09:33, 10 Наурыз 2009 | GMT +5
ҚазАқпарат-Анонс: наурыздың 10-ы мен 15-і аралығындағы оқиғалардың күнтізбесі
None
ЕЛБАСЫНаурыздың 10-ы күні елордадағы Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Университеттердің еуразиялық ассоциациясының XI съезі өтедіҮКІМЕТНаурыздың 10-ында ҚР Үкіметінің отырысы өтеді. ПАРЛАМЕНТНаурыздың 10-ында Парламент Сенатының жалпы отырысы өтеді. ҚОҒАМЕлімізде 2009 жылғы ақпанның 17-сі мен шілденің 1-і аралығында шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін тексеруге мораторий жарияланды.ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ ӘЛЕМ
Наурыздың 11-12-сі күндері Астанадағы Тәуелсіздік сарайында «Еуразияның ғаламдық тәуекел жүйесіндегі экономикалық қауіпсіздігі» тақырыбында ІІ Астаналық экономикалық форум өтеді. Отырыста Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың, БҰҰ Бас хатшысының Орынбасары, БҰҰ Еуропалық экономикалық комиссиясының Жауапты хатшысы Ян Кубиштің, экономика саласындағы Нобель сыйлығының иегерлері профессор Эдмунд Фелпс және Роберт Манделлдің, Ислам Даму Банкінің президенті, доктор Ахмед Мохаммед Әли және Еуропалық қайта құру және даму банкінің бұрынғы президенті Жан Лемьердің қатысуы жоспарлануда.Наурыздың 10-ы мен 21-і аралығында елордада, Алматы, Шымкент, Қарағанды және Қостанай қалаларында Франкофония мерекесі өтеді. Франкофония аптасы аясында концерттер, әдеби оқылымдар, конкурстар өтіп, 5 қаланың кинотеатрларында фильмдер көрсетіледі. Сонымен бірге осы күндері «Padam» атты Францияның танымал тобы Қазақстан бойынша эксклюзивті концерттерін беріп, Швейцария жазушысы Коринна Бий шығармашылығына арналған конференция, франкофонияның 10 сөзі бойынша фотосурет байқауы ұйымдастырылады. Франкофония апталығын Франция альянсы мен Францияның, Канаданың, Швейцарияның және Бельгияның Қазақстандағы елшіліктері ұйымдастырып отырНаурыздың 11-мен 15-сі аралығында Берлинде (ГФР) «ІТВ-2009» Халықаралық туристік биржа өтеді. Форумға қатысатын қазақстандық делегация ҚР Туризм және спорт министрлігі, Қазақстан туристік қауымдастығы, Алматы, Павлодар облыстық және Астана, Алматы қалалық әкімдіктері, туристік компаниялар мен Мемлекеттік Ұлттық табиғи саябақтар өкілдерінен құралады деп жоспарлануда. Көрме ашылған алғашқы күні Германияның БАҚ өкілдері мен туристік операторлары үшін Қазақстанның туристік әлеуетінің таныстырылымы болады, мерекелік шараның соңы қазақстандық өнерпаздардың концертіне ұласады.
СПОРТ Наурыздың 12-сі мен 17-сі күндері Испанияда футболдан жасөспірімдер құрамалары арасындағы 2008/2009 жылғы Еуропа чемпионатының элиталы кезеңінің 2-ші тобының матчтары өтеді. Оған алдын-ала кезеңнің нәтижесі бойынша жолдамаға ие болған Қазақстанның жасөспірімдер құрамасы да қатысады. Қазақстан Футбол федерациясының мәліметінше, біздің команда Чехия, Испания, Бельгия командаларына қарсылас атанып отыр. Жарыс күнтізбесіне сәйкес, жерлестеріміз бірінші матчын наурыздың 12-де Чехиямен, 14-де Испаниямен, 17-де Бельгиямен өткізеді. Топтан бірінші орын алған құрама финалдық турнирдің жолдамасын иеленеді.
АСТАНАНаурыздың 10-ында «Алатау» спорт кешенінде «Agri Tek Astana-2009» халықаралық ауыл шаруашылығы көрмесі ашыладыНаурыздың 10-ында Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінде Университеттердің еуразиялық ассоциациясының XI съезі өтеді. Наурыздың 11-12-сі күндері «Еуразияның ғаламдық қауіп-қатер жүйесіндегі экономикалық қауіпсіздігі» тақырыбында ІІ Астаналық экономикалық форумы өтеді.АЛМАТЫ
Наурыздың 11-інде Алмалы ауданында жер сілкінісіне дайындық жаттығуы өтеді.
