіс Махмұдұлы дүниеге келді.

Жамбыл облысының Шу қаласында туған. Қазақ мемлекеттік сәулет-құрылыс академиясын, Л.Н.Гумилев атындағы Евразия ұлттық университетін бітірген.

Еңбек жолын «Темірбанк» ААҚ бас банкирі болып бастады. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау агенттігі темір жол көлігі мен порттар бөлімінің бастығы, Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі үйлестіру және тарифтік саясат департаменті тарифтік саясат бөлімінің бастығы, Су көлігі департаментінің директоры, «Ақтау халықаралық теңіз порты» РМК директоры, Қазақстан Республикасы көлік және коммуникация вице-министрі қызметтерін атқарған. Қазіргі қызметінде - 2009 жылдың 12 наурызынан.

«Құрмет» орденімен, «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10-жыл», «Астананың 10-жылдығы» мерейтойлық медальдарымен марапатталған.

МАМЫРДЫҢ 8-І, СЕНБІ

Екінші дүниежүзілік соғыс құрбандарын еске алуға арналған еске алу және бітістіру күндері (мамырдың 8-і мен 9-ы).

2004 жылғы қарашаның 22-інде Бас Ассамблея мамырдың 8-ін және 9-ын Екінші дүниежүзілік соғыстың құрбандарына арналған еске алу және бітістіру күнін жариялай отырып, БҰҰ-на мүше-мемлекеттерге, үкімет емес ұйымдарға, жеке тұлғаларға осы күнді Екінші дүниежүзілік соғыстың құрбандарының құрметіне жыл сайын лайықты түрде атап өтуіне ұсыныс жасады.

Дүниежүзілік Қызыл Жарты ай және Қызыл Крест күні. 1953 жылдан бастап, «Қызыл Крест» халықаралық қоғамының негізін қалаушы, швейцар гуманисі, қоғам қайраткері, Нобель сыйлығының иегері Анри Дюнанның құрметіне жыл сайын атап өтіледі. Ал қозғалыстың өзі 1863 жылы Жаралыларға көмек көрсету жөніндегі халықаралық комиссия құрылған кезде пайда болып, алғашында соғыс майдангерлеріне және ұрыс барысында жарақаттанғандарға көмек көрсететін болған. 1864 жылдың тамызында Швейцарияда қол қойылған конвенцияға сәйкес, дәрігерлер мен медицина қызметкерлерінің символы ретінде ақ фондағы Қызыл Крест алынған. 1906 жылы Осман империясында мұсылман елдерінің Қызыл Крестке ұқсас Қызыл Жарты ай қайырымдылық қоры құрылды. Осы екі қауымдастық та Женева қаласында штаб-пәтері орналасқан Халықаралық комитетке бағынышты. Әскери уақытта Комитет соғысушы елдермен және Қызыл Крест пен Қызыл Жарты ай аумақтық бөлімшелері арасында делдалық қызмет атқарады. Бұл ұйымның өкілдері тұтқындар мен босқындар лагерлері аймағына бөгетсіз өту құқықтары бар.

Бүгінгі таңда жоғарыда аталған екі қозғалыс әлемнің 180 еліндегі 400 миллионнан астам адамды біріктіреді. 2002 жылы Қазақстан Республикасының Қызыл Жарты ай ұлттық қоғамы құрылып, 2003 жылдың желтоқсан айында Қызыл Крест және Қызыл Жарты ай қоғамдары Халықаралық федерациясына қабылданды.

Дүниежүзілік әділетті сауда күні. Жыл сайын мамырдың екінші сенбісінде атап өтіледі, ал мамыр айы әділетті сауда айы деп есептеледі.

Бұл күн Дүниежүзілік әділетті сауда ұйымының (World Fair Trade Organization) басқаруымен өткізіледі, онда 70 мемлекеттен 350 өндіруші ұжымы әділетті сауда ұйымына қатысқаны туралы жариялайды.

Әділетті сауда - бұл таңбасы бар және таңбасы жоқ тауарларға байланысты халықаралық стандарттар мен қоғамдық саясатты пайдалануды жақтайтын қоғамдық қозғалыс. Дамымаған елдерден дамыған елдерге экспортталған тауарларға көп көңіл бөлінеді. Әділетті сауданың тауарлары мыналар: шәй, кофе, какао, банан, және де қол-өнер туындылары мен киім-кешек. Ең бастысы олар құлдық пен балалар еңбегін пайдаланбай өндірілуі керек.

