ҚазАқпарат-Анонс: Шілденің 12-сі мен 18-і аралығындағы оқиғалардың күнтізбесі

ҮКІМЕТ
Шілденің 12-сі күні ҚР Сыртқы істер министрлігінің апталық брифингісі өтеді.
Шілденің 16-сы мен 17-сі күндері Алматыдағы Ақбұлақ курорттық аймағында ЕҚЫҰ сыртқы істер министрлерінің бейресми кездесуі өтеді.
ПАРЛАМЕНТ
ҚОҒАМ
Маусымның 1-інен бастап елімізде жыл сайынғы «Скутер» шарасы басталып, ол шомылу маусымы аяқталғанға дейін жалғасуда.
Маусымның 1-інен бастап «Қазкоммерцбанк» АҚ мемлекеттік бағдарлама бойынша "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры есебінен ипотекалық несиелеуді қайта қаржыландыруды жаңғыртты.
Шілденің 1-інен бастап Кеден одағының бірыңғай сертификаты енгізілді.
СПОРТ
Шілденің 16-сы мен 18-і аралығында Балқаш көлінің жағалауында«Bike Fest.kz Балқаш-Нұрсая 2010» мотосаяхатшылардың төртінші халықаралық фестивалі өтеді.
Шілденің 17-сі күні Ақтау қаласында «Қазақстан бокс федерациясының Кубогы» үшін боксшылардың ішкі аймақтық чемпионаты өтеді.
АСТАНА
Шілденің 12-сі күні Астанадағы Дипломат қонақ үйінде тауар және қызмет саласындағы қазақстандық көшбасшылардың өнімдері таныстырылады.
Шілденің 12-сі мен 17-сі аралығында ҚР Президенттік мәдениет орталығында «Мерейтой иелері» атты көрме өтеді.
Маусымның 29-ы мен қыркүйектің 1-і аралығында ҚР Тұңғыш Президентінің мұражайында «Назарбаев және Қазақстан» атты көрме өтеді.
Маусымның 28-і мен шілденің 23-і аралығында елорданың 12 жылдығын атап өту аясында «Қазақстан Астанасы» атты деректі көрме өтеді.
АЛМАТЫ
Шілденің 12-сі күні «Интерфакс» баспасөз орталығында «ЕҚЫҰ аясында халықаралық азаматтық бастама кеңсесі» атты баспасөз конференция өтеді.
Шілденің 12-сі күні сағат 14.00-де «Жеңіске жету үшін мол мүмкіндік» Супер лоттың жазғы акциясына арналған баспасөз конференция өтеді.
ШІЛДЕНІҢ 12-І, ДҮЙСЕНБІ
ОҚИҒАЛАР
172 жыл бұрын (1838) Исатай Тайманов пен Махамбет Өтемісов бастаған көтерілісшілер қолы Ақбұлақ пен Қиыл аралығындағы шайқаста Гекке әскерінен жеңіліске ұшырады. Осы шайқаста Исатай қаза тапты.
85 жыл бұрын (1925) А.В.Затаевичтің «Қазақ халқының 1000 әні» жинағы баспадан шықты.
14 жыл бұрын (1996) Омбы облысында жазушы Кошке Кемеңгеровтің туғанына 100 жыл толуы аталып өтті.
3 жыл бұрын (2007) Ереванда Қазақстан Республикасының Армения Республикасындағы Елшілігі ресми түрде ашылды. Бұл шараға Арменияның министрліктері мен ведомстволарының, дипломатиялық корпустың, іскер топтардың өкілдері, Еревандағы қазақ диаспорасы қатысты.
3 жыл бұрын (2007) Маңғыстау облысындағы «Қарақұдықмұнай» кенішінде мұнай құятын теміржол эстакадасы пайдалануға берді.
«Қарақұдықмұнай» кеніші Ақтаудан 360 шақырым жерде орналасқан. Жаңа теміржол эстакадасы мұнайды балама жолмен жөнелтуді қамтамасыз етеді. Эстакада қазiргi заманғы жабдықтармен, газды ортаны бақылайтын автоматика және телемеханика жүйелерiмен, өрт қауіпсіздігі және жарылыс стандарттарына сәйкес келетін өрт сөндіру кешенімен толығымен жабдықталған. Эстакадада Атырау мен Няганидің (Ресей) мұнай құятын эстакадаларынан оқып келген жиырма адам қызмет атқарады. Сұйықтықты құю құрылғысы арнайы автоматтандырылған бақылау құрылғысымен жабдықталған. Жабық түрінде құятын экологиялық таза технология атмосфераға газ бен бу шығаруды азайтады. Темiржолдар мен эстакада бір уақытта 60 цистерна жүк тиеу үшін ойластырып құрастырылған. Енді мұнай құюдың қуаттылығы жылына 1 млн. тонна өнімді құрайды.