--------------------------------------------------------------------------------------------------
АТАУЛЫ КҮНДЕР, ЕЛЕУЛІ ОҚИҒАЛАРНАУРЫЗДЫҢ 10-Ы, СЕЙСЕНБІЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР77 жыл бұрын (1932) Ақтөбе облысы құрылды. Оның құрамына Орынбор, Қостанай, Қызылорда облыстарының бірқатар аудандары кірді. Ақтөбе облысы мол минералдық-шикізат базасын иеленіп жатыр. Облыс аумағында Қазақстанның көмірсутекті шикізатының (мұнай, газ және газ конденсаты) 10 % барланған қоры және болжамды ресурстарының 30 %, сондай-ақ, республикадағы жалпы қордан отандық хромның барлық қоры, никель ? 55 %, титан ? 40 %, фосфор ? 34 %, мырыш ? 4,7 %, мыс ? 3,6 %, алюминий ? 2 %, көмірдің ? 1,4 % жинақталған. Облыс орталығы ? Ақтөбе қаласы.67 жыл бұрын (1942) Қазақ академиялық драма театры сахнасында Ғ.Мүсіреповтың «Ақан сері ? Ақтоқты» трагедиясы алғаш рет қойылды. Премьера қазақ сахна өнеріндегі биік белес болып бағаланды. Ақан рөлін ? Ш.Айманов, Ақтоқты ? Ш.Жандарбекова, Науан хазірет - Қ.Бадыров, Жалмұқан ? Е.Өмірзақов, Қоңқай - С.Қожамқұлов, Мылқау балуанды ? Қ.Қуанышбаев ойнады. Бостандық пен әділет, махаббат пен өнер еркіндігі үшін күресті суреттейтін «Ақан сері ? Ақтоқты» трагедиясы 1958 жылы Мәскеуде өткен қазақ әдебиеті мен өнерінің онкүндігінде көрсетілу үшін «Ақын трагедиясы» деген атпен қайта қойылған. Аталмыш пьеса әр жылдары астаналық, облыстық, халық театрларының сахналарында сан мәрте қайталанып қойылып келеді.ЕСІМДЕР80 жыл бұрын (1929-1994) құқық қорғау жүйесін ұйымдастырушы, заң ғылымының кандидаты, 1-ші сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі, Қазақстанның еңбек сіңірген заңгері, КСРО Прокуратурасының құрметті қызметкері ЕЛЕМЕСОВ Ғалымжан Бажимұлы дүниеге келді.
Солтүстік Қазақстан облысының Айыртау ауданында туған. Алматы мемлекеттік заң институтын бітірген. 1953-1972 жылдары Республиканың прокуратура органдарында жауапты қызметтерде болған. 1972-1990 жылдары Қазақ КСР Прокуратурасының бөлім бастығы, КСРО Жоғарғы сотының мүшесі, Қазақ КСР Жоғарғы сотының төрағасы, Қазақ КСР-нің прокуроры қызметтерін атқарған. 1990-1994 жылдары Көкшетау облысы (қазіргі Ақмола) Бурабай табиғатты қорғау поркуроры болған. Ол сот жүйесі мен прокуратура органдарының жұмыстарын жетілдіруге үлес қосқан, ғылыми жұмыстармен айналысқан. Қазақ КСР Жоғарғы кеңесінің 10, 11-ші шақырылым депутаты болып сайланған.
«Халықтар достығы» орденімен, медальдармен, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталған.75 жыл бұрын (1934-1998) жазушы, филология ғылымының кандидаты ТІЛЕГЕНОВ Бекежан дүниеге келді.
