ҚазАқпарат-Анонс: наурыздың 2-cі мен 9-ы аралығындағы оқиғалардың күнтізбесі

None
None
None
ҮКІМЕТ Наурыздың 2-сінде Үкіметтің селекторлық кеңесі өтеді. Наурыздың 2-сінде Ішкі істер және Сыртқы істер министрліктерінде апта сайынғы брифингтер өтеді. Наурыздың 2-сінде Статистика агенттігінде «Халық санағының кезекті күнінің қорытындысына арналған» брифинг өтеді. ПАРЛАМЕНТ Наурыздың 3-інде ҚР Парламенті Мәжілісінде «Қазақстан Республикасында халықты жұмыспен қамтудың өзекті мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел өтеді. Дөңгелек үстелді «Нұр Отан» ХДП фракциясы жанындағы еңбек, халықты әлеуметтік қорғау және көші-қон әлеуметтік кеңесінің жұмыс тобы өткізгелі отыр. ҚОҒАМ2009 жылғы ақпанның 25-і мен наурыздың 6-сы аралығында Қазақстан Республикасында Ұлттық халық санағы өткізіледі. Елімізде 2009 жылғы ақпанның 17-сі мен шілденің 1-і аралығында шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін тексеруге мораторий жарияланды.Наурыздың 1-3-і күндері ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Бақыт Сұлтановтың Француз Республикасына жұмыс сапары өтеді. Наурыздың 2-сінде Парижде экономикалық ынтымақтастық жөніндегі қазақстан-француз үкіметаралық комиссиясының VIII отырысы өтеді, Б. Сұлтанов ? осы комиссияның тең төрағасы. Француз жағынан тең төраға ? Сыртқы сауда жөніндегі мемлекеттік хатшы Анн-Мари Идрак.АСТАНААқпанның 2-сінде Қазақтың Мемлекеттік заң университетінде «Қазақстанның жоғары оқу орындарының үздік оқытушысы» конкурсының жеңімпаздарына гранттар табыс ету рәсімі өтеді. АЛМАТЫ Наурыздың 3-інде ҚР еңбек сіңірген әртісі Майра Ілиясованың «Жан анам» деп аталатын авторлық ән кеші өтеді. Оны Алматы қаласының әкімдігі мен «Қазақстан» ұлттық телерадиокорпорациясының қолдауымен «Майра» продюсерлік орталығы ұйымдастырып отыр. Өнер жұлдыздарының қатысуымен өтетін бұл шараны «Жігіттер» квартеті жүргізбек.АЙМАҚСОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНаурыздың 2-сінде Петропавл қаласында «Нұр Отан» ХДП-ның Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысы өтеді. Саяси кеңестің отырысы партияның 10 жылдық мерейтойына арналып отыр. Жиынға филиал төрағасы, облыс әкімі Серік Біләлов пен облыстық ұйымның негізін қалаушы азаматтар қатысады. -------------------------------------------------------------------------------------------------- АТАУЛЫ КҮНДЕР, ЕЛЕУЛІ ОҚИҒАЛАРНАУРЫЗДЫҢ 2-І, ДҮЙСЕНБІЛивиядағы көшіру күні. 1970 жылы ел аумағын ағылшынның соңғы әскери бөлімшесі тастап шықты.ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР17 жыл бұрын (1992) БҰҰ Бас Ассамблеясының 46-шы сессиясының пленарлық мәжілісінде Қазақстан Республикасы Біріккен Ұлттар Ұйымына мүшелікке кірді. Шешім дауысқа салынбай, бірауыздан мақұлдау негізінде қабылданды. Қазақстан Республикасы БҰҰ-ға мүшелікке қабылданғаннан кейін, бірден Тынық мұхит және Азия аймақтары Экономикалық және Әлеуметтік Комиссияның мүшелігіне өтті.ЕСІМДЕР60 жыл бұрын (1949) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің комитет төрағасы АХМЕТОВ Серік Баужанұлы дүниеге келді. Солтүстік Қазақстан облысында туған. Қазақ политехникалық институтын бітірген. Еңбек жолын Петропавл ауыр машина жасау зауытының инженері болып бастаған. Әскери борышын өтеп келгеннен кейін ұлттық қауіпсіздік органдарында жұмыс істеген. 1993-1997 жылдары ? Қазақстан Республикасы Үкіметі жанындағы Ақпаратты қорғау жөніндегі мемлекеттік техникалық комиссия төрағасының орынбасары. 1997-1999 жылдары ? Қазақстан Республикасы Президенті Күзет қызметінің бөлімше бастығы. 