Жаңа эстакада қарақұдық мұнайын жыл бойы темір жол цистерналарына құйып, оны темір жолмен Ақтау портына дейін жеткізеді, сосын ол әр түрлі бағытта экспортқа жіберіледі.
3 жыл бұрын (2007) Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Ақтөбе облысы бойынша департаментінің ғимаратына генерал-майор Балғабай Байжігітовті еске алуға арналған мемориалды тақта орнатылды.
Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетінің құрметті қызметкері болған Балғабай Байжігітов Ұлы Отан соғысына қатысқан, қатардағы жауынгерден генерал-майор шеніне дейін көтерілген, қатардағы қызметкерден Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің облыстық органдарының басшысы қызметіне дейін өскен. Ол Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің Ақтөбе облысы бойынша басқармасын 1970-1985 жылдары басқарған.
1 дәрежелі Отан соғысы, Қызыл Жұлдыз орденімен, «За боевые заслуги» медалімен, екі рет «Мемлекет қауіпсіздігінің құрметті қызметкері» төс белгісімен марапатталған.
ЕСІМДЕР
110 жыл бұрын (1900-1937) қоғам қайраткері ТҮРКЕБАЕВ Айтжан дүниеге келді.
Алматы облысы Райымбек ауданында туған. 1913-1914 жылдары Қарақол қаласындағы орыс-түзем мектебінде, 1915-1917 жылдары қапалдағы ауыл шаруашылық мектебінде оқыған.
1918 жылы - Жаркентте Кеңес өкіметі жағына шығып, ақ гвардияшыларға қарсы күрестің, жұмысшы батырақтар одағының бастығы. 1920-1922 жылдары - Жаркент уездік партия комитетінің хатшысы, Қызыл армия қатарында, Жетісу солтүстік майданында 2-Түркістан полкінің саяси қызметкері. 1923-1924 жылдары БК(б)П Талдықорған уездік комитетінің хатшысы болды. 1924-1925 жылдары уездік хатшылардың Мәскеудегі курсын бітірген. 1925-1927 жылдары БК(б)П Алматы уездік комитетінің хатшысы, Жетісу губерниялық комитетінің ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі, 1927-1930 жылдары шаруашылық қызметте болып, 1930-1931 жылдары БК(б)П Қазақ өлкелік комитетінің нұсқаушысы қызметтерін атқарған. 1931-1934 жылдары Свердлов атындағы Мәскеу ауылшаруашылық университетінде оқыған. 1934-1936 жылдары Мұғалжар ет-сүт кеңшарының саяси бөлімінің басшысы, 1936-1937 жылдары Қазақ КСР-і жер шаруашылығы халық комиссарының оқу орындары жөніндегі басқармасының бастығы қызметін атқарды.
Алматы, Жаркент қалаларындағы көшелерге, Алматы облысы Райымбек ауданының Құрмет ауылындағы орта мектепке Айтжан Түркебаевтің есімі берілген.
80 жыл бұрын (1930-1989) инженер-металлург, техника ғылымының докторы ҚАЗОВ Мөңке Нұрманұлы дүниеге келді.
Қостанай облысы Қостанай ауданында туған. Қазақ кен-металлургия институтын бітірген.
Қазақ КСР Ғылым Академиясы Химия-металлургия институтының кіші ғылыми қызметкері, КСРО Қара металлургия ғылыми-зерттеу институты Қазақ филиалының кіші ғылыми қызметкері, Қазақ КСР Ғылым академиясы Химия-металлургия институтының ғылыми хатшысы, зертхананың бас инженері, кіші және аға ғылыми қызметкері, зертхана жетекшісі, Химия ғылымдары институтының ғылыми қызметкері, директордың ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары қызметтерін атқарған.
Негізгі ғылыми еңбектері фосфорлы шикізатты қышқылсыз әдіспен өңдеуді зерттеуге арналған.
«Автоклавный щелочной способ переработки фосфорсодержащего сырья», «Физико-химические основы переработки феррофосфора» (бірлесіп шығарған) атты ғылыми еңбектердің авторы.
60 жыл бұрын (1950) Қарағанды облысының жұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғаныс, авариялар мен дүлей апаттардың алдын алуды және жоюды ұйымдастыру басқармасының бастығы ИБАДИЛДИН Жұмамәди дүниеге келді.
Қарағанды облысы Ұлытау ауданында туған. Қарағанды политехникалық институтын (Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті) бітірген.