Шығыс Қазақстан облысының Жарма ауданында туған. Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірген. Еңбек жолын «Лениншіл жас» республикалық газетінен бастаған. 1965 жылы партиялық жұмысқа ауысып, Алматы қалалық партия комитетінің үгіт және насихат бөлімінің нұсқаушысы болып қызмет атқарған. Одан кейін бірер жыл Қазақ КСР Ғылым академиясының М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтында ғылыми қызметкер болған. 1969 жылдан Қазақстан Коммунистік партиясы Орталық Комитетінің мәдениет бөлімінде нұсқаушы, әдебиет секторының меңгерушісі қызметін атқарған. 1975-1996 жылдары ? «Жұлдыз» журналының бас редакторы, Қазақстан Жазушылар одағының хатшысы, Қазақстан Республикасы Тіл комитетінің бөлім бастығы.
Оның «Таң нұры», «Көктем де ызғарлы», «Аққайнар», «Олар жазда кездесті», «Уақыт», «Атамекен», «Қара жел», «Тұйық өмірдің құпиясы», «Тауқымет», «Сексен алтыншы жыл», «Өмір-өзен», «Әдебиет - менің Отаным!», «Қас пен көздің арасында», т.б. шығармалары бар.
«Құрмет белгісі» орденімен марапатталған.45 жыл бұрын (1964-1986) 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісінің құрбаны СЫПАТАЕВ Ербол Мұқажанұлы дүниеге келді.
Алматы облысының Панфилов ауданында туған. 1985 жылы Алматыдағы энергетика институтына оқуға түсті. 1986 жылдың желтоқсанның 17-18-інде болған қазақ жастарының отаршылдық және әміршілдік жүйеге қарсы көтерілісіне белсене қатысты. Желтоқсанның 18-і күні ауыр жараланып ауруханаға түсіп, сонда қайтыс болды. Мәйітін ауылына Ішкі істер министрлігі мен Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері арнайы қарауылдап жеткізді. Қазақстан тәуелсіздік алған соң ғана Сыпатаев жөніндегі шындық айтыла бастады. Ол туралы баспасөз беттерінде, Желтоқсан көтерілісіне байланысты жарық көрген жинақтар мен кітаптарда жазылды. Жаркент қаласындағы бір көшеге, ауылындағы оқыған мектебіне Сыпатаевтың есімі берілді. 1999 жылы қабірінің басына ескерткіш-белгі орнатылды.НАУРЫЗДЫҢ 11-І, СӘРСЕНБІЛитва Республикасының мемлекеттік мейрамы ? Тәуелсіздік күні. 1991 жылғы қаңтардың 1-13-і аралығында Вильнюсте қайғылы оқиға болды. Кеңес әскерлері телеорталық ғимаратын басып алды. Осы қақтығыстан кейін Литва наурыздың 11-інде 1918 жылы жарияланған тәуелсіздігін қайта қалпына келтірді. КСРО Жоғарғы Кеңесі Литва Республикасын тәуелсіз деп жариялады.
Қазақстан Республикасы мен Литва Республика арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 1992 жылғы маусымның 15-інде орнатылды.ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР13 жыл бұрын (1996) Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтың «Қазақстан Республикасында ғылымды мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Жарлығы шықты.7 жыл бұрын (2002) Алматы қалалық құжаттар мұрағаты басқармасы мен Алмалы аудандық мұрағаты құрылды.ЕСІМДЕР35 жыл бұрын (1974) ақын, ҚР Жастар одағы сыйлығының лауреаты ШЕГЕБАЕВ Әлібек дүниеге келді.
Оңтүстік Қазақстан облысының Шардара ауданында туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген. 1997 жылы «Жалын» журналында жарияланған топтама жырлары үшін Т.Айбергенов атындағы сыйлықты иеленген. 2000 жылы «Жас ақындар жырларының антологиясына» жырлары енген. 2001 жылы «Отырар кітапханасы» сериясымен «Алакеуім» атты тұңғыш жыр жинағы, 2003 жылы «Әйнекке түскен сәуле» атты кезекті жыр жинағы жарық көрген. Қазір Қазақ радиосында қызмет істейді. Астана қаласында өткен жастардың 5-ші Халықаралық «Шабыт» фестивалінің лауреаты.