Еуропа күні. 1950 жылы мамырдың 9-ында Парижде Франция сыртқы істер министрі Робер Шуман Франция, Германия және басқа еуропа елдерінің көмір және болат құятын өнеркәсіп салаларын (әскери техника өндіру негіздерін) біріктіріп, оны жаңа ұлттық құрылым басқармасына беруге шақырды. 1985 жылы Милан саммитінде Еуроодақ көшбасшылары Шуман Декларациясын мәңгі есте сақтауға шешім шығарып, жыл сайын мамырдың 9-ын «Еуропа күні» деп бекітті.

ОҚИҒАЛАР

45 жыл бұрын (1965) Байқоңыр ғарыш айлағы Ленин орденімен марапатталды.

17 жыл бұрын (1993) Алматының Республика алаңында тәуелсіз Қазақстан Республикасының ең алғашқы әскери шеруі болып өтті.

3 жыл бұрын (2007) Семейде Жоғарғы Ертiс өзені пароход шаруашылығының қызметi туралы және барлық тарихи айғақтар мен мәлiметтер жиналған ерекше басылым жарық көрді. Кітаптың авторы - Ұлы Отан Соғысының ардагері, пароход шаруашылығының қария қызметкері Николай Верещагин.

Мұндағы 1930-1990 жылдардағы пароход шаруашылығының құрылуынан бастап және оның қызметінің тоқталуына дейінгі қамтылған барлық деректер мұрағаттан алынған құжаттар мен суреттерге негізделген.

Кітап шығысқазақстандық су жолдары кәсіпорнының қолдауымен жарық көрді.

1 жыл бұрын (2009) Елордалық «Жастар» сарайында Памирдегі 1995 жылғы 7 сәуірдегі оқиға туралы әңгімелейтін «Қазбат» деректі фильмінің таныстырылымы болды.

«Ұжымдық қауіпсіздік туралы» 1992 жылғы 15 мамырдағы мемлекетаралық шартқа сәйкес ел басшылығы Қалайқұм қаласы аумағындағы тәжік-ауған учаскесіндегі ТМД-ның сыртқы шекарасын нығайту үшін Қазақстан Республикасының қосынды батальонының құрамында ІІМ Ішкі әскерлерінің қосынды ротасын жіберу туралы шешім қабылданған болатын. Ауысымды кесте бойынша осы кезең ішінде Ішкі әскерлер жедел құрамының бөлімшелерінен 20 қосынды рота жасақталды. 1995 жылғы 7 сәуірде Пшихавр шатқалында Ішкі әскерлер моджахедтермен ұрыста 17 жауынгерінен айырылды. Боздақтар Отанның және ТМД елдерінің мүддесін қорғау жолында опат болды.

Деректі фильмнің авторы қоюшы режиссер Рустам Одинаев. «Қазбат» фильмі ұрысқа тікелей қатысқан жауынгерлердің және әр жылдары тәжік-ауған шекарасында қызмет еткен әскери қызметшілердің естеліктері бойынша шынайы оқиғалардың негізінде жасалған.

Фильмнің таныстырылымы Жеңіс күні қарсаңында өтті, оның негізгі мақсаты - жастарға отансүйгіштік тәрбие беру. Шараға ардагерлер, әскери қызметшілер, қала тұрғындары мен қонақтары, қоғамдық ұйымдардың және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

1 жыл бұрын (2009) елордадағы Көктал тұрғын кентіндегі саябақта Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жауынгерлердің құрметіне орнатылған мемориалдық барельефтің салтанатты ашылуы болды. Ескі ескерткішке қашап жазылған С.М.Киров кеңшарынан майданға аттанып, қаза тапқан 74 жауынгердің есімі жаңа тақтаға толығымен көшірілді.

1 жыл бұрын (2009) «Жазушы» баспасынан Қазақстанның алғашқы мұнайшысы, мұнай-газ өндірісі реформаторының 100-жылдық мерейтойына арналған «Сафи Өтебаев» атты кітабы жарық көрді. Авторы - танымал журналист Нұрлыбек Сафин, Бақытжан Жұмалиева орыс тіліне тәржімалаған.

Сафи Өтебаев (1909-2007) - Қазақ ССР-нің ғылым мен техникасының еңбек сіңірген қайраткері, КСРО-ның Құрметті мұнайшысы, Қазақ КСР-нің Жоғарғы Кеңесінің депутаты, Ақтау, Атырау қалаларының және Атырау облысындағы Жылысой ауданының құрметті азаматы. Елімізде Кеңқияқ, Күлсары, Қаратон, Мұнайлы, Жетібай, Өзен және басқа да маңызды мұнай орындарының ашылуы және оның өндірісі Сафи Өтебаевтың атымен тығыз байланысты. Ленин, «Құрмет белгісі», 2-ші дәрежелі «Отан соғысы», «Еңбек Қызыл Ту», «Октябрь революциясы», «Отан», 2-ші дәрежелі «Барыс» ордендерімен, медалдармен және Құрмет грамоталарымен марапатталған.