1973-1980 жылдары - Жезқазған облыстық атқару комитеті облыстық ауылшаруашылығы басқармасының инженері, бас инженері, Жезқазған қалалық Халық депутаттары кеңесі атқару комитетінің күрделі құрылыс бөлімінің бастығы. 1980-1985 жылдары - Жезқазған қалалық Халық депутаттары кеңесі атқару комитеті төрағасының орынбасары, жоспарлау комиссиясының төрағасы, Жезқазған облыстық Халық депутаттары кеңесі атқару комитетінің Халыққа тұрмыстық қызмет көрсету басқармасы бастығының орынбасары. 1985-1991 жылдары - Жезқазған қалалық Халық депутаттары кеңесі атқару комитеті төрағасының бірінші орынбасары, Жезқазған облыстық Халық депутаттары кеңесі атқару комитеті Жезқазған қалалық Халыққа тұрмыстық қызмет көрсету басқармасының бастығы, Жезқазған облыстық Халыққа тұрмыстық қызмет көрсету өндірістік бірлестігінің бастығы. 1991-1995 жылдары - Жезқазған облыстық Халыққа тұрмыстық қызмет көрсету мекемелері одағының төрағасы, «Ұлытау» қазақ-қытай біріккен мекемесінің бас директоры. 1995-1999 жылдары - Жезқазған қалалық әкімшілігінің басшысы, Қарағанды облысы әкімінің орынбасары. 1999-2005 жылдары - Қарағанды облысы Жезқазған қаласының әкімі. 2005-2008 жылдары - Қарағанды облысы әкімінің кеңесшісі, Қарағанды облысы жұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғаныс, авариялар мен дүлей апаттардың алдын алуды және жоюды ұйымдастыру департаментінің бастығы қызметтерін атқарған. Қазіргі қызметінде - 2008 жылдың сәуірінен.
Қазақстан Республикасының мерейтойлық медальдарымен марапатталған.
ШІЛДЕНІҢ 13-І, СЕЙСЕНБІ
Шағбан айының 1-ші жұлдызы (Мұсылман мейрамы).
Шағбан - рамазан айының алдындағы, Раджаб айынан кейін келетін мұсылман ай күнтізбесінің сегізінші айы. Шағбан айының атауы «ташағба» сөзінен шыққан «тарату» деген мағынаны білдіреді, бұл айда Мейірім таратылады. Шағбан айында жасалған барлық жақсылықтар 70 есе көбейеді. Шағбан айын тағы да Пайғамбар айы деп атайды. Исламдағы бірінен кейін бірі келетін үш қасиетті айдың екіншісі. Көбінесе бұл айдың атына «қадірлі» деген мағынаны білдіретін «муаззам» сөзін қосады.
Ұлттық қауіпсіздік комитеті күні. 1992 жылы дәл осы күні Елбасы Н.Назарбаевтың Жарлығымен Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті құрылды.
ОҚИҒАЛАР
5 жыл бұрын (2005) Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Бурабай демалыс аймағындағы «Көкшетау» саябақ-қонақ үйінің ашылу рәсіміне қатысты.
Қонақ үй кешені Жеке Батыр тауының етігінде, Шортан көлінің оңтүстік-батыс жағалауында орналасқан. 4 қабатты ғимаратта 33 жайлы нөмір бар. Мұнда отбасымен демалуға, сондай-ақ кеңестер, семинарлар және мәслихаттар ұйымдастыруға болады. Қонақ үйде 20 метрлік бассейн, тренажер залы, бильярд клубы, сондай-ақ, заманаға сай жабдықталған кинозал бар.
3 жыл бұрын (2007) Қарағандының бұрынғы Наркомхоз ғимаратына Қазақ КСР еңбек сіңірген шахтері, мемлекет қайраткері Файзулла Серғазинге арналған мемориалды тақта орнатылды.
Файзулла Серғазин (1910-1971) Мәскеу тау-кен институтын, Көмір өнеркәсіп академиясын бітірген соң, көп жылдар бойы Қарағандының көмір бассейінінде қызмет атқарды. Өндірісте қызмет атқарып, ғылыми жұмыспен айналысты және өзінің техникалық білімін насихаттады. Мемлекет алдындағы еңбегі үшін КСРО-ның екі орденімен, бес медалімен, КСРО Жоғарғы Кеңесінің бес Құрмет грамотасымен, ІІ дәрежелі «Шахтер даңқы» белгісімен марапатталған.
3 жыл бұрын (2007) Тараздың облыстық ұлттық қауіпсіздік органдарының тарихи мұражайы ашылды.