НАУРЫЗДЫҢ 12-І, БЕЙСЕНБІМаврикий мемлекетінің ұлттық мерекесі - Тәуелсіздік күні (1968) және Республика күні (1992). Маврикий Республикасы Үнді мұхитының батыс бөлігіндегі Маврикий аралы мен оның айналасындағы шағын аралдарда орналасқан мемлекет. Астанасы ? Порт-Луи қаласы. Ресми тілі ? ағылшын тілі. Ақша бірлігі ? маврикий рупийі. Маврикий аралына 1638 жылы голанддықтар келіп қоныстанған. 1721 жылы аралға Франция иелік етіп, Африкадан құлдар әкеле бастаған. Ал 1810 жылы Маврикий Ұлыбританияның қарамағына өткен. Ел 1968 жылы наурыздың 12-інде тәуелсіздікке қол жеткізген, бірақ толық тәуелсіздігін 1992 жылы наурыздың 12-інде ғана алды.Халықаралық бүйрек күні. Бүкіләлемдік Бүйрек Күні ISN (International Society of Nephrology, Халықаралық нефрологиялық қоғам) және IFKF (International Federation of Kidney Foundations, Бүйрек қорлары халықаралық федерациясы) бастамасымен жыл сайын, наурыздың екінші бейсенбісінде аталып өтеді.ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР10 жыл бұрын (1999) Каирдегі Қазақстан Республикасының Елшілігі орналасқан көшеге Абай есімі берілді.7 жыл бұрын (2002) Қазақстан Журналистерінің 1-ші конгресі өтті.ЕСІМДЕР65 жыл бұрын (1944) әділет генерал-майоры, заң ғылымының кандидаты, профессор, Қазақстан Республикасы прокуратурасының құрметті қызметкері, 3-ші сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі СЕМБИН Болат дүниеге келді.
Жамбыл облысының Сарысу ауданында туған. Қазақ мемлекеттік университетінің заң факультетін бітірген. 1981-1990 жылдары ? Торғай облысы прокурорының орынбасары, Қарағанды облысы прокурорының бірінші орынбасары, Торғай облысының прокуроры, Алматының көлік прокуроры. 1990-1997 жылдары ? Қазақстан Республикасы Бас прокурорының орынбасары, Қазақстанның көлік прокуроры. 1997-2000 жылдары ?Талдықорған облысының прокуроры, Алматы қалалық әділет басқармасының департамент директоры. 2000-2001 жылдары Еуразия университетінің Құқық институты директорының орынбасары, Қазақ мемлекеттік заң академиясының проректоры болған. 2001 жылдан Қазақ мемлекеттік заң университеті Ұлттық құқық және мемлекеттік қызмет институтының директоры, «Қазақ мемлекеттік заң университеті» акционерлік қоғамы Директорлар кеңесінің төрағасы болған. Қазіргі уақытта Қазақ мемлекеттік заң академиясының кафедра меңгерушісі болып қызмет істейді. 20-дан аса ғылыми жұмыстардың авторы.
«Құрмет белгісі» орденімен марапатталған.45 жыл бұрын (1964) Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, экономика ғылымының докторы ШӨКЕЕВ Өмірзақ Естайұлы дүниеге келді.
Оңтүстік Қазақстан облысының Түркістан қаласында туған. Мәскеу экономика-статистика институтын және аспирантурасын бітірген. 1988-1991 жылдары ? Қазақ КСР Жоспарлау комитеті жанындағы Жоспарлау және басқару процестерін автоматтандыру ғылыми-зерттеу институтының кіші ғылыми қызметкері, Экономика жөніндегі мемлекеттік комитет жанындағы Қазақ ғылыми-зерттеу институтының жетекші ғылыми қызметкері. 1992-1993 жылдары ? Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы жоғары экономикалық кеңестің кеңесшісі, Президенттің экономика жөніндегі кеңесшісі, Қазақстан Республикасы Президенті мен Министрлер Кабинеті аппаратының қаржы, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бөлімі меңгерушісінің орынбасары. 1993-1998 жылдары ? Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары, Қазақстан Республикасы Экономика министрі, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, «Банк Тұран Әлем» жабық акционерлік қоғамының басқарма төрағасы, Президент әкімшілігі басшысының орынбасары. 1998-2004 жылдары ? Қостанай облысының әкімі. 2004-2007 жылдары ? Астана қаласының әкімі, Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі. Қазіргі қызметінде 2007 жылдан бастап істейді.
Орден, медальдармен марапатталған.45 жыл бұрын (1964) балерина, Қазақстанның халық әртісі ТҮТКЕБАЕВА Гүлжан Ұсанбекқызы дүниеге келді.
