ҚазАқпарат-Анонс: Маусымның 22-сі мен 27-сі аралығындағы оқиғалардың күнтізбесі

Елбасы
Маусымның 22-сі күні Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Астана қаласының маңайын аралайды.
ҮКІМЕТ
Маусымның 22-сі күні сағат 10.00-де Үкімет отырысы болады.
Маусымның 22-сі күні Денсаулық сақтау министрлігінде «Денсаулық сақтаудың Ұлттық бірыңғай жүйесінің ары қарайғы дамуы» тақырыбында брифинг өтеді.
Маусымның 22-сі күні Ақордада ҚР Мемлекеттік хатшысы Сенім грамоталарын табыстайды.
Маусымның 22-сі күні Көлік және Коммуникация министрлігінде аталмыш ведомствоның Көлік қадағалау комитетінің кеңесі өтеді.
Маусымның 19-25-і аралығында ҚР Көлік және коммуникация министрлігі «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» транзиттік дәлізіне арналған баспасөз-турын өткізеді.
ҚОҒАМ
Маусымның 1-інен бастап елімізде жыл сайынғы «Скутер» шарасы басталып, ол шомылу маусымы аяқталғанға дейін жалғасады.
Маусымның 1-інен бастап «Қазкоммерцбанк» АҚ мемлекеттік бағдарлама бойынша "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры есебінен ипотекалық несиелеуді қайта қаржыландыруды жаңғыртады.
СПОРТ
Маусымның 22-сі мен 26-сы аралығында швейцариялық "Коловре" стадионында футболдан 17 жасқа дейінгі қыздар арасынан Еуро-2010 финалы өтеді.
Маусымның 11-і мен шілденің 11-і аралығында Оңтүстік Африка Республикасында футболдан Әлем чемпионаты өтуде.
АСТАНА
Маусымның 22-сі күні Астанада «Қазақстан - ядролық жарылысқа қарсы қозғалыстың көшбасшысы» атты фотокөрме өтеді.
Маусымның 21-і мен 26-сы аралығында ҚР Президентінің мәдениет орталығында "Мерейтой иелері" атты көрме өтеді.
Маусымның 22-сі күні «ҚазАқпарат ҰК» АҚ-ның баспасөз орталығында «Мектептерге алғашқы көмек» жобасының аяқталғанына арналған баспасөз конференция өтеді.
Маусымның 23-і күні «Radisson SAS» қонақүйінде Қазақстанның Кәсіпкерлер Конгресі өтеді.
АЛМАТЫ
Маусымның 22-сі күні Алматыдағы «Қаз жол» қонақүйінде ЕҚЫҰ Орталық-азиялық студенттер семинары өтеді.
Маусымның 22-сі күні Алматы әкімдігінде маусымның 22-сі - Ұлы Отан соғысының басталған күніне арналған «Бірлігіміз жарасқан» акциясы өтеті.
Маусымның 22-сі күні Алматыда Интернет қауіпсіздігі туралы баяндамаға қол қойылады.
Маусымның 22-сінде «Нұр Отан» партиясының «Нұрлы әлем» атты дөңгелек үстелі өтеді.
МАУСЫМНЫҢ 22-І, СЕЙСЕНБІ
ОҚИҒАЛАР
18 жыл бұрын (1992) Қазақстан мен Қытай арасында темір жол магистралі ашылып, «Жібек жолы» халықаралық жолаушылар пойызы Алматыдан Үрімжіге сапар шекті.
12 жыл бұрын (1998) Қытайда Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Абай туралы сөз» атты кітабы жарық көрді.
5 жыл бұрын (2005) Елбасы «Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Жапония Үкiметi арасындағы Техникалық ынтымақтастық туралы келiсiмдi бекiту туралы» Заңға қол қойды.
ЕСІМДЕР
80 жыл бұрын (1930-1999) мемлекет және қоғам қайраткері, Социалистiк Еңбек Ері ӘУЕЛБЕКОВ Еркін Нұржанұлы дүниеге келді.