1999-2002 жылдары Қазақстан Республикасы Мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі агенттіктің төрағасы болған.60 жыл бұрын (1949) суретші, Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі ТАСТАЕВ Абат дүниеге келді. Батыс Қазақстан облысында туған. Алматы көркемсурет училищесін, Мәскеу көркемсурет институтын бітірген. Ол монументалшы, сыршырайшы және кескіндемеші ретінде Алматы қаласындағы, Батыс Қазақстандағы мекеме, ұйымдардың ғимараттарын, белгілі жазушылардың кітаптарын безендірді. 1990 жылы арнайы тапсырмамен Қазақстан Суретшілер одағының Батыс Қазақстандағы бөлімшесін ашу үшін Орал қаласына қоныс аударды. 2001 жылы қылқалам шеберінің жеке көркемсурет галареясы ашылды. 40 жыл бұрын (1969) ҚР Премьер-Министрінің Кеңсесі жетекшісінің орынбасары, саясаттану ғылымының кандидаты, Қазақстан Республикасы Саясаттану ғылымдары академиясының академигі БАБАҚҰМАРОВ Ержан Жалбақұлы дүниеге келді. Алматы облысында туған. Қазақ мемлекеттік университетін және аспирантурасын бітірген. Қазақстан даму институтының бөлім меңгерушісі, Саяси зерттеулер орталығының директоры, Алматы қаласы әкімдігі аппаратының бас маманы қызметтерін атқарған. 1996-2006 жылдары ? Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің аға референті, консультанты, сектор меңгерушісі, бөлім меңгерушісінің орынбасары, Ішкі саясат басқармасы Ақпараттық-сараптамалық орталығының меңгерушісі. 2006-2008 жылдары Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт вице-министрі, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің жауапты хатшысы болған. Қазіргі қызметінде 2008 жылдан бастап істейді. 50-ден астам ғылыми жарияланымның авторы. НАУРЫЗДЫҢ 3-І, СЕЙСЕНБІЖазушылардың дүниежүзілік күні. Халықаралық Пен-клубтың 48-ші конгресінің шешімі негізінде атап өтіледі. Клуб 1921 жылы құрылған. Ұйымның атауы ағылшынның poets ? ақындар, essayists ? очеркшілер, novelists ? романшылар сөздерінің бастапқы әріптерінен құрылған. Сонымен қатар pen сөзі ағылшын тілінен аударғанда «қаламсап» деген мағына береді. Ұйым атауы ағылшындық жазушы Кэтрин Эми Доусон-Скоттқа тиесілі. ПЕН-клубтың алғашқы президенті ? Джон Голсуорси. 1923 жылы Лондонда ПЕН-клубтың алғашқы халықаралық конгресі өтті. Аталмыш уақытта ПЕН-орталық әлемнің 11 елінде бар болатын. Бүгінгі таңда олар әлемнің 140 елінде, оның ішінде Қазақстанда да бар. ПЕН-клуб ? халықаралық жазушылар бірлестігі, оның Хартиясында «әр елдің ішіндегі және барлық елдер арасындағы ақпарат бостандығы принциптерін қорғауға жақтасу» деп көрсетілген. Марокко Корольдігінің ұлттық мейрамы ? Патша тағы күні. V Мұхаммед қайтыс болғаннан кейін оның ұлы ІІ Хасан 1961 жылғы наурыздың 3-де король тағына отырды. ІІ Хасан өзінің сарабдал саясаткер екендігін көрсете білді. Негізгі саяси мақсаты ? отарлау заманында бөлшектеніп кеткен жерлерді қайтарып, елдің аймақтық бірлігін сақтау, сонымен бірге, араб-израиль қарым-қатынасын жолға қою болды. Соның арқасында Марокко тұрақтылық аралы болып отыр. Қазақстан Республикасы мен Марокко Корольдігінің арасында дипломатиялық қарым-қатынас 1992 жылғы мамырдың 28-де орнатылды.Болгария Республикасының ұлттық мейрамы ? Болгарияның османдық езгіден азаттық алған күні (1878). 1877-1878 жылдардағы орыс-түрік соғысында Ресейдің жеңіп шығуы Балқандағы кейбір мемлекеттердің, соның ішінде Болгарияның тәуелсіздікке жетуіне қолайлы жағдай туғызды. 