Алматыда туған. Мәскеудің академиялық хореографиялық училищесін, Алматы театр және кино институтын бітірген. 1982 жылдан Қазақ академиялық опера және балет театры құрамында жетекші балерина ретінде қызмет етіп, Қарагөз (Ғ.Жұбанованың осы аттас балетінде), Қалыңдық (С.Еркімбеков «Мәңгі от»), Одетта-Одиллия (П.Чайковский «Аққу көлі»), Китри (Л.Минкус «Дон-Кихот»), Эгина (А.Хачатурян «Спартак»), Зарема (Б.Асафьев «Бақшасарай бұрқағы»), Жизель (А.Аданның осы аттас балетінде), т.б. партияларды биледі. 2002 жылдан Қазақ ұлттық өнер академиясында хореографиялық режиссура кафедрасының меңгерушісі қызметін атқарады. Қазақ академиялық опера және балет театры құрамымен Ресейдің, Өзбекстанның, Қытайдың қалаларында, 1991 жылы Мальтада, сондай-ақ 1990-1991 жылдары жеке өзі гастрольдік сапармен Санкт-Петербор, Екатеринбург, Мәскеу, т.б. қалаларда болды. Ол Халықаралық балет әртістері байқауларының 1989 жылы Мәскеудегі, 1990 жылы Варнадағы, АҚШ-тың Джексон қаласындағы дипломанты, 2-ші Халықаралық «Дәстүр жүлдесі» фестивалінің, «Дарын» сыйлығының лауреаты атанған.
НАУРЫЗДЫҢ 13-І, СЕНБІГренаданың ұлттық мерекесі ? Төңкеріс күні (1979). Гренада Кіші Антиль аралдар тобына жататын аралдар және Гренадина аралдар тобының оңтүстік бөлігінде орналасқан мемлекет. Астанасы ? Сент-Джорджес. Ресми тілі ? ағылшын тілі. Ақша бірлігі ? кариб доллары. 1984 жылы қабылданған Конституциясы бойынша Ұлыбритания Королевасы мемлекет басшысы болып саналады. Елді генерал-губернатор басқарады. Заң шығарушы органы ? екі палаталы (сенат және өкілдер) парламент. Атқару билігі Премьер-министр басқарған үкімет қолында.Тайландтың ұлттық символы - пілдер күні. Бұл күн пілдердің жоғалу алдында тұрғандығын есте сақтау мақсатында жыл сайын атап өтіледі.
ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР28 жыл бұрын (1981) Жамбыл облысының Қордай ауданындағы Кенен ауылында халық ақыны, әнші, композитор Кенен Әзірбаевтың әдеби-мемориалдық мұражайы ашылды. Мұражай залында ақынның шығармашылығын, өмір жолын сипаттайтын 961 экспонат қойылған. Ақынның 13 жасында жасалған домбыра, Жамбыл Жабаев сыйға тартқан күміс белдік мұражайдың құнды экспонаттары болып табылады.
8 жыл бұрын (2001) Алматыдағы Қазақ сәулет-құрылыс академиясы студенттер жатақханасында Халық қаһарманы Қайрат Рысқұлбековке ескерткіш тақта орнатылды. ЕСІМДЕР55 жыл бұрын (1954) заң ғылымының докторы ӘЛІБЕКОВ Сайлаубек Тынышбекұлы дүниеге келді.
Алматы қаласында туған. Қазақ мемлекеттік университетін бітірген. Қазақ КСР Министрлер Кеңесі Іс басқармасының аға референті, бас маманы болған. 1991-1994 жылдары ? Қазақстан Республикасы Президенті және Министрлер Кабинеті Аппаратының іс басқарушысының орынбасары, бірінші орынбасары, іс басқарушысы, бөлім меңгерушісінің орынбасары. 1995-1996 жылдары ? Қазақстан Республикасы Мемлекеттік мүлік комитетінің басқарма бастығы, Қазақстан Республикасы Кеден комитетінің басқарма бастығы. 1997-1999 жылдары ? «Әділет» жоғары құқық мектебінің аға оқытушысы, доценті. 1999 жылдан бастап Абылай хан атындағы Қазақ мемлекеттік халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің доценті, кафедра меңгерушісі, аға ғылыми қызметкері, профессоры болып істейді. Ғалымның 90-нан астам ғылыми жарияланымы жарық көрген.