Көрмеге Кеңес өкіметі құрылған кезден осы күнге дейінгі Ұлттық Қауіпсіздік органының тарихын баяндайтын фотоматериалдар, мұрағаттық құжаттар, жеке заттар қойылды. 1936 жылы Жамбыл облысы ашылды және нақ сол жылы Қазақ КСР Министрлер Кеңесі жанында Мемлекеттік Қауіпсіздік Комитеті Жамбыл облысы бойынша бөлімі алғаш құрылды. 1978 жылы бөлім Қазақ КСР-нің Мемлекеттік Қауіпсіздік Комитеті Жамбыл облысы бойынша басқармасы деп өзгертілді. Қазақстан егемендігін жариялағаннан кейін 1992 жылғы шілденің 13-де Қазақстанның Мемлекеттік Қауіпсіздік Комитеті Қазақстан Республикасының Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті деп өзгертілді. 1996 жылы Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті басқармасының базасында Жамбыл облыстық департаменті құрылды. Экспозицияның орталық бөлігі еліміздің ұлттық қауіпсіздік органдарын құруда үлкен еңбек сіңірген, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа арналды. Осы жерде еліміздің мемлекеттік нышандары - Елтаңба, Ту және Қазақстан Республикасы Әнұранының мәтіні, сондай-ақ Ата заң - еліміздің Конституциясы, Жолдаулар және Қазақстан Республикасы Президентінің кітаптары, заңнамалық актілер қойылған.
1 жыл бұрын (2009) Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Еуразиялық экономикалық қоғамдастық мүше-мемлекеттерінде инвестицияларды өзара қорғау және ынталандыру туралы келісімді бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.
ЕСІМДЕР
60 жыл бұрын (1950-2007) жазушы КӨБЕНТАЕВ Әлібек дүниеге келді.
Қарақалпақстан Республикасының Нүкіс қаласында туған. Хожелі педагогикалық училищесін, Ресейде Таганрог мемлекеттік педагогика институтын бітірген.
1997 жылы тарихи Отанына оралып, орта мектептерде мұғалім болып істеген.
«Нұрлы ағыс», «Көргенді перзент» кітаптардың, «Алағадалы кеш» әңгіме, повесть жинақтарының, «Пән апталықтары», «Оқушы-практиканттарға ескертпе» ғылыми-әдістемелік кітапшалардың авторы.
М.Дулатовтың «Қазақ қайдан шыққан?» кітабын аударған.
45 жыл бұрын (1965) Қазақстан Республикасы Республикалық ұлан Қолбасшысының Бірінші орынбасары, генерал-майор ҮКІБАЕВ Ермек Елеуханұлы дүниеге келді.
Оңтүстік Қазақстан облысының Кентау қаласында туған. Алматы жоғары жалпы әскери командалық училищесін, Л.Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университеттін Дипломатиялық академиясын бітірген.
1986-1988 жылдары - Германиядағы Кеңес Әскерлерінің Тобы 2 гвардиялық танк армиясы мотоатқыштар дивизиясы мотоатқыштар полкінің взвод командирі. 1988-1991 жылдары - Батыс Әскерлер Тобы 2-гвардиялық танк армиясы мотоатқыштар дивизиясы мотоатқыштар полкінің рота командирі. 1991-1992 жылдары - Батыс Әскерлер Тобы 2-гвардиялық танк армиясы мотоатқыштар дивизиясы мотоатқыштар полкінің мотоатқыштар батальонының штаб бастығы - командирдің орынбасары. 1992-1995 жылдары - Республикалық ұлан Бригадасы шұғыл батальон штабының бастығы-командирдің орынбасары, Республикалық ұлан Бригадасы Үкіметтік күзет батальонының командирі. 1995-1996 жылдары - Республикалық ұлан 0112 әскери бөлімінің штаб бастығы-командирдің бірінші орынбасары. 1996-2002 жылдары Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметінде әскери қызметтер атқарды 2002-2005 жылдары - Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі Бірінші департаменті бастығының орынбасары. 2005-2006 жылдары - Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі бастығының орынбасары - Бірінші департамент бастығы қызметтерін атқарған. Қазіргі қызметінде - 2006 жылдың қаңтарынан.
2-дәрежелі «Айбын» орденімен және мерейтойлық медальдармен марапатталған.
ШІЛДЕНІҢ 14-І, СӘРСЕНБІ
ОҚИҒАЛАР
13 жыл бұрын (1997) Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығымен «Қазатомөнеркәсіп» Ұлттық атом компаниясы құрылды.
5 жыл бұрын (2005) Алматыда Орталық Азиядағы адам құқығын қорғайтын Мұсылман комитетінің бас кеңсесі ашылды.
Комитет мүшелері болып заңгерлер, теологтар және діни қауым өкілдері тіркелді. Ұйымның мақсаты азаматтардың ұлтына, дініне және саяси тиістілігіне қарамастан құқығын қорғау болып табылады.
1 жыл бұрын (2009) Мемлекет басшысы тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу саласындағы қатынастарды реттеуге арналған және құрылыс салушылардың қаржылық тұрақтылығына талапты арттыруды қарастыратын және үлескерлердің құқығына кепілдікті күшейтуге бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойды.
1 жыл бұрын (2009) Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің археологтар экспедициясы Нұра өзенінің ортаңғы ағымының тұсынан сақ дәуірінің жәдігерлерін тапты.