1878 жылғы наурыздың 3-інде Сан-Стефан бітім шартына қол қойылды. Болгарлар бұл соғысты бостандық соғысы, ал орыс патшасы ІІ Александрді ? азат етуші деп атайды. Жыл сайын мереке Софиядағы Александр Невский шіркеуінде құлшылық етуден басталады. Сосын әскери шеру өткізіліп, шіркеу босағасына гүл шоқтары қойылады. Қазақстан Республикасы мен Болгария Республикасы арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 1992 жылғы маусымның 5-де орнатылды. Судан Республикасының ұлттық бірлігі күні. Судан Африканың солтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан Африка құрлығындағы ірі мемлекеттердің бірі. Астанасы ? Хартум қаласы. Мемлекеттік тілі ? араб тілі. Ақша бірлігі ? судан динары. Мемлекеттік құрылымы - әскери тәртіп. Мемлекет және үкімет басшысы ? генерал. ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР14 жыл бұрын (1995) Түрікменстанның Дашховуз қаласында Орталық Азия мемлекеттері басшыларының Арал проблемалары жөніндегі кеңесі өтті.ЕСІМДЕР100 жыл бұрын (1909-2001) Қазақстанның еңбек сіңірген энергетигі, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты БАТУРОВ Тимофей Иванович дүниеге келді. Ресейде туған. Дон политехникалық институтын бітірген. 1945-1962 жылдары «Алтайэнерго» тресінің бас инженері, басқарушысы қызметтерін атқарған. 1962-1980 жылдары Қазақ КСР Энергетика және электрлендіру министрі болған. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің 6-шы және 10-шы шақырылымының депутаты болып сайланған. «Ленин», «Қазан төңкерісі», екі мәрте «Еңбек Қызыл Ту» ордендерімен, медальдармен Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталған.95 жыл бұрын (1914-2001) актриса, әнші, Қазақстанның халық әртісі ЛИ Хам Дек дүниеге келді. Ресейде туған. 1934 жылдан Қазақстандағы қазіргі Республикалық корей музыкалық комедия театрының актрисасы болып қызмет етті. Осы театрда 1935 жылы орындаған алғашқы елеулі рөлі ? Ли Ден Ним мен Ен Сен Неннің «Чун Хяы деген қыз туралы аңыз» спектакліндегі басты тұлға. Бұдан кейін ол көбіне корей авторлары пьесаларында аналар бейнесінің галереясын жасады. Ал Баян, Еңлік (Ғ.Мүсірепов «Қозы Көрпеш - Баян сұлу», М.Әуезовтің «Еңлік ? Кебек») секілді рөлдерді орындауда актрисаның лирика-поэзиялық дарын табиғаты жан-жақты ашылды. Ол шығармашылық тәжірибе алмасу ретінде Беатриче рөлін (К.Гольдоний «Екі мырзаға бір қызметкер») қазақ актерлерімен бірге Жамбыл облыстық драма театры сахнасында ойнады. Оның сахналық ойыны көрермендерін баурап алар тартымдылығымен, шынайы сезімімен әрі эмоциялық бояуы молдығымен ерекшеленді. Актриса есімі корей халқының байырғы әндерін («Қарлығаш әні», «Көктем туралы ән», т.б.) орындаумен де танымал болды. 1987 жылдан киноға түскен. «Құрмет белгісі» орденімен және медальдармен марапатталған.70 жыл бұрын (1939-1980) суретші-график, Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі СМАҒҰЛОВ Әлімхан дүниеге келді. Алматы облысының Жамбыл ауданында туған. Алматы көркемсурет училищесін, Мәскеу полиграфия институтын бітірген. Өмірінің соңына дейін «Жазушы» баспасында суретші болып еңбек еткен. Ә.Смағұлов республикалық кітап өнерінің қорына өзіндік өшпес қолтаңба қалдырды. 1979 жылы Бүкілодақтық «Кітап өнері» конкурсында қылқалам шеберінің «Ақсауыт» батырлар жыры жинағына жасалған иллюстрациясы арнайы дипломмен марапатталды. Суретшінің шығармалары екі рет халықаралық көрмеге қатысты. 1984 жылы Алматыда жеке көрмесі өтті. 50 жыл бұрын (1959) Rompetrol мұнай компаниясы бас директорының орынбасары МЕРАЛИЕВ Садуақас Аташұлы дүниеге келді. Атырау облысында туған. И.Губкин атындағы Мәскеу мұнай және газ институтын, Бүкілодақтық қаржы-экономика институтын бітірген. Атырау мұнай өңдеу зауытында аға инженер, цех бастығының орынбасары, бастығы қызметтерін атқарған. 