Солтүстік Қазақстан облысында туған. Тимирязев атындағы Мәскеу ауылшаруашылық академиясын бітірген.
Солтүстік Қазақстан облысындағы совхоздың директоры, облыстық депутаттар кеңесі төрағасының бірінші орынбасары, төрағасы, Қазақ КСР Ауыл шаруашылығы министрінің бірінші орынбасары, Көкшетау және Торғай облыстық партия комитеттерінің бірінші хатшысы, Қызылорда облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы қызметтерін атқарған.
Ленин, Еңбек Қызыл Ту, Қазан көтерілісі ордендерімен және медальдармен марапатталған.
65 жыл бұрын (1945) актриса, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі ЖМЕРЕНЕЦКАЯ Нина Леонидовна дүниеге келді.
Молдова Республикасында туған. Кишинев мемлекеттік өнер институтын бітірген.
1969-1970 жылдары Санкт-Петербор музыкалық комедия театрында, Фрунзенің Республикалық драма театрында қызмет атқарған. 1971 жылдан - М.Ю.Лермонтов атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театрының әртісі.
Театр сахнасында Виктоша, Валя (А.Арбузовтың «Ескі Арбат ертігісі» және «Иркутск оқиғасында»), Лизка, Анфиса (Ф.Абрамов бойынша «Екі қыс бен үш жаз», «Үйінде»), Валентина (А.Вампиловтың «Чулимскдегі өткен жылғы жазында»), Наташа (А.Гельманның «Наедине со всеми»), Анна (А.Галин «Таңертеңгі аспандағы жұлдызында»), Пипа Заречная (А.Чеховтың «Шағаласында»), Людмила (А.Островский «Кешіккен махаббатында»), Гитель (У.Гибсонның «Двое на качелях»), Жанна (Ж.Ануяның «Бозторғайында») рөльдерін сомдаған.
«Мутанты», «Печать сатаны», «Пищеварский вальс», «Ангелочек», «Секер», «Перекресток» атты кинофильмдерде ойнаған.
Қазақ КСР Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты.
МАУСЫМНЫҢ 23-І, СӘРСЕНБІ
Қазақстан полициясы күні. 1992 жылғы маусымның 23-інде Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі «Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары туралы» Заң қабылдады. Бұл Қазақстан полициясының қызметі мен міндетін анықтайтын алғашқы құқықтық акт болатын. 2007 жылы маусымның 5-де Мемлекет Басшысы Нұрсұлтан Назарбаев өз Жарлығымен маусымның 23-ін Полиция күні деп бекітті.
Қазақстан полициясы күні - осы жауапты қызмтетті жолға қоюдың басы-қасында болғандарға, ардагерлерге және бүгінде осы қатарда еңбек етіп жүргендерге ризашылық пен алғыс сезімдерін білдіру күні. Сонымен қатар бұл күн бейбіт уақытта қазақстандықтардың тыныштығы мен қауіпсіздігі үшін өз өмірлерін құрбан еткендерге құрмет көрсету күні болып та саналады.
БҰҰ-ның Мемлекеттік қызмет күні. 2002 жылғы желтоқсанның 20-дағы БҰҰ Бас Ассамблеясының 57-ші сессиясы жыл сайын маусымның 23-де аталып өтетін БҰҰ-ның Мемлекеттік қызмет күнін жариялап, қарар қабылдады. БҰҰ осы күні даму үдерісіне мемлекеттік қызмет үлесін жария етер арнайы шаралар ұйымдастыруға шақырды.
Халықаралық Олимпиадалық жүгіру күні. Қазіргі Олимпиадалық қозғалыстың басшы органы - Халықаралық олимпиадалық комитеттің құрылған жылынан (1894 жылғы маусымның 23-і) бастап атап өтіледі.
ОҚИҒАЛАР
15 жыл бұрын (1995) Баку қаласында Абайдың 150 жылдығына арналған мерейтой өтті.