Самарқанд және Тегісжол ауылдарының арасындағы Темірқаш шатқалында жүргізілген қазба жұмыстарының нәтижесінде темір қорамсақ, жебенің ұшы, жас сарбаз белбеуінің айылбасы сияқты заттар табылған. Археологтар бұл жәдігерлерге 2 мың жылдан асады деп пайымдады.
ЕСІМДЕР
90 жыл бұрын (1920-2003) - ғалым, физик, техника ғылымдарының докторы, профессор, Қазақ КСР Ғылым академиясының корреспондент мүшесі ПОМЕРАНЦЕВ Глеб Борисович дүниеге келді.
Ресей Федерациясында туған. Санкт-Петербор мемлекеттік университетін бітірген.
1947-1976 жылдары - Ақтау энергокомбинатының инженер-физигі, бөлім бастығы, ғылыми жетекшінің орынбасары, бас инженердің ғылыми жөніндегі орынбасары. 1976 жылдан - Қазақ политехникалық институтының (қазіргі Қаныш Сәбпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті) Ақтау қаласындағы бөлімшесінде ғылыми қызметтер атқарған.
Негізгі ғылыми еңбектері ядролық реакторлардың өнімділігін арттыру, жылдам нейтронды қуатты реакторларды жасау және жетілдіру, тағы басқа мәселелерге арналған. 235 ғылыми еңбектің, 6 өнертабыстың авторы.
Ленин және КСРО Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты. 2 рет Еңбек Қызыл Ту орденімен, көптеген медальдармен марапатталған.
45 жыл бұрын (1965) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі министрліктің Өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы ӘУБӘКІРОВ Серік Ғабдоллаұлы дүниеге келді.
Шымкент қаласында туған. КСРО ІІМ Алматы өрт-техникалық училищесін,ҚР ІІМ Алматы қалалық жоғары техникалық училищесін бітірген.
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар агенттігі «Өрт сөндіруші» Республикалық мемлекеттік кәсіпорнының бастығының орынбасары, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі «Өрт сөндіруші» Республикалық мемлекеттік кәсіпорнының бастығы, Төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау жөніндегі комитетінің Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі бөлімінің бастығы, Алматы қаласы Өртке қарсы қызмет департаментінің бастығы, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі министрліктің Өртке қарсы қызмет комитеті төрағасының орынбасары қызметтерін атқарған. Қазіргі қызметінде - 2008 жылдың сәуірінен.
1, 2, 3-дәрежелі «Өртке қарсы қызмет органдарындағы мінсіз қызметі үшін» және «Қазақстан Республикасы төтенше жағдайлар органдарындарының ардагері» медальдарымен марапатталған.
ШІЛДЕНІҢ 15-І, БЕЙСЕНБІ
ОҚИҒАЛАР
5 жыл бұрын (2005) Семейдегі Қазақ қаржы-экономикалық институтының ғимаратында Қабанбай батырдың мұражайы ашылды.
1 жыл бұрын (2009) Астанадағы «Дипломат» қонақ үйінде «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ мен «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
1 жыл бұрын (2009) Алматыда Қазақстан Халық банкінде ірі автоматтандырылған сейфтік депозитарий ашылды. Салтанатты рәсіміне Нидерланды Королдігі елшілігінің, голландиялық Gunnebo компаниясының өкілдері және «Қазақстан Халық банкі» АҚ-ның басшылығы қатысты.
Автоматтандырылған қоймаға ұқсас бұл сейфтің 417 ұяшығы мен жоғары деңгейдегі 7 сыныпқа сәйкес келетін қорғаныс жүйесі бар.
ЕСІМДЕР
95 жыл бұрын (1915-1975) актер, Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген әртісі СЫЗДЫҚОВ Мәнтай дүниеге келді.
Ақмола облысының Аршалы ауданында туған. Мәскеу қаласындағы Мемлекеттік театр өнері институтының актерлер даярлайтын қазақ студиясын бітірген.
1938 жылдан өмірінің соңына дейін М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік драма театрының құрамында қызмет етті. 1942 жылдан Алматы театр училищесінде педагогикалық қызметпен шұғылданған.
Алғашқы ойнаған рөлі - Н.Погодиннің «Мылтықты адам» драмасындағы Захар Захарыч. Бұдан кейін әр алуан рөлдерде ойнап, өзінің өткір мінезді актер екенін байқатты. Басты рөлдері: Бөжей, Жантық, Есен, Алдаберген, Панфилов, Сәрсен.
«Құрмет белгісі» орденімен, медальдармен марапатталған.
95 жыл бұрын (1915-1978) ақын, аудармашы БОРАНБАЕВ Қабыл дүниеге келді.
Павлодар облысының Баянауыл ауданында туған. Петропавл педагогикалық техникумын, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетін бітірген. Ұлы Отан соғысына қатысқан.