1994-1996 жылдары ? Қазақстан Республикасы Мұнай және газ өнеркәсібі министрлігінің Бас өндірістік басқармасы бастығының орынбасары. 1996-1997 жылдары ? «Павлодар мұнай химия зауыты» акционерлік қоғамының бас директоры. 1998-2001 жылдары ? «Теңізшевройл» біріккен кәсіпорнының өндіріс жөніндегі бас менеджерінің кеңесшісі, басқарма бастығы. 2002 жылдан «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-ның атқарушы директоры болған. Қазіргі таңда Румыниядағы Rompetrol мұнай компаниясы бас директорының орынбасары қызметін атқарады. НАУРЫЗДЫҢ 4-І, СЕНБІАҚШ-тың мемлекеттік мейрамы ? Конституция күні. АҚШ Конституциясы 1789 жылы қабылданып, 1791 жылы алғашқы түзету енгізілген. Бүгінгі таңда АҚШ Конституциясы 7 баптан тұрады, оның біреуі (5-ші бап) АҚШ-тың негізгі заңына түзету енгізу тәртібін сипаттайды. 215 жыл бойы қолданылып келе жатқан АҚШ Конституциясына 10 мыңнан астам рет өзгерту енгізуге талпыныс жасалынып, тек оның 27-де ғана өзгеріс енгізілген. Конституцияның белгілі бір бөлігіне өзгерістер енгізу үшін Сенат және Өкілдер Палатасы мүшелерінің үштен екісі және АҚШ-тың барлық штаттарының төрттен үші жақтап дауыс беруі керек. Американдық заңнама тарихында алғашында Конституцияның бөлімі ретінде қабылданып, соңынан алынып тасталған бір-ақ жағдай орын алған. Бұл АҚШ аумағында алкоголді сусындарды тарату мен өндіруге қатысты болған. ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР12 жыл бұрын (1997) Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев «Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік реестрі және мемлекеттік тіркеуді тәртіптеу жөніндегі шаралары туралы» Жарлыққа қол қойды.12 жыл бұрын (1997) ҚР Президентінің Жарлығымен және ҚР Үкіметі қаулысымен Мұнай және газ өнеркәсібі министрлігі базасында «Қазақойл» Ұлттық мұнай-газ компаниясы құрылды. Мұнай-газ кешенін басқарудың тиімділігін арттыру мақсатында 2002 жылғы ақпанның 20-ында «Қазақойл» Ұлттық мұнай компаниясы мен «Мұнай және газ көлігі» Ұлттық компаниясы қосылып, «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы құрылды.10 жыл бұрын (1999) Алматы көшелерінің біріне Қазақстанның халық әртісі Ғарифолла Құрманғалиевтің есімі беріліп, ол тұрған үйге ескерткіш тақта орнатылды.9 жыл бұрын (2000) Қостанай қаласындағы Киров көшесіне ақын Ғафу Қайырбековтың есімі берілді.ЕСІМДЕР55 жыл бұрын (1954) аға әділет кеңесшісі ЕЛУБАЕВ Жұмагелді Сәкенұлы дүниеге келді. Павлодар облысында туған. Свердлов заң институтын бітірген. 1987-1989 жылдары ? Алматы қалалық соты төрағасының орынбасары. 1989-1990 жылдары ? Қазақстан Компартиясы Орталық комитетінің инспекторы, консультанты. 1990-1996 жылдары ? Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының судьясы. 1997-2002 жылдары ? Қазақстан Республикасы Әділет вице-министрі, Әділет біліктілік алқасының төрағасы, «Теңізшевройл» біріккен кәсіпорнының бас менеджері. 2002 жылдан Қазақстандық мұнай-газ саласы заңгерлері қауымдастының президенті қызметін атқарған. 