55 жыл бұрын (1954) айтыс ақыны МҰШТАНОВА Дариға Ғазезқызы дүниеге келді.
Орал қаласында туған. Орал педагогикалық институтының филология факультетін бітірген. Еңбек жолын орта мектептің мұғалімі болып бастаған. Аудандық газет редакциясының тілшісі, аудандық партия комитетінің нұсқаушысы, аудандық атқару кеңесі төрағасының орынбасары, «Орал өңірі» газетінің тілшісі қызметтерін атқарған. Қазіргі таңда Теректі лингвистикалық гимназиясының директоры болып істейді. Ол 17 жасынан ақындар айтысына қатысып, облыстық, республикалық деңгейдегі өнер сайыстарына түскен. Ақынның бірнеше өлеңдер топтамасы мен әндері бар.55 жыл бұрын (1954) коньки тебу спортынан Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы АНДРЕЕНКО Борис Петрович дүниеге келді.
Павлодар педагогикалық институтының дене тәрбиесі факультетін бітірген. Ол КСРО, Қазақстанның құрама командаларын жаттықтырған. Андреенконың шәкірттері ? Л.Прокашева және Л.Пальмаш. Әлем чемпионатының бірнеше дүркін жеңімпазы Л.Прокашева 1998 жылы конькимен жүгіруден Нагано қаласында өткен қысқы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері атанған.
НАУРЫЗДЫҢ 14-І, СЕНБІХалықаралық өзен, су және өмір үшін бөгеттерге қарсы күрес күні. 1997 жылы наурызда Бразилияның Куритиба қаласында ірі бөгет құрылыстарын салуға қарсы бағытталған бірінші Халықаралық конференция өтті. Конференцияның шешімімен наурыздың 14-і Өзен, Су және Өмірді қорғау үшін бөгеттермен күрес күні деп бекітіліп, жыл сайын атап өтілетін болды.Андорра Княздігінің Конституция күні. Андорра ? оңтүстік-батыс Еуропада орналасқан мемлекет. Астанасы ? Андорра-ла Велья қаласы. 1278 жылдан бері Урхель епископы мен Француз президентінің тарихи қалыптасқан қос басшылығы сақталған.ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР15 жыл бұрын (1994) Қазақ мемлекеттік заң институты құрылды. 1996 жылы қарашада Қазақ мемлекеттік заң университетіне, ал 2000 жылы ақпанда Мемлекет және құқық институтымен бірігіп, Қазақ мемлекеттік заң академиясына айналды. 2001 жылы қазанда Қазақ гуманитарлық заң университеті болып қайта құрылды. 3 жыл бұрын (2006) Лондонда Қазақстанның алғашқы инаугурациялық инвестициялық саммиті өтті. Саммитті Американың Қазақстандағы сауда палатасының қолдауымен Қазақстан Республикасының Ұлыбританиядағы Елшілігі Британияның Adam Smith Cоnferences компаниясымен бірлесіп ұйымдастырған. Саммиттің мақсаты ? халықаралық ресми және іскер топтарға дамудың басым кластерлерін қоса алғандағы ҚР экономикасының барлық шешуші секторларындағы Қазақстанның жоспарларымен, міндеттерімен, даму стратегиясы және серпінімен танысуға мүмкіндік туғызу. ЕСІМДЕР80 жыл бұрын (1929) философия ғылымының докторы, профессор, Халықаралық ақпараттандыру академиясының академигі ҚАЗЫХАНОВА Бәтіш Рахымжанқызы дүниеге келді.
Семей қаласында туған. Қазақ мемлекеттік университетін, Қазақстан Ғылым академиясы Философия институтының аспирантурасын бітірген. Қазақ мемлекеттік университетінде, Шымкент педагогикалық институтында, Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтында педагогикалық қызметпен айналысқан. 1968 жылдан Алматы мемлекеттік консерваториясының кафедра меңгерушісі, профессоры болған.
Медальдармен, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталған.65 жыл бұрын (1944) диктор, тележурналист, КСРО телерадиосының үздігі, Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаты ӨТЕБАЕВ Тыныс Шындәулетұлы дүниеге келді.