Қарағанды облысының, Балқаш қаласының мектеп мұғалімі, директоры, Түркістан педагогикалық училещесі директорының орынбасары, ҚазТАГ редакторы, «Пионер» (қазіргі «Ақ желкен») журналы редакторының орынбасары қызметтерін атқарған.
«Дәурен», «Балалар шаттығы», «Ант», «Дос отряд», «Тапқыр бала», «Дән дария» өлеңдер жинағының авторы. Орыс ақындары Б.Некрасовтың, В.Маяковскийдің, К.Симоновтың, шығармаларын қазақ тіліне тәржімалаған.
ШІЛДЕНІҢ 16-Ы, ЖҰМА
ОҚИҒАЛАР
9 жыл бұрын (2001) Еуразия ұлттық университеті кітапханасы негізінде «Отырар кітапханасы» ғылыми орталығы құрылды.
5 жыл бұрын (2005) Ақтөбедегі Абай атындағы гүлзарда «Темірқазық» рәміздік белгісінің ашылу рәсімі болып өтті.
Темірқазық жұлдызы ерте кезде жолаушыларға, қазақ даласымен жүрген керуендерге жол көрсететін белгі болған. Жаңа «Темірқазықта» жаһанның төрт бұрышы, Ақтөбенің географиялық мәліметтері, қаланың әлемнің ірі қалаларымен ара қашықтығы көрсетілген.
3 жыл бұрын (2007) «G4 City» ЖШС Алматы-Қапшағай күре жолына салынғалы отырған қанаттас қалалардың қызметін жетілдіру үшін www.g4city.kz деп аталатын сайтын іске қосты. Сайтта сондай-ақ, түрлі электрондық БАҚ-тар мен мерзімді баспасөз беттерінде қанаттас қалаларға қатысты жариялаған материалдар жүйелі түрде беріліп отырылады. Құрылған компанияның негізгі мақсаты - Үкіметтің қолдауымен салынғалы отырған қалалардың толыққанды дамуына атсалысу.
ЕСІМДЕР
50 жыл бұрын (1960) Ақтөбе облысы Ырғыз ауданының әкімі ДУАНБЕКОВ Мирхан дүниеге келді.
Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы Ырғыз ауылында туған. Батыс Қазақстан ауылшаруашылығы институтын, Жоғары партия мектебін бітірген.
1983-1986 жылдары - Ырғыз аудандық ауылшаруашылық басқармасының аға инженері, техника бақылау инспекциясының бастығы, бас инженері. 1986-1989 жылдары - аудандық комсомол комитетінің бірінші, екінші хатшысы. 1991-2003 жылдары Ырғыз ауданында әр түрлі салада жауапты қызметтерін атқарған. 2003-2005 жылдары - Құмтоғай ауылдық округінің әкімі. 2005-2006 жылдары Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы әкімінің орынбасары қызметтерін аткарған. Қазіргі қызметінде - 2006 жылдың қазан айынан.
«Ерен енбегі үшін», «Астана» медальдарымен марапатталған.
40 жыл бұрын (1970) «Эксклюзив» Баспа үйі» ЖШС директоры ЕЖЕНОВА Қарлығаш Келерқызы дүниеге келді.
Алматы қаласында туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бітірген.
Еңбек жолын 1987 жылы тілші ретінде жастардың «Горизонт» - «Өркен» апталық газетінен бастады. «Панорама» апталығынның щолушысы, Алматы қаласы әкімшілігінде баспасөз-хатшысы, Қазақстан Республикасының стратегиялық жоспарлар және реформалар агентігінің стратегиялық жоспарлау департаменті директорының орынбасары, «Golden Eagle Partners»компаниясында PR-департаментінің жетекшісі, «East Print» ЖШС-ның және «Эксклюзив» Баспа үйі ЖШС-ның директоры, «Банк ТуранАлем» АҚ-ның Директорлар кеңесі төрағасының көмекшісі, Бренд-офистің директоры, «Банк ТуранАлем» АҚ-ның басқарушы директоры қызметтерін атқарған.
«Свидетели» кітабының авторы, «Динамика общественно-политических процессов» монографиясының серіктес авторы, «Казахстан: история экономических реформ» кітабыныың редакторы.
Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың журналистика саласындағы екі сыйлығының, Қазақстан Жазушылар одағы сыйлығының лауреаты.
ШІЛДЕНІҢ 17-І, СЕНБІ
ОҚИҒАЛАР
3 жыл бұрын (2007) Алматыда «Алпысбай Қазығұлов. Кескіндеме» альбомының таныстырылымы өтті. А.Қазығұлов - қазақстанның танымал суретшісі, ол абстракционизм және сюрреализм жанрында жұмыс істейді, Алматыда тұрады және қызмет атақарады.