2008 жылдан бастап «Шеврон» корпорациясы Еуразиялық бөлімшесінің басқарушы құқықтық кеңесшісі болып істейді. «Құрмет» орденімен марапатталған.55 жыл бұрын (1954-1999) өнертанушы, педагог, өнертану ғылымының кандидаты ЕЛЕУКЕНОВА Гүлжауһар Шериязданқызы дүниеге келді. Өскемен қаласында туған. Ленинградтың (қазіргі Санкт-Петербор) Кескіндеме, мүсін және сәулет өнері институтын бітірген. Сол жылдан өмірінің соңына дейін Алматы театр және көркемсурет институтында (қазіргі Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы) педагогикалық қызметпен айналысты. Оның бейнелеу өнері бойынша жазған 30-дан аса ғылыми мақалалары республикалық және бұрынғы одақтық мерзімді басылымдарда жарық көрді. НАУРЫЗДЫҢ 5-І, БЕЙСЕНБІЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР16 жыл бұрын (1993) Қазақстан Республикасы Президентінің «Мемлекеттік холдингтік компаниялар туралы» қаулысы жарық көрді.16 жыл бұрын (1993) «Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы» туралы Заң күшіне енді.16 жыл бұрын (1993) Қазақстан Республикасы Президентінің «Мемлекеттік кәсіпорындарды акционерлік қоғамдар етіп қайта құру туралы» Жарлығы жарық көрді.ЕСІМДЕР55 жыл бұрын (1954) әскери қайраткер, генерал-майор, заң ғылымының кандидаты, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің құрметті қызметкері ҚОЙБАҚОВ Сейітжан Мелдебекұлы дүниеге келді. Жамбыл облысының Жуалы ауданында туған. Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институтын бітірген. КСРО Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің Мәскеу және Алматы қалаларындағы Жоғары курстарында арнайы дайындықтан өткен. 1995-1999 жылдары ? Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің орталық аппаратында бөлім бастығы, Қарсы барлау бас басқармасының бастығы, Шығыс Қазақстан облысы бойынша басқармасы бастығының орынбасары. 1999-2002 жылдары ? ҚР ҰҚК Маңғыстау облыстық департаментінің бастығы. 2002-2006 жылдары ҚР ҰҚК «Арыстан» қызметінің бастығы болған.50 жыл бұрын (1959) Жамбыл облысы Байзақ ауданының әкімі, техника ғылымының кандидаты НҰРАЛИЕВ Абдалы Тоқбергенұлы дүниеге келді. Жамбыл облысында туған. Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібі технологиялық институтын бітірген. Жақсы, Державин, Краснознаменск элеваторларында істеген. 1992-2001 жылдары ? «Алтын дән» ашық акционерлік қоғамының президенті. 2001-2003 жылдары ? Жамбыл облысының Жуалы ауданы әкімінің орынбасары. Қазіргі қызметінде 2003 жылдан бастап істейді. «Құрмет» орденімен, медальдармен марапатталған. НАУРЫЗДЫҢ 6-Ы, ЖҰМАГана Республикасының ұлттық мейрамы ? Тәуелсіздік күні. 1975 жылдан бастап атап өтіледі. Гана ұзақ уақыт Ұлыбританияның отарында болған еді. 1975 жылы тәуелсіздігін алғанымен, Британ ынтымақтастығының құрамында қалды. Ел астанасы ? Аккра қаласы, ресми тілі ? ағылшын, Республика аймағын 17 миллион адам мекендейді. Елді президент басқарады. Заң шығарушы органы ? бір палаталы парламент. Қазақстан Республикасы мен Гана Республикасы арасында дипломатиялық қарым-қатынас 1992 жылғы тамыздың 14-де орнатылды.ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР17 жыл бұрын (1992) Қазақстан Республикасы мен Египет Араб Республикасы арасында дипломатиялық қарым-қатынас орнатылды. 17 жыл бұрын (1992) Қарағанды облысының Егіндібұлақ аудандық кеңесінің шешімімен аталмыш ауданға Қаз дауысты Қазыбек бидің есімі берілді.13 жыл бұрын (1996) Көкшетау қаласында Ғ.Мүсіреповтің «Ақан сері ? Ақтоқты» спектаклімен Ақмола облыстық қазақ музыкалық драма театры шымылдығын ашты. Сол жылы театрға Ш.Құсайыновтың есімі берілді. Театрдың алғашқы көркемдік жетекшісі әрі директоры М.Оспанов болды. Театр репертуарында қазақ, орыс және шет ел драматургиясы (Ш.Құсайынов «Алдаркөсе», С.Балғабаев «Ең әдемі келіншек», А.Хасенов «Пай-пай жас жұбайлар-ай», Т.Қажыбаев «Ұмытпа мені, Гәккуім», Д.Исабеков «Мұрагерлер», Б.Әлімжанов «Құдалық», Н.Гоголь «Ревизор», С.Ахмад «Келіндер көтерілісі», У.Шекспир «Король Лир», Ш.