Ташкент облысының Жоғарғы Шыршық ауданында туған. Ташкент электромеханика техникумын, Ташкенттегі Орыс тілі және әдебиеті институтын бітірген. Еңбек жолын Ташкент трактор жасау зауытында техник-электрик болып бастаған. 1967 жылы Өзбек радиосында диктор болып, тұңғыш қазақ бағдарламасы «Замандасты» ашуға ат салысты. 1971 жылдан «Қазақстан» телерадио комитетінің дикторы, бас редакторы, директоры, комитет төрағасының 1-ші орынбасары қызметтерін атқарды. 130 жыл бұрын (1879-1955) физик-теоретик, қазіргі физиканың негізін салушылардың бірі, Нобель сыйлығының иегері, КСРО Ғылым академиясының құрметті мүшесі ЭЙНШТЕЙН Алберт дүниеге келді.
Германияның Ульм қаласында туған. Цюрихтегі политехникумды бітірген. 1902-1909 жылдары орта мектепте мұғалім, патент бюросында эксперт болып қызмет атқарды. 1909-1913 жылдары Цюрих университетінде, Прагадағы Неміс университетінде, Цюрихтегі политехникумда профессор болды. 1913-1933 жылдары Пруссия Ғылым академиясына сайланғаннан кейін Берлинде тұрды. 1933 жылдан өмірінің соңына дейін Америка Құрама Штаттарының Пристондағы Іргелі зерттеулер институтының профессоры болып жұмыс атқарды.
Эйнштейннің ғылымдағы басты еңбегі ? салыстырмалық теориясы. Бұл теорияның жасалу нәтижесінде кеңістіктің, уақыттың және тартылыстың жаңа қасиеттері ашылды. Олардың бір-бірімен байланыста болатындығы дәлелденді. Салыстырмалық теориясы жарық жылдамдығына жуық жылдамдылықпен қозғалатын нысандар мен күшті тартылыс өрісінде өтетін процестерді зерттеу үшін қолданылатын теориялық негіз болды. Эйнштейн жарықтың кванттық теориясы, кездейсоқ процестер теориясы, магнетизм тағы басқа салалар бойынша да маңызды жаңалықтар ашып, зерттеулер жүргізді. Эйнштейннің салыстырмалылық теориясының тұжырымдарын сол кезде кейбір ғалымдар мойындамағанымен, қазіргі кезде ол жалпы жұртшылық мойындаған ілімге айналды.
НАУРЫЗДЫҢ 15-І, ЖЕКСЕНБІВенгрия Республикасының Ұлттық мейрамы ? 1848-1849 жылдардағы Буржуазиялық-демократиялық революцияның басталуы. Еуропаның орталығында орналасқан мемлекет. Астанасы ? Будапешт. Мемлекеттік тілі ? венгр (мадьяр) тілі. Ақша бірлігі ? форинт. Венгрия парламенттік республика. Елді Президент басқарады. Заң шығарушы органы бір палаталы Мемлекеттік жиналыс. Атқарушы билікті Мемлекеттік жиналыс құрамындағы әр түрлі партия өкілдерінен құралған үкімет жүргізеді.
Қазақстан Республикасы мен Венгрия Республикасы арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 1992 жылғы наурыздың 24-де орнатылды.Бүкіләлемдік тұтынушы құқы күні. 1961 жылғы жылғы наурыздың 15-де болған АҚШ Конгресінде Джон Ф.Кеннеди сөз сөйлеп, тұтынушының негізгі төрт құқын атап өтті: 1. Қауіпсіздігін сақтау құқығы, 2. Таңдау құқығы, 3. Тауар сапасы, 4. Сөзін тыңдату құқығы. Әлемдегі барлық тұтынушы құқын қорғау қоғамдары бұл сөздерді манифест ретінде қабылдады.Беларус Республикасының Конституция күні. 1994 жылы Беларус Республикасының Жоғарғы Кеңесі елдің жаңа негізгі заңын қабылдады. 1996 жылғы қарашаның 24-дегі халықтық референдум нәтижесінде БР Конституциясына өзгертулер мен толықтырулар енгізілді. Беларус Республикасы Шығыс Еуропа жазығындағы Днепр, Батыс Двина мен Неман өзендерінің аңғарларын алып жатқан мемлекет. Астанасы ? Минск. Мемлекеттік тілі ? беларус тілі. Ақша бірлігі ? рубль. Діні ? православие. Мемлекет басшысы ? Президент. Жоғары заң шығарушы органы ? екі палаталы Парламент. Ол төменгі (өкілдер кеңесі) және жоғарғы (Республика Кеңесі) палатадан тұрады.