Суретші Қызылорда облысының Аралында 1958 жылы дүниеге келген. Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтының сурет-графика факультетін бітірген. Қазақстан Республикасының Суретшілер одағының мүшесі, Белгия, Нидерланды, Жапония, Ресей сәулет өнерінің кәсіпкер шеберлердің көрмесіне қатысушы. 2003 жылы әлем өнеріне қосқан үлесі үшін Еуропалық өнер унициясынның Масарик атындағы құрмет сыйлығының иегері.
1 жыл бұрын (2009) Павлодар облысының Май ауданында тұрғызылған асфальт-бетон зауыты іске қосылды.
Сағатына 100 тоннадай жол төсемін өндіретін жаңа зауытты «Дорремстрой ПВ» ЖШС салып отыр. Кәсіпорын Қазақстанның ядролық орталығын дамыту үшін маңызы зор Ақсу-Курчатов республикалық трассасында күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан жолшыларды заманауи материалмен толық қамтамасыз ете алады.
1 жыл бұрын (2009) Алматыда Қазақстанның тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен қол жеткізген жетістіктеріне арналған «Қазақстан: Ғасырлар асуында» ғылыми-публицистикалық монографиясы жарық көрді.
Кітап авторы - Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының академигі, экономика ғылымдарының докторы, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры Сағындық Сатыбалдин. Жұмыс үш тараудан тұрады. «Қазақстан кеше» деп аталатын бірінші тарауда 1965-2006 жылдар аралығы қамтылса, «Қазақстан бүгін» тарауында - 2007-2008 жылдар, ал «Қазақстан ертең» деп аталатын тарауында 2009 жылдан бастап алдағы жылдар қамтылады.
Кітапта КСРО-ның ыдырау себептері, өз одағын құру туралы үш славян мемлекетінің (Ресей, Беларус, Украина) шешімдеріне қатысты оқиғалар баяндалады.
Кітаптың бастапқы тиражы - 1000 дана. Фотосуреттермен безендірілген 477 беттік басылым.
ЕСІМДЕР
70 жыл бұрын (1940-2005) геолог-ғалым, техника ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Ғылым академиясының корреспондент-мүшесі, Халықаралық технологиялық және инжиниринг ғылым академиясының академигі, Украинаның технологиялық кибернетика ғылым академиясының академигі, Ресейдің Жаратылыстану академиясының академигі, Қазақстан Республикасы Минералдық ресурстар академиясының академигі, Халықаралық Ақпараттану академиясының академигі ВЕСЕЛОВ Василий Василеевич дүниеге келді.
Украинаның Харьков қаласында туған. Тамбов жоғарғы әскери-авиациалық училищесін, Т.Шевченко атындағы Киев мемлекеттік университетін бітірген.
Қазақ КСР Ғылым академиясы Гидрогеология және геофизика институтының инженері, аға инженері, кіші ғылыми қызметкері, Қазақ КСР геология министрлігінің тәжірибелік-әдістемелік экспедициясының бас геологы, бас гидрогеологы,геологиялық партияның бастығы, Қазақстанның У.Ахмедсафин атындағы Ғылым академиясы Гидрогеология және геофизика институтының директорының орынбасары, директоры қызметтерін атқарған.
Негізгі ғылыми еңбектері гидрогеологиялық объектілер мен процестердің математикалық және ақпараттық моделін жасау мәселелеріне арналған.
«Геоинформатика, системно-информационный подход к задачам моделирования гидрогеологических объектов», «Гидрогеология и охрана окружающей среды горнорудных районов Северного Казахстана», «Проектированиесистем», «Основы структурного моделирования гидросистем», «Эколого-мелиоративные проблемы использования водных ресурсов бассейна озера Балхаш», «Водные ресурсы Или-Балхашского бассейна», «Гидрогеологическое районирование и региональная оценка ресурсов подземных вод Казахстана» атты ғылыми еңбектердің авторы.
«Құрмет белгісі» орденімен және көптеген медальдармен марапатталған.
55 жыл бұрын (1955) Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжіліс депутаты - Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің мүшесі, экономика ғылымдарының магистрі ОРАЗАЛИНОВ Елубай Атағайұлы дүниеге келді.
Павлодар облысы Павлодар ауданы Ефремовка кентінде туған. Павлодар индустриялық институтын, Плеханов атындағы Ресей экономикалық академиясы жанындағы Менеджерлер даярлау орталығын бітірген.
Мемлекеттік қызметке дейін Павлодар облысының өндірістік саласы ұйымдарында басшылық қызметтер атқарды. Павлодар облысы Екібастұз қалалық әкімшілігі басшысының орынбасары, Павлодар қалалық әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары, Екібастұз қаласының әкімі, Павлодар облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бастығы, Солтүстік Қазақстан облысы статистика басқармасының бастығы, Павлодар облыстық автомобиль жолдары басқармасының бастығы, Павлодар облысы әкімі басқару ісінің бастығы, Павлодар облысы Ақсу қаласының әкімі қызметтерін атқарған. Қазіргі қызметінде - 2007 жылдың қыркүйегінен.