Айтматов «Ғасырдан да ұзақ күн», Шота Уәлиханов «Ағнұр») бар. Театр ұжымы 2000 жылы Павлодар қаласында өткен республикалық 8-ші театр фестивалінде «Режиссерлік дебют» жүлдесін, 2001 жылы Алматыда «Ойын арзан, күлкі қымбат» атты республикалық шағын комедиялар фестивалінде «Гран-при» жүлдесін және сол жылы Каир қаласында (Египет) өткен халықаралық эксперименталды театрлар фестивалінде «Орындаушылығы ең шебер театр» жүлдесін жеңіп алды.ЕСІМДЕР60 жыл бұрын (1949) аға әділет кеңесшісі, Қазақстан Республикасы Прокуратура органдарының құрметті қызметкері ҚЫДЫРБАЕВ Аманбек Райқұлұлы дүниеге келді. Алматы облысында туған. Қазақ мемлекеттік университетін бітірген. Жамбыл Қаскелең аудандық прокуратурасының тергеушісі, прокурордың көмекшісі қызметтерін атқарған. 1981-1983 және 1988-1991 жылдары ? Қазақ КСР Прокуратурасы Тергеу басқармасының прокуроры. 1983-1988 жылдары ? Жезқазған облысы Жезді ауданының прокуроры. 1991-2000 жылдары ? Күрті, Қаскелең аудандарының прокуроры, Жамбыл облысы прокурорының орынбасары, Алматы облысы Сарқанд ауданының прокуроры. 2000-2002 жылдары ? Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің бөлім меңгерушісі. 2002 жылдан Семей қаласының прокуроры болған. 210 жыл бұрын (1799-1861) ағылшын саяхатшысы, суретші АТКИНСОН Томас Уитлам дүниеге келді. 1848-1852 жылдары Қазақстанның бірқатар жерлерінде болып, тарихи-этнографиялық, географиялық зерттеулер жүргізген. Аткинсонның 1858 жылы Лондонда жарық көрген «Шығыс және Батыс Сібірдегі зерттеулер» атты екі томдық еңбегінде Семей, Аягөз, Қапал, Алматы қалалары мен бекіністеріндегі тұрғындардың шаруашылығы, қазақтардың тұрмыс-салты, әдет-ғұрпы, билеуші топтары арасындағы талас-тартыс, Шыңғыстау күміс кені, балыққа бай Зайсан көлі жөнінде көптеген деректер бар. 1860 жылы «Амудария бойымен саяхат» атты кітабы жарыққа шықты. Онда қазақ қоғамын іштей жегідей жеп жатқан «барымта» дегеннің куәсі болдым дей келіп, «Түнгі ауылға шабуыл», «Аттылы қырғыздардың ұрысы» атты суреттер жариялады. Соңғы суретінде қазақтардың сол кездегі қару-жарағы (айбалта, найза) бейнеленген. Қазақтардың киімін, тамағын, қысқы киіз үйін суреттеп, бұл жөнінде бірнеше этнографиялық гравюралар, көп мағлұматтар қалдырған. Алатаудың солтүстік беткейінде, Зайсан мен Балқаш аралығында кездескен түрлі обалар мен көне зираттардың құрылысын сипаттап жазған. Аткинсон дала тұрғындарының ақындық рухына, моральдық түсінігінің жоғарылығына, түрлі жер аттарына (Қаркөл, Қалмақтау, Ақтас, Ертіс, тағы басқалар) байланысты аңыз-әңгімелерді баяндаған. Сүйік пен Айғаным арасындағы сүйіспеншілік, Сүйіктің Айғанымды алып қашуы, Айғанымның қамысты көл жағасында жолбарыстан опат болуы туралы халық арасында ертеден келе жатқан аңыз желісін баяндауы да ағылшын авторының қазақтардың рухани мәдениетіне жіті назар аударғанын көрсетеді. НАУРЫЗДЫҢ 7-І, СЕНБІЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР6 жыл бұрын (2003) Ақтөбе облыстық жастар және балалар ұйымдарының қауымдастығы тіркелді. ЕСІМДЕР80 жыл бұрын (1929) қоғам қайраткері, Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, Жамбыл облысының құрметті азаматы ЖАҢАБАЙҰЛЫ Баттал дүниеге келді. Жамбыл облысының Талас ауданында туған. Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітірген. 1950-1957 жылдары ? Семей облыстық «Екпінді» газетінің бөлім меңгерушісі. 1957-1962 жылдары ? Жамбыл облыстық «Сталиндік жол» газетінің бөлім меңгерушісі. 1965-1985 жылдары ? «Еңбек туы» газетінің редакторы. 1985-1991 жылдары кино жөніндегі облыстық кеңестің, Бейбітшілік пен татулық қоры облыстық бөлімшесінің төрағасы қызметтерін атқарған. 1996 жылдан ? Д.