10 жыл бұрын (2000) Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында Қазақстанның бірінші Президенті Н.Ә.Назарбаевқа арналған «Жыл адамы» атты академиялық кітап көрмесі салтанатты түрде ашылды. Көрмеде Президент өмірін толық қамтитын отандық және шетелдік баспалардың мыңнан аса кітаптары қойылды. Сонымен қатар көрмеде Президенттің ғылыми шығармалары таныстырылды. Бұл бөлімде әлемнің көптеген тілдерінде жарық көрген кітаптары қойылды.
1 жыл бұрын (2009) Астанадағы Тәуелсіздік сарайында «Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев - тәуелсіз мемлекеттің негізін қалаушы» («Назарбаев Нурсултан Абишевич - основатель независимого государства») деп аталатын кітаптың таныстырылымы болды.
Кітаптың жобасын Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитеті Мемлекет тарихы институтының директоры, тарих ғылымдарының докторы Бүркітбай Аяғанның жетекшілік етуімен аталмыш институт ғалымдары дайындады.
Кітап Н.Әбішұлының өмірі мен қызметі, жай қарапайым ауылдың азаматынан әлемдік көлемдегі мемлекеттің көрнекті өкіліне дейін әйгілі болған дарынды тұлғаның өрлеу шыңынын жарқын үлгісі. Суреттермен көркемделген 248 беттік кітап орыс тілінде жарық көрді. Көптеген суреттер алғашқы рет жарияланған және алдағы уақытта туындының қазақ тіліндегі нұсқасы әзірленетін болады. Кітаптың құндылығы тәуелсіз Қазақстан тарихының көптеген деректері пайдаланылып, бірқатар құжаттардың түпнұсқасының қолданылуымен ерекшеленеді.
1 жыл бұрын (2009) Петропавлда Қазақстан полициясы күнi Солтүстiк Қазақстан облысының iшкi iстер департаментi ғимаратының алдында iшкi iстер органдарының қызметтiк мiндеттерiн орындау кезінде апатқа ұшыраған қызметкерлерге арналған ескерткiш салтанатты түрде ашылды.
Мемориал тақтасында әр түрлі жылдары, әр түрлі шендегі бірдей жағдайда қайтыс болған 8 адамның аттары ойылып жазылған.
ЕСІМДЕР
55 жыл бұрын (1955) актриса, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі ТӘШІМОВА Нұрзада Тұрсымбекқызы дүниеге келді.
Шымкент қаласында туған. Қазақ академиялық драма театры (Қазақ ұлттық өнер академиясы) жанындағы студияны бітірген.
1974-2005 жылдары М.Әуезов атындағы Қазақ академиялық драма театрының кұрамында болды. 2005 жылдан бастап Қ.Қуанышбаев атындағы Қазақ музыкалық-драма театрының құрамында еңбек етеді.
Театр сахнасында Нигара (С.Ахмадтың «Келіндер көтерілісінде»), Қарлығаш, Ажар (М.Әуезовтің «Қарақыпшақ Қобыландысы» мен «Абайында»), Шырын (Н.Хикметтің «Фархад - Шырынында»), Нәзиля (Д.Исабековтің «Әпкесінде») рөлдерін сомдаған. Сондай-ақ, «Абай» (Мағыш), «Беу, қыздар-ай!» (Айсұлу), «Шоқан Уәлиханов» (Фатима) телефильмдерінде ойнаған.
Гастрольдік сапармен Қазақстанның барлық облыс орталықтарында, алыс-жақын шет елдерде болып өнер көрсетті.
50 жыл бұрын (1960) экономика ғылымдарының кандидаты, Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі Атырау бөлімшесінің директоры ҚҰЛБАРАҚОВ Қозыбақ Әбуұлы дүниеге келді.
Қызылорда облысы Арал ауданында туған. Жамбыл жеңiл және тамақ өнеркәсiбi технологиялық институтын, Алматы халық шаруашылығы институтының аспирантурасын (Тұрар Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университеті) бітірген.