«Ерен еңбегі үшін», «Қазақстан Республикасы Конституциясына - 10 жыл», «Қазақстан Республикасы Парламентіне- 10 жыл», «Астана қаласына - 10 жыл» медальдарымен және «Қалаға сіңірген еңбегі үшін» Құрметті белгісімен марапатталған.
ШІЛДЕНІҢ 18-І, ЖЕКСЕНБІ
Металлург күні. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2003 жылғы қарашаның 15-дегі Жарлығына сәйкес жыл сайын шілденің үшінші жексенбісінде атап өтіледі.
1960 жылы Қарағандыдағы металлургия комбинатында тұңғыш домна пеші іске қосылды, және сол күні Қазақстанның тұңғыш шойыны алынды. Биыл Қазақстан Магниткасының 50-жылдық мерейтойы атап өтіледі.
ОҚИҒАЛАР
15 жыл бұрын (1995) Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев Патенттік-технологиялық ақпарат және алдыңғы қатарлы технологиялық қозғалыс жолындағы барлық тосқауылдарды алып тастауға мүмкіндік берген Еуразиялық патенттік конвенцияны бекіту туралы Жарлыққа қол қойды.
5 жыл бұрын (2005) Оралды М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің жанынан колледж ашылды. Математика, физика, ақпараттық жүйе, станок графикасы, сәндік-қолданбалы өнері және халық өнері мамандықтары бойынша оқытатын білім ордасының құрылу мақсаты педагогика мамандарына сапалы білім беру болып табылады. Колледжді бітірген түлектер оқуын университетте жалғастыра алады.
1 жыл бұрын (2009) Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жеке кәсіпкерлік мәселелері бойынша өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» жеке кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесетін қосымша шаралар алуға, кәсіпкерліктің мемлекетпен және қоғаммен өзара іс-қимылын нығайтуға, соның ішінде мемлекеттік органдар тарапынан тексерулер жүргізуді тәртіпке келтіруге бағытталған Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.
ЕСІМДЕР
55 жыл бұрын (1955) генерал-майор, «Оңтүстік» өңірлік әскери қолбасшылығының қолбасшысы ЖАРБОЛОВ Әлихан Бірімжанұлы дүниеге келді.
Ақмола облысының Қорғалжын ауданында туған. Свердловск (қазіргі Екатеринбург) қаласындағы Суворов училищесін, Алматы қаласындағы И.Конев атындағы жоғары әскери училищесін, Мәскеу қаласындағы Фрунзе атындағы Әскери академиясын бітірген.
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері құрылған жылдары мотоатқыштар дивизиясының командирі, танк құрамасының командирі, армия корпусының командирі, Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары, Штаб бастығы, «Оңтүстік» әскери қолбасшылығының қолбасшысы, Алматы жоғары әскери училищесінің бастығы, Мәскеу қаласындағы ТМД елдері қорғаныс министрлері үйлестіру кеңесінің қазақстандық тұрақты өкілі, Түркиядағы Қазақстан елшілігінің әскери өкілі, Құрлықтағы әскерлер институтының бастығы қызметтерін атқарған. Қазіргі қызметінде - 2008 жылдың қарашасынан.
2-дәрежелі «Даңқ» орденімен, «Қазақстан тәуелсіздігіне 10 жыл», «Қазақстан Республикасы Қарулы күштеріне 10 жыл», «КСРО Қарулы күштеріне 60 жыл», «КСРО-ның Қарулы күштеріне 70 жыл» мерекелік медальдарымен, 3-дәрежелі «Үздік қызметі үшін», «Әскери қызметі үшін», КСРО-ның 2- және 3-дәрежелі «Үздік қызметі үшін» медальдарымен марапатталған.
50 жыл бұрын (1960) Қарағанды облысы әкімі аппаратының басшысы МҰҚАТОВ Қариполла Орынбекұлы дүниеге келді.
Қарағанды облысы Егіндібұлақ ауданында туған. Қарағанды политехникалық институтын, Қарағанды экономикалық университетін, Қазақстан-Ресей университетін бітірген.
Қарағанды қаласы Киров аудандық әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары, Киров ауданы әкімінің бірінші орынбасары, Октябрь ауданы әкімінің бірінші орынбасары, Қарағанды қаласындағы «Ай» фирмасы ЖШС президенті, Октябрь ауданының, Саран, Балқаш қалаларының әкімі, Қарағанды облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бастығы, Шахтинск қаласы әкімінің орынбасары, Қарағанды облысы бойынша «Сары-Арқа» АӨК ҰК» АҚ өкілдігінің басшысы қызметтерін атқарған. Қазіргі қызметінде - 2010 жылдың мамырынан.