«Сафи Өтебаев» кітабы «Қазақ мұнайының ардақтылары» сериясынан басып шығарылған.

1 жыл бұрын (2009) Ресей Федерациясының Президенті Дмитрий Медведевтің Жарлығымен еліміздің М.Лермонтов атындағы Мемлекеттік академиялық орыс театрының әртісі Владимир Толоконников Достық орденімен марапатталды.

Қазақстан Республикасының азаматы, М.Лермонтов атындағы Мемлекеттік академиялық орыс театрының әртісі Владимир Алексеевич Толоконниковтің театр және кинематография өнерін дамытуға, Қазақстан Республикасында орыс мәдениеті мен орыс тілін таратуға қосқан зор үлесі атап көрсетілген.

ЕСІМДЕР

70 жыл бұрын (1940) жазушы СӘМИТҰЛЫ Жақсылық дүниеге келді.

Қытай Халық Республикасында туған. Шыңжаң университетін бітірген.

1995 жылдан әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің оқытушысы болды.

Тұңғыш өлеңі «Алтай халқы» газетінде жарық көрді. «Атамекен», «Тау самалы», «Ақ тілек», «Ақ сәуле» повесть, әңгіме жинақтардың авторы.

«Атамекен» кітабына Қытай Халық Республикасының мемлекеттік сыйлығы берілген. Қазақстанда жазушының «Сергелдең» атты трилогиясы мен «Қытайдағы қазақтар» атты монографиясы басылып шықты.

МАМЫРДЫҢ 9-Ы, ЖЕКСЕНБІ

Жеңіс күні - Мемлекеттік мейрам. Кеңестер Одағы халқының 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күні.

Ұлы Отан соғысы жеңісінің 65 жылдық мерейтойы Қазақстан мен ТМД-да ғана емес, сонымен қатар одан тысқары жерлерде де кеңінен атап өтіледі. Жеңіс күні біздің бәрімізге ортақ - ақсақал ардагерлер, олардың балалары, немерелері мен шөберелері үшін ең басты, ең қымбат, шындығында халықтық мереке. Барлығымыз осы күні Ұлы Отан соғысының ерлік пен шерге толы сәттерін, қаза тапқандарды еске аламыз. Ең бастысы, осы жеңісті сыйлаған майдангерлерге шексіз алғысымызды білдіреміз.

ТМД мемлекет басшылары кеңесінің отырысында Ұлы Отан соғысының 65 жылдық мерейтойын атап өту және оған дайындық мәселелеріне қатысты негізгі іс-шаралар жоспарының жобасы қабылданған болатын. Баспасөз қызметінің хабарлауынша, аталған құжат Достастыққа қатысушы мемлекеттерде жоспарланған іс-шаралар кешенін есепке алады.

Ұлы Жеңістің 65-жылдығына арналған Мәскеудегі Қызыл алаңда өтетін салтанатты шеруге қазақтың 100-ге тарта жауынгері қатыспақ және еліміздің 32 соғыс ардагері арнайы шақыртылып отыр. Сондай-ақ, Ресейдің Тверь облысында әйгілі жүздеген ескерткіштер маңында 200 аса ұлт әскерлері және қазақстандық сарбаздар сап түзейтін болады. Мұнда 2005 жылдан бастап 140 қазақстандық әскери топ құрылған болатын.

«Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 65 жыл» мерейтойлық медалі бекітілді.

Бүкіләлемдік жыл құстары күні (мамырдың 9-ы мен 10-ы).

Құстар тіршілігі - бүкіл өсімдіктер мен жануарлардың биологиялық әр алуан саласындағы жағдайлар мен үрдістер туралы пікір түюге мүмкіндік беретін үлгілі көрсеткіш. Қоршаған ортаның өзгерістерін саралау жұмыстарын жүргізгенде құстарды бақылау ерекше маңызды, өйткені оларды іс жүзінде планетамыздың барлық экологиялық жүйесінен кездестіре аламыз.

Өздерінің жылдық өрістері барысында қоныс аударушы құстар көптеген елдер мен құрлықтарды асып өтеді, кейбіреулері тундрадан тропикке ұшып өтеді, сөйтіп, түрлі экологиялық жүйелер арасында байланыстырушы буын міндетін атқарады. Жыл құстарын және олардың тіршілік ету орындарын сақтау арқылы біз биоалуандықты кеңірек көлемде сақтап қала аламыз.