Облыстың халық шаруашылығы жедел басқару департаментiнің бас маманы, бас есепшінің орынбасары, бөлім бастығы, Атырау облыстық «Alem Bank Kazakhstan» басқармасының басшысы, облыс әкімі көмекшісі, Республикалық бюджеттiк банк облыстық басқармасының басшысы, қаржы мекемесiнiң облыстық басқармасы бастығының орынбасары, БҰҰ-ның даму бағдарламасының қолдауымен құрылған Атырау облысының тұрақты даму орталығының директоры, «АТФБ» ЖАҚ-ның Атыраудағы филиалының директоры, Атырау облыстық экономикалық басқарманың басшысы қызметтерін атқарған. Қазіргі қызметінде - 2001 жылдан.
МАУСЫМНЫҢ 24-І, БЕЙСЕНБІ
Шотландияның тәуелсіздік күні. 1314 жылғы маусымның 24-де шотландияның королі Роберт Брюс Баннокбернедегі шайқаста ағылшын королі ІІ Эдуардтың әскерін жеңіп, өз елінің тәуелсіздігін орнатты.
ОҚИҒАЛАР
10 жыл бұрын (2000) Алматыда Қазақстан мұсылмандарының үшінші құрылтайы болып өтті. Онда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы және бас мүфти болып Әбсаттар Дербісәлі қажы тағайындалды.
5 жыл бұрын (2005) Өскемендегі «АЗИЯ АВТО» көлік жинау зауытында Елбасы Н.Назарбаевтың қатысуымен «SKODA OKTAVIA» автокөлігін жинау жөніндегі конвейер желісін іске қосу салтанаты болып өтті.
1 жыл бұрын (2009) Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін әрі қарай жақсарту туралы» Жарлыққа қол қойды.
1 жыл бұрын (2009) «Қазақмыс» тобы Балқаш металлургия өндірісінің бағалы металдар цехында құйма күмістерді құю бойынша жаңа желіні іске қосты.
Бұл жоба «Қазақмыс» тобы инновациялық бағдарламалары аясында іске асырылды. Жаңа желіні орнатуға 625 мың АҚШ доллары мөлшерінде инвестиция тартылды. Бір құйманың салмағы халықаралық стандартқа сәйкес 1 000 унцийді немесе 31,1 килоны құрайды. Құйма күмістерді құю бойынша қондырғының өндірістік қуаты жылына 500-600 тоннаны құрайды.
ЕСІМДЕР
70 жыл бұрын (1940) ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым Академиясының корреспондент мүшесі ҚАСҚАБАСОВ Сейіт Асқарұлы дүниеге келді.
Шығыс Қазақстан облысында туған. Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін бітірген.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым Академиясы Әдебиет жөне өнер институтының ғылыми қызметкері, Қоғамдық ғылымдар бөлімшесінің ғылыми хатшысы, КСРО Ғылым Академиясы Әлем әдебиеті институтының аға ғылыми қызметкері, Қазақстан Республикасы Президенті Аппаратының қызметкері, Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинеті жанындағы Жоғары аттестация комиссиясының төрағасы, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті шығыстану факультетінің деканы қызметтерін атқарған. 2001 жылдан - Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым Академиясы Әдебиет және өнер институтының директоры.
Ғылыми-зерттеу еңбектері қазақ фольклорының теориясы мен тарихына, әдебиет пен өнер мәселелеріне, этнография мен ауыз әдебиеті мұраларының текстологиясына арналған. Қасқабасовтың мифология мен прозалық фольклордың шығу тегі мен даму жолдары, фольклордағы әр заман болмысының сипатталу ерекшеліктері, фольклордың көркемдік әдісі туралы теориялық ой-пікірлері мен тұжырымдары өзбек, татар, түрікмен, карақалпақ, башқұрт ғалымдарының зерттеулерінде қолдау тауып, негізге алынды. В.Радлов жинаған қазақ фольклоры үлгілері мен ақын-жыраулар шығармалары енген «Алтын сандық», «Ел қазынасы - ескі сөз» жинақтарын құрастырушылардың бірі. Жамбылдың орыс тіліндегі таңдамалы жинағының алғы сөзі мен түсініктерін жазып, құрастырған.