Қонаев атындағы қордың облыстық бөлімшесінің құрметті төрағасы. Екі рет «Құрмет белгісі» орденімен және медальдармен марапатталған. 45 жыл бұрын (1964) Қазақстан Республикасы Биатлон федерациясының президенті, Биатлоннан халықаралық федерацияның вице-президенті, 2011 жылы Қазақстанда өтетін қысқы Азиялық ойындарды ұйымдастырушылардың бірі, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері, Көкшетау қаласының құрметті азаматы СМИРНОВ Владимир Михайлович дүниеге келді. Ақмола облысында туған. Қазақ дене тәрбиесі институтын бітірген. Ол Қазақстан және КСРО біріншілігінің бірнеше дүркін жеңімпазы, 30 шақырым қашықтықтан әлем кубогының иегері атанды. 15, 17, 18-ші қысқы Олимпиада ойындарында 1 алтын, 4 күміс, 2 қола жүлде алды. 1993-1995 жылдардағы әлем чемпионаттарында 3 алтын, 2 күміс, 1 қола иеленді. «Еңбек Қызыл Ту», «Даңқ» ордендерімен, медальдармен марапатталған. НАУРЫЗДЫҢ 8-І, ЖЕКСЕНБІХалықаралық әйелдер күні. Алғашқыда бұл мерекенің саяси маңызы болды. 1910 жылы Копенгагендегі әйел социалистердің халықаралық конференциясында герман және халықаралық жұмысшы қозғалысының қайраткері К.Цеткиннің ұсынысы бойынша наурыздың 8-ін Халықаралық әйелдер күні ретінде атап өту туралы шешім қабылданды. 1914 жылдан кейін көп елдерде нақ осы күн әйелдер мерекесі ретінде аталатын болды.Әйелдер құқын қорғау және халықаралық бейбітшілік күні. Біріккен Ұлттар Ұйымы 1975 жылды Халықаралық әйелдер жылы деп жариялап, сол жылғы наурыздың 8-інен бастап Әйелдер құқын қорғау және халықаралық бейбітшілік күнін өткізе бастады.Мәуліт-ан-Наби - Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с.) туған күні. 2009 жылғы наурыздың 8-9-ы ? 1430 хижра жылының 11-12-ші Рәбиуль-Аууалі. Рәбиуль-Аууаль айының 12-ші күнінде атап өтіледі (жексенбіден дүйсенбіге қараған түн). Қасиетті мәуліт тура бір айға созылады.ЕСІМДЕР95 жыл бұрын (1914-1998) әнші, Қазақстанның халық әртісі ЖҰБАТОВА Зәбира Қыдырәліқызы дүниеге келді. Петропавл қаласында туған. 1933-1968 жылдары Қарағанды облыстық радиокомитеті жанындағы қазақ хоры тобының әншісі, облыстық филармонияның әншісі болды. Ұлы Отан соғысы жылдары концерттік бригада құрамында майдандағы жауынгерлер алдында өнер көрсетті.90 жыл бұрын (1919-2006) актриса, Қазақстанның халық әртісі, «Тарлан» сыйлығының иегері ӨМІРЗАҚОВА Әмина Ерғожақызы дүниеге келді. Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданында туған. Санкт-Петербор сахна өнері техникумының Қазақ студиясын бітірген. 1938-1940 жылдары Шымкент облыстық драма театрының труппасында, ал 1942-1949 жылдары «Казақфильм» студиясында қызмет атқарды. 1949 жылдан Қазақ академиялық жастар мен балалар театрының актрисасы болды. Оның ойнаған рөлдері қатарында Баян (Ғ.Мүсірепов «Қозы Көрпеш - Баян сұлу»), Луиза (Ф.Шиллер «Зұлымдық пен махаббат»), Смерильдина (К.Гольдоний «Екі мырзаға бір қызметкер»), Шәуәли (М.Ақынжанов «Ыбырай Алтынсарин»), Қалампыр шешей (Ш.Уәлиханов «Тағдыр»), Глумова (А.Островский «Адам аласы ішінде»), т.б. бар. 1942 жылдан киноға түсіп, Ажар («Абай әні»), Мұғалима («Қанатты сыйлық»), Айша («Бір аудан»), Ана («Ана туралы аңыз», 1964 жылы Қазақстан және Орта Азия республикаларының кино өнері бойынша өткен жарыс-байқауының 1-ші сыйлығы; 1966 жылы Қазақстан Мемлекеттік сыйлығы), Тана («Тақиялы періште», Алматы қаласында өткен Қазақстан және Орта Азия республикаларының 8-ші кино өнері жарыс-байқауының сыйлығы), т.