Қазақстан Республикасы мен Беларус Республикасы арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 1992 жылғы қыркүйектің 16-сында орнатылды.ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР10 жыл бұрын (1999) Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «ҚР мемлекеттік құпияларын қорғау жөніндегі агенттігі туралы» Жарлығы жарық көрді.7 жыл бұрын (2002) Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен активтері 3,3 млрд долларға бағаланған ірі акционерлік қоғамдардың бірі «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ құрылды. ЕСІМДЕР95 жыл бұрын (1914-1995) мемлекет және қоғам қайраткері ДАЙЫРОВ Мұзаппар дүниеге келді.
Саратов қаржы-жоспарлау техникумын, Қазақстан Компартиясы ОК жанындағы Коммунистік ауыл шаруашылығы мектебін, Қазақ мемлекеттік университетін бітірген. Батыс Қазақстан облыстық партия комитеті бөлім меңгерушісінің орынбасары, Жаңақала аудандық партия комитетінің хатшысы, бірінші хатшысы, Орда аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Төралқасының хатшысы, Ақмола облыстық партия комитетінің хатшысы, екінші хатшысы, Павлодар облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы, Солтүстік Қазақстан облыстық партия комитетінің екінші хатшысы, Семей облыстық атқару комитетінің төрағасы, Қазақ КСР-нің Дайындау министрі қызметтерін атқарған. Бірнеше мәрте Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты болып сайланған.
«Ленин», «Қазан төңкерісі», 2-ші дәрежелі «Отан соғысы», төрт мәрте «Еңбек Қызыл Ту», «Халықтар достығы», екі мәрте «Құрмет белгісі» ордендерімен, медальдармен марапатталған. 60 жыл бұрын (1949) ақын МҰҚАТОВ Нағашыбай дүниеге келді.
Қостанай облысының Жангелдин ауданында туған. Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітіріп, Жангелдин аудандық газетінде әдеби қызметкер, Торғай, Қостанай облыстық радиоларында редактор, Қазақ радиосының Торғай облысындағы меншікті тілшісі, Қостанай теледидарының бас редакторы қызметтерін атқарған. Аудандық, облыстық ақындар айтыстарына қатысып, бірнеше мәрте жеңімпаз болған. 1972 жылы Шымкент қаласында тұңғыш жас ақындар фестиваліне қатысқан. Әр жылдары жарық көрген «Сөйле, жүрек», «Айналайын адамдар», «Ақбұлақ» өлеңдер, «Жанымның жасыл жапырақтары» атты лирикалық, «Күлкім келеді» сатиралық кітаптардың авторы. 55 жыл бұрын (1954) Ақмола облысы Астрахан ауданының әкімі, мал дәрігерлік ғылымдарының кандидаты ӘКІМОВ Рашит Қайыржанұлы дүниеге келді.
Павлодар облысында туған. Целиноград ауыл шаруашылығы институтын, «Фемида» заң академиясын, Витебск мал дәрігерлік институтының аспирантурасын бітірген. 1993-1994 жылдары Ақмола облысының Целиноград аудандық әкімдігі басшысының орынбасары. 1994-1997 жылдары ? «Нұра» акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы. 1997-2007 жылдары Ақмола облысының Целиноград, Щуче аудандарының, Көкшетау қаласының әкімі болған. Қазіргі қызметінде 2007 жылдан бастап істейді.
«Құрмет» орденімен, медальдармен марапатталған.45 жыл бұрын (1964-1991) әйгілі көкпаршы, аударыспақшы БЕКБАСОВ Серікхан дүниеге келді.
Оңтүстік Қазақстан облысының Түлкібас ауданында туған. 1987-1991 жылдары Тбилисиде, Киевте, Краснодарда, Пятигорскіде өткен ойындардың бәрінде де аударыспақтан КСРО-ның абсолюттік чемпионы болды. Қазақстан құрама сапында көкпардан Бүкілодақтық ойындардың бірнеше дүркін жүлдегері атанды. Серікхан Бекбасовтың шеберлігіне таң қалған халық оны «көкпардың Пелесі» деп атады.