300 аса еңбектің, соның ішінде фольклор, әдебиет пен өнер бойынша 9 монографияның авторы.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының, Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым Академиясының Ш.Уәлиханов атындағы сыйлықтың, Жамбыл атындағы, Махамбет атындағы сыйлықтардың лауреаты.
70 жыл бұрын (1940) жазушы, драматург ИСМАИЛОВ Ораз дүниеге келді.
Алматы облысында туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бітірген. Талдықорған телерадио басқармасында, аудандық «Жетісу шұғыласы» газетінде редактордың орынбасары қызметтерін атқарған. 2004 жылдан - Қазақ гуманитарлық заң университеті ректорының кеңесшісі және айрықша тапсырмалар жөніндегі көмекшісі, мемлекеттік тілді ендіру және дамыту тобының жетекшісі.
«Наркескен», «Жетісуым - жаннатым менің», «Тарланбоз», «Ел жүрегіндегі Ескелді би», «Бақтыбайдың балалық шағы» туындылардың авторы.
«Астанаға 10 жыл» медалімен марапатталған.
МАУСЫМНЫҢ 25-І, ЖҰМА
Украина кеден қызметінің күні. 1991 жылғы маусымның 25-де Украинаның Жоғарғы Радасы Кеден ісі туралы Заңын қабылдаған күннен бастап жыл сайын атап өтіледі.
ОҚИҒАЛАР
14 жыл бұрын (1996) Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық университетіне Мұхтар Әуезов есімі берілді.
11 жыл бұрын (1999) Алматыдағы Ғалымдар үйінде 7-томдық «Қазақстан» ұлттық энциклопедиясының алғашқы томының тұсаукесер рәсімі болды.
5 жыл бұрын (2005) Фин шығанағы жағалауындағы Выборг портында қазақстандық «Алматы» екінші танкерін салтанатты қабылдап алу рәсімі өтті.
«Алматы» танкерінің негізі 2004 жылы сәуірдің 28-де Выборг кеме жасау зауытында қаланған болатын. Кеменің құрылысы 13 айға созылды. 2005 жылы мамыр айының соңында кеме Балтық теңізінде сынақтан өтіп, тапсырыс беруші «Қазтеңізтасымалфлоты» Ұлттық компаниясына табыс етілді.
Танкердің ұзындығы - 50 метр, ені - 17,3 метр, отыруы - 7 метр, борт биіктігі - 10,1 метр, жылдамдығы - 10 узел деп бекітілді.
Кеме Құмкөл тобы, Теңіз және Бозашы кеніштерінің мұнайын тасу үшін Ақтау-Махачкала, Ақтау-Баку бағыттары бойынша пайдаланылатын болады. Айына орта есеппен 7-8 рейс жасайтын танкер жылына 1 миллион тоннадан астам мұнай тасымалдамақ.
1 жыл бұрын (2009) Алматы қалалық поштамттың филателистиялық салонында «Ғарыш және астрономия» топтамасының екi көркем пошталық маркаларының тұсау кесер рәсімі өттi.
Жаңа маркаларда Мақсұтов телескобы және астрономиялық обсерватория бейнеленген.
Әрбiр марканың тиражы - 50000 дана, қалпы - 37 х37 мм. Маркалар Пекин пошта және телекоммуникация министрлігінің пошталық төлем таңбалары фабрикасында басып шығарылған. Николай Соколов ресімдеген.
Бұл Қазақстанның пошталық марка топтамасының 666-шы және 667-ші маркасы.
ЕСІМДЕР
105 жыл бұрын (1905-1980) Беларусь халық ақыны, Ғылым Академиясының академигі, Социалистiк Еңбек Ері, еңбек сіңірген ғылым қайраткері БРОВКА Петрусь Устинович дүниеге келді.