Бүкіләлемдік жыл құстары күні алғашқы рет төрт жыл бұрын Африка-еуразиялық жыл құстары келісімі (САЕВП) және Көші-қон жануарлары конвенциясы (КМЖ) хатшыларының бастауымен атап өткізілген, олардың есептеуі бойынша жоғары ақпарат беретін жаһандық кампанияны бастау керек, және де жыл құстарын қорғап сақтайтын міндетті адамдардың іс-қимылын шабыттандыру қажет.

Еуропа күні. 1950 жылы мамырдың 9-ында Парижде Франция сыртқы істер министрі Робер Шуман Франция, Германия және басқа еуропа елдерінің көмір және болат құятын өнеркәсіп салаларын (әскери техника өндіру негіздерін) біріктіріп, оны жаңа ұлттық құрылым басқармасына беруге шақырды. 1985 жылы Милан саммитінде Еуроодақ көшбасшылары Шуман Декларациясын мәңгі есте сақтауға шешім шығарып, жыл сайын мамырдың 9-ын «Еуропа күні» деп бекітті.

ОҚИҒАЛАР

3 жыл бұрын (2007) Жеңіс күні Семейден 70-километрлік жерде орналасқан Шаған стансасында Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне ескерткіш ашылды.

Монумент екі метрлік тақтадан жасалған, онда майданға атанғандардың аты және әскери тақырыптағы сурет қашаланып жазылған. Ұлы Отан соғысына осы бекеттің 90 тұрғыны қатысқан.

1 жыл бұрын (2009) Қазақстан, Қытай Халық Республикасы, Ресей және Тәжікстанның ең ірі жастар ұйымдары Шанхай ынтымақтастық ұйымының (ШЫҰ) Жастар кеңесі құрылтайының конференциясына қатысты.

Конференцияның қорытындысы бойынша ШЫҰ Жастар кеңесiн құру туралы декларацияға қол қойылды және 2009-2010 жылдардағы жұмыс жоспарлары бекітілді.

Шанхай ынтымақтастық ұйымы Жастар кеңесiн құру туралы шешiм қатысушы-елдердің жастар ұйымдарының кезектi кездесуiнде Санкт-Петерборда 2008 жылдың қазанында қабылданды.

Оның мақсаты Шанхай ынтымақтастық ұйыма мүше-мемлекеттердiң жас буын өкiлдерi арасындағы жан-жақты ынтымақтастыққа қолдау көрсету.

1 жыл бұрын (2009) Қарағандыда жаңа Жеңіс саябағы ашылды. Бұл саябақ Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің ұсынысы бойынша құрылды.

ЕСІМДЕР

55 жыл бұрын (1955) Қазақстан Республикасының Жер ресурстарын басқару жөніндегі агенттігінің жауапты хатшысы ИКРАНБЕКОВ Абай Зұбайырұлы дүниеге келді.

Оңтүстік Қазақстан облысында туған. Алматы халық шаруашылығы институтын бітірген.

Алматы қаласы бойынша Қазақстан Республикасы жер қатынастары және жерді қоныстандыратын мемлекеттік комитеті төрағасының орынбасары, Қазақстан Республикасы Премьер-министрі кеңсесінің ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс және аймақтық даму бөлімінің бас инспекторы қызметтерін атқарған. Қазіргі қызыметінде - 2007 жылдың 28 қазанынан.

«Ерен еңбегі үшін» медалімен және мерейтойлық медальдармен марапатталған.

45 жыл бұрын (1965) Қазақстан Республикасының Экономикалық даму және сауда министрі АЙТЖАНОВА Жанар Сейдахметқызы дүниеге келді.

Оңтүстік Қазақстан облысында туған. С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін (қазіргі әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті), Біріккен Вена институтын, Гарвард университетінің Дж.Кеннеди атындағы Мемлекеттік басқару мектебін (АҚШ) бітірген.

Қазақ мемлекеттік университеті және Мәскеу мемлекеттік университетінде тағылымдамадан өткен. БҰҰ-ның Қазақстан Республикасындағы Өкілдігінде бағдарламалар үйлестірушісі, Моңғолиядағы БҰҰ-ның үйлестірушісі және БҰҰ-ның Даму бағдарламасы Өкілінің көмекшісі, БҰҰ-ның Даму бағдарламасының Еуропа және ТМД өңірлік бюросының Орталық Азия елдері бөлімінің бағдарламалар жетекшісі, Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда вице-министрі, Қазақстан Республикасының Бүкіләлемдік Сауда Ұйымына кіруі жөніндегі келіссөздердегі Қазақстан Республикасының арнаулы өкілі қызметтерін атқарған. Қазіргі қызметінде - 2010 жылдың наурызынан.

«Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған.

Соңғы жаңалықтар