б. бейнелерді сомдаған. «Отан», «Еңбек Қызыл Ту» ордендерімен, медальдармен марапатталған.70 жыл бұрын (1939) экономика ғылымының докторы, профессор, Халықаралық ақпараттандыру академиясының академигі, Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы ғылымдары академиясының академигі ШЕДЕНОВ Өтеғали Қадырғалиұлы дүниеге келді. Атырау облысында туған. Қазақ мемлекеттік университетін бітірген. Алматы халық шаруашылығы институтының ассистенті, аға оқытушысы, доценті, деканы болған. 1979-1985 жылдары ? Алматы сәулет-құрылыс институтының, Қазақ ауыл шаруашылығы институтының кафедра меңгерушісі. 1989 жылдан Қазақ мемлекеттік университеті Экономика және құқық институтының бөлім меңгерушісі, профессоры, ғылыми орталық директорының орынбасары қызметтерін атқарған. Қазір Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры болып істейді. Ғалымның 300-ден астам ғылыми жарияланымы жарық көрген. «Құрмет» орденімен, медальдармен, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталған.60 жыл бұрын (1949) Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрі, Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті, Дүниежүзілік туристік ұйымның вице-президенті және Азиялық Олимпиада комитетінің вице-президенті, педагогика ғылымының кандидаты, профессор, Қазақстанның және КСРО-ның еңбек сіңірген жаттықтырушысы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері ДОСМҰХАМБЕТОВ Темірхан Мыңайдарұлы дүниеге келді. Қостанай облысында туған. Қазақ мемлекеттік дене тәрбиесі институтын, Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін бітірген. Еңбек жолын 1973 жылы Қазақ мемлекеттік университетінде оқытушы болып бастаған. 1985-1996 жылдары «Еңбек резервтері» ерікті спорт қоғамы Қазақ республикалық кеңесінің төрағасы, «Интурист-Қазақстан» ұлттық компаниясының бас директоры, «Яссауи» мемлекеттік акционерлік компаниясының президенті болды. 1996-1997 жылдары ? Қазақстан Республикасы Жастар ісі, туризм және спорт министрі. 1997-1998 жылдары ? Қазақстан Республикасы Білім және мәдениет министрлігі Туризм және спорт департаментінің директоры, Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі Туризм және спорт комитетінің төрағасы. 1998-2003 жылдары ? Қазақстан Республикасы Президентінің іс басқарушысы. 2003-2004 жылдары ? Астана қаласының әкімі. 2004-2006 жылдары ? Қазақстан Республикасы Президентінің іс басқарушысы. Қазіргі қызметінде 2006 жылдан бастап істейді. II дәрежелі «Барыс» және «Ресей Федерациясы халықтарының достығы» ордендерімен, Қазақ КСР Жоғарғы кеңесінің екі грамотасымен марапатталған.50 жыл бұрын (1959) ҚР Энергетика және минералды ресурстар вице-министрі, техника ғылымының кандидаты ТҰРҒАНОВ Дүйсенбай Нұрбайұлы дүниеге келді. Атырау облысының Мақат ауданында туған. Алматы энергетика институтын бітіріп, еңбек жолын Жамбыл облысы Жаңатас қаласындағы «Қаратау» өндіріс бірлестігінің электр қуатымен қамтамасыз ету цехында электромонтер-релейщик қызметінен бастады. 1982-1990 жылдары электр қуатымен қамтамасыз ету цехы бастығының орынбасары, бастығы болып тағайындалды. 1990-1997 жылдары «Қаратау» өндіріс бірлестігі жылумен және сумен қамтамасыз ету басқармасының бастығы, бас энергетигі, Қаратау қаласындағы тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы көпсалалы өндірістік бірлестігінің бас директоры, Қаратау қаласы әкімшілігі басшысының орынбасары, қала әкімінің орынбасары. 1997-1999 жылдары ? Жамбыл облысы Сарысу ауданының әкімі. 1999-2002 жылдары ? Атырау қаласының әкімі. 2002-2007 жылдары ? «Каспийқұрылыссервис» ЖШС-ның президенті, «Кегок» АҚ-ның вице-президенті. Қазіргі қызметінде 2007 жылдан бастап істейді. «Ерен еңбегі» медалімен марапатталған.
Соңғы жаңалықтар