Беларус Республикасының Витебск облысында туған. Беларусь мемлекеттік университетін бітірген. Ұлы Отан соғысына қатысқан.
«Полымя» журналының редакторы, Белоруссия КСР Жазушылар одағы басқармасының төрағасы, Белоруссия кеңес энциклопедиясының бас редакторы қызметтерін атқарған.
«Годы как шторм», «Цеховые будни», «Дорога жизни», «Твердым шагом», «А дни идут...», «Дума о бессмертии» кітаптарының, Хлеб», «Всегда с Ле-ниным», «Голос сердца» поэмалардың, «Когда сливаются реки», «Михась Подгорный» либреттоның, «Девушка из Полесья» романының авторы.
Бровканың көптеген шығармалары қазақ және КСРО халықтарының, шет елдердің тілдеріне аударылған.
Үш мәрте Ленин, Қызыл Жұлдыз, «Құрмет Белгісі» ордендерімен және медальдармен марапатталған.
МАУСЫМНЫҢ 26-Ы, СЕНБІ
Халықаралық есірткілік заттарды шектен тыс пайдаланумен және олардың заңсыз айналымымен күрес күні. 1987 жылғы желтоқсанның 7-де БҰҰ Бас Ассамблеясы 42/112 қарар қабылдап, онда нашақорлықтан ерікті халықаралық қоғам құру мақсатына жету жолындағы іс-қимыл мен ынтымақтастықты күшейтуге табандылығын айғақтау белгісі ретінде маусымның 26-сын Халықаралық есірткілік заттарды шектен тыс пайдаланумен және олардың заңсыз айналымымен күрес күні тұрғысында атап өтуге қаулы қабылдады. Бұл шешім 1987 жылғы Халықаралық есірткілік заттарды шектен тыс пайдаланумен және олардың заңсыз айналымымен күрес конференциясының ұсынысы негізінде қабылданды.
Халықаралық азаптау құрбандарына қолдау көрсету күні. БҰҰ Бас Ассамблеясы 1997 жылғы желтоқсанның 12-гі арнайы қарарымен (№52/149) жариялаған. Экономикалық және Әлеуметтік Кеңес ұсынысы бойынша бекітілді.
БҰҰ қарарында айтылғандай, бұл халықаралық күн 1984 жылы қабылданып, 1987 жылғы маусымның 26-да күшіне енген «Азаптауға және адам абыройын кемсітетін өзге де қатыгез, рақымсыз немесе солардың басқа да түрлері мен соған сәйкес жазалаулар конвенциясының» азаптауды толықтай жою және тиімділігін қамтамасыз етуге бағытталған күн.
ОҚИҒАЛАР
18 жыл бұрын (1992) «Қазақстан» газетінің ағылшын тіліндегі бірінші саны жарық көрді.
14 жыл бұрын (1996) Тегранда Иран радиосының Қазақ редакциясы ресми түрде жұмыс істей бастады.
1 жыл бұрын (2009) Талдықорғанда «Ардагер» клубының жаңа ғимаратының тұсау кесер рәсімі өтті.
Клуб екі жыл бұрын Ұлы Отан соғысы және еңбек ардагерлері үшін құрылған. «Ардагер» өзінің бірінші күнгі қызметінен бастап жастарды әскери-патриоттық сезімге тәрбиелеу, әскери оқиғалар мерекелеріне, оқу орындарындағы кездесулерге арналған шараларды өткізеді.
ЕСІМДЕР
80 жыл бұрын (1930) әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық унивеситеті Мемлекет және құқық институтының директоры, заң ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасының Ұлттық Ғылым Академиясының академигі, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген заңгері, прокуратура қызметкері САПАРҒАЛИЕВ Ғайрат Сапарғалиұлы дүниеге келді.
Шығыс Қазақстан облысында туған. Саратов заң институтын бітірген.
1956-1992 жылдары - Қазақ КСР Ғылым академиясының қоғамдық ғылымдар бөлімшесінің кіші ғылыми қызметкері, ғылыми хатшысы, Философия және құқық институты директорының орынбасары, бөлім меңгерушісі. 1992-1994 жылдары - Абай атындағы Қазақ педагогикалық институты заң факультетінің деканы. 1995-2008 жылдары - Қазақ гуманитарлық заң университеті Мемлекет және құқық институтының директоры қызметтерін атқарған. Қазіргі қызметінде - 2009 жылдың қаңтарынан.
Ғайрат Сапарғалиев 1978 жылғы Қазақ КСР Конституцияның, 1993 және 1995 жылғы Қазақстан Республикасының Конституциялардың жобаларын жасаушылардың бірі, Қазақстан Республикасының көптеген маңызды заңдарын жазуға қатысқан. 2007 жылғы 18 мамырда Қазақстан Республикасы Парламентімен қабылданған «1995 жылғы Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгертулер және толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын дайындау жұмыс тобының мүшесі.
6 заң ғылымдарының докторы мен 40 астам заң ғылымдарының кандидатын дайындаған. 450 аса ғылыми еңбектердің авторы.
«Құрмет» орденімен, медальдармен марапатталған.
60 жыл бұрын (1950) экономика ғылымдарының докторы, Халықаралық Экология, адам және табиғат қауіпсіздігі Ғылымдары Академиясының академигі, Қазақстан Республикасы Әлеуметтік Ғылымдар Академиясының академигі, Қазақстан Республикасы Инженерлік академиясының корреспондент мүшесі, Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының құрметті профессоры СЕРІКБАЕВ Аманқұл Серікбайұлы дүниеге келді.
Оңтүстік Қазақстан облысының Ордабасы ауданында туған. П.Лумумба атындағы Халықтар достығы университетін бітірген.
Қазақ КСР Ғылым Академиясы Физика-математика ғылымдары бөлімінің ғылыми хатшысы, Қазақ КСР Ғылым Академиясы Алқасы бас ғылыми хатшысының орынбасары, Қазақстан Компартиясы ОК Идеология бөлімі меңгерушісінің орынбасары, Қазақстан Республикасы Президенті Аппараты мен Министрлер Кабинеті Ғылым және жаңа технологиялар жөніндегі бөлімінің меңгерушісі, Қазақстан Республикасының Ғылым мен техника жөніндегі жоғары консультативтік кеңесі төрағасының орынбасары, Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігі ішкі саясат бөлімі секторының меңгерушісі, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік қызмет академиясының ректоры, Қазақстан Республикасының Парламенті Аппараты ақпараттық-талдау орталығы меңгерушісінің орынбасары, Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің Аппараты ақпараттық-талдау орталығының меңгерушісі қызметтерін атқарған. 2007 жылдан - «Нұр Отан» ХДП Парламентаризм институты директорының орынбасары.
Ол мемлекеттік басқару және мемлекеттік қызмет саласындағы түрлі мәселелерге арналған 50-ден аса ғылыми еңбектердің авторы. 200-ден аса ғылыми, ақпараттық және оқу-әдістемелік еңбектері жарық көрді.
«Ерен еңбегі үшін», «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 10 жылдығы» медальдарымен марапатталған.
МАУСЫМНЫҢ 27-І, ЖЕКСЕНБІ
Баспасөз, теледидар және радио күні - журналистика күні. 2004 жылдан бастап маусым айының соңғы жексенбісінде атап өтіледі. Оған дейін аталмыш күн 1990 жылдардың басында қазақстандық парламент қабылдаған алғашқы бұқаралық ақпарат құралдары туралы заңның құрметіне орай маусымның 28-де атап өтілетін.
Дүниежүзілік балықшылар күні. 1984 жылдың шілде айынан бастап Римде өткен Балық аулауды бақылау және дамыту жөніндегі халықаралық конференцияның шешімі бойынша жыл сайын атап өтіледі.
ОҚИҒАЛАР
5 жыл бұрын (2005) Бүкіләлемдік кеден ұйымының Кеден ынтымақтастығы кеңесінің 105-ші және 106-шы сессиясында Қазақстан Бүкіләлемдік кеден ұйымы Саяси комиссиясының мүшесі болып сайланды.
Бүкіләлемдік кеден ұйымы Саяси комиссиясы 1978 жылы құрылды. Оның құрамына 17-ден аса Бүкіләлемдік кеден ұйымы белсенді мүше-мемлекеттер аймақтық негіз ретінде екі жылдық мерзімге сайланады. Бұл ұйым бүкіләлемдік кеден жүйесінің қызметі мен даму сұрақтарын қарайды: халықаралық конвенцияларды жаңарту және енгізу, кеден ісі саласындағы басқа да құқықтық құралдарын өңдейді.
3 жыл бұрын (2007) Алматыда «Домбыра» деп аталатын жаңа журнал жарық көрді. Ол қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде шығады. Музыка саласында қазақ тілінде алғаш рет шығып отырған бұл журнал ұлттық музыка өнерін, әдебиеті мен тарихын, философиясы мен психологиясын, педагогикасын насихаттаумен қатар, олардың рухани астарлары осы бір киелі аспап үнімен байланысты екенін айтуды көздейді. Басылымның бас редакторы - жас домбырашы, сазгер Жасарал Еңсепов.
1 жыл бұрын (2009) Парижде Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясы және Францияның Ұлттық әкімшілік мектебі арасында меморандумға қол қойылды.
Меморандумның мақсаты өзара ынтымақтастықта тәжiрибе алмасу, қайта даярлау және мемлекеттiк билiк, мемлекеттiк басқару және жергiлiктi өзiн-өзi басқарудың органдарға арналған кадрларының бiлiктiлiгiн жоғарылатуларымен шұғылданатын оқу орындардың оқу, әдiстемелiк, ғылыми және кадрлық қамтамасыз ету саласын қайта жаңғырту болып табылады.
ЕСІМДЕР
85 жыл бұрын (1925) жазушы ШІЛТЕРХАНОВ Әбдіһам дүниеге келді.
Оңтүстік Қазақстан облысының Ордабасы ауданында туған. Алматы ауыл-шаруашылық институтын (Қазақ ұлттық аграрлық университет) бітірген. Ұлы Отан соғысына қатысқан.
Бәйдібек ауданы мектебінің мұғалімі, аудандық партия комитетінің нұсқаушысы, Красная Нива ұжымшарының төрағасы, Отырар ауданындағы «Арыс» ұжымшарының директоры, ауданға тұрмыстық қажетті өтеу комбинатының директоры қызметтерін атқарған.
«Үш бәйтерек», «Ақ жалдың ақыры», «Аталы сөздер», «Саттар Ерубаев» атты кітаптардың авторы.
1-дәрежелі Отан соғысы орденімен, медальдармен марапатталған.
50 жыл бұрын (1960) жазушы ІЗІМҰЛЫ Мақсот дүниеге келді.
Атырау облысында туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бітірген.
Батыс Қазақстан облысы «Орал өңірі» газетінің, республикалық «Зерде» журналының, «Ана тілі» газетінің тілшісі, бөлім меңгерушісі, «Теміржолшы - Железнедорожник», «Аруана» газеттерінің және «Жалын» журналы бас редакторының орынбасары, бас редакторы, бөлім редакторы, «Қазақ энциклопедиясы» редакциясының бөлім меңгерушісі, «Арыс» баспасының бас редакторы қызметтерін атқарған. Қазіргі кезде «Аманат-ТТ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры.
Алғашқы өлеңдері 1973 жылы республикалық «Қазақстан пионері» газетінде жарияланған. «Аяқталмайтын әңгіме» атты кітаптың, «Бедеріндей кестенің» әңгіме-повесть жинақтарының авторы.